Ќанипа Бітібаева


КӨРКЕМ ШЫҒАРМАЛАРДЫ ОҚЫП-ҮЙРЕНҮДІҢ



бет8/141
Дата18.09.2022
өлшемі3.38 Mb.
#460906
түріОқулық
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   141
адеб окыт адис техн

КӨРКЕМ ШЫҒАРМАЛАРДЫ ОҚЫП-ҮЙРЕНҮДІҢ
ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ

Көркем мәтінді талдау шығармашылық жұмыстарды талап етеді. Қай көркем шығарманы оқыса да, оқушылардың ол туралы өзіндік әсері, піірі туындайды. Біреуге қатты ұнаған шығарма екіншісіне қатты ұнамауы мүмкін. Оқушы көркем туындыны өз дүниетанымы, сезімі, білім дәрежесіне байлансыты қабылдайды. Әдеби талдаудың басты мақсаты – оқушылардың өзіндік қабылдауларын, пікірін - әдебиеттану ғылымының талабына сай ғылыми арнаға бағыттау болып табылады. Көпшілік ұстаздар талдамас бұрын, оқушылармен сол туынды жайында арнулы әңгіме, пікірлесу өткізеді, тіпті шағын әдеби айтысқа да жетелейді. Оның тимділігі сол, мұғалім оқушының көркем туындыны қалай қабылдағанын аңғарады, талдауда қадай мәселелерге назар аудару керек, соған бағыт-бағдар алады. Ең басты мәселе, оқушыларды өз беттерімен талдауға жетелейді, тілін дамытады, көркем шығарманы өабылдай білу, әрі оған пікір айта білу дағдыларын қалыптастырады. Оқушылармен пікірлеспей, алдына ала олардың көркем туынды туралы (талданатын) ойлары, сезімдерін білмей, ескермей талдау жасау балаларды жаттандыққа, мұғалім мен оқулық пікірлерін қайталап айтушылыққа ұрындырады. Әдебиетші мұғалім алдындағы оқушыға оқырман деп қарап, оны оқырман ретінде тәрбиелеуі керек. Әр бала – жеке тұлға. Ол – психологиялық жағынан болсын, дүниетанымы, білім жағынан болсын, бір-біріне ұқсамайтын жеке адам. Талдау, ең алдымен, міне,сол «жеке адамның» жеке пікіріне де сүйене жүргізілуі тиіс. Әдебиеттану ғылымы әдеби талдауда ең басты мына мәселелерге көңіл аудартады (ғылыми талдаудың негізгі принциптері мынадай):


а) Көркем туындыдағы авторлық көзқарас.
в) Көркем туындыдағы мазмұн мен форма бірлігі.
б) Суреткердің көркем тәсілі, дүниетанымы, көзқарасы, олрадың арасндағы байланысты ашу.
Әдеби талдауда осы принциптерді басшылыққа алу оқылып жатқан көркем туынды туралы, оның авторы туралы үстірт пікірлер мен жалған бағалардан сақтандырады. Әдеби талдаудың қай дәрежеде болуы мұғалімнің талдау әдіс-тәсілдерін қалай меңгергеніне де байланысыты. Әрине, сөз жоқ, мұғалімнің терең әдеби білімі, кең ой-өрісі, көркем туындыны объективті түррде бар бітім-болмысымен қабылдай білу де талдауға әсер етеді. Талдауда, композиция, сюжет, жазушы стилі, көркем туынды негізінде жатқан идея, оның көтерген мәселесі ерекше назарға алынады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   141




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет