Амангелдиева Ақбөпе Аянқызы



бет2/9
Дата19.09.2022
өлшемі370.5 Kb.
#460942
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Амангельдиева А ПП115

Зерттеу объектісі: білім беру жүйесіндегі психологиялық қызмет.
Зерттеу пәні: мектеп психологінің жеткіншектерге психологиялық қызмет көрсету мазмұны.
Зерттеудің ғылыми болжамы: жеткіншектердің эмоционалдық үйлеспеушілігінің себептерін анықтап, одан шығару амалдарын өз уақытында жүргізу арқылы балалардың психоэмоционалдық жағдайын жақсартуға және тұрақтандыруға мүмкіндік туады.
Зерттеу мақсаты: жеткіншектерде кездесетін эмоционалдық үйлеспеушіліктің теориялық негіздерін талдау арқылы оның алдын алу және коррекциялаудың жолдарын анықтау.
Зерттеу міндеттері:

  • жеткіншектердің эмоционалдық даму проблемасы бойынша ғылыми-әдістемелік еңбектеді талдау;

  • жеткіншектердің эмоцияларының көрініс беру түрлерін және себептерін анықтау;

  • жеткіншектерде орын алатын акцентуация, мазасыздану, депрессия жағдайларын диагностикалау;

  • мектеп психологінің эмоционалдық үйлеспеушілік жағдайындағы балаларды коррекциялау әдістемелерін пайдалану, нәтижелерін талдау.

Зерттеу базасы: Шымкент қаласындағы № 77 гуманитарлық мектеп-гимназиясы.
Ғылыми зерттеу әдістері: Зерттеу барысында келесі психологиялық ғылыми зерттеу әдістері пайдаланылды: психологиялық ғылыми еңбектерді теориялық талдау арқылы бастауыш сынып оқушыларының эмоциясына сипаттама жасау, оқушылардың жекелік қасиеттерін зерттеуге Леонгард-Шмишек тестін, «М және Д», Басса-Дарки әдістемесін, пиктограмма, «Әлеуметтік мазасыздану шкаласы» т.б. әдістемелер көмегімен балалардың акцентуациясын, мазасыздануын, депрессиясын анықтау, жиналған мәліметтерді талдау нәтижелері бойынша психокоррекциялық жұмыстар жүргізу.
Зерттеу кезеңдері: Жоспарланған зерттеу жұмысы екі кезеңде ұйымдастырылады. Бірінші кезеңде оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты психоэмоционалдық жағдайларын зерттеідің теориялық негіздері талданып, оларды анықтауға арналған психодиагностикалық әдістемелер жинақталды. Екінші кезеңде Шымкент қаласындағы № 77 гуманитарлық мектеп-гимназиясының психологиялық қызмет көрсету жүйесі арқылы мектеп оқушыларының эмоционалдық жағдайлары зерттелінді. Барлық психодиагностикалық зерттеу нәтижелері ережелерге сай талданып келесі кезеңдегі психологиялық кеңес беру және психокоррекция жүргізілді.
Дипломдық жұмыс кіріспе, екі бөлім, қорытынды, әдебиеттер тізімі және қосымшалардан тұрады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет