Аманжол Рысмендиев — Кәсіпкерлік құпиясы


Көзқарас, сенімдеріңді өзгерт!



Pdf көрінісі
бет21/27
Дата09.08.2024
өлшемі470.02 Kb.
#503137
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   27
Аманжол Рысмендиев Кәсіпкерлік құпиясы

Көзқарас, сенімдеріңді өзгерт!
Өмірде жақсылыққа жетуіңіз де, немесе, керісінше, болмашы
сəтсіздікке аяғыңыз шалынып, қайта тұрмастай құлауыңыз да сіздің


сеніміңізге, көзқарасыңызға байланысты. Бұл – бизнеске де, тұлға
ретінде қалыптасуға да, отбасылық мəселелерге де қатысты.
Егер көзқарас, сенімдеріңізді өзгерткіңіз келсе:
* Өзіңізді қалыптастырыңыз. Яғни жақсылық та, жамандық та
тікелей өзіңізге байланысты болмақ. Сондықтан барлық іске өзіңізді
жауапты етіп сезіне біліңіз.
* Шын кіріскен адамға табылмайтын жол жоқ! Өлімнен басқа
барлық проблеманың шешімі бар.
* Құдай бір есікті жапқанымен, екіншісін ашады. Яғни əр нəрсенің
қайыры бар дегенді мықтап миға түйіп алу керек.
* Ниеттенсең қалағаныңа жетесің. Сондықтан тек жақсы нəрсеге
ниеттену керек.
* Кім көп еңбек етсе, бақыт соған басын иеді. Досыңызға
қарағанда көп нəтижеге жеткіңіз келсе, одан жақсы өмір сүргіңіз келсе,
онда сіз сол досыңызға қарағанда əлдеқайда көп жұмыс істеуіңіз керек.
* Адамдарды оларға үлгі болу арқылы ғана өзгертуге болады.
Яғни сіз балаңызға: «Ананы істеме, мұны тоқтат!», -- деп ақыл айтып
тəрбиелемей-ақ қойыңыз, оған өзіңіздің іс-əрекетіңізбен-ақ тəрбие
беріп жатқаныңызды ұмытпаңыз! Дəл осы мысалды кəсіпке де
келтіруге болады. Сіз егер басшы болсаңыз, өз іс-əрекетіңізбен қол
астыңыздағы қызметкерлерге де үлгісіз. Олар сізге қарап бой түзейді,
сізге қарап еңбек етеді.
* Əр нəрсені есептеп үйреніңіз. Уақытыңызды, кірген кірісті,
шыққан шығысты есептеп отырыңыз. Онсыз болмайды.
* Шынайы, əділ болыңыз. Сіздің ісіңіз бір бөлек, ал сөзіңіз бір
бөлек болып тұрса, ешкімді тыңдата алмайсыз. Айналаңызға жақсы


адамдар жиналмайды. Сондықтан əділ болыңыз.
* Əрдайым бірдеңеге талпынып жүріңіз. «Əрекетке – берекет»
дегенді естен шығармаңыз.
* Мойныңызға 100 пайыз жауапкершілік артып үйреніңіз. Ал оның
не екенін алдыңғы бөлімдерде нақты айттым деген ойдамын.
Міне, осындай көзқараспен өмір сүрсеңіз, онда сізде бəрі де
жақсы болмақ. Яғни қазіргі кризисті біз мүмкіндік деп қарастыруымыз
қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет