Аммиакты тоңазытқыш қондырғыларға қойылатын өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптар


- тарау. Газдану деңгейін бақылау және аммиактың авариялық ағуы туралы хабарлау жүйелеріне қойылатын талаптар



бет2/4
Дата30.06.2016
өлшемі311 Kb.
#169054
1   2   3   4

7 - тарау. Газдану деңгейін бақылау және аммиактың авариялық ағуы туралы хабарлау жүйелеріне қойылатын талаптар
87. Аммиактың авариялық ағуы туралы газдану және хабарлау деңгейін бақылау жүйесі (бұдан әрі – газдану деңгейін бақылау жүйесі) үй-жай мен объект аумағында аммиактың ағуы салдарынан газдану деңгейін бақылауды қамтамасыз етеді.

88. Жарылыс қауіптіліктің І және ІІ санатты технологиялық блоктарын пайдалану кезінде:

1) сәйкес басқару әрекеттерін қалыптастыру үшін жеткілікті көлемде аммиак буының шоғырлануын дабылдағыш көрсеткіштерін орнату орындарында ауада аммиактың қоюлануы туралы ақпаратты жинау мен өңдеуді автоматты тәртіпте қамтамасыз ететін газдану деңгейін бақылау жүйесі;

2) аммиактың ағуымен байланысты авария туындаған кезде, авария салдарын тарату мен жайылтпау жүйесінде әрекеттесетін техникалық құрылғылар, жұмыс жасауы авария масштабы мен салдарының үлкеюіне соқтыратын тоңазытқыш қондырғыны ажырату жабдығы мен авария туралы хабарлау құралы автоматты тәртіпте іске қосылатын газдану деңгейін бақылау жүйесі;

3) екі пішінді және екі деңгейлі газдану деңгейін бақылау жүйесі қарастырылады:

сыртқы пішін объект аумағынан тыс химиялық бұзылу аймағының таралуын болжау үшін деректер берумен аммиакты тоңазытқыш қондырғы аумағында газдану деңгейін бақылауды және үй-жайдан тыс орналастырылған тоңазытқыш қондырғы жабдығынан аммиактың авариялы ағуын бақылауды қамтамасыз етеді;

ішкі пішін газдану деңгейін бақылауды және үй-жайда аммиактың авариялық ағуын қамтамасыз етеді;

газдану деңгейін бақылау жүйесінің сыртқы және ішкі пішіндерінің ауадағы аммиак қойылуын бақылаудың екі деңгейі болады:

I деңгей. Шекті рұқсат берілетін қойылу (ШРБҚ) – үй-жайдың және үй-жайдан тыс жұмыс аумағы ауасында аммиактың қойылуы көрсеткіштерін орнату орындарында 20 мг/м3 тең жетті;

II деңгей. Көрсеткішті орнату орындарында аммиак қойылуы 25 ШРБҚ немесе 500 мг/м3 тең үлкендікке жетті;

4) жүйе өнеркәсіптік алаңда газдану деңгейін бақылайтын (1 деңгей бақылаудың сыртқы пішіні) және объект аумағынан тыс химиялық бұзылу аймағының таралуын болжайтын автоматты құралдармен жарақталады;

5) алаңда деректері газданудың мүмкін масштабын есептеуде пайдаланылатын желдің бағыты мен жылдамдығын өлшейтін қондырғы орнатылады.

89. Құрамында жарылыс қауіптіліктің ІІІ санатты технологиялық блогы бар аммиакты тоңазытқыш қондырғылар үшін мыналар қарастырылады:

1) қойылудың берілген мәндерінде іске қосылатын аммиак буының қойылуының дабыл бергіштерін орнату. Орнатылған дабыл бергіштерден берілетін ақпарат көлемі сәйкес басқару әрекеттерін қалыптастыру үшін жеткілікті;

2) аммиак қойылуының берілген үлкендігінен асқан кезде газдану деңгейін бақылау жүйесі келесі әрекеттерді автоматты орындауды қамтамасыз етеді:

жұмыс аумағы ауасында ШРБҚ (20 мг/м3) тең аммиак қойылуы артқан кезде басқару үй-жайында дыбыстық және жарықтық ескерту дабыл беруді (қызмет көрсетуші персонал үй-жайы) және машиналық, аппараттық және конденсаторлық бөлімдерде жалпы алмасу желдетуді іске қосу; басқару үй-жайында дыбыстық және жарықтық «ШРБҚ деңгейінен артық» дабыл беруді және жұмыс аумағы ауасында (машиналық, аппараттық және конденсаторлық бөлімдерде) аммиак қойылуының 3 ШРБҚ (60 мг/м3) тең үлкендіктен артуы кезінде авариялық желдетуді іске қосу; қойылудың ағымдағы мәні 3 ШРБҚ (60 мг/м3) және ШРБҚ (20 мг/м3) деңгейден төмендеген кезде барлық жүйені және жалпы алмасу желдетуін ажыратусыз қалыпты жағдайға келтіру;

басқару үй-жайында жұмыс аумағы ауасында ашық алаңда технологиялық блокқа жақын орналасқан, үлкендігі (20 мг/м3) ШРБҚ тең көрсеткіштер тоқтаған орындарда аммиак қойылуының артқан кезінде дыбыстық және жарықтық ескерту дабыл беруін іске қосу; басқару үй-жайында дыбыстық және жарықтық «ШРБҚ деңгейінен артық» дабыл беруді және 3 ШРБҚ (60 мг/м3) тең үлкендіктегі көрсеткіштерді орнату орындарының жұмыс аумағы ауасында аммиак қойылуының артуы кезінде объектіде хабарландыру жүйесі; қойылудың ағымдағы мәні ШРБҚ (20 мг/м3) деңгейден төмендеген кезде барлық жүйені қалыпты жағдайға келтіру;

ШРБҚ (20 мг/м3) тең үлкендіктегі тарату құрылғылары үй-жайының жұмыс аумағы ауасында аммиак қойылуы артқан кезде, бұл үй-жайлардың авариялық желдетуін бір уақытта іске қосумен басқару үй-жайында дыбыстық және жарықтық «Авария» ескерту дабылын іске қосу; тарату құрылғылары үй-жайына ШРБҚ (20 мг/м3) тең үлкендіктегі жұмыс аумағы ауасында аммиак қойылуы артқан кезде сұйық аммиакты беруді автоматты тоқтату;

ШРБҚ (20 мг/м3) тең үлкендіктегі тоңазытқыш камералар мен басқа суықты тұтынушылар үй-жайының жұмыс аумағы ауасында аммиак қойылуы артқан кезде басқару үй-жайында дыбыстық және жарықтық «Авария» ескерту дабылын іске қосу; аммиактың бақыланатын үй-жайға 3 ШРБҚ (60 мг/м3) тең үлкендіктегі аммиак қойылуы берілуін ажырату. Бұл ретте аммиагы бар технологиялық жабдықты өндірістік цехтар үй-жайында сору желдеткіші іске қосылады;

басқару үй-жайында дыбыстық және жарықтық «Авария» ескерту дабылын, аварияны таралтпау жүйесінің техникалық құралдарын, объектіде хабарлау жүйесін іске қосу, аммиак қойылуының 500 мг/м3 (25 ШРБҚ) тең үлкендіктегі машиналы, аппаратты және конденсаторлы бөлімдердің үй-жайында көрсеткіштерді орнату орындарында аммиак қойылуы артқан кезде аммиакты жабдықты ажырату;

басқару үй-жайында дыбыстық және жарықтық «Авария» ескерту дабылын, аварияны тарату жүйесінің техникалық құралдарын, объектіде хабарлау жүйесін іске қосу, 500 мг/м3 (25 ШРБҚ) тең үлкендіктегі ашық алаңда орналасқан технологиялық блок пен жабдыққа жақын орналасқан көрсеткіштерді орнату орындарында аммиак қойылуы артқан кезде аммиакты жабдықты ажырату.

90. Жүйе басқару үй-жайына аварияның нақты болған орны және авария салдарын таратудың қажетті техникалық құралдарын іске қосу туралы дабылдарды жедел беруді қамтамасыз етеді.

91. Газдану деңгейін бақылау жүйесі электрмен жабдықтау сенімділігімен қамтамасыз ету бойынша электр қондырғылар құрылғыларына қойылатын талаптарға сәйкес І санатты электр қабылдағыштарға жатады.

Объектіде электрмен жабдықтаудың екінші тәуелсіз көзі болмаған кезде аккумулятор батареяларымен жарақталған автоматты резервті қоректендіру көзі қарастырылады.

92. Техникалық сипаттамалар, аммиак буы қойылуының дабыл бергіштер көрсеткіштерінің саны мен орналасқан орны жобалық құжаттамамен анықталады.

93. Газдану деңгейін бақылау жүйесінің құрамы мен құрылымы авария салдарын жою мен таратудың техникалық құралдарымен біріктіріледі. Газдану деңгейін бақылау жүйесін жобалау тиісті есептермен расталатын болуы мүмкін авариялар сценариін қараумен, олардың салдарының бағасымен бірге беріледі.

94. Пайдалануға рұқсат берілмейтін, мемлекеттік тексерістен өтпеген аспаптарды қолдануға рұқсат берілмейді. Көрсеткіштердің орындауы пайдалану шарттарына сәйкес болады. Көрсеткіштер құрылымында санкцияланбаған қолжетімділіктен, атмосфералық қалдықтар мен дымқыл жинау кезінде шашырау әсерінен қорғау қарастырылады.

95. Авария салдарын жою мен тарату жүйесіне қатысатын, осы техникалық шешімнің әсерін аварияның болуы мүмкін салдарын автоматты іске қосумен салыстыра бағалаумен негізделген техникалық құрылғыларды (орнынан немесе қашықтан) автоматты емес іске қосуға рұқсат беріледі.



8 - тарау. Сақтандыру құралдарына қойылатын талаптар
96. Тікелей суытумен қаптамалы құбырлы аппараттар, технологиялық жабдықтар (жылдам мұздататын аппараттар, фризерлер және мұз генераторлар), ішкі диаметрі 150 мм артық қысыммен жұмыс істейтін ыдыстар қысымның артуынан сақтандырғыш құрылғылармен жабдықталады. Ішкі диаметрі 150 мм артық емес диаметрлі бітеу құбырлардан дайындалған коллекторлармен, ішкі диаметрі 70 мм артық емес бітеу құбырлардан дайындалған ауалық суыту аппараттарын сақтандырғыш құрылғылармен жабдықтамауға рұқсат беріледі.

Сақтандырғыш құрылғылар ретінде серіппелі сақтандырғыш клапандар мен мембраналы сақтандырғыш құрылғылар пайдаланылады.

97. Теоретикалық көлемді шығарылымы 0,025 м3/с және одан артық компрессорды айдаудың соңғы және аралық сатылары, сұйық аммиактың поршенді, тістегерішті және бұрандалы сорғылардың айдау беттері тиісті бетте кері клапан мен бекіту арматурасына дейін серіппелі сақтандыру клапанын орнатумен қорғалады.

Сорғының айдау бетінен сұйық аммиакты және компрессор айдауынан газ тәрізді аммиакты лақтыру жабдықтың осы түрлерінің әр қайсысының сору жағына жүргізіледі, ал бұрандалы компрессорлы агрегаттарда атмосфераға лақтыруға рұқсат беріледі.

98. Сақтандырғыш құрылғыларды таңдау кезінде: қорғалатын компрессордың өнімділік массасы 0,9 кем болмайтын немесе оны қысу сатысы аммиак буын сығудың соңғы және аралық сатысы беттерінде орналастырылатын өзі әрекет ететін сақтандырғыш құрылғылардың өткізу қабілеті ескеріледі.

99. Сұйық аммиагы бар ыдыстардағы аппараттардың және технологиялық жабдықтардың (бұдан әрі бұл бөлімде ыдыстар, аппараттар) бұзылуынан қорғауға арналған сақтандырғыш құрылғылардың өткізу қабілеті өрт жағдайында буланған аммиактың бұрылуын қамтамасыз етеді.

Талап етілетін өткізу қабілеттері мына формула бойынша анықталады:

, кг/с,

мұнда q – барлық жағдайда 10 кВт/м2 болып қабылданатын ыдыс немесе аппарат қабырғасы арқылы жылу ағынының тығыздығы;

F – аппараттың немесе ыдыстың сыртқы бетінің көлемі, м2;

r – толу қысымы кезінде аммиактың бу түзуінің салыстырмалы жылылығы қорғалатын ыдыстың (аппараттың) есепті қысымынан 1,15 есе артық, кДж/кг.

100. Тоңазытқыш жүйелердің ыдыстары мен аппараттары қайтадан іске қосу құрылғысы бар, екі клапанды да бір уақытта жабуды болдырмайтын екі сақтандырғыш клапанымен жарақталады. Клапандардың әр қайсысы толық өткізу қабілетіне есептеледі.

Ыдыстар егер геометриялық көлемі 0,3 м3 аспаса, бір сақтандырғыш клапанмен жарақталады.

101. Ыдыстардың (аппараттардың) сақтандырғыш құрылғылары ыдыстарды (аппараттарды) дайындаушының паспорттық құжаттамасында көрсетілген есептіден артық емес қысым кезінде ашыла басталуға реттеледі.

Әр түрлі рұқсат берілген қысымды ыдыстардың (аппараттардың) тоңазытқыш қондырғылары сору (айдау) жағында олардың сақтандырғыш клапандары жобамен көзделген қысым кезінде, бірақ осы жақтың аппараттары мен ыдыстары үшін орнатылған есепті қысымның барынша азынан жоғары болмай ашыла бастауына реттеледі.

Өзінің ашылуы кезінде сору және айдау беттерін (немесе сығу сатыларын) қосатын компрессордың сақтандырғыш клапаны компрессорды дайындаушы нұсқаулығына сәйкес қысымның әр түрлілігі кезінде ашылуға реттеледі.

102. Сұйықтық және сорғыштық бұрандаларды автоматты жабумен тікелей суыту жүйелерінде суыту құрылғыларында соратын құбыр өткізгіштерде бекіту бұрандасына дейін аммиакты авариялық лақтыру құбыр өткізгіш немесе бекіту бұрандасы (аммиак жүрісі бойынша) артынан соратын магистральға бу шығарумен сақтандырғыш құрылғылар орнатылады.

Бұл құрылғылар тоңазытқыш қондырғының төменгі қысым жағынан пайдаланылатын жабдық үшін рұқсат берілетін артық қысым кезінде ашыла басталуға реттеледі.

Қардан тазарту электр жылыту көмегімен жүргізілетін ауаны суытқыштар үшін сақтандырғыш құрылғының өткізу қабілеті төмендегі қатынас бойынша анықталады:


G = Nэл / r, кг/с
мұнда Nэл – ауаны суытқыштар иректүтігінде орналастырылған электр жылытқыштар қуаттылығы, кВт.

103. Суыту құрылғыларын аммиактың ыстық буымен еріту жүйесінде, бұл буларды іріктеу желісінде бекіту бұрандасынан кейін (іріктеу орнынан суыту құрылғыларына дейін бу жолы бойынша) суыту құрылғыларының есепті қысымының ең азына сәйкес болатын артық қысым кезінде ашылу басында реттелетін сақтандырғыш клапан орнатылады.

104. Аммиак буын атмосфераға сақтандырғыш құрылғылары арқылы шығару анағұрлым биік ғимараттан 50 м радиуста төбе үстіндегі жапқыштан 3 м биік, бірақ кез келген жағдайда аумақ деңгейінен (жерден) 6 м кем емес және 15 м радиустағы қызмет көрсету алаңынан 3 м кем емес шығарылған құбырлар көмегімен орындалады.

Аммиак шығаруға арналған құбыр аузын төмен қарай қаратуға болмайды, бұл ретте құбыр атмосфералық қалдықтардан қорғалады.

Аммиак буын шығаратын құбырдың ішкі диаметрі барлық ұзындығы бойына сақтандырғыш құрылғының бұру келтеқұбырының ішкі диаметрінен кем болмайды.

Сақтандырғыш құрылғыларды жалпы бұру құбырына көлденең қосу 1 - 4 бұру құбырлары үшін қиысу жиынтығынан 100 % кем емес және жеке бұру құбырларының қиысу жиынтығынан 50 % кем болмаса, егер бұру құбырларының саны төртеуден артық болса жүзеге асырылады.

105. Компрессорлық агрегаттардың сақтандырғыш құрылғылары іске қосылу (ашылу және жабылу) қысымына жылына кемінде бір рет, ыдыстар мен аппараттардағы сақтандырғыш құрылғылар кемінде алты айда бір рет тексеріледі.

Екі сақтандырғыш клапанның бірін түсірген кезде, арматура әрекеттегі клапанға бұрылады және осы қалыпта пломбыланады.

Тексеріп орнына орнатқаннан кейін сақтандырғыш клапандар тексеру актісі жасалумен пломбыланады.

Сақтандырғыш клапандарды тексеріске алу, оларды орнату мен пломбылау ыдыстардың ақаусыз жағдайы мен қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ететін бақылаушы тұлғаның көрсетуі бойынша ғана жүргізіледі.

106. Айдау және сору беттерін қосатын компрессордың сақтандырғыш клапаны компрессорды дайындаушы зауытпен дайындалады және жеткізіледі.

9 - тарау. Тоңазытқыш қондырғыларды бақылау, басқару, дабылдама және аварияға қарсы автоматты қорғау
107. Аварияға қарсы автоматты қорғаныстың (бұдан әрі - АҚАҚ) автоматты және қашықтан басқару, бұл ретте жабдықпен жиынтықта жеткізілетін бақылау жүйелері технологиялық өлшемдерді ұстаудың, тоңазытқыш жүйелерін қауіпсіз пайдаланудың берілген нақтылығын қамтамасыз етеді.

108. Аммиакты жабдықтары бар үй-жайларда орналасқан электр аспаптар мен автоматты және қашықтан басқару құралдарын қорғау деңгейі ІР 44 төмен болмайды.

109. Аммиакты компрессорлар келесі өлшемдерде іске қосылатын АҚАҚ құралдарымен жарақталады:

айдау қысымының шекті рұқсат берілетін мәні бойынша;

айдау температурасының шекті рұқсаты бойынша;

майлау жүйесінде қысымның төменгі айырымының шекті рұқсаты бойынша;

аммиак буы сорылатын аппаратта немесе ыдыста сұйық аммиак деңгейінің жоғарғы шекті рұқсат берілуі бойынша;

аралық ыдыста (компрессорлар сатылары арасында) сұйық аммиак деңгейінің жоғарғы шекті рұқсат берілуі бойынша.

Шекті рұқсат берілетін өлшемдер мәнін бақылау, өлшеу және басқару құралдары сипаттамалары, жабдықты дайындаушы құжаттамасы бойынша жобаны өңдеуші анықтайды.

110. Қысымның артуынан қорғау үшін жетекті электр қозғалтқыштардың тоқтауына әсер ететін немесе қысымның өсуін шектейтін операцияларды қамтамасыз ететін штатты реле қысым қарастырылады, бұл ретте сақтандырғыш қондырғылардың жабдықтарына құрылғы (мебрананы лақтыру жағына бұзылатын серіппелі сақтандырғыш клапандар) және қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды қауіпсіз пайдаланумен және осы Талап талаптарымен қарастырылған жағдайларда қондырғы көзделеді.

111. Екі немесе одан артық компрессормен жабдықталған, бірнеше булану жүйесімен қызмет көрсетілетін тоңазытқыш жүйелерде кез келген жүйенің ыдысында (аппаратта) сұйық деңгейінің қорғаныс релесі іске қосылған кезде барлық компрессорлардың тоқтауын қамтамасыз ететін құрылғы қарастырылады.

112. Суықты тасымалдағышы бар суытқыш жүйелерінде (тұздық, су және басқа) қаптамалы құбырлы буландырғыш арқылы суықты тасымалдағыштың қозғалысы тоқтаған кезде немесе бұларда аммиактың қайнау температурасы суықты тасымалдағыштың мұздануына дейін соқтыратын деңгейге дейін төмендеген кезде компрессорды ажырататын аспаптар қарастырылады.

113. Сумен суытуы бар әрбір компрессорда немесе агрегатта су ағыны болмаған кезде немесе су қысымы белгіленген шамадан төмендегенде компрессорды ажырататын аспаптар қарастырылады. Су беретін құбыр өткізгіштерде компрессор тоқтаған кезде судың берілуін тоқтататын электр магнитті клапандар қарастырылады.

114. Компрессорлардың қорғаныс автоматикасының ақаулы немесе істен ажыратылған аспаптарымен іске қосылуына және жұмысына рұқсат берілмейді.

115. АҚАҚ аспаптарының іске қосылған кезінде қолмен босатылатын жарықтық дыбыстық дабыл беру автоматты іске қосылады.

116. Тоңазытқыш жүйесі дабылының төменде санамаланған ыдыстарының (аппараттарының) әр қайсысы сұйық аммиак деңгейі бойынша қорғаныспен жабдықталады:

1) буландырғыш блогы (қаптамалы құбырлы немесе панельді): аммиактың жоғарғы шекті рұқсат берілетін деңгейге жеткен кезде, алдын ала дабыл берумен компрессорды ажырататын деңгейдің екі қайталанған релесі;

2) айналмалы ресивер (сұйықты бөлектеу қызметін біріктіретін), аралық ыдыс: аммиактың жоғарғы шекті рұқсат берілетін деңгейге жеткен кезде, алдын ала дабыл берумен компрессорды ажырататын деңгейдің екі қайталанған релесі; аммиак деңгейінің қауіпті көтерілуі туралы ескерту дабыл беруіне арналған реле;

3) сұйықты бөлектегіш: бұл ыдыста аммиактың жоғарғы шекті рұқсат берілетін деңгейге жеткен кезде, алдын ала дабыл берумен компрессорды ажырататын деңгейдің екі қайталанған релесі. Деңгей релесі сұйықты бөлектегіштегі айналмалы ресиверде аммиактың мөлшерленген заряды бар қондырғыларда ескерту дабылы үшін орнатылмайды;

4) қорғаныс ресивері (сұйықты бөлектегіш қызметін біріктіретін): аммиактың жоғарғы шекті рұқсат берілетін деңгейге жеткен кезде, алдын ала дабыл берумен компрессорды ажырататын деңгейдің екі қайталанған релесі; аммиак деңгейінің қауіпті көтерілуі туралы ескерту дабыл беруіне арналған реле; аммиактың барынша аз деңгейі туралы ескерту дабыл беруіне арналған реле;

5) сызықтық және дренажды ресиверлер: аммиактың барынша көп деңгейіне жету туралы ескерту дабыл беруіне арналған реле; аммиактың барынша аз деңгейі туралы ескерту дабыл беруіне арналған реле.

117. Сұйық аммиак жоғарыда санамаланған деңгейге жеткен кезде ыдыстар мен аппараттарда жарықтық дабыл беру келесі түстердің дабылымен қамтамасыз етілетін автоматты іске қосылады:

қызыл дабыл – шекті рұқсат берілетін деңгей (авария алды дабыл беру);

сары – жоғары деңгейдің қауіпті артуы туралы дабыл (ескерту дабылы).

118. Сұйық аммиактың деңгейі туралы жарықтық дабылдар бір уақытта ажыратуы қолмен атқарылатын дыбыстық дабылмен ілеседі.

119. Аппараттарды (ыдыстарды) сұйық аммиакпен қоректендіру төменгі қысым жағында деңгейді автоматты реттегіш көмегімен, ал мөлшерленген заряды бар жүйелерде – жоғарғы қысым жағында бағаланады.

120. Жоғары қысым жақтан сұйық аммиак берілетін қондырғылардың (машиналардың) аппараттарының (ыдыстарының) әр бірі оларға аппараттардан (ыдыстардан) буларды соруға жұмыс істейтін компрессор тоқтаған кезде сұйық аммиактың түсуін болдырмайтын автоматты бекіту бұрандаларымен жарақталады.

Бір автоматты бекіту құрылғысын сұйық аммиактың егер аммиак буын бұл жүйелерден сору бір компрессормен жүргізілетін болса, бірнеше буландырғыш жүйені қоректендіретін жалпы құбыр өткізгішінде орнатуға рұқсат беріледі.

121. Реттеу және қоршау үшін бір аспапты бір уақытта пайдалануға рұқсат берілмейді.

122. Айналдыратын құрылғылы көп нүктелі аспаптарды аварияға қарсы қорғанысты құрал ретінде пайдалануға рұқсат берілмейді.

123. Тоңазытқыш жүйені автоматты қорғаудың электр аспабында бақыланатын өлшемдердің қалыпты жағдайында авария немесе аспап қатардан шыққан кезде, ажырайтын тұйықталған шығу шынжыры немесе тұйықталған түйісулер пайдаланылады.

124. Электр схемалар қорғаныс құралдары іске қосылғаннан кейін компрессордың автоматты қосылу мүмкіндігін болдырмайды. Оны іске қосуға қорғанысты қолмен қайта бұғаттағаннан кейін рұқсат беріледі.

125. Деңгей релесін орнату үшін пайдаланылатын аралық колонкалар оларда майдың жиналуы мүмкін деңгейден жоғары аппараттарға (ыдыстарға) колонкаларда май тығындарының пайда болуын болдырмайтын тәсілмен қосылады және деңгей релесінің ақаусыздығын тексеру үшін құбыр өткізгіш сызықтарының жеткізілуі болады.

126. Әр компрессордың айдау және сору құбыр өткізгіштерінде термометр үшін термометрлерді механикалық зақымдалудан қорғауға арналған түзетулермен гильзалар (бекіту шұраларынан 200 - 300 мм қашықтықта) орнатылады.

Аммиакты тоңазытқыш жүйелердің бақылау нүктелерінде температураны өлшеу үшін сынапты термометрлерді (және сынапты құрылғыларды) пайдалануға рұқсат берілмейді.

127. Аммиакты тоңазытқыш жүйелер үшін аммиакты ортада жұмыс істеуге арналған манометрлер мен мановакууметрлер пайдаланылады.

Нақтылық сыныбы, өлшемдер, аспаптарды орнату және тексеру мерзімдері құрылғыға және қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды қауіпсіз пайдалануға қойылатын талаптарға сәйкес болады.

128. Дайындаушы қарастырған басқа да өлшеу және бақылау құралдарын пайдалануға рұқсат беріледі.

129. Тоңазытқыш қондырғыларда және манометрлер машиналарында (мановакууметрлер) орнатылады:

сорудың, айдаудың жұмыс қысымдарын бақылауға арналған компрессорда, майлау жүйесінде (майды сорғымен беру кезінде), картерде (сору мен картер арасында теңестіруі жоқ поршеньді картерді);

барлық аппараттарда, ыдыстарда, аммиакты сорғыларда, тікелей суытумен технологиялық жабдықтарда, тоңазытқыш камералардың жабдықтарымен құбыр өткізгіштермен жалғастырылған таратқышты аммиакты құрылғылардың сұйықтық және еріту коллекторларында. Агрегатталған тоңазытқыш машиналарда және контейнер типті құрылғыларда құбыр өткізгіштер мен коллекторларда манометрлерді (мановакууметрлерді) орнату қажеттілігін жабдықты дайындаушы анықтайды.

Орталықтандырылған жүйеде мановакууметрлер тоңазытқыш қондырғының буландырғыш жүйесінің әрбір сору жүйесінде сұйықты бөлгішке дейін (бу жолымен) кері клапан артынан (аммиак буы жүрісімен) орнатылатын жалпы айдау магистралынан бекіту арматурасымен ажыратылатын әрбір компрессордың айдау құбыр өткізгішінде орналастырылады.

130. Ыдыстарда (аппараттарда) сұйық аммиак деңгейін көзбен шолу бақылауы қажеттілігінде қарау шынылары пайдаланылады. Аммиак деңгейін көрсеткіштер 3,5 МПа дейін қысымға сыналған жалпақ кедір-бұдырлы және термикалық шынылардан дайындалады және оларды шыны зақымдалған кезде ыдыстан немесе аппараттан автоматты ажыратуға арналған жабдықтармен жабдықталады. Шынылардың қарау бетінің көлемі (бір жағынан) 100 см2 артық емес.

Қызмет көрсету персоналын қарау шынылары жарылған кезде жарақаттанудан сақтандыру үшін қорғаныс құрылғысы қарастырылады.

131. Аммиакты компрессорларды қорғаудың автоматты жабдықтарының, үй-жай және сыртқы алаң ауасында аммиак буы қойылуының дабылдағыштарының ақаусыздығы айына кемінде бір рет, ал аппараттарда (ыдыстарда) деңгейдің қорғау релесінің ақаусыздығы 10 күнде бір рет тексеріледі.

10 - тарау. Жабдыққа қойылатын талаптар
132. Жабдық жарылыс өрт қауіптілік үшін жарылыс қауіпсіздік талаптарына жауап береді.

133. Тоңазытқыш жабдықтың сенімділігіне есептер тоңазытқыш қондырғының (төменгі немесе жоғарғы қысым) сәйкес жағы үшін қабылданған есепті қысымның Рр үлкендігі бойынша жүргізіледі.

134. Есепті қысым жұмыс істеп тұрған немесе тоқтаған тоңазытқыш қондырғыда туындауы мүмкін барынша артық қысым ретінде анықталады.

135. Аммиакты тоңазытқыш қондырғы жабдықтарына арналған есепті қысым қысымды тығыздыққа сынау бойынша осы Талаптың 4 - қосымшасында келтірілгеннен төмен болуы мүмкін.

136. Компрессордан аммиак буы түсетін жоғары қысым жақтан жабдық үшін қабырғаның есепті температурасы рұқсат берілген хладагентті айдау температурасын есепке алады.

137. Сақтандырғыш құрылғылардың, жұмыс қысымын шектеу аспаптарының сенімділігі мен күйге келтіруін бақылау үшін сынама қысымдардың мәні осы Талаптың 6 - қосымшасына сәйкес жабдықтың есепті қысымының үлкендігіне байланысты белгіленеді.

138. Көлемді қысу компресорларымен жарақталған тоңазытқыш қондырғылар мен машиналардың қолмен бұрау бекіткіш вентильдері болады, олар:

компрессорды айдау мен соруда;

құрылымының ресиверлі аммиак жинағышы бар сұйық аммиактың ресиверде немесе конденсатордан шығатын орындарында орналасады.

139. Компрессорлар мен сорғылардың сору желілерінде бұл жабдықтарға бөтен заттардың, кірдің және қабыршақтардың түсу қауіптілігін болдырмайтын алынатын сүзгі элементтері қарастырылады.

140. Жабдықтың қозғалатын бөліктерінің қорғаныс қоршаулары болады.

141. Геометриялық көлемі аммиак беті бойынша 0,3 м3 артық ыдыстар мен аппараттарда сұйық хладагент деңгейін көрсеткіштер орнатылады (көзбен шолу үшін).

142. Ыдыстар мен аппараттарда, арматурада, аспаптар мен құбыр өткізгіштерде ернемектік қосылыстар қосылыстардың герметикалығын қамтамасыз ететін тығыздамалы беттермен орындалады («шығыңқы - кіріңкі», «шип - паз» және басқалар).

143. Алынбайтын қосылыстар дәнекерлеумен жүргізіледі.

144. Арматура конструкциясында шпиндельдің толық бұралуына жол берілмейді. Шпиндельдің тығыздамалы нығыздалуы бар арматура толық ашық қалыпта аммиак ағыны каналынан тығыздамалы камераны ажырататын құрылғысы болады.

145. Компрессорлы және компрессорлы-аппаратты агрегаттар, сондай-ақ аппараттар, ыдыстар және жиынтықты тоңазытқыш машиналар (қондырғылар, станциялар) осы Талаптың 8 және 9 - қосымшаларына сәйкес аспаптармен және құрылғылармен жабдықталады.

146. Желдеткіштер, сорғылар, компрессорлы және компрессорлы-аппаратты агрегаттар мен машиналар шу және діріл сипаты бойынша нормалар талаптарына сәйкес болады.

147. Тоңазытқыш қондырғылар жыйынтығына кіретін электр қозғалтқыштар, автоматиканың электр аспаптары және басқару щиттері электр қондырғы құрылғыларға қойылатын талаптарға сәйкес болады.

148. Тұтынушыларға тоңазытқыш компрессорлармен, компрессорлы - аппаратты агрегаттармен, жиынтықты қондырғылармен (станциялармен) және машиналармен бірге ұсыналатын құжаттамада:

оны дайындауға арналған жабдық пен пайдаланылған материалдардың техникалық сипаттамасы, шу-дірілді сипат және жабдықтың қызмет ету мерзімі, қабылдау-тапсыру сынамаларының нәтижесі мен көлемі бойынша деректері бар паспорт (формуляр);

жабдықты сипаттаумен пайдалану бойынша нұсқаулық;

іргетасқа, оны бекіту жіктеріне, үй-жайға (жабдық орналасатын), ішкі құбыр өткізгіштерді қосуға, электр қоректенуге, жерге тоғытуға қойылатын талаптармен монтаждау бойынша нұсқаулық;

іске қосу және қауіпсіз қызмет көрсету тәртібі;

жөндеу бойынша нұсқаулық және жылдам тозатын бөлшектердің шекті тозу нормалары.

149. Пайдалану бойынша нұсқаулыққа:

жабдықтың жалпы түрінің, оларды дайындау материалдарын көрсетумен негізгі түйіндер мен жылдам тозатын бөлшектердің сызбасы;

сақтандырғыш клапандар мен аспаптардың паспорттары қоса беріледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет