Ќанипа Бітібаева



бет107/141
Дата18.09.2022
өлшемі3.38 Mb.
#460906
түріОқулық
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   141
адеб окыт адис техн

Сұрақтар мен тапсырмалар:
а) Қалай ойлайсындар, сенше жазушы өмірінін ең маңызды кезеңі
қай жылдар? Пікірінді дәлелде (не себепті маңызды деп есептейсің?)
ә) Қай жылдар ең өнімді, жемісті жылдар болған?
б) Кестеге карай отырып, жазушы шығармашылығына елдегі тарихи-әлеуметтік жағдайлардың калай әсер еткені туралы өз ойынды айт.
в) Жазушының ең өнімді еңбегі, шығармалары қандай тарихи оқиғаларға, қай жылдарға байланысты жазылған екен?
Міне, осындай сұрактар арқылы оқушылар кесте бойынша жұмыс істейді, өз пікірлерін ортаға салады. Тіпті, бұл хронологиялық кесте арқылы жаңа сабақтан соң мұғалім оқушы біліміне есеп те жүргізе алады. Ол үшін кестені арнайы беттерге жазып (сурет сабағына арналған беттерге), әр баланың алдына таратады, үш-төрт минут ішінде балалар мұғалімнің берген сұрақтарына байланысты тапсырмалар орындайды, яғни белгі соғып отырады. Мысалы, жоғары-дағы сұрақтардың жауабы ретінде шығарманың тұсына, не жылдардың тұсына белгі соғады. Бетті келесі жылдары да пайдалану үшін, белгі қарындашпен қойылады немесе кішкене жалаушалар кадалады.
5. Ақын-жазушылардың өмірін оқыту барысында оның жеке басы, шығармаларына балалар назарын аударып, қызыктыру, белсенділіктерін арттыру мақсатында ол туралы пікірлер, тамаша ойлар, бағалар жазылған кесте-плакат әзірлеп, пайдаланудың тиімділігі зор.
Үлгі:
«Сағынады Мұқаңды сыздап жүрек» Мұқағали Мақатаев



Мұқағали портреті



«Ғажайып даналықтың бір көзі - Мұқағали поэзиясының дәуірі басталды».
(Ә. Тәжібаев.)
Өлең үшін туған ақын тұлпар боп,
Өлең үшін жанып кетті сенер ме ең?
(А. Әбдіқалов. )
«Жұмыр жердің қай түкпіріне барсақ та, Мұкағали алдымыздан шығатын болады».
(О. Асқар.)

Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,


Өлтіре алмас өлеңді алайда ешкім...» (М.Мақатаев.)

«Сенің жырың жаралған Гималайдың


Төбесіне ойнаған найзағайдан»
(Т.Молдағалиев)


Мұқағали мөлдірліктен, тазалықтан, биік адамгершіліктен тұратын еді».
(Л. Әзімжанқызы.)
Мұқағали поэзиясын талдау барысында осы көрнекілікті нәтижелі пайдалануға болады. Ең алдымен, ақын туралы пікір, бағаларды оқып беріп, әр пікірдің негізіндегі шындыққа тоқталып, оны дәлелдеуге еңбектендіру керек. Мысалы, окушыларға Т.Молдағалиевтың өлең жолдарынанан алынгған (Мұқағалиға арналған) өлең үзіндісі бойынша сұрақ қойып, іздендіріп, өз пікірлерін, ойларын ортаға салғызуға болады. Әсіресе, бұл жұмысты ақын шығармашылығы туралы түсінік, талдау берілгеннен кейін жүргізген дұрыс. «Балалар, Мұқағали туралы Тұманбай ағаларыңның пікірі, бағасы туралы не айтар едіңдер? Оның жырлары, шынында, «Гималай төбесінде ойнаған найзағайдай ма?» Немен дәлелдер едің? Немесе Әбділдә ақын: «Бізде енді Мұқағали поэзия-сының дәуірі басталды», - дейді. «Осы пікірге қосыласың ба? Қалай ойлайсың, сонда Мұқағалиға дейін қазақта поэзия болмаған ба?» дейтін проблемалық сүхбаттағы сұрақтар оқушыны еріксіз ойландырады, пікірталасқа жетелейді. Бұдан шығатын қорытынды: жасалатын осындай жалпы графикалық көрнекіліктер мазмұн, тақырыпты ашуға көмек жасайтындай, оқушыларды ойлы, маңызды еңбекке жұмылдыра алатындай, әрі терең біліммен қаруландыратындай дәрежеде жасалынуы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   141




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет