РНР тілінің әрбір операторы нүктелі үтірмен (;) бөлініп жазылады. Егер ол
жазылмаса, браузер қате кеткенін білдіріп, жол нөмірін көрсетеді.
•
Perl типтес тілде жазылған PHP скриптерінің
CGI скриптерден негізгі
айырмашылығы мынада – CGI программасында енгізілетін HTML кодтары
жазылады, ал PHP тілін пайдаланғанда –программа дайындалған HTML параққа
ашылып-жабылатын тәгтердің көмегімен енгізілледі ( 1 мысалды қара – және ?>).
•
PHP тілінің JavaScript тілінен айырмашылығы –
PHP скрипті серверде
орындалып, клиентке жұмыстың нәтижесі беріледі, ал JavaScript коды толығымен
клиенттің машинасында орналасады және тек сол жерде ғана орындалады.
•
Internet Information Server жүйесіне қызығушылары РНР-ді Active Server Pages
(ASP) ортасымен ұқсастықтары бар деп санайды, ал Java тілін қолдаушылар РНР-
ді Java Server Pages (JSP) ортасына ұқсас деп санайды. Негізінде, аталған үш тілдің
барлығы да Web-сервердегі HTML парақтардың ішіне код енгізуге мүмкіндік
береді.
•
РНР-де көптеген мәліметтер базасымен жұмыс істеу мүмкіндігі
мәліметтер
базасын пайдалану арқылы жазылған Web-қосымшалардың жазылуын жеңілдетеді
және ол өте қарапайым түрде болады.
РНР кемшіліктері.
•
РНР тілінің бастапқы идеологиясы бойынша оның кішігірім скриптердің
жазылуына бағытталуы оның негізгі кемшілігі болып саналады. Сондай-ақ бұл
кемшілік РНР 4 және одан бұрынғы нұсқаларында қайталанады.
•
РНР жартылай компиляцияланатын
тіл болғандықтан, ол толық компиляция-
ланатын С тілімен жылдамдығы бойынша салыстырыла алмайды. Сонымен қатар
көптеген кішігірім парақтардан
құралған жобалар жазғанда, оларды компьютер
жедел жадына жүктеу мен С тілінде жазылған CGI программасы шақыру кезінде
біршама артық шығындардың пайда болуына әкеп соқтырады.
Достарыңызбен бөлісу: