ӘДЕБИ ТАЛДАУДЫҢ НЕГІЗГІ ТӘСІЛДЕРІ МЕН БАҒЫТТАРЫ
1. Көркем туындыдағы жазушы ойы, идеясына көз жүгірту. Тарихи, әлеуметтік жағдайлар, болған оқиғалардың қоғамдық, саяси сипаттары туралы сипаттары туралы түсінікберу (көркем туындыда сөз етілген), әдеби талдау үшін, ең алдымен, сол көркем туындыда жазылған, баяндалған оқиғалардың тарихи негізіне ерекше назар ауару керек. Сондай-ақ суреткер осы шығармасын не себепті, қандай жағдайларғабайланысты жазған, оны жазуға не итермелеген, сол туралы оқушыға мол мағлұмат беруді мақсат ету керек. Мысалы, Абайдың көп өлеңдерін,соның ішіндегі «Қалың елім, қазағым» өлеңін жазуға әсер етекен, мәжбүр еткен ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ қауымының, қоғамының әлеуметтік жайы болған. Немесе Бұқар жырау толғауларының бәрі өз заманының тарихи айнасындай. Оның толғауларын сол өз заманындағы тарихи-әлеуметтік оқиғалар туғызған. Ел бірлігі, достық, Отан қорғау тақырыбы Бұқараға аспаннан түспеген. Шығарманың жазылу тарихы, оның негізінде жатқан тарихи-қоғамдық мәселелерді түсңндіру сол шығарма, туынды астарында жатқан суреткер ойын, мақсатын ашуға бастар бірден-бір жол.
Тағы бір тәсіл – сол туынды туралы ғылыми еңбектер, мақалалардан үзінділер оқып, түсінік беру. Мысалы, Махамбет Өтемісұлы шығармаларын, не оның Исатай туралы өлеңдерін талдау алдында сол кездегі тарихи жағдайлар, көтерілістің шығу себебі, оның ұлт-азаттық сипаты, Исатай туралы тарихи деркетерден тұжырымды түрде түсінік беріп, Махамбеттің осы өлеңдері туралы әдебиетшілер пікірін (мысалы, Қ.Жұмалиев, т.с.с.) айта кетудің маңызы зор. Бұл – тиімді тәсіл. Кейінгі кезде интеграциялық сабақтар тәжірибеде көп қолданылуда. Мысалы, осы мәселе туралы тарих пәні мұғалімімен дуэт-сабақ өткізуге болады.
Көркем туынды компазициясын талдау тәсіліне бас кейіпкердің іс-әрекетін салыстыру, негізгі оқиғаларды сұрыптау; портрет, суреттеулердің көркем туындыдағы орнына тоқталу жатады. Мысалы, «Қорғансыздың күні» (М. Әуезов) әңгімесінің басында жолаушылар суреттеледі. Әсіресе, ақын портреті оның нәпсіқұмар жан екенін аңғартады, әңгімеегі негізі сұмдық оқиғаларды осы портреттеу алдын ала болжатқандай болды. Боранның соға бастауы да көп нәрсені аңғартады. Табиғаттың дүлей бораны мен адам жуыздығы қатар қойылады. Боран ызғары оқырманға бір сұмдықтың болатынын алдын ала сездіреді.
Жазушы стиліне талдау жасаудың маңызы сол, ол туынды негізінде жатқан авторлық көзқарас, идеяны ашуға көмек жасайды. Жазушы стилі дегенде, ең алдымен, оның көркем тілі, поэтикалық бейнелер жасауы («кәрі құда», немесе «сұр бұлт», т.б.), жалпы халық тілін меңгеруі, сол арқылы әдеби тіл жасауын айтуға болады. Мысалы, Абай «Аттың сынында» халықтың күнделікті сөйлеу тілінде бар «шоқпар» сөзімен «шоқпардай» деген теңеу жасаған, әрі бұл теңеу жүйрікат сынын сүйреттеуде өзіндік орын алып тұр. Немесе қысты «кәрі құда» деп алып, тамаша метафора жасаған. Ашулы ұысты «кәрі құдаға» балап сипаттауқлеңдегі ақын ойын айшықтап көрсетіп тұр. «Болыс болдым, мінеки» өлеңінде Абай «бұрқырап», «тарқылдап», аңғылдап», «ш»апқылап»деген көсмшелерді ерекшекөп пайдаланады. Бұлар арқылы болыстың жексұрын бейнесін суреттейді. Солар арқылы көз алдымызға қорқақ «бас изеймін шыбындап), мақтаншақ, (мақтанамын кісімсіп), екі жүзді, (қайраттансып, қамқорсып), аяр (тарқылдап, қарқылдап) болысты келтіреміз.
Жазушы стиліне талдау жолдары әр алуан. Төменгі сыныптарда оны ойын элементі бар сабақтар арқылы өткізуге болады. Мысалы, «Күз» сипатындағы эпитеттердің сионимін табуға әрекеттендіру, т.б. Ал жоғарғы сыныптарда салыстыру, зерттеу, іздендіру бағытындағы тапсырмалар арқылы жүзеге асыру тиімді. Айталық, Ілис Жансүіровтың поэтикалық тілін талдау барысында «Құлагердегі» Көкше суреті мен Сәкендегі Көкше суретін, Қасым Аманжолов «Көкшесін» салыстыру арқылы бірнеше жұмыстар атқаруға болады. Сондай-ақ кейіпкер тілін, авторлық баяндаулар ерекшелігін, жалпы суреткердің жазу мәнерін талдау әдеби талдаудың маңызды бір жағы екенін естен шығармаған жөн. Мысалы, С.Көбеевтің «Қалың мал» романы бойынша мына үлгідегі жұмыстар жүргізуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |