Моңғол импе ХІІ ғ. соңында ХІІІ ғ. бас кезінде Орта Азия мен Қазақстан жерлерінде саяси жағдай көшпелі одақтар басқарушылары арасындағы қақтығыс ушықты. Осы қақтығыс кезінде монғол тайпасының басқарушысы Темучин ( Шыңғыс хан ) Орта Азиядағы тайпаларды біріктіріп ірі көшпенді мемлекет қалады. Монғол мемлекеті тарихта болмаған еуразиялық Ұлы империяға айналды. Ол Сары теңізден Жерорта теңізіне дейін, Балтықтан Парсы шығанағына дейін созылды. 1218-1219 жж. монғолдар көптеген көршілес елдердің халықтарын бағындырды. Енисей қырғыздары мен буряттардың жерлерін жаулап алып, танғұт мемлекетін құлатты. Цинь империясының әскерін толықтап монғолдар Солтүстік Қытайды бағындырды. Содан кейін Шыңғыс хан Орта Азия мен Қазақстанға шабуыл жасауға әзірленді. Жетісуды Шыңғысхан әскері қарсылықсыз басып алды, өйткені онда сегіз жыл бойы Күшлік ханның зорлық-зомбылығына ыза болған халық Шыңғысханды құтқарушы ретінде қаралды. Хорезмшахқа қарсы соғыстың сылтауы 1218 ж. Отырарға жіберілген сауда керуенінің Қайыр ханның бұйрығы бойынша жойылуы. Кек қайтару ретінде оларды өлтіруге Шыңғысхан әмір берді. Шыңғысхан әскері шабуылға 1219 ж. қыркүйек айында аттанды.
Оңтүстік Қазақстанның жергілікті халқы монғол басқыншыларына қарсылық көрсетті. Араб және парсы әдебиеттерінде 30-ға жуық монғолдар жойып жіберген қалалардың аттары берілген. Олардың ішінде Оңтүстік қалалары: Отырар, Сығанақ, Ашнас бар.1221-1224 жылдарда Қазақстан мен Орта Азиядағы жаулап алу соғыстары аяқталды. Қазақстанның жерлері бөлініп, Шыңғысханның ұлдарының ұлыстары құрамына кірді. Батыста Ертістен Жетісу мен орта, Солтүстік, Батыс Қазақстанды қоса төменгі Еділ жағалауына дейін үлкен бөлігі Жошының ұлысына берілді. Оңтүстік және Оңтүстік Шығыс Қазақстан, яғни Жетісудың үлкен бөлігі Шағатайдың ұлысына, Солтүстік Шығыс бөлігі Үгедейдің еншілігіне бөлініп берді.
Монғол шапқыншылығы жергілікті халықтардың қарым-қатынастарын бұзып, олардың этносаяси және шаруашылық мәдени дамуын өзгертті. 5.2 Алтын Орданың құрылуы 1227 жылы Жошы өлген соң оның орнын ұлы Бату басты. Ол Батыс Дешті-Қыпшақ және Еділ бұлғарлары жерлеріне әскери шабуыл жасап, одан әрі Батысқа қарай бет алмақ болды. 1236-1242 жж. ұрыстарда орыс мекендерін құлазытып Польша, Венгрия, Чехия және басқа да елдерді өзіне қаратты. Бату Волга (Еділ ) өзенінің төменгі жағалауында жаңа монғол мемлекеті Алтын Орданы (Ұлы Ұлыс ) құрды. Оның астанасы- Сарай-Бату ( Астрахань маңында ) қаласы болды, кейін ол Сарай - Берке қаласына көшірілді. Алтын Орда–көп ұлтты мемлекет болды. Әртүрлі халық өкілдерінен тұратын қоғамдық-экономикалық даму деңгейінде айырмашылығы бар мәдениеті мен салт-дәстүрі бар дербес ел болды Алтын Орда мемлекет Жошы ханның меншігі болып саналды. Маңызды күштер және мемлекеттік істерді шешуде құрылтай шақырылып отырды. Қарулы басқа мемлекеттермен күштер және дипломатиялық қатынастарды беклербек басқарды. Диуан–мемлекеттегі қаржы, салық, ішкі өмірді басқаратын атқарушы биліктің орталық органы. Қалалар мен бағынышты ұлыстарға Даруға мен Басқақтар тағайындалды, олардың міндеті салық жинау. Нояндар, Бектер, әмірлер бахадүрлер әскер басқарушылары болды. Алтын Ордада жаулап алынған жерлер мен халықтарды басқарудың ұлыстық жүйесі орналды. Қазақстан жерінде меншікті құрылымды басқару ретінде монғолдар «Жасақ» немесе «Ясы» атты Шыңғысханның құқықтық тәртібін енгізді. Онда жергілікті және оған қоса халықтардың құқығы анықталған. Шыңғыс ханҚазақстан мен Орта Азияға жорықты Жетісу арқылы жүргізбекші болды. Өз басының жауы болған найманның ханы Күшлік ханды талқандап, бай қалалары бар Жетісуды өзіне қарату үшін оған Жебе ноян бастаған әскер жіберді.Жетісуды Шыңғыс хан көп қарсылықсыз басып алды. Оны бағындырғаннан кейін Шыңғыс ханның Мәуереннахрға, сол кезде Орта Азияны билеп отырған Хорезм мемлекетіне қарсы жол ашылды. 150 мың адамдық қол Орта Азияны бағындыруға аттанды. моңғолдар Отырарға таяп келгенде моңғолдардың басшысы Шағатай мен Үгедей бастапан бірнеше түменді қаланы қоршау үшін қалдырып, әскерлердің Жошы бастапан басқа тағы бір шоғыры Сыр бойымен төмен бағыттады. Үшінші шоғырға Сырдарияның жоғарғы ағысы бойындағы қалаларды бағындыру міндетін жүктеді. Шыңғыс хан ұлы Төлемен бірге әскерімен Бұхарға беттеді. Хорезм шахы Мұхаммед моңғолдарға қарсы тұруға дайын емес еді. Ол әскери күштерді әр қалаға бөліп ұстап отырды. Мұның өзі Шыңғыс ханға қалаларда тұрған шағын шоғырды оңай құртып жіберуге мүмкіндік берді.
1219 ж. күзінде Шыңғыс хан зор армияны Жетісу арқылы Мәуереннахрға аттандырды. Оңтүстік Қазақстан халқы қатты қарсылық көрсетті. Мысалы Отырар 6 ай бойы (1219 ж. қыркүйек — 1220 ж. ақпаны) қарсыласты. Алайда әскер басыларының бірі Қараджа түн ішінде қақпаны ашып жіберіп, моңғолдарға өтіп кетті. Әскер осы қақпа арқылы қалаға кіріп, оны талқандады. Сөйтіп Отырар қамалын жермен-жексен еткен Шағатай мен Үгедей бастапан әскер Шыңғыс ханға қосылды. Бұл кезде Шыңғыс хан Бұхара мен Самарқанд арасындағы жолда болатын Сығанақ қаласы да, ашнас та ерлікпен қорғанды. 1220 ж. 4 сәуірде моңғолдар Жентті алды. Сыр бойындағы қалаларды жеңгеннен кейін Шыңғыс әскерлері Орта Азияның ішіне кірді. Халық ерлікпен қорғанды. Бұхар, Самарқанд, Үргеніш үлкен қарсылықпен алынды. 1219—1221 жж. Шыңғыс хан әскері Орта Азияны ойрандады. 1221 ж. көктемінен бастап соғыс хорасан, Ауғанстан және Солтүстік Үндістан мемлекеттерінің жеріне ауысты.
5.3 ХІV-ХV ортағасырлық мемлекеттер
Монғол шапқыншылығы салдарынан кейін ХІV-ХVғғ. Қазақстан жерінде ру-тайпалар арасындағы тарихи қалыптасқан мәдени-экономикалық байланыстар Шығыс Дешті-Қыпшақ, Жетісу, Оңтүстік Қазақстанда нығайды. Сол өңірлердің саяси өмір эволюциясы бірнеше мемлекеттерді бөлу арқылы жүрді.
Шығыс Дешті-Қыпшақ жерінде ХІІІ ғ. ортасы-ХV ғ. басында Ақ Орда мемлекеті болды. Ақ Орданың кемеліне келіп, толысқан шағы ХІV ғ. екінші жартысы. Орда Ежен ұлысына бастапқыда Жетісудың Солтүстік–Шығыс бөлігі, Ертіс жағалауы, Ұлытау мен Кентауға дейінгі жерлер кірді. Жайық, Ырғыз, Тобыл және Сарысу өзендері, Арал маңындағы Сырдарияның етегінде Жошының тағы бір ұлы, Шайбани ұлысы орналасты.
Жошы ордасы ХІІІ ғ. орта кезінде Плано Карпинидің айтуы бойынша Ертіс пен Алакөл маңында болды. ХІV ғ. Орда Еженді басқарушыларының бөлігі қазіргі Жетісудың барлық жеріне тарады.
Осы оқиғаларға байланысты мемлекеттің аты өзгертілді, кейбір зерттеушілер Қазақстанның жеріндегі бұл мемлекеттік құрылымды Көк Орда деп атады. Демек, алғашқыда Орда Еженнің кезінде Көк Орда, ал Шайбанидың кезінде Ақ Орда деп аталды. Шайбани ұлысы Ежен ордасына біріккен соң «Ақ Орда» деп мемлекетті тұтас атады.
Ақ Ордада жерді шартты түрде иелену мен жекеменшік түрлері қалыптасты. Көшпелі аудандарда мал шаруашылығы кеңінен дамыды. Ұлы рулар бай феодалдардың қолына жинақталды, олар жердің қожасына айналды.
Мемлекеттік жоғарыда Орда Еженнің ханы биледі. Оған Жошының оғландары мен бек, әмір, бахадүр рулары бағынды.
ХІV ғ. ортасында Ерзен хан мен Мүбәрак қожа 1320-1344 ж. Алтын Ордадан біржола қол үзді. Ақ Орда Ұрыс хан билігі кезінде өз кемеліне келіп, ол ХІV ғ. 60-70 ж. биледі. Оған Темір агрессиясының күшінен Ақ Орданы қорғады. ХІV ғ. соңында ХV ғ. бас кезінде Ақ Орда мен Моғолстан бірнеше рет Темір әскерінің шабуылына ұшырады.
Соның салдарынан Ақ Орда едәуір әлсіреп қалды. 1423/24-1422 жж. Ақ Орданы ұрыс ханның немересі Барақ басқарды, кейін ол өлген соң билік Шайбанид Әбілхайырға тиді.
Оңтүстік Шығыс Қазақстан ХІV ғ. ортасында-ХVІ ғ. Моғолстан мемлекетіне кірді. Ол Орта Азияның Солтүстік Шығысында, Жетісуда, Шығыс Түркістанда қалыптасқан. Моғолстан тұрғындарының көпшілігі түркі тектес монғол тайпалары болды. Мемлекеттің астанасы-Алмалық қаласы.
Моғолстанда мемлекеттің саяси басшысы және жер судың жоғары иесі хан болды. Мемлекетті басқаруда ханға ұлысбек көмектесті. Әмір руынан тағайындалған дулат тайпасының өкілі. Сондай-ақ хандар қасында ақсүйектер кеңесі қызмет еткен. Мұнда жерді шартты басқаруда ихта, сойырғал сияқты түрлері болды. Сойырғал-әскери және азаматтық қызметке төленетін феодалдық төлемақы түрі. Салықтан басқа сойырғал иегері соттың әкімшілік иммунитетке құқысы болды.
Моғолстанның саяси тарихы ұрыстарға толы. Ол көрші мемлекет жағынан шабуыл, Бастысы Темірдің Тянь-Шань өңіріне үнемі шабуыл жасауы. Моғолстанның алғашқы хандары Тоғылық Темір (1347-1362 ж.) мен Ілияс Қожа 60 ж. Мәуренахрда Шағатайлықтар үкіметін қайта құруға әрекет жасады. Бірақ 70-80 жж. Монғолия басқарушылары Темір агрессиясына ұзақ уақыт бойы соғыс жүргізді, соның нәтижесінде Моғолстан бірнеше мемлекеттерге бөлінді.
Мұхаммед хан басқарған кезде елдегі жағдай жақсарды. Оның билеп тұрған кезінде Моғолстан Тимуридтардан тәуелсіз ел болды. Әмір Темір билігінен Шу және Талас алқаптарындағы жерлерді азат етті. Мемлекетті орталақтандыру мақсатында Мұхаммед хан Моғолстанда ислам дінін енгізді.
Есен-Бұға билеген кезде (ХVғ. 50 ж.) Жетісуға Шығыс Дешті-Қыпшақтан Жәнібек пен Керей сұлтанның басқаруымен біраз қазақтар көшіп келді.
Моғолстанның соңғы билеушісі Сейітхан 1514 ж. моғолстан хандарының бағынышты билеушісі Әбубәкір мырза дулаттың қолынан Қашқарияны тартып алып, Шығыс Түркістанда жаңа Могулия мемлекетін қалыптастырды.
Жошылықтардың билігі Ақ Орданың ханы Барақтың өлуімен аяқталды. Оның орнына 1429 ж. Шайбанид Әбілхайыр болды. Ол ерікті «көшпелі өзбек мемлекетін» құрып, оны 40 жылдай басқарды.
ХVғ. хандықтың жерлері Ертістен Еділге, Сырдарияның жағалауын алып жатып Оңтүстік Шығыс бөлігі, Тарбағатай арқылы Балхаш көліне дейін жетті. Сонымен ұлыс өз құрамына Қазақстанның қазіргі жерінің үлкен бөлігін алды.Сыгнак.
Әбілхайыр ханның билігі кезі ұрыстармен толы, яғни тұрақтылық пен тыныштылық болмады. Оның хандығы көптеген жерлерді қамтыды. Әбілхайыр ханның билікті өз қолына алған соң, басқа хандар сияқты үстем тап өкілдерінің талабына сай қызмет етуге әрекет жасады. 1430 ж. ол Хорезмді басып алып, Үргенішті талқандайды. 50 ж. Әбілхайыр хан Самарқанд пен Бұхараға шапқыншылық жасайды.
1457 ж. Әбілхайыр Сығанақ жерінде ойраттардан жеңіледі. Бұдан сон Әбілхайыр хан көшпелі елдің жартысы одан бөлініп, Керей мен Жәнібек сұлтанның басқаруында Моғолстанға қоныс аударып, Шу Қозыбасы өзендерін жағалайды.
Әбілхайыр хан өлген соң мемлекет тарайды. Ханның орнын басуға Шайх-Хайдар хан әлбетте шожылықтармен соғыста өлтірілді. Әбілхайыр хандығы орталықтандырылған мемлекет болмады. Өйткені ішкі және сырқы қайшылықтардың шиеленісуі соғыстар Әбілхайыр хандығының ыдырап тарауына ұрындырды.
Алтын Орданың ыдырап, Ақ Орданың әлсіреуі нәтижесінде Қазақстанда бой көтерген құрылымдардың бірі-Ноғай Ордасы. Ол ХІV-ХVғғ. Батыс Қазақстан жерін алды. Бастапқыда ХІVғ. соңында Еділ мен Жайық ортасындағы рулар «Маңғұт жұрты» деп аталды.
Ноғай ордасының бөлектенуі Едіге хан кезінде басталды. Едіге Алтын Орданың көсемі болды. Ол өз қолында мемлекет тізгінін ұстады.
Ноғай Ордасы ХҮ ғасырдың ортасында, Едіге ұлы Нұрадиннің (1426 – 1440 жж.) тұсында құрылған. Мемлекеттің астанасы Сарайшық болды. Ноғай Ордасының этникалық құрамы түрік халықтарының төңірегінде шоғырланған, Ақ Орда және Әбілхайыр хандығы тектес. Оның құрамында, түркілер, түрік тектес моңғол тайпасы және біріккен тайпалар. ХҮ ғасырдың ортасында халық «ноғай» атпен көрші мемлекетке танылды.
ХІҮ – ХҮІ ғасыр аралығында ноғай қоғамында жоғарғы сатыда, князь, хан, мырза, сұлтан және бай болды. Олар орда басында, ұлыстарда, ауылда тұрып, барлық экономикалық сұрақтарды шешіп отырған. Ноғай даласын ақсүйектер көшпелі жайылымдарды, көптеген жылқы табындарын, түйелерді, отар қойды және ірі қара малдарды иелік еткен, негізінен оларда рулық қауымдастық қалыптасқан.
Ноғай Ордасында тұрақты ұлыстар саяси жүйе, билік және басқару жүйесі қалыптасқан. Орда князьдарында әскери, дипломатиялық әкімшілік билік мирасы болған. Орда бірнеше ұлыстардан тұрып, әр қайсысы көптеген тобырлық топтардан құралды. Ұлыстардың басында мырзалар болды. Ұлыстың қарапайым көшпелі мал шаруашылығын міндетті түрде мырзаларымен бірге көшіп жүру керек болды.
ХҮІ ғасырда орыс мемлекеті мен экономикалық сауда – экономикалық және саяси байланысты Ноғай Ордасы орнатты. Казан және Астрахан хандықтары Ресейге қосылуына байланысты, ноғайлықтарды басқарушылардың өзара тартыс талас нәтижесінде Ноғай Ордасы құлап, бірнеше ұсақ дербес ордаларға бөлінеді.
|