Андрон мәдениеті — қ



бет51/56
Дата04.03.2024
өлшемі214.29 Kb.
#494212
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56
Қазақстан тарихы

Батыс-Түрік қағанаты
Түрік қағанатындағы әлеуметтік қарама-кайшылықтардың
ушығуы, өзара қырқысқан соғыстар, Қытайдың қағанат
шекарасына шабуылы, оның аудандарының жасанды болшектену
процесі 603 жылы жалпы түрік қағанатын Шығыс және Батыс -
екі дербес болікке бөлумен аяқталды. Батыс-түрік қағанаты
(оздерін «он оқ елі» деп атады) ертедегі үйсін жерінде
қоныстанды, яғни Қаратаудың шығыс беткейінен Жоңғарияға
дейінгі алқапты алды және Түрік қағанатының батыста жаулап
алған иеліктеріне мүрагер болып қалды. Оның иеліктеріне
Шығыс Түркістан, Орта Азия, Қазақстан даласы мен Солтүстік
Кавказ кірді. Шығыс-түрік қағанаты бүрынғы жаулап алынған
шығыс иеліктерін Қытай шекарасына дейінгі жерлерді иемденді,
оның орталығы Моңғолиядағы Орхон озенінің алқабында болды.
Батыс-түрік қағанатының оркендеу кезеңі Шегу (618-619)
және Тон-жабғу (618-630) қағандар билік еткен уақытқа сәйкес
келеді. Бүл кезең жас мемлекеттің коп аумақтарды барынша
молынан басып алу, тез баю және әскери-тайпалық бекзаттардың
ыкпалының артуы, қаған билігінің қоластында тайпалар күшінің
бірігуі, толассыз табысты жорықтар кезеңі болды. Шегу озінен
бүрынғылардың әскери күштерін жаңартып, оз империясының
аумағын Әмударияның жоғарғы сағасы мен Гиндукушке. Тарим
өзенінің бассейніне дейін жылжытты. Қытайдың жаһангері
Сюань Цзан Шегу қағанының сарайын былайша суреттейді:
«Ордада аңға шығуға дайындалып жатқан Шегу ханмен
кездестім. Оның әскери қару-жарақтары коңіл аудартады.
Ханның үстінде жасыл жібек киім болды. Ақ жібек шалмамен
маңдайын айналдыра ораған, үшы арқасына түсіп түр, шашы
ашық күйінде. Оның қарамағында бүрымдарын орген екі мың
адам бар екен: олардың бәрі де жібек матадан тігілген киім киген.
Жауынгерлердің үстінде ірі талшықты жүннен басылған киіз
киімдері бар, ал қолдарына қыл қүйрық ілінген шоқпар басты
таяқтар мен садақтар үстаған. Жылқылар мен түйелердің саны көп.
Батыс түрік қағанының мемлекетінде бірінші түлға жоғары
билеуші - қаған, басқарушы, өскери қолбасшы болды. Қағанатта
әр кездері бірнеше қағандар болса, олардың өкілеттіктері әркелкі
дәрежеде кездесті. Қаған мемлекеттің ішкі-сыртқы істерінің
бәріне басшылық етіп, ақсақалдар (рубасылары) кеңесін бекітті.
Қаған тек әМірші ғана емес, сонымен қатар қағанаттың барлық
жерінің меншік иесі де болды. Бірақта көшпелі қоғам
жағдайында билік негізінен жерге емес, оны пайдаланушы
адамдар үжымында жүргізілді. Мемлекетте қағаннан кейін екінші
түлға үлық еді. Қағанатта жоғарғы атақ - жабғу, шад және
елтебер - қаған руынан шыққандарға тиесілі болды: олар қағанға
қарайтын бағынышты тайпалардың билеушісі және қағанның
өкілдері дөрежесін иеленд. үргештер мен қарлүқтар мемлекеті


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет