V көрініс. Қайыр ханды жаулар дарға әкеле жатады. Ол Отырарға ұзақ қарап, көзіне жас толып, елімен, жерімен қоштасып тұрады.
Киносценарийлер мына үлгіде жасалады:
Оқиға орны
|
Көріністер
|
Музыка
|
|
|
|
Инсценировкалар да негізгі бір оқиға айналасында құрастырылады. Ол үшін оның эпизодтары назарға алынады. Өздері кұрастырған инсценировкалар мәтіні бойынша оқушылар оны сахнаға әзірлейді, кейде инсценировкалы сабақтар өтеді. Инсценировкада да кейіпкер сөздеріне ерекше көңіл бөлінеді. Ең маңыздысы, шығармада ерекше орын алатындарын теріп алуға болады.
Әдебиет - өнер пәні. Сондықтан да оны көркемөнердің басқа да салаларымен байланыстыра, салыстыра өтудің маңызы ерекше зор. Мысалы, (әдеби мәтіндерді олардың басқа туындыларымен салыстыру), табиғат лирикаларын өтуде жыл мезгілдерін бейнелейтін бейнелеу өнерінің туындыларына жүгіну, ән тыңдаудың тиімділігі ерекше. Мәселен, Левитанның «Күзі» - әлемдік туынды. Көз алдыңа сурет емес, күздің жанды көрінісі қаз-қалпында келе қалады. Оны көріп отырған оқушы өзі білетін күздерін еске түсіреді. Енді ақын суреттеген «Күзді» тыңдай отырып, ойша салыстырады, ұқсастық тапқысы келеді, әрі саз арқылы жасалған күз бен суреттегі бояулар аркылы жасалған күз көз алдарында қатар тұрады. Бұл әдіс те оқушының көркем туындыны қабылдауына, түсінуіне, әрі одан эстетикалық ләззат алуына зор ықпалын тигізеді.
Талдауда мұғалім өнердің осы екі туындысын салыстырады, ол туралы оқушы қабылдауына, эмоциясына, түсінігіне ден қояды. Қай күз (суреттегі ме, әлде өлеңдегі ме) оқушыға жақын, қайсысы күздің бейнесін айқын, дәл суреттеген деген сияқты іздендіргіш сұрақтар ойландырып қана қоймайды, талдауға да жетелеп әкеледі. Әдебиет сабағында музыканың да (күйдің, әннің) орны ерекше. Мысалы, Қ.Аманжоловтың «Туған жер» өлеңін талдау барысында әнін тыңдатып, «Ән сазы өлең негізіндегі ойға, өлең идеясына, ондағы сөздерге үндес келе ме?» немесе Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» өлеңін талдау барысында оның әнін тыңдатып: «Қалай ойлайсыңдар, осы ән - өлеңдегі сұлу табиғат көрінісі бір-біріне асыққан аппақ махаббатты, аппақ айды, тіршілік пен табиғат арасындағы осынау бір ғажап үндестікті (гармонияны) ашып бере ала ма?» деген сияқты сұрақтар қоя отырып, салыстыру арқылы өлең негізіндегі ойға, ақынның поэтикалық тілі мен стиліне бағдар жасауға болады.
Көркем мәтінді күйтабақтардан тыңдау, драмалық шығармаларды сахнадан, не кинодан көру (кинодан басқа да шығармаларды көруге болады. Мысалы, «Көксерек», «Қараш-Қараш», «Қозы Көрпеш - Баян сұлу»), көркем шығармалар негізінде жасалынған суреттерді тамашалау -бәрі де тиімді, орынды пайдаланғанда, сөз жоқ, оқушылар-ды сөз өнерін түсінуге, әрі оны талдай білуге жетелейді. Сонымен көркем мәтінді талдау әдіс-тәсілдерін мектеп тәжірибесінде үлкен екі топқа бөлуге болады:
1. Автор идеясын, нысанасын әдебиеттану ғылымының талаптарына сай талдау әдіс-тәсілдері;
2. Талдауға оқырманды қатыстырып, белсенділігін арттыру бағытындағы әдіс-тәсілдер, яғни мектептегі әдеби талдаудың арнаулы әдіс-тәсілдері.
Достарыңызбен бөлісу: |