Ќанипа Бітібаева



бет22/141
Дата18.09.2022
өлшемі3.38 Mb.
#460906
түріОқулық
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   141
адеб окыт адис техн

П тарау. ӘДЕБИ ШЫҒАРМАЛАРДЫ, КӨРКЕМ МӘТІНДІ ОҚЫТУ, ТАЛДАУ ЖОЛДАРЫ
КӨРКЕМ МӘТІНДІ ОҚУ ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ
Мектепте әдебиетті оқытудың күре тамыры көркем мәтінді оқу мен талдау жұмысы. Көркем мәтінді оқыту, оны талдауға баулу - әдебиет мұғалімінің де ең негізгі қызметі, мақсаты. Оқу мен талдау - бір ананың егіз баласындай, жанды бір организмдей туыстас, әрі бірліктегі мәселе. Көркем мәтінді талдау оны оқусыз жүзеге аспайды. Оқу әр оқушының өз еңбегіне, оны қабылдай білу, түсіне білуіне, яғни, әр баланың қабілеті, дарыны, ой-өрісіне байланысты жүреді. Көркем туындыны кім калай қабылдайды, ол туралы қандай пікірде болады - ол әр оқушының өзіне байланысты жүзеге асады.
Әдебиет пәні мұғалімінің әдебиетті оқыту әдісінің ең қайнар бұлағы - осы көркем туындыны оқуға деген оқушы ынтасы, қызығушылығын арттыру, әрі оқырман тәрбиелеу. Оның ең бір тиімді жолы - үнемі оқушы пікірін, ойын тыңдау, онымен есептесіп отыру, жаңа өтілетін тақырыпты сол сабақ үстінде ғана хабарлап, таныстыру емес, алдын ала жүйелі сабақтар, тапсырмалар бере отырып, оқыту Бүл тапсырма төменгі сыныптан, яғни 5-сыныптан басталып жүйелі жүріп отыруы керек. Мысалы, 5-сыныпта Абайдың «Күзін» сыныпта талдап, оқу алдында оны үйден оқып келу тапсырма алады. Лирикалық шығармаларды оқу, қабылдау әрі ол туралы пікірін, ойын айту - аса күрделі мәселе (әсіресе, төменгі сынып оқушылары үшін). Жалпы бұл жерде айта кететін жағдай - қай шығарма болсын, мұғалім бар баланың ол туралы ойын біліп үлгере алмайды. Сондай-ақ бар бала да өзі оқыған туынды туралы сезімі, әсерін сол қалпында жеткізеді деу де қиын дүние. «Күз» өлеңін өз бетімен оқу үшін, мынадай көмек-нұсқау үлестірмесін ұсынуға болады (сабаққа дейінгі тапсырмалар):
1. Өлеңді асықпай, әр сөзіне назар аудара отырып, оқып
шық, бірнеше рет оқысаң, тіпті жақсы.

  1. Күз суреті берілетін сөздерге назар аудар.

  2. «Күздегі» адамдар іс-әрекеті, әсіресе, кедейлер тірлігін

еске сақта.
4. Өлеңді оқи отырып, кандай көңіл күйде болғаныңды айтып беруге тырыс.
Көркем шығарманы талдау сынып ұжымының қатысуы арқылы жүргізіледі. Талдауда мұғалім көпшілік балалардың пікірімен, ойымен танысуға мүмкіндік алады. Әрі бұл жұмыста мұғалімнің басшылық - «көсемдік» орны да ерекше. Оқу баланың тікелей өз еңбегі, өз ісімен жүзеге асса, талдау мұғалім арқылы, оның ұйымдастыруы, ойластыруы арқылы іске асады. Талдауда оқушының жеке жұмысы ұжымдық жұмыспен үндеседі, байланысады да, бір мақсатты көздейді. Ол қандай мақсат? Біріншіден, оқушының көркем туындыны қабылдауы, әсері, эмоциясын танып-білу, оларды дамыту мақсаты. Екіншіден, көркем шығармаға деген эстетикалық көзқарасын қалыптастыру, көркем туындыны өнер туындысы ретінде түсінуіне әсер ету.
Үшіншіден, талдау арқылы оқушының танымын, қабілетін, қорыта айтқанда, оның ойлау белсенділігін, бүкіл іс-әрекетін дамыту. Сондай-ақ ең басты мақсат - көркем туындыны талдау жолдарын меңгерту, көркемдік-эстетикалық ерекшелігі, оның көтерген тақырыбы, образды жүйесін, т. б. бірлікте, кешенді түрде қарастыра отырып, талдауға баулу.
Талдау кезінде мұғалім оқушылардың сол көркем туынды туралы сезіміне, жүрек лүпіліне, ойына біршама ене алады. Ол үшін қойылатын сұрақ, тапсырма мазмұны нақты, әрі басты мақсатты ашатындай берілуі тиіс. ХІ сынып талдау арқылы оқушы қабылдауын, пікірін ашудың бір жолы -жазбаша жұмыстар жүргізу. Соның ішінде шығарма-талдау, шығарма-сырласу, шығарма-пікірлердің маңызы зор. Мысалы, М.Мағауиннің «Бір атаның балалары» атты еңбегін оқып болған соң, шағын ғана шығарма-толғаныс жаздыруға болады (талдауға дейін). «Маған Ертай мен Нартайдың қазасы қалай әсер етті?» немесе «Балалар қазасы. Ол туралы ойлансаң...» т.с.с.
Оқушы жазушы шығармасын тілге тиек ете отырып, талдауды осыдан бастауына болады. Мүғалім әр баланың сезіміне бойлай отырып, сол сезімдер арқылы, оқушының қабылдауы арқылы оларды әдеби талдауға жұмылдырады, талдау белсенділігіне ықпал жасайды.Осыдан шығатын қорытынды: әдеби талдауды мұғалім ең алдымен үйлесімді ұйымдастырғаны жөн. Жоғарыда сөз болған «Күз» өлеңіне әдеби талдауды мынадай сұрақтармен жүргізуге болады:

  1. «Күз» суреттері неге өздерің айтып жатқандай, «түсі суық сұр бұлт», «дымқыл тұман...» «жапырағынан айырылған қурайлар» арқылы беріледі?

  2. Қалай ойлайсың, «Күзді» сипаттау үшін, кедей өміріне үшін суреттелінген?

3. Өлең неге жабырқаңқы көңіл күймен, ақынның көңілсіз үнімен жазылған? Осы арқылы өлеңдегі ақын мақсатын, ойын ашып бере аласың ба?
Кей жағдайларда оқушы әсері, сезім-күйін байқау сұрақтары мен талдау сұрақтары ұштастырылып беріледі (жоғарыда екеуінің бөлек құрастырылған үлгісі берілді). Бірақ мақсат - біреу. Екі сұрақ бір-бірінен туындап, бір-бірін толықтырып отыр. Оқытудың ілеспелі (последовательность), жүйелік принциптері әдеби шығармаларды оқу, талдауда ерекше орын алады. Мысал ретінде 5-сыныптағы Ә.Сәрсенбаевтың «Алтын күз» өлеңін талдау, сұрақ-тапсырмаларының үлгісін берейік (оқушы сезімін байқау, әрі талдау мәселелері бірге қарастырылып отыр).
1. Күзді сипаттайтын бейнелі сөздер, сөз тіркестеріне назар аударыңдар. Абайдың «Күз» өлеңіндегі бейнелі сөздері мен Әбу ақынның күзді суреттейтін сөздерін мына үлгіде теріп жазыңдар:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   141




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет