Ақмола облысы Целиноград ауданы Бірлік ауылының негізгі орта мектебі «Тәуелсіздік ұландары»



бет1/4
Дата15.06.2023
өлшемі78.5 Kb.
#475125
  1   2   3   4
25 мамыр сценарий


Ақмола облысы Целиноград ауданы Бірлік ауылының негізгі орта мектебі
«Тәуелсіздік ұландары»

Жауапты: Іскендір А.Т



2020-2021 оқу жылы
«Тәуелсіздік ұландары»
І. Ашылуы
Жұлдыз:
Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ата-аналар, оқушылар! Бүгінгі «Қош бол, ұстаз, алтын ұя мектебім» атты салтанатты жиынымызға қош келдіңіздер.


Жұлдыз: Батырлыққа уызынан жарыған
Ер қазақты жалауынан таныған.
Өзі батыр, өзі әнші халыққа
Жарасады жігер берер әнұран.
Қазақстан Республикасының әнұраны орындалсын.
Жұлдыз: Мектеп маңы толыпты жарасымға,
Ізгілік те, мейірім бәрі осында.
Өмірге қанат қақты жас өрендер,
Асыл арман гүл атып санасында
Жұлдыз: Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп, мектеп қабырғасын имене аттаған ұл-қыздарымыз ойы толып, бойы өсіп, алтын ұя мектебімен қоштасқалы отыр.
Ержан: Жас жүректің өмірлік құштары гүл,
Бағбан ұстаз баулыған құстары бұл.
Қоштасып бүгінгі күн ұясынан,
Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр, - деп алтын ұя
мектебінің табалдырығынан үлкен өмірге ұшқалы отырған мектеп бітіруші түлектерімізді құрметтеп ортаға шақырамыз. Қарсы алыңыздар!

ІІ. Түлектерді шақыру
(Музыка әуенімен ортаға бітіруші түлектер шығады)
Жұлдыз: Алдарыңызда 9 сынып оқушылары. Сынып жетекшісі Куланов Бауыржан. Бауыржан Жанатович – мектебіміздің дене шынықтыру пәні мұғалімі, биылғы оқу жылында аудандық іс-шараларға қатысып, аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталған. Сыныпта 7 оқушы.
Жұлдыз: 2020-2021 оқу жылының аяқталу құрметіне арналған
«Тәуелсіздік ұландары» атты салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз.

IV. Қонақтарды таныстыру
Ержан: Келешек қой түлектер барға шүкір
Алдарында ақ қанат арманы тұр. 
Жүректері лүпілдеп, тебіреніп.
Жетелейді қиялы алға ұшқыр! – демекші бүгінгі салтанатты жиынымыздың қадірлі қонақтары :


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет