Алматы облысының киелі орындары



бет2/4
Дата11.11.2022
өлшемі2.12 Mb.
#464586
1   2   3   4
678671.pptx

Құртқа тәуіп кесенесі


Абыз, әулие, көріпкел, қасиетті емші Құртқа Тәуіп Сұлтанқожаұлы 1770 жылы туып, 1906 жылы қайтыс болды. Ол 136 жыл өмір сүрген адам. Құртқа Тәуіп Алматы облысы, Күрті ауданына қарасты Шилібастау деген жерде жерленген. Осы өңірді аттары аңызға айналған тәуіп, емші Құртқа атамызға ұрпақтары бабаларының басына 1972 жылы қоршау жасатып, белгі қойған. Кейін елім деп, жерім деп тарихымызды қайта жаңғыртқан ұлтжанды азаматтар ұлы бабамызға үлкен қызыл тастан кесене тұрғызды. Кесененің биіктігі – 13,6 метр

«Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи қорық


Таңбалы шатқалының аумағында жүзден астам әр түрлі уақыттағы ескерткіштер — қола дәуірінен біздің заманымызға дейінгі 14—13 ғасырдың ортасынан 19—20 ғасырлардың дейінгі аралықты қамтыған қоныстар, молалар, ертедегі тас қашалған орындар, петроглифтер және табыну ғимараттары (құрбан шалынатын жерлер) орналасқан.

Суықтөбе тауы


Алтынайұлы Қарасай батыр 1598 жылы Суықтөбе етегіндегі Қарасазда туған. «Суықтөбе» тауына туын тігіп атын қойған деген аңыз әңгіме бар.

Омарбектің үңгірі


Жантайұлы Омарбек 1880 жылы Суықтөбе етегінде дүниеге келген. Руы Өтеп. Кеңес үкіметінің халыққа 1929 жылдың өзінде ақшалай, еттей, астықтай бірнеше қайтар салық салған. Содан елдің зығырданы қайнап, тек байлар ғана емес орта шаруаларға дейін төзбес халге жеткен. Сонда Омарбек батыр 2 жарым жылдай тығылып, қызыл үкіметке қарсы әрекет жасаған. Оның қол астында 300-400 астам көтерілісшілер болған. 1932 жылы Кеңсай шатқалындағы Жетімсай қойнауындағы үңгірде жау қолынан қаза болған.

Қарақастек ауылы


Жамбыл ауданының Қаракестек ауылының оңтүстік беткейінде орналасқан кесене 1996 жылы «Сүйінбай» қой совхозының қаражатына тұрғызылған. 2000 жылыҚазақстанРеспубликасыПрезиденті Н. Назарбаевтыңбастамасыменкесенежаңартылып, қайтасалынды. ҰйымдастырушыҚазақстанатспортыфедерациясыныңпрезидентіҚайратСатыбалды, бас құрылысмердігері «Тиграхаут» фирмасы, бас директоры Ә. Жаужүрек. ЖобаныңавторларысәулетшілерАқжайықСәуменов пен СәдуақасАғытаев.Ақынның 200 жылдық мерейтойына орай 2015 жылы «Строй Сервис Алматы» компаниясы кесенеге қайтадан күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет