Алматы облысының киелі орындары



бет3/4
Дата11.11.2022
өлшемі2.12 Mb.
#464586
1   2   3   4
678671.pptx

“Қарасай батыр” кесенесі


Алтынайұлы Қарасай – қазақтың қаһарман батыры, әйгілі қолбасшысы, есімі шапырашты руының ұранына шыққан аса көрнекті тарихи тұлға. Қарасай батыр Алматы облысының Жамбыл ауданына қарасты Суықтөбе тауының етегінде Қарасаз деген жерде дүниеге келіп, Арқа жерінде Көкшетау үшін болған шайқаста ауыр жараланып дүние салған. Топырақ Көкшетау алабындағы Айыртау сілемінің Құлшынбай деп аталатын төбесінен бұйырған. Қасына өзінің қанды көйлек досы арғын Ағынтай батыр жерленген. Қос арыс – шапырашты Қарасай мен арғын Ағынтай батырға һәм олармен бірге қанды шайқаста қаза болған сарбаздарға қос күмбезді кесене орнатылған.

«Жер кіндігі»


Үңгіртас қазақ тілінен «үңгір тасы» деп аударылады. Халық арасында оны «Жер кіндігі» оны атап кеткен. Үңгіртас қуатты энергетикалық сәуле шашып тұрған тау. Аңыз бойынша бұл жер әйгілі сопы Қожа Ахмет Яссауи есімімен байланысты. Ғұмырының аяқталатынын сезген ол 63 жасында тыныш, оңаша орын іздей бастайды. Бұл талаптарына Үңгіртас дәл келіп, шейх Ахмет Яссауи қалған өмірін жер асты кельясында өткізеді. Жертөленің жанына шейхтың уағыздары мен ақылын тыңдаушы туысқандары мен көптеген шәкірттері орын тебеді.
Монастырь тұрған жерді Айдарлы Айдаһар ата деп атайды. Бұл аңыз адам Айдаһар ата есімімен байланысты. Бұл орынды қазіргі заман дәуіріші саналатын Бифатима Дәлетова 1999 жылғы желтоқсанда тауып алады. Ол қазіргі кезде де осы жерге жақын тұрып, оның қорғаушысы болып табылады, тәуіп етушілерді қабылдап, құрбандыққа шалынған жануарлардың қанымен емдеу салт жораларын өткізеді.

“Көтен тәуіп” кесенесі


Кесене, әулие атаның қабірі жатқан жер, сыртынан дөңгелете (жалпы ұзындығы ), ақ кірпішпен қаланған, төбесі оцинкованный темірмен қапталған (купол), төбесінің ортасында ай орнатылған. Әулие атаның қабірі жатқан кесененің кіре беріс жеріне құран оқитын бөлмемен, төбесі жабық кіретінесіктің екі жағы мұнара болып қаланған, жан-жағы ашық бөлме салынған кесененің жанынан шырақшыға арнап салынған, көлемі 5,5 м*7,5м үй бар. Кесененің ауласы, атап айтқанда жүретін жолдарға бетон плиталар төселген. Трассадан Кесенеге дейінгі 3 шақырым жол асфальтталған. 2017 жылы ақпан айында кесене ауласына 25 түп қарағай және басқадай сәнді ағаштар отырғызылды. Кесенегеэлектржарығытартылған. Тоқжеке двигатель арқылыберіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет