XX ғасырдың басында казак коғамындағы үлттык қозғалыс-
тар біртекті болған жоқ. Аталған кезенде қоғамда рулык
катынастар мен кошпенділер демократиясының калдыктары
сакталған еді. Сонымен катар казак даласына капитализм
элементтерінің енуіне байланысты жаңа олеуметтік-экономика-
лык жағдайлар қалыптаса бастады. Үлттык буржазия окілдері
дүниеге келгенімен, ол ортүрлі себептерге байланысты саяси
омірде айтарлықтай рол атқара алған жок. XX ғасырдың бас
кезінде кішігірім кәсіпорындарда ондаған мың казак жүмыс-
шылары жүмыс істеді. Бытыраған жүмысшы табы ешкандай
саяси үйымға біріге алмады, сондықтан олар үлт азаттык күресті
басқаруға дәрменсіз болатын.
Қалыптасқан жағдайға байланысты азат ету қозғалысына
басшылық етуді рухани-зиялы кауым колдарына алды. Олар
халыкты үлттық бірлікті нығайтуға шакырды. Қоғамның әртүрлі
таптарынан, ең алдымен дала аксүйектерінен шыккан олар казак
коғамының танымал кошбасшылары ретінде үлттык мемлекетті-
лікті насихаттап, үлтық тәуелсіздік үшін ашық күреске шыкты.
Үлт-азаттык козғалысының басшылары Ә.Бокейханов.
М.Тынышпаев, А.Байтүрсынов, Ж.Досмүхамедов, М.Шоқаев,
М.Дулатов, Б.Қаратаев, Д. Сейдалин жоне т.б. болды, олардың
басым копшілігі Петербург, Москеу, Варшава, Қазан, Омбы жоне
Орынбор қалаларындағы жоғары оқу орындары мен
училищелердің түлектері болған. Ә.Бөкейханов, А.Байтүрсынов, Б.Қаратаев бастаған үлттық
қозғалыстың басшылары конституциялық монархиямен, либерал-
дық реформаны жолындағы күреске шақырды. Олар 1905 жылы
желтоқсанда Орал қаласында бес облыстың қазақ түрғында-
рының делегаттарын жинап, съезд өткізді. Онда Ресейдің
конституциялық-демократиялық партиясының филиалын, яғни
өздерінің партиясын қүруға күш салды. Бүл партия 17 қазандағы
патша манифестісінде берілген бостандықтар нәтижесінде
қазақтардың мүдделерін қорғамақ болды. 1906 жылы ақпанда
Семейде өткен қазақтардың екінші съезі кадеттерге біртабан
жақын бағдарлама қабылдап, орыс шаруаларын өлкеге
қоныстандыруды тоқтату, Қазақстанның барлық жерін жергі-
лікті түрғындардың меншігі деп тану, үлттық мектептерді ашу
жөніндегі талаптар қойды. Үлт зиялыларының өр алуан саяси-
идеялық ағымдары туралы пікірлерді «Айқап» журналы мен
«Қазак» газеттері жариялады.
1911-1915 жж. шыққан «Айқап» журналы (шығарушы және
редакторы Мүхамеджан Сералин (1871-1929) Қазақстандағы
саяси- идеялық ойдың аграрлық-демократиялық баҒытында еді.
Онда Ж.Сейдалин, Б.Қаратаев, С.Торайғыров, С.Сейфуллин,
Б.Майлин қызмет етті. «Айқапта» басты мәселе аграрлық мәселе
болды, яғни жер қатынасына, көшпенділіктен отырықшылыққа
көшуге, шаруашылық жүргізу түрлерін өзгертуге мән берілді.
«Айқап» беттерінде тауарлы-ақша қатынасына, кәсіпкерлікке,
кооперацияны үйымдастыру қажеттігіне едеуір орын берілді. Қазақ» газеті 1913 жылдан 1918 жылға дейін шығып түрды.
Бүл басылым либералдық-демократиялық идеяны үстады.
«Қазақ» газетінің редакторы ақын, аудармашы, лингвист, педагог
А.Байтүрсынов болды. Газет редакциясы өзінің алдына мәдени-
ағарту міндеттерін кеңінен қойып, қазақтардың тағдыры мен
болашағына алаңдаушылық білдірді. Олардың алға қойған
мақсаттары айқын еді, ол - «қазақ-қырғыздар арасында насихат
жүргізу». Газет бетінде басты мәселе болып табылатын аграрлық
тақырыпқа А.Байтүрсынов, М.Дулатов жерге мемлекеттік
меншікті жойып, оны қазақтардың меншігіне беруді, жердің
сатылмауын талап етті. Редакцияның жеке меншік баспа-
ханасы мен кітапханасы болды. Газет жүртшылық арасына
кеңінен тарады: басылымның оқырмандар саны бірінші жылдың
өзінде 3000 болса, ал 1917 жылдың басында оны жаздырып
алатындар саны 8 мыңға жетті, 1917 жылдың шілдесінен
«Қазақ» газеті «Алаш» партиясының ресми баспасөз органы на
айналды. 1918 жылы Торғай облыстық Кеңестер съезінің
шешімімен жабылды. Айқап» журналы мен «Қазақ» газеті бірқатар өлеуметтік-саяси мәселелер жөнінде жалпы теориялық проблемаларда бірбағыт үстады. Қоғамдық-саяси қүбылыстар мен оқиғаларға баға
беруде жекелеген қателіктерге жол бергенімен, түтастай алғанда,
қазақ коғамының революция алдындағы шынайы жағдайын сол
қалпында көрсете білді. Революциялық
оқиғалардың жаңа кезеңі үлттық-демократиялық қозғалыстың
орістеуімен қатар жүрді.
|
Достарыңызбен бөлісу: |