Анатомия терминдерінің ең алғашқы латын тіліндегі тізімі 1887 жылы Германияда шетелдің көрнекті ғалымдарының қатысуымен қүрастырылды. Бұл тізім Германия анатомиялық қоғамының 1895 жылы Базельде өткен конгресінде бекітілді. Тізім Базель анатомия - лық номенклатурасы (В. N. А. — Basler Nomina Anatomica) деген атпен жарияланды. Алайда, бұл номенклатура анатомдар арасында баяу таралды, ал Англия мен Францияда тіптен қолданылмады десе де болады. Көптеген анатомдарға, В.М.А.-ны түзетіп, толықтыру қажет екені аян болды. Сондықтан, Германия анатомиялық қоғамының 1935 жылы Иенде өткен съезі, анатомиялық терминдер - дің жаңа тізімін қабылдады. Бүл тізім, ғылыми әдебиетке — Иен анатомиялық номенклатурасы (І.N.А. — Ienar Nomina Anatomica) деген атпен енді. 1955 жылғы Париждегі конгресте халықаралық анатомия номенклатурасы комитетінің (І.А.К.С.) үсынуымен, Париж анатомия лық номенклатурасы (Р.Ы.А) деп аталған анатомия терминдерінің жаңа тізімі бекітілді. Егер бұрынғы ІШ.А. тізімінде 5600 анатомия - лық терминдер болса, Париж номенклатурасы 200-ден аса жаңа терминдер енгізді де, Базель номенклатурасына кірген 4286 термин - дерді қалдырды.
Алшақ жатқан дене осьінің және дене бітімінің атаулары терминдермен сипатталуы. - Абаксиалді(антонимі: адаксиалді) — осьтен алшақ орналасқан.
- Адаксиалді (антонимі: абаксиалді) — оське жақын орналасқан.
- Апикалді(антонимі: базалді) — жоғарғы ұшында орналасқан.
- Базалді (антонимі: апикалді) — негізінде орналасқан.
- Дисталді (антонимі: проксималді) — алшақ орналасқан.
- Латералді (антонимі: медиалді) — жаны.
- Медиалді (антонимі: латералді) — ортасы.
- Проксималді (антонимі: дисталді) — жақын орналасқан.
Негізгі дене мүшелерінің орналасуын сипаттайтын терминдер. - Аборалді (антонимі: адоралді) — Ауыз қуысына қарама қарсы дене полюсінде орналасқан.
- Адоралді (оральді) (антонимі: аборалді) — Ауыз қуысына жақын орналасқан.
- Вентралді (антонимі: дорсалді) — кеуделік.
- Дорсалді (антонимі: вентралді) — арқалық.
- Каудалді (антонимі: краниалді) — артқы дене мүшелеріне жақын орналасқан.
- Краниалді (антонимі: каудалді) — бастық, басқа немесе алдыңғы дене мүшелеріне жақын орналасқан.
Достарыңызбен бөлісу: |