Аманжол Рысмендиев — Кәсіпкерлік құпиясы


«Білікті білім жинап, кəсіп етер



Pdf көрінісі
бет26/27
Дата09.08.2024
өлшемі470.02 Kb.
#503137
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
Аманжол Рысмендиев Кәсіпкерлік құпиясы

«Білікті білім жинап, кəсіп етер,
Білімнің дəмін татып, өсіп өнер».
А.Иігүнеки.
Өз кəсібің бойынша кəсіби журналдарды жиі оқы!
Басқалардан ерек болғыңыз келе ме? Онда өз кəсібіңіз бойынша
кəсіби журналдарды оқуды бастаңыз. Барлығымыз білеміз, оқу деген
күшті, пайдалы, бірақ санаулы ғана мерзімдік басылымдарды алып
оқиды. Бұл тізімде кітаптан бөлек дұрыс тамақтану, спортпен
айналысу, тілдер оқу жəне т.б. секілді істегіміз келетін əрекеттер бар,
бірақ əрекетке бармаймыз. Адамдардың басым бөлігі білім алып,
ақылдырақ болғысы келмейтіндей көрінеді. Əрине қазір сауығудың
жолы оңай. Facebook, компьютерлік ойындар, теледидар – бəрі сондай
жақын. Бұған қарсы тұру өте қиын. Бірақ бұған қарсы тұру керек. Оқу
орнынан шыққаннан кейін оқу адам өмірінен тысқары қалатыны
қалыптасқан жағдайға айналды. Қандай мəселеге жолықсаң да, ол
жайында сенен де ақылды біреу мақала, əлде кітап жазып кеткен.
Кəсібіңе қатысты дүниелерді оқу уақыт пен қуатты үнемдеуге
мүмкіншілік береді. Мəселені оңай шешуге жол ашады, тек оны оқып
бастау керек.
Адам жасауы мүмкін ең жақсы инвестиция – ол білім. Мысалы,
кітап жазу үшін жазушы, не ғалым сол мəселе туралы жазу үшін 100
сағат уақыт жұмсады. Ол Сіз үшін не білдіреді? Өзіңіздің 100
сағаттыңызды үнемдеу дегенмен парапар. Дональд Трамп, Уоррен
Баффет, Дейл Карнеги жəне басқа да танымалдардың кітаптарын
оқып қанша уақыт үнемдеуге болады? Өзіңіз ойлап көріңіз. Осы
мəселе бойынша жасалған зерттеулер қорытындылары бойынша кітап


оқушыларда:
* Сөздік қор көбейеді;
* Əртүрлі сала бойынша креативті ойлау дамиды;
* Стресс деңгейі төмендейді;
* Вербальды қабілеттер артады.
Сонымен қатар əдеби шығармаларды оқи отырып, көптеген
өмірді «сүріп» көруге болады. Уоррен Баффетке ақылды болу үшін не
істеу керек дегенге, Баффет: «Күніне 500 бет кітап оқу керек»-деген.
Оны көбіміз түсінеміз, бірақ іске асыруда қиналып қаламыз. Бірақ
кейбір адамдар еріктерін мықты болып, кітап оқуды əдетке
айналдырады. Мысалы, Марк Кьюбан, америкалық танымал
миллиардер, өзінің алғашқы бизнесін бастаған кезде кітап дүкенінде
барлық кітаптарды оқып шыққан. Жұмсалған $20 сенің алдыңда
ашатын мүмкіншіліктер үшін өте аз ақша. Бұл өмірде барлық
адамдарға ақпарат қолжетімді, бірақ барлығы оны пайдалана
бермейді. Шындығында, адамдар айына бірнеше сағат ғана оқиды.
Күніне тұрақты түрде 50-100 бет оқып бастау аса қиын емес. Басқа
адамдар оқитыннан көп оқуға тырысу керек. Жаңа көп ақпаратты біліп,
оны пайдалана білу керек. Алынған білімді шынайы өмірде пайдалана
білуді үйрену де кітаптарда жазылады. Бастысы алдыға мақсат қойып,
көп оқу керек. Сонда сіз өмірдің сан қырлы қырларын көре аласыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет