«Жүсіп Баласағұн. «Құтадғу білік» (Құтты білік) — Жүсіп Баласағын (Баласағұн) шығарған дидактикалық поэма. Бұл көнетүркі тілінде жазылған, түркі тектес халықтардың ортақ қазынасы. Жүсіп Баласағұнның мемлекетті басқару қағидалары мен принциптерін, елге билік жүргізудің ережелері мен тәртібін, қоғам мүшелерінің мінез-құлық және әдеп-ғұрып нормаларын жыр еткен этикалық-дидактикалық мазмұндағы көркем туындысы. тЖүсіп Баласағын «Құтты білікті» 1069—1070 жж. Баласағын қаласында бастап, он сегіз айдың ішінде Қашқар қаласында аяқтаған. бұл еңбегін Қарахан мемлекетінің сол кездегі билеушісі Табғаш Арслан хан тарту еткен. Түркия ғалымдары 1942–43 ж. «Құтадғу Білігтің» үш нұсқасын да Стамбұлдан үш томдық кітап етіп шығарды.. «Құтадғу Біліг» дастаны орта ғасырларда бүкіл түркі әлеміне түсінікті болған Қарахан әулеті мемлекеті түріктерінің тілінде жазылған. Оны Қ.Каримов өзбек тіліне пен С.Иванов орыс тіліне (А.Егеубаев қазақ тіліне аударды. Міне, елдегі осы олқылықтың орнын толтыру мақсатымен Баласағұн өзінің «Құтадғу Біліг» дастанын жазды. Демек, дастан белгілі бір мағынада елдегі Ата Заң (Конституция) қызметін атқарған. Баласағұн дастанда патшалар мен уәзірлердің, хан сарайы қызметкерлері мен елшілердің, әскербасылар мен нөкерлердің, тәуіптер мен аспаздардың, диқандар мен малшылардың, т.б. қоғам мүшелерінің мінез-құлқы, білім дәрежесі, ақыл-парасаты, құқықтары мен міндеттері қандай болу керектігін жеке-жеке баяндап шығады. Дастанда елдегі барлық лауазым, кәсіп иелеріне қойылатын моральдық-этикалық талаптар сипатталып көрсетілген. Дастанның басты идеясы төрт принципке негізделген. Біріншісі, мемлекетті дұрыс басқару үшін қара қылды қақ жаратындай әділ заңның болуы. Автор әділдіктің символдық бейнесі ретінде Күнтуды патшаны көрсетеді. Екіншісі, бақ-дәулет, яғни елге құт қонсын деген тілек. Бақ-дәулет мәселесі патшаның уәзірі Айтолды бейнесі арқылы жырға қосылған. Үшіншісі, ақыл-парасат. Ақыл-парасаттың қоғамдық-әлеум. рөлі уәзірдің баласы Ұғдүлміш бейнесінде жырланады. Төртіншісі, қанағат-ынсап мәселесі. Бұл мәселе дастанда уәзірдің туысы, дәруіш Ордгүрміш бейнесі арқылы әңгіме болады. Баласағұнның «Құтадғу Білігінде» өмір мәні пайымдалып, жалпыадамзаттық рухани байлықтар – мұрат, дін, этика, өнер және даналықтың мәні сараланған.Поэманы көрнекті түркітанушы ғалым В.В.Радлов 1891—1900 жылдары алғаш рет түркі тілінен неміс тіліне түпнұсқасынан аударып, бүкіл əлемге танытты.
Дастанның басты мақсаты — бақытты қоғам, құтты ел түзу ғой. Сондықтан да отбасын ұстаудан бастап, мемлекет құру, ел басқару ісіне дейін баянды баяндайды. Ғұлама ақын бірде өмір, тұрмыс заңдылығынан туған, бірде қиялын оятқан утопиялық тебіреністерге батады, терең мағыналы пəлсəпалық пайымдаулар түйеді. Баласағұн — ірі саяси, мəдени кіндік шаһар. Орта ғасырлардағы тарихи керуен жолдарының оған соқпай өткені жоқ. «Құтты білікте» елші, жиһанкездердің, саудагерлердің, қолөнершілердің мінез-құлқы, оларменарым-қатынас жасау реттері жеке-жеке арнайы тарауларға бөлінген. Шығарманың негізгі баптары–Ақыл-ойдың күші, Білімнің пайдасы, адамзат қоғамының дамуындағы Ғылымның орны туралы. Бұл трактаттың көп бөлімдері өміріндегі, бақыт туралы ойлар, жаман мен жаман қылықтар, сөздің жағымды және жағымсыз жағы, әр түрлі деңгейдегі басшылар мен әміршілерге қажетті қасиеттер туралы, әр түрлі қоғам өкілдерімен тіл табу туралы ойларға арналған. Дастанда отбасының жеке некенің мәселелері, жасұрпақты тәрбиелеу ата-аналар мен балалардың қарым-қатынасы негізгі орынға ие.
Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастанындағы адамгершілік ой-пікірлер мынадай негізде қарастырылған: Жақсылық пен жамандық–Жүсіп Баласағұнның ойынша, күн мен түн секілді адам өмірінде де жақсылық пен жамандық қатар жүреді. Бірақ бұл қасиеттер бала бойына не туа бітеді,не жүре қалыптасады. Сондықтан дүниедегі екі түрлі адамдар болады: біріншісі-жақсы адамдар. Олар тумысынан жақсы болып туғандар мен табиғи жамандығына қарамай өмірдің ықпалымен жақсы атанғандар. Екіншісі–жаман адамдар. Олар-не жман болып туғандар, не жүре келе жаман адамға айналатындар. Қазақ халқы осындай туа біткен игі жақсыларға «қас жақсының баласы тартпай қоймас негізге» деп сүйсінсе, қанына тартып «қарайып» туған жамандарға «жатырынан қағынған» деп күйінген.Жүсіп Баласағұнның «Құтты Білігінде» өмір мәні пайымдалып, жалпыадамзаттық рухани байлықтар –мұрат, діни, этика, өнер және даналықтың мәні сараланған. Ғұлама ақиқатқа жету жолын адам мен әлемнің, ұлы ғалам мен микроғаламның үйлесімді болуы туралы қағидаға негіздейді. Төрт құдірет–от, су,ауа, жер жайлы ежелгі дәуірдің философиялық түсінігіне сүйене отырып әлем осы төрттағанның үйлесімінен жаралған деп санайды. Бұл жалған дүниені ақыл тезіне салып түзетуге болатынына да сенген ғұлама әлемдік үйлесімдік негізінде әділетті адмзат қоғамын құруды армандады. Сондықтан ол ғылым мен білімге зор мән берген. «Құтты Біліктің» негізгі айтар ойы-адамның адами жетілуі мен кісілік кемелденуі, сол арқылы мемлекет пен қоғамды қуатты, мықты, құтты ету. Кісілік кемелдену жолына түскен адам-өзінің қасиетіне, қалыбы мен негізіне мейлінше жақындаған асыл жан. Дастан оқырманына құт-береке мен бақытқа өз адамгершілігін асыл етумен ғана жетуге болатынын ұқтырды. Ондағы «өзіңді ұмытпау» қағидасы адамның адамшылығын танытар қасиет-адамгершілік пен кісілікті жетілдіруге бағыттылған. Ақын өтпелі өмір мен өлім жайында терең толғанады. Оның ойынша, өкініштің ең ауыры өлшеулі өмірде дүние қызығы мен тән тілегі жетегінде кетіп, діл тазалығын сақтай алмаудан туады, сондықтан адам өзінің кісілік қасиетімен бірге өмірдің өткіншілігін де ұмытпауы қажет.
|