Анар Бекмырзақызы Салқынбай Қазақ тілінің тарихи грамматикасы оқу-әдістемелік кешен



бет13/21
Дата18.10.2023
өлшемі0.71 Mb.
#480980
түріБағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   21
истрграмматика-кешен-1 (1)

- Этногингвистика. Іргелі пән ретінде “Қазақ тілінің тарихи грамматикасы” қазақ тілінің арғы негізі саналатын рулар мен тайпалар тілдері жөнінде де мол хабар береді. Қазақ тілін онымен туыстас басқа тілдерден ерекшелейтін тілдік белгілердің қалыптасу, жүйеге айналу тарихын түсіндіреді. Қазіргі тілімізде кездесетін “қайшылықтар” және жүйелілік құбылыстарының сырын ашып, омонимдік сыңарлардың пайда болу жолы мен тәсілін, көпмағыналылық пен синонимдердің мағыналық дамудың нәтижесінде болатын құбылыс екенін байыпты саралайды.
Студенттің біліктілігіне қойылатын талаптар: “Қазақ тілінің тарихи грамматикасы” – іргелі теориялық курс болғандықтан, студенттердің теориялық білігі мен тарихи танымын ғана жетілдіріп қоймай, практикалық дағдылар беруді де міндет етеді. Семинар сабақтары мен лабораториялық жұмыстар кезінде тарихи мұралар тілі талданып, сөз семантикасы мен этимологиясы нақты деректер негізінде талдануы тиіс. Сондықтан мұндай дәріс түрлерінде студенттердің көне түркілік ескерткіштер тілін талдауы, сөз мағынасының даму жолдарын айқындауы жүйелеуі, атау теориясы, семантика, уәжділік, ономасиологиялық теориялар негізінде тілдік деректерді талдай білуі басты бағыт ретінде ұсынылады.
1. Лекциялардың тақырыбы, сағат саны.


1. ТАРИХИ СӨЗЖАСАМ

1.1. Қазақ тілінің тарихи сөзжасамы. Нысаны, өзге пәндермен байланысы, Сөзжасамның негізгі заңдылықтары туралы. Түркологияда және қазақ тіл біліміндегі зерттелуі.Сөзжасамның негізгі ұғымдары. Туынды сөз. Сөзжасамдық ұя мен сөзжасамды мағына, қалып, тип, тізбек т.б. Сөзжасам мен номинация теориясы. Сөзжасам мен негіздеме………………………............................…. 1 сағат


1.2. Фонетикалық сөзжасам. Дыбыстық сәйкестіктердің нәтижесінде пайда болатын атаулар. Фонетикалық қалыптар. Конверсиялық сөзжасам. Функционалдық мағынаның дамуы. Конверсия және синкретизм. Лексикалану процесі. Байырғы сөздердің жаңа мағынаға ие болуы…………….……….1 сағат.
1.3. Синтетикалық сөзжасам. Сөзжасамдық жұрнақтардың мағыналық сипаты. Парадигматикалық және синтагматикалық қатыстылығы. Негіздің мотивтенуі. Туынды сөздің мағынасындағы ортақ сема. Негізділік мәселесі.....................................................................................................................1 сағат.
1.4. Аналитикалық сөзжасам. Екі сөздің қосылу, бірігу, қосарлану арқылы жасалатын туынды сөздердің мағыналық ерекшелігі. Олардың ішкі мағыналық табиғаты, сыңарларының сөзжасауға қатыстылығы................................…1 сағат




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет