Мырза Хайдардың «Тарих-и-Рашидиі» іМоғолстанның екі жүз жылдық тарихын баяндайтын «Тарих-и Рашиди» екі дәптерден тұрады. Бірінші дәптерде – 70 тарау, ал екінші дәптерде – 117 тарау бар. М.Қайдардың өзі жазғандай, бірінші дәптердің 17 тарауы түгелдей Шарафеддин Әли Иәздидің «Зафарнама» (Жеңіс кітабы) атты еңбегінен алынған. ХVІ ғ мұсылман елдерінің тарихи әдебиетіндегі көрнекті жазба ескерткіштерінің бірі. арих-и-Рашидиі» зерттеуді Ресей тарихшыларынан В.В. Вельяминов-Зернов бастады. Таризи Рашиди еңбекгіндегі қазақ тарихына қатысты деректер бойынша, орыс тарихшысы Вяткин деректер тізімін бере отырып, олар бойынша шағатайлықтар кезіндегі Жетісу, Моғолстан, Әмір Темір билігі, Өзбектер, Ноғай ордасы, Темір ұрпақтары кезіндегі Моғолстан тарихын құрастырған. Мұнда бірақ «Тарих-и-Рашиди» белгілі жағдайларға орай негізгі рөлін атқарған жоқ. Тек кітаптың қазақтар туралы төртінші тарауына ғана «Тарих-и-Рашиди» негізгі дерек көзі болған.Ең бастысы М.П. Вяткинді қазақ хандығының құрылу кезеңі қызықтырған. Бірақ ғалым Мырза Хайдар баяндаған оқиғалар одан 80 жыл бұрын орын алғандықтан Мырза Хайдардың дәл мерзімін бере алмағанына көңіл аударған. Қазақ хандығының құрылуына себепші болған Керей мен Жәнібек хандар жайлы деректерді «Тарих-и-Рашидиден» келтіре отырып М.П. Вяткин Мырза Хайдарды қазақ хандығының құрылу уақытын дұрыс көрсеткен деп санады.Қазақ халқының жекеленуінің әлеуметтік- экономикалық және саяси шарттарын сөз еткенде М.П. Вяткин «Тарих-и-Рашидиден» 1488-1494 жылдары моғолдардың Шаһибек ханнан жеңіліс тауып Түркістан қаласынан айырылғандары жайлы және осынын нәтижесінде моғолдар арасында туған жайсыздық соғысқа алып келгені, ал соғыста екі рет қазақтар жеңгені жайлы деректерді пайдаланған. тарауында М.П. Вяткин Мырза Хайдардың Қасым хан билігі жайлы пікірін де келтірген. ХVІ ғ бас кезіндегі қазақтардың саяси тарихын жазғанда М.П. Вяткин «Тарих-и-Рашидиді» пайдаланып, Қасым ханның қайтыс болғаннан кейін қазақтардың саны 1 милионға жеткенін жазған. Сөйтіп ғалым Мырза Хайдардың Қасым ханнан кейін таққа отырған Таһир ханның билігі туралы жазғанын келтірді. М.П. Вяткиннің «Тарих-и-Рашидиден» қазақ хандығының құрылу мәселесі бойынша алған соңғы декректері Таһир хан мен оның інісі Бұйдаш хан және Бұйдаштың өлімінен кейін қазақтардың мүлде жойылып кеткені жайлы деректерін пайдаланып, талқылаған.Орта Азия тарихын зерттеуші П.П. Ивановта (1893-1942) Орта Азияның көшпелітайпалары және «қазақ» терминінің шығу тегін зерделегенде «Тарих-и-Рашидиге» жүгінген.
ХV ғ бірінші жартысында Мұхаммед Хайдар есімді тарихшы Есенбұға ханның Керей мен Жәнібекті құшақ жая қарсы алып, оларға Шу алқабындағы жайлауды бергендігін айтқан. Осыдан кейін Керей оған қатысты жерлердің бәріне хан атанды, ал бұл оның Моғолстан ханның вассалы болғанын көрсетеді. Оның айналасына біртінде Әбілқайырға наразы болған ақсүйектер және де ең басты әміршілер, ал олармен бірге оларға тәуелді рулар жинала бастады» дейді. Әрине бұндай жағдайлар елде ұрыс-керіс, толқуларға алып келеді. Ал бұл Әбілхайыр хан иеліктерінің ыдырауына әкеп соқты. П.П. Иванов осы оқиғаларға қатысты жерлерді Мырза Хайдардың «Тарих-и-Рашидиіне» сүйеніп жазды. Соның ішінде өзбек ұлысында басталған ұрыс-керіс нәтижесінде жергілікті халықтардың Керей мен Жәнібек жерлерінде қауышуы бұл хандар билігінің күшеюіне алып келген фактор болған деп көрсетеді. Осының нәтижесінде қаңғып жүріп хандардың қасына жиналған жұрт қазақ деп аталғанына көңіл аударады.
«Тарих-и Рашиди» еңбегінде Қазақстан жеріндегі Түркістан (Иасы), Көк төбе, Сайрам, Қарақыстақ, Ақсу, Қара төбе, Отырар, Тараз, Жеті кент (иті кент) тәрізді қала, елді мекен атауларының ұшырасуы оның деректемелік құндылығын арттыра түседі. Әскерлердің Сыр өзенінің жағасында, Түркістан маңында Қаратоғай деген жерде қыстап шыққандығы туралы сөз болады, Шарын мен Шелек деген жерлерде қатты соғыс болғаны айтылады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |