Анар Бекмырзақызы Салқынбай Қазақ тілінің тарихи грамматикасы оқу-әдістемелік кешен



бет5/21
Дата18.10.2023
өлшемі0.71 Mb.
#480980
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
истрграмматика-кешен-1 (1)

КурстыҢ ПрактикалыҚ МӘнІ

“Қазақ тілінің тарихи грамматикасы” пәнін оқытудың практикалық мәні мен маңызы өлшеусіз кең.


Қазіргі заманның негізгі талабы – өзіңді өзің тану, тарихтың қалың қатпарында сақталған қазақи танымды жаңарту, жасарту.
Тарихи грамматиканың материалдарын игеру нәтижесінде ертеңгі жоғары білімді маманның ойында, санасында тарихи таным қалыптасады. Бүкіл мәдениет теңізінің негізгі қайнар бастауы саналатын тілдің тарихи даму жүйесі мен желісін меңгереді. Ал мұның өзі болашақ тіл маманының білімін ғана емес, білігі мен парасатын да айқындай алады.
Тарихи грамматика пәнінен алған теориялық білім – болашақ мектеп мұғалімі үшін де таптырмайтын қазына. Болашақ балаларды ана тілінің мәйегімен сусындату үшін, оның даму жүйесі мен тарихи қалыптасқан заңдылығын білу шарт. Сөз мағыналарының тереңдігі мен тектік байланысы туралы мектеп оқушыларына берілген ақпар – олардың ана тіліне деген құштарлығы мен тілді қастерлеу сезімдерін тұтандырары хақ.
Ал болашақ магистранттар мен аспиранттар, ізденушілер үшін, тарихи грамматика пәні беретін теориялық мәселелер қазақ тілінің қай саласы бойынша ізденсе де аса қажетті, құнды материал ретінде бағалы болады. Демек, “Қазақ тілінің тарихи грамматикасы” пәнінің практикалық мәні мен рөлі ерекше.
Типтік бағдарлама жасауда 1964, 1969, 1972, 1977, 1984 жылдары жарияланған профессорлар М.Томанов пен Ғ.Қалиевтің “Қазақ тілінің тарихи грамматикасының программалары”, 1999 жылы жазылған типтік бағдарламадағы (құрастырған А.Б.Салқынбай) негізгі мәселелер басшылыққа алынып, кейінгі кездегі ғылымда жасалған ғылыми тұжырымдар мен қисындарды, жаңа зерттеу қорытындыларын енгізу ерекше ескерілді.


ПӘН МАЗМҰНЫ




КІРІСПЕ

“Қазақ тілінің тарихи грамматикасы” пәні, мақсаты мен міндеті, сипаттамалық грамматикадан өзгешелігі мен байланысы. “Тарихи грамматика” терминінің кең және тар мағынасы, зерттеу нысаны, салалары, тіл білімінде алатын орны. Түркологияда, қазақ тіл білімінде тарихи грамматиканың зерттелу жайы, басқа пәндермен байланысы.


Қазақ тілі тарихын зерттеудің әдіс-тәсілдері. Ретроспективті, перспективті, тарихи, диахрондық, салыстырмалы-тарихи, типологиялық, т.б. әдістер туралы.
Қазақ тілінің грамматикалық құрылысының тарихи дамуы, зерттелуі. “Көне қазақ тілі” терминін енгізу мәселесі туралы ғылыми пікірлер. Тіл тарихын кезеңдерге бөлу туралы ғылыми пікірлер: Н.А.Баскаков, А.Н.Самойлович, С.Е.Малов, М.Т.Томанов, Б.Сағындықұлы және т.б.
Қазақ тілінің өзге түркі тілдерінен негізгі айырмашылығы, ерекшелігі.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ


ТАРИХИ ЛЕКСИКОЛОГИЯ

Тарихи лексикология, зерттеу нысаны. Зерттелу тарихы. Тарихи лексикология салалары. Семасиология мен этимология. Сөздің лексикалық жүйесіндегі орны. Лексикалық мағына. Сөздің пайда болуы, қалыптасуы, даму жолдары, шығу тегі, қолданылу қабілеттілігі. Сөз мағынасы мен ұғым, таңба арасындағы байланыс. Сөз мәні. Халық дүниетанымының сөздегі көрінісі туралы.


Сөз мағынасының өзгеру себептері: ішкі және сыртқы себептері туралы. Сөз мағынасының жіктелуіне дыбыстық, семантикалық, грамматикалық өзгерістердің әсері, ықпалы. Көне түркі ескерткіштеріндегі сөздік қор мен сөздік құрамды анықтау. Олардың мағыналарын, ішкі семантикалық құрылымы мен этимологиясын пайымдау. Көне түркілік мұралар мен М.Қашқаридың ”Дивани луғат-ит түрк”, Ж.Баласағунидың ”Құтты білік” және ”Кодекс Куманикус” т.б. тарихи ескерткіштер деректеріне сүйене отырып, қазақ тілінің негізгі лексикалық қоры мен құрамының баю, толығу сипаты мен жаңа сөз жасалуына мән беру. Қазақ тіліндегі жалпы түркі тілдеріне тән ортақ лексикалық қабат.
Сөз мағынасының өзгеру заңдылықтары. Сөз семантикасы туралы. Көпмағыналылық, синонимдік, антонимдік құбылыстардың тілді байытудағы рөлі мен маңызы. Омонимнің пайда болу жолы мен тарихы. Тарихи омонимдер туралы.
Тұрақты сөз тіркестерінің номинативтік қызметі, этимологиясы. Олардың шығу тегінің еркін тіркестермен байланыстылығы. Лексикалану (жаңа ата жасау) процесі. Сөздің тарихи жасалу жолы мен жүйесі – номинация теориясы аспектісінде. М.Қашқари, Ж.Баласағуни, А.Иассауи, Қ.Жалаири, Э.Бахадур еңбектеріндегі тұрақты тіркестердің қалыптасу жолының ізі, сипаты.
Этнолингвистиканың зерттелуі, сөз этимологиясын ашудағы рөлі мен маңызы. Қазақ танымының әдет-ғұрып, салт-сана, дәстүрінің тілдегі көрінісі болып саналатын атаулардың тарихи мәні.
Орта ғасыр ескерткіштеріндегі араб-парсы сөздері. Моңғол тілінен енген кірме сөздер. Орыс тілінен енген кірме сөздер мен олардың кезеңдік сипаты, зерттелуі. Орыс тіліндегі түркі сөздері. Кірме сөздердің мағыналық дамуы мен тілді байытудағы рөлі, кіру қажеттілігі.
Диалекті сөздердің тарихи сипаты, лексикалық ерекшеліктердің сөз мағынасының дамуын көрсетуі.
Көне түркі жазба ескерткіштеріндегі толық мағыналы сөздер мен қазіргі қазақ тіліндегі көнерген сөздер арасындағы сабақтстық, қолданылу сипаты. Көнерген сөздердің этимологиясы. Табу мен эвфемизм, тарихи сипаты.
Қазақ лексикографиясының тарихы. “Дивани луғат-ит түрк”, “Кодекс Куманикус”, т.б. сөздіктерінің мәні мен маңызы. ХҮІІ-ХҮІІІ ғғ. шыға бастаған глоссарийлер мен сөздіктер. Г.Ю.Клапрот, Е.Бунин, Т.Бокин, И.Ильминский, И.Лаптев, Ж.Кушербаев, т.б. сөздіктері туралы. Жасалу мақсаты, практикалық мәні, құрылысы.

ТАРИХИ ФОНЕТИКА


Тарихи фонетиканың зерттеу нысаны, мақсаты, міндеті. Түркітануда, қазақ тіл білімінде дыбыстардың зерттелу тарихы. Қазақ тілі дыбыстық жүйесінің негізгі ерекшеліктері.


Дыбыс, әріп, фонема. Фонеманың мәні мен тарихи жіктелуі. Аллофондардың тарихи дамуы мен фонемалық түрге дейін даму сатысы. Силлабофонемалық туралы ұғым. Дыбыстардың артикуляциялық сипаттамасы. Дауысты, дауыссыз фонемаларды топтастырудың тарихи принциптері. Дауысты, дауыссыз фонемаларға тән сипат. Көне түркі тілдеріндегі дауысты дыбыстар, олардың зерттелуі (Баскаков Н.А., Щербак А.М., Аралбаев Ж., Томанов М. және т.б.). Ең көне дауысты дыбыстар: а, у, ы. Олардың жіктелу процесі мен даму сатылары. Көне түркі ескерткіштерінде дауыстылардың белгіленуі. Жеке дауыстылардың дамуы.
Дифтонгтар. Қазақ тіліндегі дауыстылар жүйесі, оның көне және орта түркілік мұралар тіліндегі дауыстылар жүйесіне қатысы мен өзіндік ерекшелігі. ”Ә” дыбысының қалыптасуы жөніндегі пікірлер. ”Ә” дыбысының қызметі мен фонемалық сипаты.
Диалектілерде кездесетін дауысты дыбыстар сәйкестігінің тарихи себептілігі, негізділігі. Дауысты дыбыстар сәйкестілігінің шығу себебі мен мотиві: а-е, а-ә, ы-і, ұ-ү, ұ-ы, ү-і, о-ұ, т.б.
Дауысты дыбыстардың сәйкес дыбыстарға ұласу эволюциясы. Түбір құрамындағы тіл алды дауыстыларының тіл арты дауыстыларына сәйкес келуі. Сингармониялық параллельдер мен варианттар туғызудағы дауысты дыбыстардың мағыналық үлесі.
Дауыссыз дыбыстар жүйесі, дамуы. Ол туралы түркологиядағы пікірлер. Көне түркі жазба ескерткіштеріндегі дауыссыз дыбыстар жүйесі мен олардың қазіргі қазақ тіліндегі көрінісі, ерекшелігі, айырмашылығы. Басқа түркі тілдерінен қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстардың айырмашылығы, дауыссыз дыбыстардың әуелгі қалпы туралы ғылыми көзқарастар. Аффрикат дауыссыздар – тсш; дж; дз; тһ; дһ; ди; ти, т.б.
Тектес сәйкестік пен әр тектес сәйкестік туралы проф. Б.Сағындықұлының ғылыми теориясы. Аффрикат дыбыстардың қалыптасу кезеңі мен жеке фонемаларға жіктелу сипаты. Зерттелу тарихы. Аллофондық даму нәтижесінде жасалған фонемалар, генезистік ерекшелігі мен сипаты.
Жеке дауыссыздардың қалыптасуындағы ерекшеліктер. Қазақ тіліндегі анлаут позициядағы – ж дыбысы қыпшақ тобындағы тілдерге тән негізгі ерекшелік екендігі.
-Ч аффрикатының көнелігі, қазіргі қазақ диалектілерінде кездесуі – реликтілік құбылыс. Көне түркілік -ғ, г дыбыстарының қазақ тіліндегі көріністері. Дауыссыз дыбыстардың сапалық сипаты. Басқа түркі тілдерімен салыстыруда танылатын қазақ тіліне тән өзгешеліктер. Инлаут пен анлаутта кездесетін және кездеспейтін дауыссыз дыбыстар. Сөз соңындағы н-ң ауысуы, не ң-н ауысуы. Протоалтайлық Р дыбысының дамуы, қазақ тіліндегі көрінісі. Қазақ тіліндегі қатаң дауыссыздардан басталатын сөздердің молдығы – тілдің көнелігінің кепілі. Қатаң дауыссыздардың ұяңдау процесі, кезеңі, қазіргі тілдегі көрінісі.
Инлауттағы дауыссыз дыбыстардың келу сипаты, басқа түркі тілдерімен салыстырғандағы қазақ тілінің өзіндік ерекшелігі мен өзгешелігі. Интервокал позицияда қатаң дауыссыздардың ұяңдануы. ”Қазақы”, ”қалмақы”, т.б. сөздердегі ұяңдалудың басты тарихи себебі – сөз мағынасын жасаудағы қызметімен байланыстылығы.
Сингармонизм заңы. Буындар мен дыбыстардың үндесуі туралы түсінік. Үндестік тілдің ішкі даму заңдылығынан туындайды. Сингармонизм, түрлері, зерттелуі. Көне түркі тіліндегі үндестік заңының деңгейі. Ерін үндестігі мен тіл үндестігі. Қазақ тіліндегі буын үндестігі мен мағына жасаушылық қызметі. Ықпалдың түрлері, тарихи себебі. Фузиядағы дыбыстардың бір-біріне ықпалы, үндесуі. Аккомодация құбылысының тарихи сипаты. –П фонемасының у-ға айналу сыры.
Ассимиляция – дауыссыз дыбыстардың үйлесуі, тарихи даму көрінісі. Ассимиляциялық даму нәтижесі мен қазақ тілінің өзіндік ерекшеліктері. Дыбыстардың комбинаторлық өзгерістері, негізділігі. Диссимиляция. Тілдегі әртүрлі фонетикалық құбылыстар. Олардың тарихи пайда болу себебі. Протезалық, эпентезалық дыбыстардың тіл дамуының бастапқы кезеңінде сөз мағынасын өзгертушілік қызметі. Дыбыстардың конвергенциясы мен дивергенциясы.
Буын. Буынның жасалуы, дыбыстық құрамы, өзгеру жүйесі. Ежелгі бір буынды тұлғалардың сипаты туралы ғылыми пікірлер. Сингармониялық варианттар мен параллельдер, зерттелу жайы.
Екпін. Екпін түрлері, орны, сипаты. Сөз мағынасын өзгертуге әсерінің бар, жоғы туралы ғылыми пікірлер.
Орфография мен графика. Графика туралы түсінік. Көне түркі жазуы. Жазу – мәдениет көрсеткіші. Арамей жазуы мен көне түркілік жазу арасындағы сабақтастық. Қазақ жазуының тарихы туралы.
ТАРИХИ СӨЗЖАСАМ

Тарихи сөзжасамның зерттеу нысаны, мақсаты, міндеті, сөздік құрамды дамытудағы маңызы мен ролі. Сөзжасамның негізгі заңдылықтары: аналогия, абстракция, ассоциация, мотивация. Атау теориясы туралы. Сөзжасамның түркі тіл біліміндегі және қазақ тіл біліміндегі зерттелу жайы. Тарихи сөзжасамның негізгі ұғымдары, әдістері. Туынды сөз. Туынды сөз мағынасының қалыптасуындағы негіздеме (мотивация) мәселесі. Сөзжасамдық ұя мен сөзжасамдық мағына. Этимон түбірлер – сөзжасамдық тұлға. Сөзжасамдық макро және микросемалар. Сөзжасамдық мағынаның дамуындағы көп мағыналылық пен синонимияның, антонимияның өзіндік ролі. Түбір мен негіз. Негіздің мотивтенуі. Түбірдің архисемасы, түбірлес сөздер мағынасындағы ортақ сема, өзек сема, негізгі сема, арнайы сема. Атау мағынасы, семалық дәрежесі. Туынды сөздегі номинативтік белгі. Мотивацияның тарихилығы, негізділігі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет