Алматы облысының киелі орындары



бет4/4
Дата11.11.2022
өлшемі2.12 Mb.
#464586
1   2   3   4
678671.pptx

«Дарабоз ана» кесенесі


Дарабоз ана (шамамен 1690 - 1770) – шешен әрі би. Қазіргі Алматы облысы Ескелді ауданының төңірегінде дүниеге келген. Ұлы жүз құрамындағы Жалайыр тайпасынан шыққан. Шын есімі – Қалипа, кезінде бүкіл рулы елдің, ағайын-туыстың ауызбірлігін сақтауға мұрындық болып, үлкен ұлыстың ісін алға бастырған. Кейін Үлпілдек деп атанған. Дарабоз ананың ұрпақтарының, ауыл басшыларының және ауыл азаматтарының қолдауымен Амангелді ауылына кіре беріс тұсында кесенесі бой көтерген. Ескерткіштің сырты көк гранитпен қапталған, биіктігі . Гранит тасқа «Үлпілдек Дарабоз - Ана» деп жазылған. Ескерткіш Еңбекші округіне қарасты тас жолдың бойында орналасқан. Биіктігі ұшталған арматурадан жасалған қоршау. Айналасы темір қоршаумен қоршалған, шымдалып, суғарылады. Осы қоршалған жер ескерткіштің қорғалатын аймағы болып есептеледі.

Нұрмолда Алдабергеновтің ескерткіші


Алдабергенов екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Қызыл Ту ордендерімен, 6 рет Халық шаруашылығының жетістіктері көрмесінің Үлкен Алтын медалімен марапатталған.

Балпық би кесенесі


Балпық би кесенесі-1994 жылы Қаратал ауданындағы Оян ауылының шығыс жағындағы темір жолға таяу дөңдегі қорымға салынды. Ескерткіштің авторы: Қаби Баулықов, Көксу ауданының сәулетшісі. Құрылысшысы: кесене халықтық құрылыс үлгісінде салынды. Құрылыс жұмысының ұйымдастырушылары көпес Ақылбаев пен Серғазы Сағатбеков. Жетісу жерінің түкпір-түкпірінен келетін көпшілік әулие-бидің рухына тағзым етіп, аруағына құран бағыштайды.Кесене төртбұрышты үлгіде салынған. Қабырғасы күйдірілген кірпіштен қаланып, іші-сырты мәрмәр плиталарымен қапталған. Сыртқы пішіні күмбез тәріздес.

Ескелді би кесенесі


Ескелді би кесенесі 1992 жылы мемлекеттің қаражатымен салынған. 1998 жылы толық жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 2015 жылы қайтадан жөндеуден өтті. Негізі - қызыл кірпіш, ұзындығы 12 м және ені 10 м. Ескерткіштің техникалық жағдайы қанағаттанарлық. Ескелді би кесенесі 740 қоршаумен қоршалған. Жаңартылған жолдар мен автотұрақтар бар. Көгалдандыру және көркейту бойынша 120 қарағаш, 80 жаңа жылдық шырша егілген.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет