2 Түсініктемелер беру PHP тілі C, C++ тілдеріндегі және де Unix ортасындағы комментарийлерді
(түсініктемелерді) қолдана береді. PHP-де түсініктемелердің үш түрі бар:
-
жол соңында екі слэштен кейін түсініктеме жазылады (// түсініктеме), мысалы:
echo "Бұл мәтін"; // С++ тіліндегідей түсініктеме
?>
-
хэш символы арқылы жазылатын түсініктеме (# – тор перне арқылы), мұндай
үсініктемелерді циклдер мен жиымдар (массивтер) ішіне пайдалануға болады.
-
бірнеше жолдан тұратын түсініктеме – слэш пен жұлдызшаның қатарласып келуімен
басталып (/*), солардың кері реттілікпен орналасуы (*/) арқылы аяқталады.
/*
Бұл көп жолдық комментарий (С тіліндегідей)
Бұл оның тағы бір жолы */
Соңғы нұсқаны жиі пайдалану қажет емес, өйткені ол кейбір жағдайларда
программаның орындалуы кезінде қате беруі мүмкін.
Мысалдар. Енді біз PHP тілінде алғашқы программа жазайық. Әрине, программа жазу
ортасында қалыптасқан салт бойынша, ол "Сәлем, әлем!" деген мәтінді шығаратын нұсқау
болып табылады. Келесі кодты теріп, оны example1.php файлына жазып қояйық:
print "Hello, world!";
?>
РНР тілін іске қосып, браузерде осы файлды адресі бойынша шақырғанда, мысалы
төмендегідей түрде:
http://localhost/example1.php
браузер экранына ағылшын тіліндегі Сәлем, әлем сөзі қос тырнақшасыз шығады.
Экранға мәлімет шығаратын print операторының басқа да бір нұсқасы бар, ол:
echo();
Мұнда жақша қою міндетті емес, бірақ print және echo функциялар болып
табылады, сондықтан анықтамалықтарда жақша қою керек деп айтылады. Сонымен,
нәтижені екі оператор көмегімен шығаруға болады:
- echo –
"Hello, world" тіркесін шығару үшін қолданғанбыз;
24
echo "Hello, world";
- print –
бұл оператор Perl тілінде қолданылады.
print "Hello, world";
Қандай оператор қолдануды өзіміз таңдаймыз.
Енді осы мысалды HTML-тәгтерін қоса отырып шығарып көрейік.