Анар Бекмырзақызы Салқынбай Қазақ тілінің тарихи грамматикасы оқу-әдістемелік кешен



бет7/21
Дата18.10.2023
өлшемі0.71 Mb.
#480980
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21
истрграмматика-кешен-1 (1)

Тарихи синтаксис
Тарихи синтаксистің зерттеу нысаны. Синтаксистік тұлғалардың дамуы, түрлері. Қазақ тілі синтаксистік жүйесінің басқа түркі тілі синтаксистік жүйесімен ұқсастығы, айырмашылығы. Синтаксистік жүйені айқындаудағы негізгі принциптер. Түркітанудағы және қазақ тіл біліміндегі тарихи синтаксистің зерттелуі.
Сөз тіркесі, ондағы өзгерістер. Орхон-Енесей жазбаларындағы сөз тіркесінің құрылымдық, мағыналық сипаты. Есім сөз тіркесінің дамуы. Етістік сөз тіркесінің дамуы. Сөз тіркесінің даму бағыттары. Зерттелуі. Байланысу түрлерінің қалыптасуы. Қабысу – түркі тілдерінің тарихындағы байланыстың ең ежелгі түрі. Матасу, меңгеру – синтетикалық тәсілдің қалыптасқан кезінің жемісі. Изафеттік тіркестер, түрлері. Сөз тіркесінің коммуникативтік мақсаттарға қызмет ету жағдайлары, лексикалануы.
Жай сөйлемнің дамуы. Тілдік элементтердің номинативтік, коммуникативтік қызметтердің сараланбаған көне көздері, атаулы сөйлемнің көнелік сипаты. Есімді сөйлемдер, олардағы бастауыш пен баяндауышты байланыстыратын көмекші етістіктің болуы не болмауы туралы пікірлер. Баяндауыш сөйлемнің негізгі тұтқасы. Есімді жай сөйлемдердің, етістікті жай сөйлемдердің дамуы.
Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі. Көне түркі ескерткіштердегі сөздердің орын тәртібі. Көне қазақ тіліндегі сөйлем құрылымының сипаты, сөйлемнің жинақылығы, қарапайымдылығы. ХҮІІІ-ХІХ ғғ. жазба нұсқаларындағы сөйлемнің сипаты.
Құрмалас сөйлемнің грамматикалық және семантикалық сипаты. Көне түркі жазба мұралары тіліндегі құрмалас сөйлемнің көрінісі. Құрмалас сөйлем жүйесіндегі предикативтілік. Құрмалас сөйлемнің пайда болу, қалыптасу тарихы туралы пікірлер. Сөйлемді құрмаластырушы грамматикалық тәсілдердің қалыптасуы, сөйлем жүйесін дамытудағы рөлі. Құрмалас сөйлем түрлері, дамуы. Құрмалас сөйлем дамуындағы жазба әдеби тілдің рөлі.
Лабораториялық сабақтардың тақырыптары

  1. Қазақ тілі тарихи грамматикасы пәні, мақсаты, міндеті, зерттелу жайы, нысаны. Қазақ тілі тарихи грамматикасының сипаттама граматикасынан ерекшелігі, салалары, басқа пәндермен байланысы

  2. Қазақ тілі грамматикалық құрылысының тарихи дамуын зерттеудің негізгі кезеңдері. Классификациялау. Зерттеу тәсілдері. Көне қазақ тілі туралы.

  3. Тарихи фонетиканың зерттеу объектісі, мақсаты, зерттелу тарихы. Фонетикалық жүйенің негізгі ерекшеліктері. Қазақ тілінің фонетикалық сипатының өзгешелігі.

  4. Көне түркі тіліндегі дауыссыз дыбыстардың қазақ тіліндегі көріністері. Көне түркі жазбаларындағы қатаң дыбыстар туралы. Көне түркі жазбаларындағы дыбыс тіркестері.

  5. Дауыссыз дыбыстар жүйесіндегі тарихи өзгерістер. Х-қ-к-ғ-г дауыссыздарының дамуы. П-б-м; н-ң р-з; р-л дыбыстарының өзгерісі туралы. Силлабофонемалар теориясы туралы.

  6. Махмуд Қашқари ХІ ғасырдағы түркі тілдерінің фонетикалық жүйесі туралы. Қашқари еңбегіндегі дауыстылар жүйесі. Ә дыбысының тарихы. Ә дыбысының шығуы туралы көзқарастар. Орта ғасырдағы мұраларда Ә дыбысының кездесуі туралы.

  7. Көне түркі тіліндегі дауысты дыбыстар жүйесі. Көне түркі тіліндегі ерін дауыстылар. Көне түркі тіліндегі езулік дауыстылар. Созылыңқылар.

  8. Қазақ тілі фонетикалық жүйесінің негізгі ерекшеліктері. Көне қазақ тіліндегі дауыстылардың негізгі ерекшелігі. Көне қазақ тіліндегі кейбір дауыстылардың ерекшелігі.

  9. Буын, оның түрлері. Сингармонизм заңдылығы. Сингармониялық параллельдер мен варианттар. Көне қазақ тіліндегі екпін мәселесі мен қазіргі екпін туралы көзқарастар.

  10. Тарихи лексикология. Зерттеу нысаны, салалары, зерттелуі. Сөздің лексикалық жүйедегі орны, лексикалық мағына, сөздің пайда болуы, дамуы, қолдану қабілеттілігі.

  11. Сөз мағынасының өзгеру жолдары. Ескерткіштердегі сөздік қор мен сөздік құрамды анықтау. Сөздің ішкі семантикалық құрылымы мен этимологиясын анықтаудың жолдары. Қазақ тіліндегі жалпы түркі тілдеріне тән ортақ лексикалық қабат.

  12. Тұрақты тіркестердің тарихы дамуы туралы. Еркін тіркес пен тұрақты тіркестердің мағыналық байланысы. Тұрақты тіркестің тарихи дамуын мысалдармен дәлелдеу. Қашқари, Баласағуни, Қ.Жалаири еңбектеріндегі тұрақты тіркес. Қазақ тіліндегі фразеологизмдердің пайда болу, қалыптасу тарихы. ФТ-ның еркін тіркестер арқылы қалыптасатынын көрсету. ФТ дамуы туралы ғылыми пікірлер.

  13. Синонимдік, антонимдік сөздердің қалыптасуындағы заңдылықтар. Синонимдердің қалыптасуы. Антонимдердің қалыптасуы. Көне түркі тіліндігі бір буынды сөздердің көпмағыналылығы. Көпмағыналылық туралы. Көне түркі жазбаларындағы сөздердің көпмағыналылығы, деректер келтіру.

  14. Этнолингвистиканың негізгі мәселелері, мақсаты, зерттелуі. Көне қыпшақ ескерткіштері, зерттелуі. “Кодекс куманикус”, “Дана Хикар сөзі” лексикасы. Махмут Қашқари еңбегіндегі топонимдердің берілуі. Көне қыпшақ тіліндегі кісі атаулары (мұрағаттар негізінде). Көне қазақ тіліндегі сөздіктер.

  15. Қазақ тілінің тарихи сөзжасамы. Нысаны, өзге пәндермен байланысы, Сөзжасамның негізгі заңдылықтары туралы. Түркологияда және қазақ тіл біліміндегі зерттелуі.

  16. Сөзжасамның негізгі ұғымдары. Туынды сөз. Сөзжасамдық ұя мен сөзжасамды мағына, қалып, тип, тізбек т.б. Сөзжасам мен номинация теориясы. Сөзжасам мен негіздеме.

  17. Фонетикалық сөзжасам. Дыбыстық сәйкестіктердің нәтижесінде пайда болатын атаулар. Фонетикалық қалыптар.

  18. Конверсиялық сөзжасам. Функционалдық мағынаның дамуы. Конверсия және синкретизм. Лексикалану процесі. Байырғы сөздердің жаңа мағынаға ие болуы.

  19. Синтетикалық сөзжасам. Сөзжасамдық жұрнақтардың мағыналық сипаты. Парадигматикалық және синтагматикалық қатыстылығы. Негіздің мотивтенуі. Туынды сөздің мағынасындағы ортақ сема. Негізділік мәселесі.

  20. Аналитикалық сөзжасам. Екі сөздің қосылу, бірігу, қосарлану арқылы жасалатын туынды сөздердің мағыналық ерекшелігі. Олардың ішкі мағыналық табиғаты, сыңарларының сөзжасауға қатыстылығы.

  21. Тарихи морфология. Зерттеу нысаны, мақсаты, зерттелу тарихы. Лексикалық мағына мен грамматикалық мағынаның тарихи қарым-қатынасы, даму сипаты. Тіл дамуындағы заңдылықтардың сөздің морфологиялық құрамына тигізетін әсері.

  22. Морфемалар тарихы. Түбір морфема және қосымша морфема. Этимон-түбірлердің сипаты. Буын дамуы – сөз мағыналарының дамуы. Түбірлер дамуының кезеңі. Ішкі флексия мәселелері. Түбірдің тектік бірлігі мен жақындығы.

  23. Түбірлердің грамматикалық тұлғалары мен олардың түрленуі. Сөздердің грамматикалық таптарға жіктелуі туралы пікірлер. Грамматикалық категориялардың қалыптасу тарихы. Ескерткіштердегі сөз таптарының жалпы сипаты.

  24. Зат есімнің даму тарихы мен грамматикалық тұлғалары. Зат есім мен етістіктің мағыналық тектестігі. Э.В.Севортянның этимологиялық сөздігі, етістік, зат есім туғызушы аффикстердің тарихы туралы.

  25. Зат есімнің тәуелдік, септік, көптік жалғауы туралы. Көне түркі жазба ескерткіштеріндегі зат есім мен оның жалғаулары. Көне түркі мұраларындағы зат есімнің сипаты.

  26. Сын есімнің мағыналық дамуы. Сын есім тудырушы жұрнақтар, сын есімдердің қазіргі қазақ тіліндегі мағыналық сипаты. Сын есім туғызушы жұрнақтар.

  27. Сандардың шығуы туралы пікірлер, зерттелуі. Сан есімдердің этимологиясы туралы көзқарастар. Қасиетті сандар тарихы – 1, 3, 7, 9, 40 деген сандар. Көне ескерткіштерде сан есімнің көрінісі, санау үлгілері, грамматикалық тұлғалануы. Есімдіктің даму тарихы мен қалыптасу жолдары. Сілтеу, жіктеу есімдіктерінің тектестігі. Сұрау, белгісіздік, топтау есімдіктерінің тарихи дамуы.

  28. Етістіктің сөз табы ретіндегі даму жүйесі. Етістік пен зат есімнің байланысы туралы көзқарастар. Етістіктің қалыптасуындағы қимыл есімнің қызметі мен маңызы. Етістіктің грамматикалық формалары. Тұлғалық және мағыналық күрделілігі. Орхон-Енисей жазба ескеткіштеріндегі салт және сабақты етістік. Болымды және болымсыз етістік.

  29. Есімшенің даму тарихы. Есімшенің тұлғалық, мағыналық сипаты. “Дивани луғат ит түрк” еңбегіндегі көсемше тұлғалардың көрінісі. Қөсемше тұлғаларының тұлғалық сипаты. Көсемше тұлғаларының мағыналық сипаты. Рай тұлғаларының дамуы.

  30. Көне қыпшақ тіліндегі үстеулер. Үстеулердің дамуы. Көне қыпшақ тіліндегі үстеулердің қалыптасуындағы септіктердің рөлі. Еліктеуіш сөздер мен көмекші сөздер, олардың пайда болу, қалыптасу жолдары.

  31. Тарихи синтаксистің зерттеу нысаны, өзге пәндермен байланысы, зерттелуі, синтаксистік жүйені айқындаудың негізгі принциптер.

  32. Көне түркі тіліндегі сөз тіркестерінің сипаты. Көне түркі тіліндегі есімді сөз тіркесі. Көне түркі тіліндегі етістікті сөз тіркесі. Сөз тіркесінің даму бағыттары.

  33. Көне түркі тіліндегі матаса, қабыса байланысу. Түркі изафеті туралы. Түркі изафеті туралы Майзель пікірі. Көне түркі тіліндегі меңгеру мен оның зерттелуі. Көне түркі тілндегі меңгерудің сипаты. Е.Ағманов пікірі. Меңгеру жасаудағы септіктік рөлі.

  34. Жай сөйлемнің дамуы. Оның түрлері. Есімді жай сөйлемдер, етістікті жай сөйлемдердің дамуы. Сөйлемдердегі сөздің орын тәртібі. Көне қазақ тіліндегі сөйлемнің сипаты. Жазба нұсқалардағы атаулы сөйлемдер.

  35. Құрмалас сөйлемнің дамуы. Құрмалас сөйлем түрлері. Құрмалас сөйлем типінің қолданыс жүйесі. Құрмалас сөйлемнің тарихы туралы ғылыми пікірлер. Н.Т. Сауранбаев, С.Аманжолов құрмалас сөйлемнің тарихы туралы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет