Ќанипа Бітібаева



бет103/141
Дата18.09.2022
өлшемі3.38 Mb.
#460906
түріОқулық
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   141
адеб окыт адис техн

ӘДЕБИЕТ САБАҒЫНДАҒЫ КӨРНЕКІЛІК
Оку-тәрбие процесін жүзеге асыруда көрнекіліктердің өзіндік маңызы, орны бар. Жалпы, таным процесі есту, көру, сезу арқылы жүзеге асатынын физиолог ғалымдар өте ертеден-ақ айтқан. Сондай-ақ сабақта көрнекілік пайдаланудың тиімділігін педагог-ғалымдар, әдіскерлер де, педагог-практиктер де күнделікті тәжірибе арқылы дәлелдеп келеді.
Көрнекіліктің маңызы, тиімділігі неде? '

  1. Көрнекілік білім мазмұнын байыта түседі.

  2. Есту аркылы алған білімін көру арқылы бекіте түседі.

  3. Көрнекіліктер оқушылардың ынтасын, қызығушылығын арттырады, ойлау, таным белсенділіктерін, көркем тілін дамытады.

  4. Эмоциясына әсер етеді.

  5. Алған білімдерін практикада жүзеге асыруға жетелейді, т.с.с.

Оқу-тәрбие процесін тиімділеу идеясы сабақта көрнекілік пайдалану мәселелеріне ғылыми түрде қарауды талап етеді. (Ю.К.Бабанский, «Просвещение», 1987.) Бүкіл сыныпты көз жауын алатындай безендіріп тастау, көрнекілікті бірінен соң бірін пайдалану, сол сияқты техникалык құралды да келсін-келмесін, қолдана берудің зиянды жақтарын ол ашып көрсетеді. Шынында да қазіргі кезде қай пәннің болсын, көрнекі құралдары баршылық. Әсіресе, техникалык кұралдар жеткілікті. Ал оларды тиімді, қонымды, керегінде ғана пайдалану мәселесі әр ұстазды ойландыруы керек. Тиімділік идеясы тақырыпқа байланысты ең тиімді, ең керекті дегендерін ғана іріктеп пайдалану туралы айтады. Бір сабақта нақты бір жағдайда ғана тиімді деп пайдаланылған көрнекіліктер жүйесі басқа сабақта тиімді болмауы мүмкін екеніне тоқталады. Бұдан шығатын қорытынды: көрнекілікті де тақырып, өтілгелі отырған сабақ мазмұнына қарай іріктеп, сұрыптап қолдану керек. Көрнекіліктерді өте көп пайдалану оқушы назарын, психологиясын, сезімін негізгі білімінен, такырыптан аударып әкетеді. Ал берілетін білім мазмұнына сай, ең керекті дегендерін сұрыптап ала білу, оны өз орындарына пайдалана білу жемісті болатыны қақ. Мысалы, лирикалык туындыларға байланысты музыка мен бейнелеу өнерінің туындыларын үйлестіре отырып, колдану тиімді деп саналады. Абайдың табиғат лирикасынан 7-сыныпта «Жазғытұры» беріледі. Осы сабақта көктем көріністерін бейнелейтін жақсы бір-екі бейнелеу өнерінің туындыларын пайдаланып, оларды жасыл жапырақтар, ерте шығатын гүлдермен безендіріп тастау - жетерлік нәрсе (жасыл жапырақты кағаздан да жасауға болады). Немесе, Абайдың «Желсіз түнде жарық айын» еткенде, онын әнін қүйтабақтан тыңдай отырып, ән соңында өлеңді мәнерлеп оқу, суретін эпипроектордан көрсету окушы сезіміне ерекше әсер етер еді, олар Абай жырлаған желсіз түнді, жарық айды көз алдарына келтіріп, өлең сәзін жанды суретке астастырар еді. Суретті картиналарды пайдалану окушының көркем тілін дамытып, көркемөнерді түсінуге, әдеміліктен лөззат ала білуге тәрбиелейді. Көрнекіліктің кай түрі сабакта пайдаланылмасын, ол ең алдымен окушыға берер білім мазмүнын байытып, әрі оны қабылдауды жеңілдетуге көмектесуі керек. Мысалы, «Күз» туралы лирикалык шығармаларды оқытқанда, Левитанның «Күз» картинасын сабаққа пайдаланып, ақынның сөзбен салған суретін суретшінің бояумен салған суретімен салыстыру жұмыстары немесе ақынның образды бейнелі поэтикалық сөзбен салған көріністерін картинадағы бояу нақыштарынан іздеттіру үлкен шығармашылық тәсіл. «Көкшетау» поэмасындағы Сәкен сипаттаған Көкше көріністерін, Оқжетпес, Жұмбақтас сипаттарын суретшілер салған Көкше суреттерімен астастыра оқытудың тиімділігі айтпаса да, түсінікті. Суреттегі алтын кеш аясындағы Көкше көлдері Оқжетпес бейнесін эпипроектордан көрсетіп тұрып, дәл сол мезгілде поэманың осы көріністі суреттейтін жерлерін мәнерлеп оқу оқушы көз алдына Көкше көріністерінің жанды суретін қалдырар еді. Қандай көрнекілік болмасын, ең бастысы, мұғалім оны тиімді пайдалана білуі керек. Көрнекілік сабақ мазмұнымен тонның ішкі бауындай қауышып, оны байытып, әрі окушы сезімін дамытып, уакыт үнемдеуге көп кемек жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   141




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет