Ќанипа Бітібаева


ИНСЦЕНИРОВКА, КИНОСЦЕНАРИЙЛЕР



бет12/141
Дата18.09.2022
өлшемі3.38 Mb.
#460906
түріОқулық
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   141
адеб окыт адис техн

ИНСЦЕНИРОВКА, КИНОСЦЕНАРИЙЛЕР ҚҰРАСТЫРУ
Киносценарий, инсценировкалар құрастырту - әдеби талдаудың тиімді тәсілдерінің бірі. Бұл жұмыстар оқушылардың көркем мәтінді терең, әрі шығармашылық жолмен түсінуіне игі ықпалын тигізеді. Сонымен қатар кино, сахна өнерлеріне деген қызығушылығын да арттырады. Оны төменгі және жоғары сыныптарда да орындатуға болады. Сынып ерекшелігіне байланысты орындалатын жұмыс мазмұны да түрлі дәрежеде болып келеді. Мысалы, 5-сыныпта М.Шахановтың «Отырар дастаны» бойынша киносценарий де, инсценировка да құрастыруға болады. Төменгі сыныптарда мұғалім ондай жұмыстарды қалай орындаудың үлгісін өзі көрсетеді. Тіпті бір кинодан үзінді көрсетіп жіберудің маңызы зор. Киносценарий, инсценировкалар жасату сондай-ақ көркем мәтінді ыждаһатпен, оймен оқуға, көркем мәтінді көз алдына келтіріп, бейнелі түрде қабылдауларына да әсерін тигізеді. Киносценарий құрастыру үшін, бір оқиға, бір көріністі ғана таңдап алуға болады (шағын шығармаларды тұтастай алуға да болады.) Мысалы, «Отырар дастаны» бойынша төмендегідей киносценарий жасауға болады:
көрініс: Отырардағы соғыс. Қамал жаумен қоршалған. Жау өрмелеп қамалға шықпақшы болады.
Бірақ төбеден жауған тас, лақтырған әр түрлі заттар бет қаратпайды. Қамалды әрбір тұсынан өртеп қойған. «Беріліңдер!», - деген сөз жиі естіледі, Азалы саз үні.
II көрініс: Хан сарайы. Алтын тақ үстінде асқақтай отырған Шыңғыс хан. Қабағы қатулы, қолы қылышында. Айналасындағы нөкерлер басын төмен иіп тұр. Ұлы Шағатай екпіндей кіріп, хан алдына сылқ етіп отыра кетеді.
Ш ы ң ғ ы с:
- Даңкың қайда төске өрлеген?
Екі жүз мың әскерменен, алты ай бойы кіп-кішкентай
Отырарды ала алмау,
Алты ай бойы Отырардың осал тұсын таба алмау -
Ойы - дауыл,
Сезімі - аспан,
Тек жеңіспен көзін ашқан
Менің алғыр ұрпағымның сүйегіне зор таңба.
Намысыма сызат түсті мына сенің арқаңда, - деп, -
Шыңғыс хан Шағатайға оқты көзін қадады.
Шағатай:
- Осы өкініш мені де өртеп барады,
Отырардың бақытына орнаған
Болар, бәлкім,
Алдырмай тұр зор қамал.
Бірақ, әке, жүргенім жоқ аянып,
Қанша үмітім желге ұшты,
Қанша әскерім жер құшты.
Дала жатыр қызыл қанға боялып.
Егер бүкпей баяндасам шындықты,
Рухы - өр, Тәні – бекем
Бұл бір қайсар халық екен
Тірліктен де артық қойған бірлікті!
Ш ы ң ғ ы с:
- Шалалаусың,
...Қай кезде де айла кескен нарықты
Жақын барып үңілместен жауыңа,
Шығам деме, ұлым, жеңіс тауына,
Адам аз ба күшке сеніп адасқан?
Жауың мықты,
Бұған, сірә, таласпан.
Әр мықтының осал жері болмай ма?
Болса қайсы?
Оған бастар жол қайда?
Ал бұл сұрақ бар кезде сенің жүру керек басыңда,
Менің күллі жеңісімнің құпиясы осында.
Көңілінен күрт серпіліп наласы,
-Ұқтым, әке! - деп жымиды баласы.

  1. көрініс Жасырын қақпа ашылады. Жау қамалға
    лап қояды. Қара жамылған сатқын бетін бүркеп, шегі-
    не береді. Жаудың масайраған даусы. Қамалдағылардың
    қарғысы. У- шу..,



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   141




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет