Ақмола облысы Целиноград ауданы Бірлік ауылының негізгі орта мектебі «Тәуелсіздік ұландары»


Ардагер ұстаз Ахметова Рысты Кулановна 2. Мектеп директоры Накенова Гүлбану Ерденқызы



бет2/4
Дата15.06.2023
өлшемі78.5 Kb.
#475125
1   2   3   4
25 мамыр сценарий

1. Ардагер ұстаз Ахметова Рысты Кулановна
2. Мектеп директоры Накенова Гүлбану Ерденқызы

3.Ауыл имамы Абилдин Елубай Жаркенұлы

Жұлдыз: Бүгін - алғашқы қоңырау мен соңғы қоңыраудың арасын жалғаған 9 жылдың мәреге жеткен күні.
Бүгін - атаң ақ жол тілеп, ақ бата берсем деген күн.
Бұл күн – мектеп тарихында, мектеп бітіруші түлектер есінде мәңгі өшпейтін күн.


V. Директорға сөз беру
Ержан:
Ажырамай мектептен бір елі сіз,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.
Сөз берелік құрметпен өзіңізге,
Шәкірттерге арналсын тілегіңіз, - дей отырып, соңғы қоңырау салтанатының алғашқы құттықтау сөзі мектеп директоры Накенова Гүлбану Ерденқызына беріледі.
VI. Қонақтарға сөз беру
Жұлдыз: Арман ойлар жеткізбеген аңсаған,
Қайрат-күшін қажыта алмас қарсы ағын.
Өмір теңіз толқындарын көргенде
Асыл аға тілегіңді аңсармын, - демекші бүгінгі салтанатты жиынымыздың құрметті қонақтарына сөз береміз:

  1. Алғашқы сөз кезегін ардагер ұстаз Рысты Кулановнаға береміз.

  2. Ортамызда жас ұрпақты тәрбиелеуде өз үлесін қосып, көпке үлгі болып жүрген ауыл ақсақалы, әрі ата-ана, мешіт имамы, Абилдин Елубай атамызға сөз кезегін береміз.

VII. Бірінші сынып тақпақтары
Жұлдыз: Абзал жандар биік тұлға байсалды,
Құшақ жайып төл мерекең қарсы алды.
Түлектерге жарқын тілек білдіріп,
Құттықтайды бүлдіршіндер баршаңды, - деп,құттықтау сөз кезегін биылғы оқу жылында мектеп табалдырығын аттаған бірінші сынып бүлдіршіндеріне береміз. Сынып жетекшісі Картаева Асель Кендеказеевна.


Ержан: Келесі кезекті кеше ғана бастауыш сыныппен қоштасып отырған 4 сынып оқушыларының әдемі әніне береміз.


VIII.Білім кілтін тапсыру


Жұлдыз: Алдарыңнан арман жолы ашылады.
Түлектерге бақыт гүлі шашылады.
Қимастықпен мектептің алтын кілтін
Ізін басар сыныпқа тапсырады.
Ержан: Білім кілтін тапсыру салтанаты 9 сынып оқушысы, мектеп президенті Жетпісбай Алмаз бен білім кілтін қабылдап алу құрметі 8 сыныптың оқушысы мектеп министрі Егінбай Гүлназға беріледі.
Кәусар: - Мен, Жетпісбай Алмаз , Бірлік негізгі мектебінің бітіруші түлегі, мектеп президенті ретінде Білім кілтін 8-сынып оқушыларына аманатпен тапсырамын. Білім кілтін тапсыра отырып, өзімізден кейінгі мектеп оқушыларына мектебіміздің атына кір келтірмей, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып, ұстаздардың айтқанын екі етпей, сабақты жақсы оқыңдар дегім келеді.
9 жыл бойы білім берге ұстаздарымызға мың алғыс! Сыныптастарыма сәттілік! Білім кілті сендерге аманат!
Гүлназ:Оқуды терең меңгеріп,
Аманатты ақтаймыз.
Мектепті үздік бітіріп,
Әдеп-салтты сақтаймыз-деп уәдемді беремін. Құрметті жас түлектер, сіздердің жаңа өмірге басқан қадамдарыңызға сәттілік тілейміз!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет