Алматы қаласы Оку ағарту басқармасының



бет2/3
Дата04.11.2022
өлшемі54.38 Kb.
#464026
1   2   3
Қаз дауысты Қазбек бидің туғанына-355 жыл 2

1-жүргізуші:Бүгінгі сахналық көрінісімізді «Жамбыл ауданы» әсем әуенмен бастауға рұқсат етініздер.
Орындайтын: Оразқұл Бекежанның
1-жүргізуші: Ендеше, билер жайлы толығырақ студенттерден ақпарат алсақ.(Шешендік сөздер )
«Кім жақын, не қымбат, не қиын?» 
Тату болса, ағайын жақын,
Ақылшы болса, апайың жақын.
Бауырмал болса, інің жақын,
Алдыңа тартқан адал асын –
Қимас жақын қарындасың.
Сыбайлас болса, нағашың жақын,
Адал болса, досың жақын.
Жан серігің жас кезіңнен
Бәрінен де әйелің жақын.
Алтын ұяң – Отан қымбат,
Құт-берекең – атаң қымбат.
Аймалайтын анаң қымбат,
Асқар тауың – әкең қымбат.
Мейірімді апаң қымбат,
Туып-өскен елің қымбат.
Ұят пенен ар қымбат,
Өзің сүйген жар қымбат.
Арадан шыққан жау қиын,
Таусылмайтын дау қиын.
Шанышқылаған сөз қиын,
Жазылмаса дерт қиын,
Іске аспаған серт қиын,
Ақылыңнан адасып,
Өзің түскен өрт қиын!
2-жүргізуші: Келесі кезекте студенттердің көрінісін тамашалаңыздар! "Қаз дауысты Қазыбектің Жоңғар ханы Қоңтажымен кездесуі".

Қанды қырғын ұрыстан кейін бейбітшілік жолмен бітімге келу үшін қазақ пен қалмақ бір-біріне елші жібермек болады. Жоңғар қоңтайшысы қазақтың үш биінің бірі келмесе бітім болмайды деп қасарысыпты .
Сонда үш би былай деп кеңесіпті.
Төле: уай, қос інім, қос шаңырағым, аға боп алдарыңа түсейін деп тұрмын. Артымда сендер барда қанат жайып самғар-мын, дауласқанды жайғармын. Мен барайын бұл жолға!
Әйтеке: уай, Төкем! "Аға бордан, іні зордан" демей ме, "Іні - найза, аға - қорған" демей ме? Жағаласқанды жапырып, жауымды аршып күремеймін бе? Мен барайын бұл жолға!
Қазыбек би: уай, асыл ағам, уай, асқақ інім! Ағасы бардың жағасы бар емес пе? Жағасы бардың пәледен сақтар панасы бар емес пе? Інісі бардың тынысы бар емес пе? Тынысы бардың елде - ырысы, жауда - ұрысы, дауда - жұмысы бар емес пе? Мен барайын!
Төле:- Шырағым Қазыбек, жол бастайды әмәнда, омырауы жүйріктің, бөгелекті қуарда пайдасы мол қүйрықтың, аттың белі қызметті көп қылар, саған көпті кезегі, осы жолғы бүйрықтың. Жай, онда қолыңды!
Атасызға ата бол,
Батасызға бата бол.
Арып-ашқан ғаріптің
Жел жағына жота бол,
Панасызға пана бол,
Кек сақтамас бала бол,
Дос сүйініп, қас сыйлар
Асу бермес дана бол! - деп батасын беріп аттандырыпты.
Қазақтан келген елшілерді сынау үшін қоңтайшы қарапайым киініп, белін жіппен буынып, Қазыбектер түскен үйге келеді. Қоңтажы Қазыбекті сынамақ болып сауал қояды:
- Әуеліңде не бар? Ортасында не бар? Ақырында не бар?
- Арға мінәжат етілсе, барға қанағат етілсе, әуелінде ынтымақ, ортасында бе-реке, артында шүкіршілік тұрмас па?
- Ой, өзің жөніңді айтшы, атың кім?
- Атым Қазыбек, әкем- Келдібек, халқым -қазақ, руым -қаракесек.
- Дауысың қаздың дауысындай қаңқылдап тұр екен, ал енді датыңды айт. Сонда Қазыбек: біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, жері-міздің шетін жау баспасын деп найзаға үкі таққан елміз. Ешбір дүшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз. Досымызды сақтай білген елміз, асқақта-ған хан болса, хан ордасын таптай білген елміз. Атадан ұл туса, құл болсын деп тумайды, анадан қыз туса күң болсын деп тумайды. Ұл мен қызды қаматып отыра ал-майтын елміз. Сен қалмақ болсаң, біз қазақ, қарпысқалы келгенбіз, сен темір болсаң, біз көмір, еріткелі келгенбіз. Қазақ, қалмақ баласы табысқалы келгенбіз. Та-нымайтын жат елге танысқалы келгенбіз, танысуға көнбесең, шабысқалы келгенбіз. Сен қабылан болсаң, мен арыстан, алысқалы келгенбіз. Жаңа үйреткен жас тұлпар жарысқалы келгенбіз, - деген екен.
- Мен хан болғалы, басыма қасиет қонғалы ешбір адамға тізе бүгіп көрген жоқ едім. Жаным Қазыбек, сенің айтқан сөзіңе сіресіп тұра алмадым, сен жаңа үйреткен жас түлпар екенсің. Сенің дауысың қаздың дауысындай қаңқылдап шығады екен, бұдан былай сенің атың Қаз дауысты Қазыбек болсын, екінші, қос тоғыз жүлде байла-дым, бұдан былай сен екі сыбағалы бол депті.
- Бейбітшілік бітіміміз ұзағынан болсын! Аман болыңдар!
Қош айтысып, Қазыбек бастаған қазақ елшілері мал-жанын түп-түгел қайтарып алып, гулеп жүріп кеткенде қасында бір топ елшісі бар Қоңтажы мең-зең болып дөңнің үстінде қала беріпті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет