Ќанипа Бітібаева



бет104/141
Дата18.09.2022
өлшемі3.38 Mb.
#460906
түріОқулық
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   141
адеб окыт адис техн

Көрнекілік түрлері

  1. Көркем суретті.

  1. Графикалық материалдар, үнтаспа жазулары, күйтабақтар, радио-телехабарлар, оқу фильмдері, кино-фрагменттер, телесабақтар. Бүлардың өзін есту, көру процестеріне
    байланысты бірнеше түрге жіктеуге болады:

а) Көруге негізделген көрнекіліктерге: иллюстрациялар,бейнелеу өнерінін туындылары, мүсін, сәулет өнерінің шығармалары, графикалық материалдар (сызба, кесте-плакат, т. б.), портрет, фотосуреттер, макеттер, альбомдар, т. б.жатады.
ә) Естуге негізделген көрнекіліктерге: ақын-жазушылар даусы, шығармалары жазылған күйтабақтар, не олар туралы үнтаспаға жазылған естеліктер, музыка туындылары, ертегі, батырлар жыры, әңгіме, өлеңдер, артистер оқуындағы басқа да шығармалардың түрлері жатады.
б) Көру, есту көрнекіліктерінің екеуіне де жататын кино, телехабарлар, оқу фильмдері де көрнекіліктердің маңызды бір саласы.
Көрнекіліктерді пайдаланудың тиімді жолдары, әдіс-тәсілдері
Әдебиет сабағында көбіне көруге негізделген көрнекіліктер жиі пайдаланылады. Әсіресе, жазушы портреті, фото-суреттері, шығармалары бойынша жасалған иллюстрациялар, бейнелеу өнерінің, сәулет, мүсін өнерінің туындылары, т.с.с. Сондай-ақ сызба, карта, кесте-плакат, синхронды кестелер, диапозитив, диафильмдер де осы көрнекіліктер тобын құрап, әдебиетті оқытуда үлкен рөл атқарады. Қазақ әдебиетін окытуда дайын көрнекіліктер өте тапшы, сол себептен оны мұгалімдердің өзі жасауына тура келеді.
1. Суреткердің шыққан тегі, ата-бабасы көрсетілген кесте-сызба (әсіресе, бүгінгі таңда «жеті атаңды білу - парыз, жеті атасын білмеген - жетесіз» деп жатқанда) ерекше маңызды, кажетті көрнекіліктер тобына жатады. Мұғалім өзі калаған ақын-жазушыларға осындай кесте-сызба жасайды. Сондай-ақ мұндай кесте-сызбаны акын, не жазушының білім алған орталары, өз ұрпақтары, шығармала-рының тараған жерлері, саяхаттарын, өмірінде аса маңызды із қалдырған мекендерімен толықтырып, суреткер өмірін түтастай қамтитын көрнекілікке айналдыруға болады. Хронологиялық кесте жасап, суреткер өмірінің басты-басты кезендерін оқушының көз алдына келтіріп қою да тиімді.
2. Кесте-сызбаның ең бір тиімді түрі - суреткер шығармашылығының негізгі, түйінді мәселелері бойынша жасалынатын «Нені міндетті түрде білу керек?» деген көмек-нұсқау кернекілігі. Мысалы, Ыбырай Алтынсаринге былайша кесте-плакат жасауға болады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   141




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет