Амангелдиева Ақбөпе Аянқызы


В.М.Астапов жасаған эмоционалдық үйлеспеушілік және одан шығу нұсқасы



бет4/9
Дата19.09.2022
өлшемі370.5 Kb.
#460942
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Амангельдиева А ПП115

В.М.Астапов жасаған эмоционалдық үйлеспеушілік және одан шығу нұсқасы

Түрткі функциясы

Іздеу функциясыиска



Бағалау функциясы



Күй-жағдай. шығу

Субъективтік мүмкіндіктерді бағалау



Күй-жағдайдың өзгеруі



Қауіптің жоқтығы




Қашу

Қауіптің барлығы



Ступор


Жағдайдан артық белсенділік активность



Кризистік жағдайда болу

Агрессия








Ж


Жағдайдан шығу


ыныстық толысу мен дене күші дамуындағы өзгерістердің жаңа психологиялық құрылымдардың пайда болуында бірталай маңызы бар. Біріншіден, жеткіншектің өзі анық сезетін бұл өзгерістер оны объективті тұрғыдан ересекке айналдырады және оның өзінің ересектігін сезінуінің
(өзінің ересектерге ұқсастығын. түсіну негізінде) басталуына негіз болады. Екіншіден, жыныстық толысу басқа жынысқа ден қоюдың дамуына, жаңа түйсіктердің, сезімдердің, толғаныстардың шығуына себепші болады. Өзімен өзі болу жеткіншектің жаңа түйсінулер мен толғаныстарына ден қоюы, бұлардың оның өмірінде алатын орны жеткіншек өмірінің кең әлеуметтік жаәдайлары мен нақтылы дара. жаәдайларына, оның тәрбиеленуі мен қарым-қатынасының ерекшеліктеріне қарай анықталады. Үлкендерге арналған кітаптар мен кинофильмдер де теріс ықпал жасауы мүмкін. Осының бәрі, сондай-ақ махаббат пен жыныс проблемалары туралы жолдастарымен әңгімелесулер адамдардың қарым-қатынасының интимдік жағына көбірек көңіл бөлудің, эротикалық ойысушылықтар мен ерте сексуалдылықтың дамуына апарып соғады. Қыз болсын, ұл болсын жеткіншектерде алғашқы романтикалық сезімдердің оянуы—қалыпты құбылыс.
Жеткіншектік кезеңнің баланың дамуындағы ерекше орны психологияда өтпелі, бетбұрыс, қиын, сыналатын кезең атауларында бейнеленген. Бұл атауларда осы жастарда болатын, өмірдің бір дәуірінен екіншісіне өтумен байланысты даму, процестерінің күрделілігі мен маңыздылығы айтылған. Балалық шақтан ересектікке өту кезеңдегі дене, ақыл-ой, адамгершілік, әлеуметтік дамудың барлық жақтарының негізгі мазмұны мен өзіне тән ерекшелігі болып табылады. Барлық бағыттарды сапалық жаңа құрылымдар қалыптасады, организмнің сана-сезімнің, үлкендермен және жолдастарымен қарым-қатынастың, олармен әлеуметтік өзара іс-әрекет әдістерінің, мүдделердің, танымдық және оқу іс-әрекетінің, мінез-құлыққа, іс-әрекет пен қарым-қатынасқа арқау болатын моральдық-этикалық нормалар мазмұнының қайта құрылуы нәтижесінде ересектік элементтері пайда болады.
А.Е.Личконың айтуы бойынша жеткіншектің жеке басы дамуының аса маңызды факторы - оның өзінің ауқымды әлеуметтік белсенділігі; ол белгілі бір үлгілер мен игілііктерді, үлкендерден және жолдастары мен, ақырында өзіне қанағаттанарлық қарым-қатынас орнатуға (өзінің жеке басы мен өзiнің болашағын және ниетін, мақсаты мен міндетін жүзеге асыру әрекеттерін жобалау) бағытталады.
Алайда жаңаның қалыптасу процесі біраз уақытқа созылады және көптеген жағдайларға байланысты болады. Осы себепке байланысты «өтпелі кезеңнің» жүруі әр балада әркелкі болуы мүмкін. Мұның өзі, бір жағынан, жеткіншекте «балалық» пен «ересектіктің» қатар болуымен ал, екінші жағынан, сол бір ғана кәмелетке толу жасындағы жеткіншектерде ересектіктің түрлі жақтарының даму дәрежесіндегі елеулі айырмашылықтардың болуымен анықталады. А.А.Бодалев қазіргі мектеп окушыларының өміріндегі жағдайларда екі түрлі жай сәттерінің болуымен байланысты деп түсіндіреді. Жеткіншектерде ересектіктің дамуын тежейтін жайлар:

  1. балалардың көбінде басқалардай тұрақты және байыпты міндеттер болмай тек оқумен ғана шұғылдануы; көптеген ата-аналардың балаларды тұрмыстағы еңбектен, қынжылыстардан, қорғаштауға, түгелдей қамқорлыққа алуға тырысуы;

  2. ересектендіретін жағдайлар мазмұны сан алуан мәліметтердің орасан зор тасқыны болуынан; көптеген ата-аналардың бос уақытының аздығы және осының салдары ретінде балалардың дербестікке ерте жетуі; жолдастарымен қарым-қатынастың жедел дамуы; дене күші дамуымен жыныстық толысудың акселерациясы.

Осының бәрі ересектіктің дамуын анықтайтын алуан түрлі жағдайлар жасайды, осыдан келіп оның белгілі бір жақтары дамуының алуан түрлі көріністері мен елеулі айырмашылықтары келіп шығады. Мысалы, жеткіншектің басым көпшілігінің бет-пішіні мен мүдделері әлі балаға ұқсас ер балалар да бар, сонымен қатар ересектер өмірінің қайсыбір жақтарына ортақтасқан өте ересек балалар да бар; өздігінен білім алып жүрген «интеллектуалдар» да бар, бірақ, сонымен қатар, оқу материалының өзін өздігінен игере білмейтін жеткіншектер де бар; болашаққа деген жоспары айқын емес, мектеп оқушылары бар, ал болашақ мамандығына саналы түрде даярлана бастағандар да бар; кейбір қыз балалардың бар ойлағаны сән қуу мен ер балалар ғана, басқалары бұған онша мән бермейді; кейбір балалар үйінде нағыз қолғанат-жәрдемшілер болса, енді біреулері әбден ерке болып кеткен, тіпті тұрмыстағы қарапайым жұмыстарға да ебі жоқ.
Л.Колбергтің пікірі бойынша жеткіншектердің ересектігінің дамуындағы жалпы бағыт әр түрлі және әрбір бағыттың көптеген варианттары болуы мүмкін. Мәселен, қайсыбір «интеллектуал» үшін өмірде ең бастысы кітап пен білім болады, қоршағандардың барлығы оны әлі «нәресте» десе енді бір нағыз «интеллектуал» үйде электроника туралы мақалаларды оқып, радиотехникамен, комьютермен әуестенсе, ал екіншісі сабақта түк бітірместен, модадан қалып қоймаумен төтенше шұғылданып, өмірдің мәнін шаштараз туралы мәселеге айналдырып отыратын ересек жасөспірімдер. Үшіншілерін «интеллектуалды» ересектіктің сыртқы көріністері онша қызықтырмайды, бірақ ол шешесінің сүйеніші, өзін ерлік қасиеттерге тәрбиелейді. Қыз балаларға келгенде, осы қыздардың пікірінше, өзін балаша ұстайды, галстугін тартқылап, шаштарын ұйпалап кетеді.
Осы үш вариантта ересектіктің дамуы әр қилы болады да, бұл орайда мазмұны әр түрлі өмірлік игіліктер қалыптасады: біреуі үшін маңыздының енді біреуіне құны жоқ болып шығады. Жеткіншектік кезеңнің маңыздылығы адамның жеке басының моральдық дамуы және барлық құндылықтардың жалпы бағыты белгіленетіндігі. Жеткіншектік кезеңдегі дамудың сыналу көріністерінің пайда болуында биологиялық және әлеуметтік жайлардың ролі туралы теориялық талас ұзақ уақыттан бері болып келеді. Өйткені осы жас кезеңінде жеткіншектердің дамуындағы позитивтік әсерлер адамның болашағына үлкен әсерін тигізеді.
Жеткіншектің дамуындағы биологиялық фактор проблемасы баланың организмінде нақ осы шақта биологиялық толысу жолына түбегейлі өзгерістердің болуынан туындайды, дене күшінің дамуында жаңа кезең басталып, жыныстық жетілу процесі өрістейді. Бұлардың бәрінің сыртында организмнін морфологиялық және физиологиялық қайта құрылу процестері тұрады. Организмнің қайта құрылуы эндокриндік жүйедегі өзгерістерден басталады. Гипофиздің, әсіресе оның алдыңғы бөлігінің қызметі күшейеді, ал мұның гормондары талшықтардың өсуіне және ішкі секрецияның басқа да өте маңызды бездерінін, (қалқан жыныс, бүйрек үсті бездерінің) қызметіне қолайлы жағдай жасайды. Олардың қызметі жеткіншектің организмінде көптеген өзгерістер, соның ішінде неғұрлым анық көрінетін өзгерістер туғызады (жыныс органдарының дамуы және екінші жыныстық белгілердің көрінуі). Бойдың ұзаруы, салмақтың артуы, кеуде клеткасы шеңберінің өсуі – жеткіншек шақтағы дене толысуының өзіне тән жағдайлары, бұлар күрт өсу деген ерекше терминмен белгіленеді. Осының нәтижесінде баланың пішінімен салыстырғанда жеткіншектің пішіні өзгереді, дененің пропорциясы ересек адамға тән пропорцияға жақындайды. Бұлшық еттің және бұлшық ет күшінің неғұрлым жедел артуы жыныстық жетілудің аяғында болады. Бұлшық еттің дамуы ер балаларда еркектер типінде, ал қыз балаларда әйелдер типінде болады, осыдан келіп әр жыныстың өкілдерінде еркектерге тән немесе әйелдерге тән белгілер қалыптасады, бірақ бұл процестің аяқталуы жеткіншектік шақтан өткеннен кейін болады [17].
Бүлшық ет күшінің артуынан жеткіншектің дене күшінің мүмкіндіктері үлғаяды. Мұны ер балалардың өздері де ұнатанады және олардың әрқайсысы үшін оның үлкен маңызы бар. Алайда ересектерге карағанда жеткіншектің бұлшық еттері тез шаршайды, сондықтан ұзақ уақыт жұмыс істейтін қабілеті әлі болмайды, спортпен және дене еңбегімен шұәылданған кезде мұны ескеріп отыру керек. Мотор аппаратының қайта құрылуымен қатар көбіне козғалыстардағы үйлесім жоғалады, өз денесін дұрыс ұстай білмеушілік шығады (шамадан тыс көп қозғалу, олардың жете үйлестірілмеуі, жалпы ебедейсіздік, колапайсыздық). Бұдан күйзеле қынжылу, өзіне сенімсіздік секілді жайлар туындауы мүмкін. Алайда 6—14 жас аралығында көптеген қозғалыс сапалары оптималды дамитын, қозғалыс функцияларының бірқатар көрсеткіштері жедел артып жетілетін кезең. Сондықтан спортта, хореографияда ерекше шеберлік көрсетіп жоғары жетістік иесі болу мүмкіндіктері де артады.
Әр түрлі мүшелер мен талшықтардың өсуі жүректің қызметіне шамадан тыс талаптар қояды. Жүрек те өседі, әрі қан тамырларына қарағанда тез өседі. Мұның өзі жүрек-қан тамырлары жүйесінің қызметіндегі функциялық бұзылулардың себебі болып, жүректің қағуы қан қысымының артуы, бастың ауруы бастың айналуы, тез шаршау түрінде көрініс беруі мүмкін.
Жеткіншектік шақта организмнің ішкі ортасында белсенді қызмет атқаратын ішкі секреция бездері жүйесіндегі өзгерістерге байланысты күрт ауысулар болады, осының өзінде қалқан бездері мен жыныс бездерінің гармондары, атап айтқанда, зат алмасудың катализаторлары болып табылады. Эндокриндік және жүйке жүйелері функциялық жағынан өзара байланыста болғандықтан, жеткіншектік шақ, бір жағынан, энергияның қауырт, өсуімен, ал екінші жағынан патогендік әсерлерге деген сезімталдықтың артуымен сипатталады. Сондықтан ақыл-ой немесе дене күшінің қажуы, ұзақ уақыт жүйкеге күш түсу, аффектілер, күшті эмоциялық толғаныстар (қорқыныш, ыза, реніш) және жүйке жүйелерінің функциялық бұзылуларына себеп болуы мүмкін. Олар тез шамданғыштықтан, тежегіш механизмдердің әлсіздігінен, тез шаршаудан, ұмытшақтық пен аңғалдықтан, жұмыста өнімділіктің төмендеуінен, ұйқының бұзылуынан байқалады. Жеткіншектік шақта эндокриндік және жүйке жүйелерінің қызметіндегі балалық шақта болатын тепе-теңдік бұзылады да, жаңа тепе-теңдік енді ғана қалыптаса бастайды. Бұл қайта құрылу жеткіншектің ішкі жағдайларына, әсерлеріне, көңіл күйіне әсер етіп, оның жалпы ұшқалақтылығының, ашуланшақтығының, шамданғыштығының, қозғыш­тығының, қимыл белсенділігінің, мезгіл-мезгіл селсоқтануының, енжарлануының негізі болады. Қыз балаларда мүндай жағдайлардың көрінуі етеккір циклі басталардан біраз бұрын немесе осы цикл кезінде байқалады.
Жеткіншектің организмінде болатын елеулі өзгерістер ұзақ уақыт бойы осы кезеңдегі жеткіншектер ерекшеліктер мен дамуының сыналу құбылыстарының биологиялық шарттастығы туралы әр түрлі теорияларға негіз болды. Мұндай ұғым біздің ғасырымыздың алғашқы ширегінде үстем болды. Биогенетикалық универсализмнің негізін салушылар С. Холл мен З.Фрейд /91/ болды. Олар жеткіншектің дағдарысы ен өзіне тән ерекшеліктері комплексін биологиялық шарттастығы себепті болмай қоймайтын әрі универсал құбылыс деп санады. Көптеген зерттеулерде жеткіншектік кезеңнің ұзақтығы әр түрлі болуы және бірнеше аймен шектелуі мүмкін екені анықталды.
Р. Бенедикт балалықтан ересектікке өтудің екі типін бөліп көрсетті:
1) үздіксіз жүретін;
2) үзіліспен жүретін.
Баланың балалық шағында оқып үйренгені мен ересектің ролі жүзеге асыру үшін қажетті іс-әрекет тәсілдері мен түсініктер арасында үзілістер болатын типі. Осы кезеңге өтудің бірінші типі балалар мен ересектерге арналған бірқатар маңызды нормалар мен талаптардың ұқсастығы жағдайларында болады. Мұндай жағдайларда даму бірқалыпты өтеді, бала ересектік іс-әрекет тәсілдеріне біртіндеп үйренеді де, ересектің статусының талаптарын орындауға даяр болып шығады. Осы кезеңге өтудің екінші типі балалар мен ересектерге қойылатын мәнді талаптарда болған кезде байқалады (Бенедикт пен Мид оны қазіргі заманғы американ қоғамына және өнеркәсібі жоғары дамыған елдерге тән деп санады). Мұндай жағдайларда балалықтан ересектікке өту әр түрлі қиыншылықтармен қабаттасып жүреді және оның өзіне тән нәтижесі болады – ресми кемелеттілікке жeткeн кезде баланың ересектер ролін атқаруға әлі дайын емес екендігі анық байқалады. Балалықтан ересектікке өтетін жол, деп атап көрсетті Бенедикт, әр түрлі қоғамдарда әр түрлі болады және оның ешқайсысы да кәмелеттікке жеткізетін «табиғи» соқпақ деп қарастырылмайды.
АҚШ ғалымы К.Левин жеткіншектің қазіргі қоғамдағы жағдайы мен балалықтан ересектікке талас-тартыспен өтуіне талдау жасауды жалғастырды. Ол қоғамда ересектер тобы мен балалар тобының бар екенін, әрқайсысының өзіне тән артықшылықтары болатындықтан олардың бір-бірінен бөлінген­дігін, жеткіншектік кезеңде баланың балалар тобынан ересектер тобына қарай ілгерілейтінін атап көрсетті. Жеткіншекте ересектер тобына өтуге және үлкендердің балаларда жоқ кейбір артықшылықтарымен пайдалануға деген ұмтылысы болады. Алайда ересектер оны әлі қабылдамағандықтан ол топтар арасындағы жағдайда болып шығады. Қиыншылықтардың деңгейі мен талас-тартыстардың болуын Левин қоғамда балалар тобы мен ересектер тобының қатаң бөлінуіне және жеткіншектер топтарының аралыәындағы жағдайда болатын кезеңінің ұзақтығына байланысты етіп қояды. Левиннің жеткіншектің «өз орнын таппауы» туралы идеясын қазіргі уақытта Д. Коулмен және басқа шетел психологтары дамытуда, олар жеткіншектердің ерекше бір «субмәдениеті» бар дегенді, яәни ересектер қоғамында жеткіншектер қоғамы бар дегенді айтады. Л.С.Выготский сын жастарды зерттеуде жаңа проблемалар: санадағы негізгі жаңа құрылымды бөліп көрсету және дамудың әлеуметтік жағдайын анықтау қажеттігін қойды, бұл жағдай әрбір
шақта бала мен ортаның арасындағы қатынастардың қайталанбас жүйесі болып табылады. Ол осы қатынастар жүйесін қайта құру өтпелі шақтағы «дағдарыстың» басты мазмұнын кұрайды деп пайымдады [29].
Жеткіншек жас кезеңіндегі балалардың даму ерекшеліктерін зерттеу барысында бұл жас кезеңіндегі «дағдарысты» түсіндіруге арналған теориялық ой-пікірлердің барлығы осы кезеңде орын алатын көптеген нормадан ауытқулар организмде жүретін өте күрделі психофизиологиялық өзгерістермен байланысты екенін көрсетеді. Жеткіншек жас кезеңіндегі пайда болатын жаңа құрылымдар, гамоналдық жүйенің жетілуі т.б. өзгерістер бала ағзасының сапасы өзгеріп, оның қысқа мерзім ішінде үлкендер ағзасының сапасына өтуіне байланысты болатыны дәлелденген. Осы өзгерістер баланың эмоционалдық жағдайына әсерін тигізіп, оның мінезінде көптеген ерекшеліктер көрініс береді. Сонымен қатар жеткіншек жасындағы балалардың өмірі мен дамуы нақты әлеуметтік жағдайлармен байланысты және баланың ересек адамдар дүниесіндегі қоғамдық жағдайды меңгеруімен анықталады.
Психологиялық қызмет көрсету барысында жеткіншектердің осы ерекшеліктерін ескере отырып, эмоционалдық үйлеспеушілік орын алған кезде эмоцияның мінез-құлыққа тигізетін әсерін, эмоционалдық жағдайлардың пайда болу себептерін, оның көрініс бері ерекшеліктерін жан-жақты зерттеп, толық түсіну қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет