Алматы қаласы әкімдігінің 2009 жылғы №



бет2/4
Дата19.06.2016
өлшемі476.5 Kb.
#147831
1   2   3   4


Алматы қаласы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының стратегиялық бағыттарының және мақсаттарының мемлекеттің стратегиялық мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келуі


Мемлекеттік органның стратегиялық бағыттары және мақсаттары

Жүзеге асыруға мемлекеттік ұйымның қызметіне бағытталған мемлекеттің стратегиялық мақсаттары

Стратегиялық құжаттың, нормативтік құқықтық актінің атауы




1

2

3




1 Стратегиялық бағыт
Ұлттық экономиканың өсу өрістерінің бірі ретінде Алматы қаласын дамыту


1 Мақсат. Әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін болжаудың сапасын арттыру

Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы жыл сайын жылжымалы негізде бес жыл кезеңге Қазақстан Республикасының дамуының Стратегиялық жоспарын, мемлекеттік бағдарламалардың және Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын ескере отырып, стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлаудың өзара байланысын бекіту мақсатында әзірленеді
Мақсаттық индикаторлар және көрсеткіштер маңызды бағыттар (салалар) бойынша сандық және сапалық нәтижені анықтау үшін бекітіледі, оларға қол жеткізуге Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық саясаты бес жылдық кезең ішінде бағытталуы тиіс

Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Жарлығы




2 Мақсат. Стратегиялық басымдықтарды жүзеге асыру арқылы сапалы және тұрақты дамуды қамтамасыз ету

Заманауи жағдайда Қазақстанда елдегі экономикалық белсенділікті өзіне шоғырландыратын өсімнің болашағы бар полюстер болып, өңірлік және жаһандық рыноктармен шоғырлану аймағы ретінде көріну мүмкіндігі бар, елдің дамуының негізгі белдеуінде орналасқан және ірі инновациялық орталық болып табылатын Астана және Алматы қалалары табылады

Бұл қалалар оларда капиталдың неғұрлым құнды түрі – адамдық ағымды ынталандыратын «орталық аймақтар» - сауда-қаржылық, инновациялық-білім беру, көлік-логистикалық және рекреациялық орталықтар деп аталуы керек.



Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Жарлығы







Біздің алдымызда дағдарыстың салдарын жеңу және одан кейінгі экономикалық өсімге дайындық сияқты үлкен міндеттер тұр.

Қарқынды даму кезіндегі әдетке айналған ысырапшылдық шектеулі тұтыну мен үнемдеуге ауысуы қажет.

Қаржылық тәртіпті бұзушылардан дағдарыс кезіндегі заң бойынша қатаң талап етілуі керек. Барлық басым емес шығындар - әкімшілік, инвестициялық және басқалары – тоқтатылуы қажет

Босатылған қаражаттар қазақстандықтардың жұмыспен қамтылу стратегиясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Жұмыс орындарының жеткілікті болуы негізгі көрсеткіш болуы қажет, ол бойынша Үкімет мүшелерінің, әрбір әкімнің Қазақстанның экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз етуде қабілеттілігі анықталатын болады


Елбасының 2009 жылғы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» Қазақстан халқына Жолдауы




3 Мақсат. Инвестициялық белсенділікті жақсарту және іскерлік белсенділікті арттыру

Біздің болашағымыз экономиканы одан әрі жаңғыртуға және базалық инфроқұрылымды дамытуға байланысты.

Біз қолданыстағы болашағы бар инвестициялық жобаларды қаржыландыруды және жүзеге асыруды жалғастырамыз.

Агроөнеркәсіп кешенін дамыту арқасында біз екі міндетті бір кезде шешеміз – азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді және экспортты әртараптандыруды.


Елбасының 2009 жылғы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» Қазақстан халқына Жолдауы







Корпоративтік көшбасшыларды құру үдерісіне жеткілікті ынталандыруды жасағаннан кейін мемлекет олардың қызметін рынок тәртібіне бағындыруы қажет, ал мемлекеттік қолдауды рыноктық құралдар түрінде көрсетуі керек.

Корпоративтік көшбасшылар «капитал салушылар» ретінде қызмет жасауы қажет. Олардың міндеті - өз жауапкершіліктері саласында бәсекелестікке қабілеттілікті арттырулары қажет және Қазақстанды экономикалық дамудың «өңірлік қозғаушы күшіне» айналдыра отырып, «қуып жетуші даму» деп аталатын стратегияның шегін жеңе отырып, экспорттық «тауарларды» алуы қажет.

Тағы бір маңызды міндет– тиімді қор рыногын дамыту болып табылады. Біз әрбір азаматтың экономиканың стратегиялық салаларында жұмыс жасайтын ірі қазақстандық компаниялардың акционерлік капиталының ортақ иеленушісі болуына қол жеткіземіз.


«Нұр Отан» халық-демократиялық партиясының бағдарламасы




4 Мақсат. Аудандардың тұрақты дамуы үшін жағдай жасау

Елдің тұрақты және динамикалық дамуын қамтамасыз ету жөніндегі қойылған мақсаттарға қол жеткізу өңірлік және дүниежүзілік экономикада елдің және оның өңірлерінің бәсекеге қабілетті мамандануын құру бойынша өзара байланысты міндеттерді тиімді жүзеге асыруға, елдің экономикалық әлеуетін тиімді кеңістікте ұйымдастыруға және халықты таратып орналастырып, осы негізде елдің барлық аумақтарында теңгерімді әлеуметтік-экономикалық дамытуға байланысты.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 тамыздағы «Қазақстан республикасының аумақтық даму стратегиясы туралы» жарлығы




  1. Стратегиялық бағыт

Мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесін енгізу




1 Мақсат. Нәтижеге бағытталған бюджеттік жоспарлаудың жаңа жүйесін енгізу

Біздің еліміздің тарихында тұңғыш рет мемлекеттік бюджеттік жоспарлаудың жаңа жүйесінің базасы үш жылдық бюджет болып келеді.

Жоспарлау жүйесін жаңғырту және жетілдіру, бюджеттік қаражаттарды пайдаланудың тиімділігін арттыруды және мемлекеттік активтерді басқару бойынша жұмысты жеделдету қажет.



Мемлекет Басшысының 2008 жылғы 6 ақпандағы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру– мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» Қазақстан халқына Жолдауы




Мақсат. Лицензиялау саласында әкімшілік кедергілерді азайту, сапасын арттыру және осы қызметтерге қол жетімділікті арттыру арқылы кәсіпкерліктің дамуына ықпал ету

Мемлекеттік қолдау олардың қай салаға жататынына қарамастан шағын бизнестің барлық субъектілеріне көрсетілетін болады.

Үкімет кәсіпкерлікті дамыту үшін әкімшілік кедергілерді азайту және рұқсатнамалық жүйені жетілдіру бойынша жұмысын жалғастырады.



Үкіметтің, Ұлттық Банктің, ҚР Қаржылық нарықты және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің 2009-2010 жылдарға арналған экономиканы және қаржылық жүйені тұрақтандыру жөніндегі біріккен іс-қимылдар Жоспары






4. Функционалдық мүмкіншіліктер және ықтимал тәуекелдер

Басқарма көрсететін қызметтердің сапасын арттыру үшін, адам ресурстарын дамытудың тиімді жүйесін құру және қамтамасыз ету жоспарлануда. Бұл үшін кадрлер әлеуетін құру, дамыту және сақтау бойынша кәсіби міндеттерін сапалы орындау үшін уәж тетіктерінің спекторын енгізу және кеңейту арқылы шаралар қолданылатын болады. Олардың ішінде – қаржылық ынталандыру, кәсіби ортада ыңғайлы орта құру, интеллектуалдық даму үшін жағдай жасау және с.с.

Ақпараттық ресурстармен жұмыс жасау дағдыларын дамыту, барлық қызметкерлердің Интернетке қол жеткізуі бойынша шаралар қолданылатын болады. Кәсіби салада әртүрлі жарыстарға қатысу, салауатты өмір сүру, спортпен айналысу және с.с. мәселелер әдетке айналдырылатын болады.
Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы өз қызметінің үдерісінде басқарманың өзінің функционалдық міндеттеріне және жұмыс сапасына байланысты емес тәуекелдер қатарының тууына тап болуы мүмкін. Үкіметтік деңгейде ықтимал жаһандық және ел ішіндегі тәуекелдер анықталған, олардың пайда болуымен стандарттық және жағдаят арнайы шаралар қолданылатын болады.

Негізгі тәуекелдер қатарында – тауар нарығындағы әлемдік бағаның құлдырауы, әлемдік қаржы дағдарысының тереңдеуі, құнсызданудың өсуі, «голланд ауруының» дамуы, осылардың салдарынан одан әргі құлдырау, қаржы жүйесінің тұрақсыздануы және жалпы алғанда макроэкономикалық тұрақтылықтың нашарлауы байқалуы мүмкін.

Үкіметтік деңгейде дер кезінде шара қолдану мақсатында төмендегі шаралар қолданылатын болады:

ұлттық қордың қызмет жүйесін жетілдіру;

қаржы жүйесінің резервтік мүмкіншіліктерін арттыру;

өңдеуші салалардың дамуына және мемлекеттік бюджетке болашақ экономикалық өсімді қамтамасыз ету үшін қосымша қаржы ресурстарын бағыттау және басқа да шаралар.

Сонымен қатар, Алматы қаласындағы ерекшелікке тән тәуекел көздері бар, олардың пайда болса, тиісті шаралар қолданылатын болады. Ондай тәуекелдерге ерекшелікке тән табиғи техногендік тәуекелдер және институттық тәуекелдер жатады.



Тәуекелдің атауы

Шұғыл және (немесе) уақытылы шара қолданылмаған жағдайдағы ықтимал салдарлар

Тетіктер мен басқару шаралары

Табиғи және техногендік тәуекелдер

Алапат жер сілкінісі мен өзен арналарында сел жүруінің пайда болуы

Адамдардың жаппай қырылуы және қала ғимараттарының 50%-ға дейін қирауы

Қала халқын ықтимал жер сілкінісіне даярлау орталығын құру

ТЖМ қызметінің материалдық-техникалық базасын дамыту

Қала ғимараттарын сейсмикалық күшейту және апатты жағдайдағы ескі үйлерді бұзу

Жоғары сейсмикалық мықтылықты қамтамасыз ететін құрылыстың өте жоғары стандарттарын қолдану

Қорғаушы құрылғылар, көшкінге қарсы тосқауылдар салып, өзен арналарын шегендеу жөнінен жұмыстар жүргізу


Функционалдық және кадрлық тәуекелдер

Қалалық басқармалардың (бюджеттік бағдарлама әкімгерлерінің) жоспарлаудың жаңа жүйесіне өтуге әзір болмауы

Мемлекеттік басқару жүйесін жарақтандыру бойынша енгізіліп жатқан шаралардан кері нәтижелер алу

Басқарма мамандарын мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесін енгізу машықтарына үйрету

Алматы қаласының әкімдігінде жүйелі түрде және жеткілікті мөлшерде тренингтер, кеңестер өткізу



Тиісті қалалық басқармалардың (бюджеттік бағдарлама әкімгерлерінің) Алматы қаласын дамытудың стратегиялық құжаттары (бағдарламалары) мен стратегиялық бағыттарын сапасыз жүзеге асыруы

Салалық және функционалдық дамытудың белгіленген межелеріне жете алмау

Стратегиялық құжаттарды (бағдарламаларды) жүзеге асыру жолындағы тиісті қалалық басқармалар басшыларының жеке жауапкершілігін арттыру және олардың тиісті шараларды уақтылы қолдануы

Лицензиялау саласындағы заңның жетілдірілмеуі

Кәсіпкерлердің мемлекеттік органдарға деген кері көзқарасының өсуі

Заңнама мен лицензия беру тәртібін жетілдіру

Басқармадан білікті құрамның кетуі

Басқарманың кәсіби мүмкіншіліктерінің күрт төмендеуі, олардың экономикалық дамудың түйінді міндеттерін орындауға қабілетсіздігі

Тиімді еңбек қызметі үшін жағдай жасап, қызметкерлердің біліктілігін арттыруды ынталандыруға бағытталған саясат қалыптастыру

Сапалы еңбекті ынталандыру тетіктерін енгізу





Басқа мемлекеттік органдармен өзара қарым-қатынас

Таңдап алынған стратегиялық бағыттар бойынша алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу көп жағдайда басқа мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара қарым-қатынас жасау деңгейі мен тиімділігіне байланысты болмақ.




Стратегиялық бағыттар

Салааралық үйлестіруді талап ететін шаралар

1. Алматы қаласын ұлттық экономиканы өсіру белдеулерінің бірі ретінде дамыту

Қаланы әлеуметтік-экономикалық дамытуды болжамдау мен болжамдар жасау мәселелері бойынша барлық қалалық бюджеттік бағдарламалар әкімгерлерімен бірге дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асыру;
Алматы өңірлік қаржы орталығымен – Алматы қаласын өңірлік қаржы орталығы ретінде дамыту бойынша;
Алматы облысының әкімдігімен – Алматы қаласы мен Алматы облысы экономикалық қызметінің тұжырымдамаларын жүзеге асыру бойынша;
Статистика басқармасымен, салық комитетімен, кедендік бақылау департаментімен - әлеуметтік-экономикалық дамудың мониторингі, болжамдар жасау мен дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асыру мәселелері бойынша;
ҚР ЭБЖМ, ҚР ҚМ, ҚР ИСМ – стратегиялық жоспарлар, әлеуметтік-экономикалық даму болжамдарын, Алматы қаласын дамытудың 2003-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын жасау мәселелері бойынша;
«Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ – перспективалық жоспарлау, инвестициялық ахуалды жақсарту, бағалы қағаздар нарығын дамыту мәселелері бойынша.

2. Мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесін енгізу

Бюджеттік жоспарлауды жетілдіру мәселесі бойынша барлық қалалық бюджеттік бағдарламалар әкімгерлерімен бірге

3. Мемлекеттік қызметтердің сапасы мен оған халықтың қолжетімділігін арттыру

Денсаулық сақтау, туризм және спорт, кәсіпкерлік және өнеркәсіп, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармаларымен, Алматы қаласы бойынша төтенше жағдайлар департаментімен, аудандар әкімдерімен бірге – лицензиялау жөніндегі қызметті жетілдіру мәселелері бойынша;
Алматы қаласы прокуратурасымен, әділет басқармасымен – лицензиялау саласындағы заңнаманы жетілдіру мен сақтау мәселелері бойынша.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет