Андрон мәдениеті — қ


«Алаш» партиясы және «Алаш Орда» үкіметі Қазақ зиялыларының



бет55/56
Дата04.03.2024
өлшемі214.29 Kb.
#494212
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56
Қазақстан тарихы

«Алаш» партиясы және «Алаш Орда» үкіметі
Қазақ зиялыларының
жаңа омір қүру процесіне белсенді
түрде араласуы елдің жоғарғы басшылығынан қолдау тапты. Ол
қазақ комитеттерінің белсенділерін өздерінің өлкедегі негізгі
тірегі ретінде қабылдады. Уақытша үкімет күрылған сәттен
бастап, яғни 1917 жылы 3 наруызда Ә.Н.Бөкейханов Торғай
облысындағы мемлекеттік комиссар болып тағайындалды. 7
сәуір күні Ә.Н.Бөкейханов сонымен бір мезгілде Уақытша
үкіметтің Түркістан комитетінің мүшесі болып бекітілді.
М.Тынышпаев жоғары лауазымға ие болып, Түркістан
комитетінің қүрамына енді.
Қазақстандағы Уақытша үкімет іс жүзінде патша окіметінің
саясатын жалғастырды. Ол үлт мәселесін шеше алмады және
аграрлық мәселені де шешуге асықпады. «Қазақ» газетінде
Ә.Бокейханов кадеттер партиясынан шығатыны туралы
жариялады. Бүл орайда ол үш себепті атап отті: «Кадет партнясы
жерді жеке меншікке беруді жақтайды. Жерді жеке меншікке
беру біздің жағдайымызда, Башқүрстанда болғандай, жер
учаскесі корші мүжыққа кетеді де, ал қазақтар қайыршыланады. Кадет партиясы үлттық автономияға қарсы, ад біз, Алаш туын
котере отырып, үлттық автономия күруға үмтыламыз. Кадет
партиясы шіркеудің мемлекеттен болінуіне қарсы, ал мен
мемлекеттен шіркеуді болуді жақтаймын. Осындай үш моселе
бойынша козқарасымыздың қайшылығына байланысты мен кадет
партиясынан шығып, «Алаш» партиясын үйымдастыруды максат
етемін».Қазақ либералды қозғалысының басшылары осындай
күбылмалы жағдайды ескеріп жоне саяси күштердің озара
қайшылықтарының күшеюіне байланысты жалпықазақтық съезд
шакыруға шешім қабылдады. 1917 жылы 21-28 шілде күні
Орынборда бірінші Бүкілказақтық съезд болып, оған Ақмола.
Семей. Орал. Жетісу, Фергана облыстарынан жоне Бокей
ордасынан делегаттар қатысты. Күн тәртібіне 14 моселе
қойылды: мемлекетті басқару жүйесі; қазақ облыстарының
автономиясы; жер мәселесі; халық милициясын күру, жергілікті
басқару мекемелерінің жүйесі; халыққа білім беру; сот; рухани-
діни моселелер; әйел моселесі; Қүрылтай жиналысын шакыру
және сайлауға қазақ облыстарындағы дайындық; бүкілресейлік
мүсылмандар съезі; қазақтың саяси партиясын қүру; Жетісу
облысьіндағы оқиғалар; қазақтардың Киевтегі Бүкілресейлік
Федеративтік кеңесі мен Петроградтағы халыққа білім беру
жоніндегі комиссияның жүмысына қатысу туралы. Съезд
делегаттары үлттык автономия қүру мен жер моселесін шешуге,
Қүрылтай съезіне дайындыққа және қазақтың саяси партиясы
«Алашты» күруға баса назар аударды. Съезде А.Байтүрсынов пен М.Дулатов «тәуелсіз автономиялық
казак мемлекетін» қүру туралы моселе котерді. Ә.Бокейханов
«демократиялық, федеративтік жоне парламенттік Ресей Республи-
касының қүрамында қазақ үлттық-аумақтық автономиясын» күру
керектігін дүрыс деп есептеді. «Қазак облыстары, делінді съездің
карарында. аумақтық-үлттык автономия алуы тиіс».
«Алаш» партиясының басшылары Ә.Бокейханов, А.Байтүр-
сынов, Мүстафа Шоқай жоне басқа казактың буржуазиялык-
демократиялык бағыттағы зиялыларының окілдері болды, ал бүл
зиялылар жалпықазактык үлттық-демократиялық саяси үйымға
бірікті. Партияға сондай-ак ғылым және шығармашылык
зиялыларының окілдері кірді: М.Тынышпаев, М.Жүмабаев,
Ш.Қүдайбердиев, Ғ.Қарашев, С.Торайғыров, Х.Ғаббасов,
Ә.Ермеков, Ж. және X. Досмүхамедовтер және т.б. 1917 жылды азындағы болып жатқан жағдайға байланысты партия
басшыларының басым көпшілігі социалистік идеология-лык.
бағдарламаны қолдаған жоқ, себебі қоғам түтастай алғанда оған
әлі дайын емес болатын; олар «Қазақ халқын отарлық езгіден
қүтқару» үранымен партияға бірікті.
Қазан төңкерісіне дейін-ақ казақ либералдық-демократиялық
қозғалысының жетекшілері Қазақстанның әлеуметтік-
экономикалық және саяси дамуы жөнінде өздерінің бағдарла-
маларын кеңінен насихаттаған еді, ал Петроградтағы төңкерістен
кейін 1917 жылғы 21 қарашада «Қазақ» газеті «Алаш»
партиясының бағдарламасын жариялады.
Бағдарлама жобасы 10 тармақтан түрады:
1. Мемлекеттік қүрылым. Ресей демократиялық федеративтік
республика болуы тиіс... Федеративті республикаға кіретін әрбір
қүрылым дербес бола отырып, басқа мемлекеттермен - федерация
мүшелерімен өзара бірлікте әрекет етеді.
2. Жергілікті бостандық. Қазақтардың автономиясы олар
қоныстанған облыстардан түрады және Ресей Федеративтік
республикасының бір бөлігін қүрайды.
3. Негізгі қүқық. Ресей республикасында үстаған дініне,
тегіне, жынысына қарамастан барлық адам тең қүқықты болады.
Ресей республикасында тең қүқықтық, жеке адамның дербес
қүқықтығы, сөз, баспасөз, одақтар бостандығы беріледі.
4. Дін. Дін мемлекеттен бөлінеді. Барлық діндер тең қүқықты,
қазақтардың өз муфтиаты болады.
5. Билік және сот. Билік пен сот әр халықтың өз ерекшелігіне
қарай қүрылуы тиіс. Билер мен судьялар жергілікті халықтың
тілін білуі керек. Қазақтар басым түратын аудандарда сот қазақ
тілінде жүруі керек.
6. Халықты қорғау. Халықты қорғау үшін өскер үстау қажет.
Қазақтар өскери қызметін атты өскер милициясы түрінде өтеуі
тиіс 7. Салық. Салықты алу ауқаттылығы мен мүліктік жағдайына
қарай, яғни бай көп, кедей аз төлеуі қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет