Ќанипа Бітібаева


АВТОР ІЗІМЕН ТАЛДАУ, ОНЫҢ НЕГІЗГІ МА



бет25/141
Дата18.09.2022
өлшемі3.38 Mb.
#460906
түріОқулық
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   141
адеб окыт адис техн

АВТОР ІЗІМЕН ТАЛДАУ, ОНЫҢ НЕГІЗГІ МАҚСАТТАРЫ
Бұл талдауда мұғалім көркем шығарма сюжеті, эпизодтары, автордың негізгі ойы, мазмұн мен форма жүйесін сақтай отырып, талдауға ерекше назар аударады. Бірақ еске алатын бір мәселе, талдаудың бұл түрін түсіндірмелі оқуға айналдырып жіберуге болмайды. Мұғалім оқушыларын кейіпкер іс-әрекеті арқылы мінездеме жасатуға, оқиғалар арқылы шығарманың негізгі проблемаларын аңдатуға алып келуі керек.
5-7-сыныптар оқушылары көркем туындынын ең қызықты, ең шиеленісті оқиғаларына ерекше назар аударады. Автордың идеясына, шығармадағы көтерген негізгі мәселеге зер сала қоймайды, өйткені бұл жастағы оқушыларда оқиға қуалаушылық басым. Автор ізімен талдау бұл сыныптарда өте тиімді. Себебі, балалар көркем туындының мазмұнымен таныса отырып, мұғалім көмегімен оның көтерген мәселесіне, автордың көзқарасына, кейіпкерлер іс-әрекеті мен туынды көркемдігіне бойлайды. Мысалы, 7-сыныпта М.Әуезовтің «Көксерек» әңгімесі беріледі. Сөз жоқ, оқушылар ең алдымен оның оқиға желісін қызықтайды. Әсіресе, бұл әңгіме ер балаларды ерекше елең еткізеді. Оларды Құрмаш пен Көксерек арасы қатты қызықтырады. Құрмаштың өлімі толқытады. Көксерекке деген ашу-ызалары өршиді. Ал әңгіме негізіндегі авторлық көзқарас, авторлық проблематика көмескі калады. Әңгіме оқушылардың сезім күйі, эмоциясын жаулап алады да, оның негізіндегі басты мәселелер соның қалтарысында қалып кояды. Адамдар әлемі мен қасқырлар әлемі қатар алынып, адамдардың сол қасқырлардан да қатал, тағы екенін көрсету - әңгіменің басты мәселесі.Көксеректі жауыздыққа итермелеген де, Құрмашқа ауыз салдырған да сол адамдардан көрген жәбір-жапасы. Бәлкім, қасқыр інін бұзып, табиғат заңына карсы келген адам тағылығы болар...
Міне, бұл басты проблемаларды ұғыну үшін, әңгіменің алғашқы беттерін оқығаннан-ақ, балаларды оған жетелеп отыру керек. Басты оқиғаларды ашатын сұрақтармен қоса, әңгіме идеясына да бірте-бірте жақындата түсетін сұрақтардан іздеген дұрыс. Бірінші бөлімді оқып болған соң, балалармен бірге отырып, оған «Қасқырлар мекені», «Қасқырлар ойнағы», «Сорлы қозы тағдыры», немесе «Тағылар ұрпақ қамында» деген ат қойып, мұғалім енді талдауды мына сұрақтар мен тапсырмалар негізінде жүргізеді:

  • Қасқырлар тіршілігі қалай суреттелген?

  • Арлан қасқыр мен қаншық қасқыр іс-әрекетін баянда.

  • Тіршілік үшін күрес, сол жолдағы қаталдық қалай
    берілген

Шағын болса да әңгіме идеясын ашуда ерекше орын алатын екінші бөлімге де ат қою керек. Балаларға көмек беру, әрі әңгіме идеясына жақындату мақсатына мұғалім бірнеше тақырып ұсынады. Мысалы, «Адамдар ойнағы», «Адамдар тарылығы», «Табиғатқа шабуыл», т.с.с. Тақырыпты тыңдап алғаннан кейін, мынадай сұрақтар қойылады:

  • Қасқырлар ұясын адамдар неге талқандады?

  • Бөлтіріктерге істегендеріне қалай қарайсың?

  • Адамдардың іс-әрекеті дұрыс па? Өзің оны қолдайсың
    ба?

  • Бірінші бөлімдегі қасқырлар іс-әрекеті мен осы бөлімдегі
    адамдар іс-әрекетінде ұқсастық бар ма? Қайсысы қаталырақ?

Үшінші бөлімге мынадай тақырыптар ұсынылады: «Көксерек пен Құрмаш», «Көксеректің ұрлығы», «Адамдар және Көксерек», т.с.с.
Талдау сұрақтары:

- Неге Көксерек адамдар арасына үйреніп кете алмады?
Төртінші бөлімге «Арлан», «Айқас», «Ұяласымен табысу» т.с.с. ат қойылады.
Талдау сұрақтары:

  • Көксеректің Құрмаш ықыласына мойынсұнбау себебі неде деп ойлайсың?

  • Табиғатпен айқасына назар аудар.

  • Көксерек Құрмаштан гөрі ақ қасқырмен неге тез бауырласты?

  • Көксеректің ауылдан кету себебін ойла.

Бесінші бөлімге «Шабуыл», «Қараадыр еліндегі мазасыздық», «Қасқыр кашанда қасқыр», т.с.с. тақырыптар беруге болады.
Талдау сұрақтары:
- Қос қасқырдың Қараадыр еліне істеген жауыздықтарын сарапта. Әсіресе, Көксерек қаталдығы, тағылығын қалай түсіндірер едің?
- Қасқырлар іс-әрекеті, ойынына назар аудар...Табиғаттағы тағылар тіршілігі әңгімеде қалай берілген?
- Адамдар шабуылы, Көксеректің жалғыз қалуы.
Алтыншы бөлімге «Құтырған Көксерек», «Тағы да
шабуыл», «Бітіспес өшпенділік», «Жауыздық», «Құрмаштың өлімі» деген аттар қоюға болады.
Талдау сұрақтары:

  • Көксеректің ауылға үздіксіз шабуылын әңгімеле.

  • Құрмаш Көксерекке қалай тап болды?

- Мына бір сөздің мағынасын калай түсінесің: «Көксеректе қазірде бұрын ешқашан білінбеген долылық бар, жойқындық бар еді. Туғаннан бергі барлық көресі осыдан -екі аяқтыдан дегендей, жығылып, домалап жатқан балаға тап берді» (144-бет).

  • Ауыл адамдары ала алмаған Көксеректі Аққасқаның жеңу себебі не? Қалай ойлайсың, жазушы осы арқылы не айтпақ болған?

  • Өзің сонша бағып, мәпелеген Құрмашты танымай,Көксеректің жауыздық істеген себебін қалай түсіндірер едің? Жазушы ойы не?

Бұл сұрақтар әңгіме мазмұнын, әрі әңгіменің көтерген басты-басты проблемасын ашу мақсатында қойылады. Әңгіменің алғашқы бетінен-ақ жазушы көтерген мәселелерге окушылар назарын осылай аударта отырып, қорытынды пікір, қорытынды талдауды мынандай сұрақтармен жүргізуге болады:

  1. Жазушы әңгімені неге «Көксерек» деп атаған? Жазушы ойын қалай түсіндірер едің?

  2. Қалай ойлайсың, әңгіме негізіндегі басты ойды ашатын ең негізгі оқиғалар қайсы?

  3. Әңгімедегі бас кейіпкерлер кімдер? Құрмаш па, ауыл адамдары ма? Әлде Көксерек, Аққасқалар ма?

4. Көксеректі жауыздыққа, соншама өшпенділікке баулыған нәрсе не? Әлде табиғаттың қатаң заңы, қасқырлар әлемінің тіршілік заңы солай ма?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   141




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет