ШЫҒАРМА, ОҒАН ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР, ШЫҒАРМАНЫҢ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІ
Мектептегі ең көп тараған, тәжірибеде жиі пайдаланатын жазба жұмыстардың ішінде күрделісі де, ең маңыздысы да шығарма жұмыстары. Шығарма жаздырудың ең басты мақсаттары мыналар:
Бала біліміне бақылау, білім деңгейін тексеру.
Жазбаша көркем тілін дамыту, теориялық білімдерін практикалық жұмыстарда пайдалана білу.
Ойлау еңбегіне өз беттерімен іздендіру, өз пікірлерін салыстыру, қорытынды жасай білуге дағдыландыру.
Оқушылардың қабілеті, дарынына әсер ету, шығармашылық жұмыстарға баулу.
«Шығарма» деген сөздің негізінде «шығару» деген ұғым жатады (яғни, ойдан шығару, ойлап шығару).
Көркем туындыны «көркем шығарма» дейміз.
«М.Әуезовтің шығармаларын оқимыз», - деп жатады.
Бұдан шығатын қорытынды: шығармаға қойылатын талап аса күрделі, әрі маңызды болады. Бұл жұмысты мектептегі шығармашылық іздендіруге негізделген жұмыстардың күре тамыры десек те, артық емес. Шығарманың күрделілігі сол, бұл - оқу процесіндегі бірден-бір жеке-дара орындалатын жұмыстың түрі. Қарастырылатын мәселе, жазатын тақырып біреу болса да, әр оқушы оны өзінше жеткізеді, яғни тілі, пікірі, қорытындысы сол көркем туын-ды, не кейіпкерді қабылдау дәрежесіне байланысты. Дегенмен шығармаға қойылатын негізгі талаптарды мұғалім оқу кабинетіне «Жазба жұмыстарына байланысты нұсқаулар» деген атпен (басқа да тақырып алу әр мұғалімнің өз еркі) жазып коюдың тиімділігі зор.
Үлгі:
Шығарма жазуда басшылыққа ал:
Таңдаған тақырыбыңды әбден ойла.
Жоспардың тақырыбына байланысты нақты жасалсын.
Эпиграф ал. Ол тақырып пен негізгі идеяны ашуға сәйкес алынсын.
Пікірлердің, ойдың, жазатын негізгі мәселелердің реті мен жүйесін сақта:
а) Тақырыптан ауытқыма;
ә) Кіріспең тұжырымды, бірақ шығарманың қалған бөлімдерінің де дұрыс, нақты жазылуына бағыт, бағдар беретіндей болсын;
б) Пайымдауың, дәйексөздің, салыстыруың негізгі пікірге байланысты алынсын;
в) Қосымша материалдарды, ғылыми еңбектерді пайдаланғанда, авторы, кітаптың аты, беті айқын жазылсын;
г) Негізгі бөлімнің толық, әрі дәлелді келуімен қатар, шығарманың ең басты пікірлері осында болатындығын есте сақта;
д) Қорытындың негізгі пікіріңнің төңірегінде жазылсын. Оған ерекше назар аудар. Себебі түйін, соңғы пікір -жұмысыңның нәтижесі осында көрінеді.
Тақырыбыңа байланысты материалды алдын ала дайында, ізде, оларды іріктей отырып, ең негізгісін сұрыптап ал.
Шығарманың тіліне, стиліне аса жауапкершілікпен қара:
а) Сөйлемдерің тиянақты, ойлы болсын. Шұбалаңкылықтан сақтан;
ә) Әдемі, айшықты сөздерді пайдалан. Бұл- шығарма, сондықтан оның тілі де төгіліп тұруы кажет.
б) Мақал-мәтел, сөз тіркестерін не әдемі сөз оралымын пайдаланғың келсе, алдын ала оны жазып алуға болады. Сонан соң керегіңді пайдаланасың. Қате жібермей жазуға
талаптан. Емлелік сөздіктер жаныңда болсын, сауаттылық -шығарма үшін ең маңызды мәселе. Жазу мәдениетіне де ерекше ден қой: таза, ұкыпты жаз әрі әрбір әрпін айқын,
еркін окуға жарайтындай болсын, әрі жазуың көркем түссін.
5-6-сыныптарда, әсіресе, шағын шығарма-суреттеме, шығарма-сипаттама, шығарма-кескіндеме, шығарма-мүсіндеме, шығарма-бейнелеме, т.б. жаздыруға болады. Бұлар - көркемөнер туындылары бойынша жазылатын шы-ғармашылық бағыттағы жұмыстар. Көлемі шағын болып келеді, бірақ нақты бір өнер туындысының негізінде жазылады. Мысалы: «Амангелді» туралы өленді оқыған соң, Ә.Қастеевтің «Амангелді» портреті бойынша шығарма кескіндеме жазуға болады (екеуінің негізінде). Мүсіндеме, сәулет өнері шығармаларында суреттеме, табиғат көрінісі, т.б. бойынша жазылады. Мұғалім бұл тапсырмаларды орындауда нақты көмек көрсетеді, ең алдымен сынып болып, сол өнер туындылары бойынша ауызша жұмыс жүргізеді (ауызша суреттеу деген сияқты), шығармаларда қандай сөз тіркестері, көркем, айшықты, бейнелі сөздерді пайдаланады, - соған бағыт-бағдар беріледі. Бұл шығарма арқылы оқушылардың көркем тілін дамытудың бір ұтымды тәсілі -көп болып талкылау, олардың өздеріне пікір айтқызу. Мүгалім өзі тексеріп, талдау жасап келгеннен кейін, шыгармаларды (қалауы бойынша) оқытып, бірігіп талдау жасатқызады. Олар шығарманың тілі, мағынасы, стилистикасына назар аударады, өздеріне ұнағанын айтады, кемшілігіне тоқталады. Шығарма жазу бар да, оны түсіндіру, талдау, онымен жұмыс түрлері де бар. Екеуін де тиімді, дұрыс ұйымдастыра білген мұғалім көп нәрсені ұтпақ- Бұл әдістерді жоғары сыныптарда пайдалану дұрыс. 5-6-сыныптарда еркін тақырыпта («Менің сүйікті кітабым», «Ардақтайық та кұрметтейік Ананы!», т.б.), 5-7-сыныптарға өздері оқып жаткан көркем туындылардың жанрына байланысты жазуларына болады. Мысалы, ертегілерді оқып болған соң, өз қалаулары бойынша ертегі, әңгіме, мысал (қарасөзбен) жаздыру, шығармаларына пікір жаздыру сияқты, т.б. іздендіру. Біріншіден, мұндай шығармалар балалардың дүниетанымын, білімін кеңейтеді, екіншіден, қабілеті, дарынына әсер етеді, үшіншіден, көркем тілін дамытады. 5-7-сыныптарда өздері оқып жатқан әдеби тақырыптарға жазылатын шығармалардың көркемдік ерекшеліктері, оған қойылатын талаптар:
Мұндай шығармалар өздері оқыған бір көркем туындыны негізге алады. Сыныпты, ондағы балалардың жасын ескере отырып, мұғалім жазатын тақырыпты ойлас- тырады, ауыр-жеңілін сұрыптайды. Кейде бір ғана тақырып бермей, бірнеше тақырып береді. Бұл өте тиімді. Бір ғана тақырыпқа қамап қою оқушының мүмкіндігін, тіпті ын-
тасын, дарынын тежейді. Шығарма жаздыруда ең басты мәселенің бірі - оқушының өз қалауы, өз тілегін ескеру болып табылады. Зорлап таңу немесе сес көрсету, әсіресе, шы-
ғарма сияқты күрделі жұмысқа, шығармашылық жұмысқа келмейтін нәрсе. Шығармаға баулу үкіні желпіндіріп, құлан баптағанмен бірдей. Мысалы, 5-сыныпта «Керқұла атты
Кендебай» ертегісіне мынадай тақырыптар ұсынуға болады: «Кендебай — сүйікті ертегім», «Кендебайдың жеңісі — әділеттің жеңісі». «Кендебайдың мен сүйетін мінездері», т.с.с. Сондай-
ақ «Бай баласы мен жарлы баласына»: «Асанның өзіме ұнамайтын іс-әрекеті», «Үсеннің тапқырлығы», «Жарлы баласы бай баласын қалай асырады?», т.с.с.
Қай такырыпқа, қай жанрға шығарма жазылсын, мұғалім бұл жұмысты жүйелі жүргізу керек. Қарапайым шығармадан күрделіге қарай бірте-бірте баулуы керек.
Мысалы, 5-6-сыныптарда образға немесе поэтикалык тілге, не ақын-жазушы стиліне шығарма жаздыру дұрыс емес, себебі олардың әдеби туындыларды талдауды талап ететін
шығармаларға шамасы келмейді. Оларға талдаудан гөрі, әсерін білдіретін тақырыптар беру тиімді болмақ.
Ғалым-әдіскерлер, ізденімпаз мұғалімдер іс-тәжірибесі бойынша шығармаларды мынадай түрлерге бөлуге болады:
1. Публицистикалық шығармалар. Оған очерк, фельетон, мақалалар, пікірлер жаздыру жатады. Мысалы, «Тіл тағдыры - ел тағдыры», «Жариялылық - бақыттың басы».
Шығармашылық бағыттағы шығармаларға әңгіме инсценировка, өлеңдер жаздыру жатады. (Әдеби жанрларды басшылыққа алады.)
Ғылыми зерттеу сипатындағы шығармалар. Оған реферат, ғылыми сипаттағы мақала, аннотация, әдеби шолулар, пікірлер жатады. Мысалы, «Бейімбет әңгімеле-
ріндегі деталь, штрихтың маңызы».
Әдеби тақырыптарды қамтыған, білім дәрежесін, тіл байлығын тексеруге арналған шығармалар:
а) Біржан мен Сара айтысындағы Біржан мен Сараның сипаты.
ә) «Абай жолы» эпопеясындағы кедейлер өмірінің жанды суреттері.
б) Бақтығұл қылмыскер ме, әлде әділдік іздеуші ме? т.б.
Мысалы, соңғы шығарма тақырыбы жаттандылықтан сақтандырады. Әдетте мектептерде әдеби кейіпкерлергемінездеме көптеп жазылады: «Үсенге мінездеме» немесе «Абай бейнесі» дегендей. Ал бұл шығарма тақырыбы Бақтығұл бейнесі, іс-әрекетінің маңызы, басты мәселелерін ғана назарға алып тұр. Олай болса, әдеби туындыларға шығарма жаздыруға оның ең негізгі мәселесі сөзге арқау болуы керек. Нақтылық, тұжырымды, ойын дәлелді деректермен жеткізе білуді талап еткен дұрыс.
Достарыңызбен бөлісу: |