Алматы қалалық жұмыспен қамту орталығы Қазақстан Республикасы Президенті Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлының 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!»



Дата25.02.2016
өлшемі28.75 Kb.
#26152
Алматы қалалық жұмыспен

қамту орталығы
Қазақстан Республикасы Президенті Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлының 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру барысында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 316 Қаулысымен бекітілген «Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы» әзірленді.

«Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын» іске асыру мақсатында 2011 жылы 24 маусымда Алматы қаласы әкімдігінің №2/400 қаулысымен «Алматы қалалық жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылды. Орталықтың негізгі мақсаты өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар мен табысы төмен тұрғындарды қайта оқыту, жұмысқа орналасуға көмектесу арқылы белсенді экономикаға тарту болып табылады.

Алматы қалалық жұмыспен қамту орталығы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар Басқармасының құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Халыққа ыңғайлы болу мақсатында жұмыспен қамту орталығының 7 аудан бөлiмдері жұмыс iстейдi.

Алматы қаласында 2011 жылдан бастап Бағдарламаның бірінші бағыты, яғни кәсіби даярлау, қайта даярлау, біліктілікті арттыру және әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру бойынша пилоттық режимде іске асырылды.

Ағымдағы жылы «Алматы қалалық жұмыспен қамту орталығы» КММ-сі Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының бірінші бағытын «Өз бетінше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздар және табысы төмен тұрғындарды оқыту және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу» жүзеге асыруда.

Бұл бағытқа қатысушыларға үкімет тарапынан қолдау көрсетіледі:



  • оқу және жұмысқа орналасу мәселелері бойынша кеңес беру;

  • шәкіртақының төленуімен, тегін біліктілікті арттыру, кәсіптік даярлау және қайта даярлау курстарына (бұдан әрі – кәсіптік оқыту) жолдау;

  • лайықты бос жұмыс орындарын іздеу және жұмысқа, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарына орналасуға және жастар іс-тәжірибесін өтуге жәрдемдесу;

  • жалақыны ішінара субсидиялау;

Орталықтың аудандық бөлімдерінде оқытуға топтар қалыптасады, әлеуметтiк жұмыс орындарына және жастар іс-тәжірибесіне қатысу үшiн жұмыс берушiлерден мәлiмдемелер қабылданады.

Бағдарламаға қатысу мәселелері бойынша Алматы қаласында тұрақты мекен-жайы бойынша Жұмыспен қамту орталығының аудандық бөлімдеріне хабарласуларыңызға болады:


«Алматы қалалық жұмыспен қамту орталығы» КММ

Зенков көшесі, 24, «Әскери үйі»

тел.:, 291-72-58, 291-72-94, 291- 03-12
Алатау аудандық жұмыспен қамту бөлімі

Құрылысшы ауылы, Көкорай көшесі, 2А/1

Массагет, 4 қабат, 4г блогі

тел.:393-63-77, 391-15-41, 393-91-20


Алмалы аудандық жұмыспен қамту бөлімі

Желтоқсан көшесі, 118, Бөгенбай батыр көшесінің қиылысы,

3 қабат (327, 328, 332 кеңсе)

тел.: 272-42-94, 272-43-98, 272-43-78


Әуезов аудандық жұмыспен қамту бөлімі

6 ықшам ауданы, 16 үй (Абай - Саин көшесінің қиылысы)

1 қабат, тел.: 397-18-60, 397-18-61, 397-15-31
Бостандық аудандық жұмыспен қамту бөлімі

Жандосов көшесі, 2, Байзақов көшесінің қиылысы

1,2 кеңсе («Сантехпроект» мекемесі)

тел.: 392-21-90, 392-24-89, 392-24-88


Жетысу аудандық жұмыспен қамту бөлімі

Желтоқсан көшесі, 96-98/80, Гоголь көшесінің қиылысы,

2 қабат (Корпорация ХОЗУ мекемесінде)

205,210,211 кеңсе

тел.: 273-49-01, 273-47-31, 273-48-59
Медеу аудандық жұмыспен қамту бөлімі

Зенков көшесі, 24, «Әскери үйі»

тел.: 291-24-91, 291-73-16, 291-75-43
Түрксіб аудандық жұмыспен қамту бөлімі

Майборода көшесі, 29, Ақан сері көшесінің қиылысы, 1 қабат



тел.: 235-86-65, 235-67-75, 235-84-33

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет