Ќанипа Бітібаева



бет21/141
Дата18.09.2022
өлшемі3.38 Mb.
#460906
түріОқулық
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   141
адеб окыт адис техн

Пікірлесу сұрақтары:

  1. Қай ананың іс-әрекеті сені қатты толқытты?

  2. Қайсысының іс-әрекеті әрі ауыр, әрі әділ?

  3. Қай анаға бас иесің? пікіріңді мәтіннен үзінді ала
    отырып, дәлелді түрде білдір.

  4. Екі әңгімедегі автор идеясында үндестік бар ма?

  5. Соңғы әңгімедегі ана шешіміне қосыласың ба?

Бұл жұмыстар салыстыру, өз беттерімен іздендіруге, әрі оқыған шығармаларын талдай білуге жетелейді, әрі бір тақырыпқа жазылған екі әңгімедегі екі жазушының көтерген проблемасына, шешіміне ой жүгірткізе отырып, әрбір туынды негізінде жататын авторлық ой, олардың көтерер жүгі, айтар мәселесі туралы оқушыға ой тастауға, көркем туынды туралы түсінігін кеңейтуге жәрдемдеседі. Осы қорытындыда Ғ.Мүсіреповтің ана туралы әңгімелеріне берілген сыншы, әдебиет зерттеушілерінің бағасы оқылса (не жазылып қойса), ол да тиімді болар еді. Оқушылар талдау негізінде алған білімдерін ғылыми пікірлермен толықтырар еді, жазушыға, оның шығармашылығына деген қызығушылығы беки түсер еді. Жоғары сыныптарда қорытынды жұмыстар онда атқарылатын мәселелерімен күрделене түседі. Мысалы, Ғ.Мүсіреповтің «Кездеспей кеткен бір бейнесін» неге поэма деп атаймыз? Ол қарасөзбен жазылған ғой. Автор неге бұл туындысын поэма деп атаған? Әдебиет тарихында қарасөзбен жазылған шығармаларын поэма деп атағандар бар ма? - деген сияқты сұрақтар біршама ізденуді талап етеді де, әңгіме негізіндегі автордың идеясы, эстетикасы, шешімі, танымы айналасында оқушыларды қорытынды жасауға әрекеттендіреді. М.Әуезовтің драмаларын, соның ішінде «Қарагөз», «Еңлік - Кебегін» қорытындылау кезінде мұғалім қосымша материалдарды пайдаланады. Мысалы, Т.Жұртбаевтың «Бесігіңді түзе» атты портрет-эссесіндегі бұл шығармалардың тарихи негізі туралы жазғандарын, жазылу тарихын сөз ету, «Еңлік - Кебек» туралы 10-сыныпта өтіп кеткен Шәкәрім дастанын, «Абай жолы» эпопеясының «Абай аға» бөлімі бойынша жастарды мола басына алып барып, Абайдың «Еңлік - Кебек» тарихын сөз етуін (осы жерді эпопеядан оқу керек) осы қорытынды сабақта пайдаланудың маңызы зор. Мынандай топтық жұмыстар беріледі (алдын ала берілетін тапсырмалар).
I топ:
1. С.Ордалиев, Р.Нұрғалиевтің («Трагедия табиғаты») М.Әуезов драмалары туралы, соның ішінде «Еңлік - Кебек», «Қарагөзі» туралы пікірлерін жинақтап, сол бойынша мынандай жұмыс орындаңдар:
а) Кімнің пікірі өзіңе жақын? Не себепті жақын, соны дәлелде?
ә)Бір тақырыпқа жазылған екі туындының үндестігі, басты айырмашылығы, автор шешімі туралы сыншылар қандай пікір айтады? Сол бойынша өз ойларыңды, пікірлеріңді жинақтаңдар.
б) Трагедия жанры туралы әдеби-теориялық ұғым оларда қалай берілген?
в) Сабақтан өз беттеріңмен осы тапсырмаға қайта оралып, оқулықта не айтады, мұғалім түсінігіне дейді, оларды сыншылар пікірлерімен салыстырыңдар да, өз беттеріңмен қорытынды жасаңдар (кім қандай мәселеге тоқталады, сеніңше қайсысының пікірі тереңірек).
П топ:
Т.Жұртбаевтың «Бесігіңді түзе» атты портрет-эссесі бойынша М.Әуезов трагедияларының тарихи негізі туралы сөз қозғау.
а) Тарихи оқиғалар сол қалпында алынған ба? Әлде
қандай мәселелерге ғана назар аударылған? ә) Автор қиялынан туған бейнелер, окиғалар бар ма? Олардың негізіндегі автор ойы, идеясы туралы қандай болжам айтар едің?
б) Тарихи шындықты жазушы көркем шындыққа қалай
жеткізген?
Ш топ:
«Еңлік - Кебек» трагедиясын Шәкәрімнің «Еңлік - Кебек» дастаны мен М.Әуезовтің «Абай жолындағы» бұл оқиғалар туралы жастарға айтқан Абай әңгімесімен салыстыру.
а) Ортақ ұқсастықты табу.
ә) Өзіндік ерекшеліктері туралы сөз қозғау.
б) Қайсысы тарихи шындыққа жақын? Оның себебін дәлелдеу (болжам жасау).
Жоғары сыныптарда осындай жұмыстар арқылы қорытынды сабақ өткізудің тиімділігі неде?

  1. Оқушылар оқып кеткен шығармасына қайта үңіледі, оған басқа мақсат, басқа көзқараспен қарай бастайды.

  2. Өз беттерімен іздену жұмысына кіріседі, проблемаларды шешуге бұрынғы білімдерін, икем-дағдыларын жұмылдырады, оны жаңа біліммен ұштастырады.
    Жаңа білімдерін проблемаларды шешуге жұмсайды.

  3. Мұғалім оқушылардың алған білімдерін жаңа, тың мәселелер кетере отырып, толықтырады, байытады, әрі сол білімді өз ізденісі, шығармашылық жұмысы
    арқылы алуды ұйымдастырады.

  4. Оқушылардың икем-дағдысы, іскерлігін арттыру жұмыстары жүреді.

  5. Оқытудың жалғаспалық, жүйелілік, ғылымилық принципі тоғыса келіп, оқушыларға терең білім беру жүзеге асады.

Қорытынды сабақтарды қалай ұйымдастыру әр мұғалімнің ізденісі, шеберлігіне де байланысты болмақ. Көркем мәтінді талдау жұмыстарын тиімді жүргізе білу, оның тиімді әдіс-тәсілдерін іздене білу әдебиетті оқытудың ең басты мәселелерінің кілтін таба білумен пара - пар.
5. Ақынның көңіл-күйіне өзінше бағдар жасау (өлеңде қуаныш, шаттық бар ма, немесе көңілсіздік басым ба?).
Жаңа сабақ бастар алдында осы сұрақтар негізінде оқушымен пікірлесіп, әңгіме жүргізіп, ең алдымен өздері не ойлайды екен, алған әсері кандай, міне, осы мәселелерге ерекше көңіл бөлген жөн. Осындай жүйелі жұмыстар оқушыларды еріксіз көркем шығарманы оқуға итермелейді, одан алған әсерін, ол туралы ойын да айта білуге дағдыландырады. Көркем мәтінді оқу баланың сол шығармамен, оның авторымен жеке сырласуы, кездесуі болып табылады. Оқу алдында оқушыға шығарма авторы туралы қызықты мәліметтер айту, фильмнен үзінділер көрсету немесе күйтабақтан даусын тыңдап, суреттер көрсету оқушының шығарманы оқуға деген ынта, ықыласына; сөз жоқ, әсер етеді.
Көпшілік мұғалімдер балалардың, әсіресе, лирикалық шығармаларды оқуға деген ықылысына әсер ету үшін, сабақ алдында... «поэзиялык 5 минуттықтар» өткізеді. Бұл «5 минуттықтарды» ірі қаламгердің мерейтойы кезінде ұйымдастырған тіпті тиімді болмақ. Немесе, сабақтың бір кезеңінен екінші кезеңіне өту барысында «ай..., толыныс, тебіреніс» атымен поэзиялық тыныс алу сәттерін өткізуге болады. Бұл жұмыстар өтіп жатқан тақырыппен үндесіп келсе, тіпті тиімді болмақ (мысалы, Ұлы Отан соғысы кезіндегі әдебиет тақырыбын өту кезеңінде соғыс туралы соңғы кездерде жазылған ақындар өлеңін оқу, не әнімен орындатқызу, т.с.с.). Баланың көркем мәтінді оқуға деген ынтасын арттыру, оны оқырман етіп тәрбиелеу әр мұғалімнен шығармашылық еңбекті талап етеді, сондықтан да бұл мәселені әр мұғалім өзінің ізденісі, шеберлігі арқылы әр түрлі жолдармен шеше алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   141




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет