Алматы экономика және статистика академиясы


Объектіге бағытталған программалау әдістемесі



Pdf көрінісі
бет22/27
Дата18.05.2022
өлшемі2.06 Mb.
#457028
түріПрограмма
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
php бағдарламалау

Объектіге бағытталған программалау әдістемесі 
Объектілік көзқарастың ең маңызды принциптерін жүзеге асыратын төмендегідей әр 
түрлі объектіге бағытталған технологиялар мен программаларды жобалау әдістемелері 
бар: 
-
программалар мен мәліметтер қасиеттерін объектінің өзінде инкапсуляциялау 
(ішінде көрсету); 
-
мұралау арқылы иелену; 
-
полиморфизм. 
Инкапсуляция объект өрістеріне тек класс тәсілдері көмегімен қол жеткізу 
мақсатында оларды жасыру (объектіні пайдалану кезінде аса маңызды болып саналмайтын 
бөліктерді жасыру). Инкапсуляция – объектілер кластарындағы, яғни мәліметтердің 
абстракты типтеріндегі мәліметтер құрылымының оларды өңдеу тәсілдерімен үйлесім-
ділігі.
Класта оның өзінен құрылған ішкі кластар болуы мүмкін. Ішкі кластарды құру 
барысында бастапқы класс объектілерінің мәліметтері мен оларды өңдеу тәсілдерін 
мұралау ретінде иелену(наследование) жүзеге асырылады. Иелену механизмі бұрынғы 
мәліметтерді қайта анықтауға немесе жаңа мәліметтер мен оларды өңдеу тәсілдерін 
енгізуге, иерархия бойынша кластар құруға да мүмкіндік береді. 
Полиморфизм дегеніміз объектінің өз типіне байланысты сұраныстарға (тәсілдерді 
шақыру) жауап қайтару мүмкіндігі болып табылады. Мұндайда бір тәсіл атауы әр түрлі 
объектілер кластары үшін қолданылуы мүмкін. 
Бақылау сұрақтары 
1. 
Сұқбаттасу процестерін қолдайтын жүйелерді атаңыз. 
2. 
Модуль сипаттамаларын атаңыз. 
3. 
Программалау жүйелері не үшін керек?
4. 
Негізгі программалау тілдерін атаңыз. 
5. «
Объект» түсінігі нені білдіреді? 
6. «
Класс» түсінігі нені білдіреді? 
7. SQL-
тәрізді тілдерге сипаттама беріңіз. 
8. JavaScript, PHP 
тәрізді тілдер не үшін қажет? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет