Сабақ түрлері
|
Негізгі әдіс-тісілдері, белгілері
|
Қай сабақтарда пайдалануға болады.
|
Тиімділігі
|
Дәріс сабақ
|
Сөздік әдісі, оның ішінде дәріс беру (сұрақ—жауап,пікірлесу болуы да мүмкін)
|
Жаңа білім беруде материал мол, күрделі, қосымша хабарламаларға бай, әрі көп деректер берілетін сабақтарда.
|
1.Мол материалды беріп үлгереді
2.Оқушы әрі тыңдайды, әрі тыңдай отырып, конспект жазады.
3.Оқулықтан тыс хабарлар, деректер беріледі.
|
Семинар сабақтары
|
1.Семинар сұрақтары
2.Сұрақ-жауап
3.Баяндама, қосымша материалдар- мен өзіндік жұмыс
4. Ғылыми, қосымша материалдармен өздік жұмыс.
|
Қорытынды, қайталау сабақтары, шолу тақырыптарында
|
1.Өздік жұмыстарға баулиды.
2.Баяндама жасауға дағдыландырады.
3.Қосымша материалдар іріктеуге, үзінділер оқуға баулиды.
4.Ең негізгі мәселелерді сұрыптауға, жинақы, тұжырымды сөйлеуге дағдыландырады.
|
Қос, үштік сабақтар
|
Диалогиялық әңгіме, баяндау, пікірлесу, түсіндірмелі әдіс
|
Екі немесе бірнеше пәндерге байланысты материалдар тоғысып келгенде (Бұхар жырау толғауларындағы Абылай) бірнеше пәндер бойынша деректерді біріктіріп беру мүмкін болған тақырыптарда
|
Бір мезетте бірнеше пәндер бойынша білім алады, білім тереңдетіп беріледі.
|
Конференция сабақтары,баспасөз сабағы
|
1.Баяндама, дәріс.
а)Қосымша баяндама
2. Сұрақ-жауап
3.Сұхбат түріндегі сұрақ-жауап
4.Пікірталас (проблема айналасын дағы )
|
Үлкен, маңызды тақырыпты қорытындылағанда немесе саяси мәні бар тақырыптарға (Қазақстан Ресейгк өз еркімен қосылды ма? т.б)
|
Пікір айта білу, айтыса білу,қосымша материалдар дан іздене білу, сұрақтар қоя білу, қысқа, нақты, дәлелді пікір айту, толықтыра білу дағдыларын жетілдіреді.
|
Сот сабағы
|
1.Сұрақ-жауап түсіндірмелі әдіс(қаралау шы, куә, күнаһар арасындағы)
2. Тартыс, айтыс, дәлелдеу т.с.с
|
Әсіресе, туындыдағы ұнамсыз кейіпкерлерді, шығармалардан кейін кеткен қателерді «жазалау» мақсатында ойын элементі барсабақ 5-8 сыныптар үшін қызықты
|
Әсіресе, 5-8 сыныптар үшін тиімді қызықтыру ынтасын арттыру мақсатынд,әрі сауаттылыққа баулуда ең бастысы, Я.А.Коменс кий айтқандай, «Білімді жеңіл,әрі қызықты етіп беруде» әділеттілікке баулу , жаманнан жирендіру
|
Жәрмеңке сабағы
|
1. Концерт, инсценировка элементі бар көріністер
2. Халықтық педагогика, әдет –дәстүрді сабаққа пайдалану
|
Бекіту, дағдыларын дамыту, қайталау сабақтарында (тақырып күрделі емес кездерде) оқушыларды шығармашылыққа баулу мақсатында
|
Сатылатын «заттарды» бастауыш, баяндауыш т.с.с. білімдерімен сатып алу. Ойын арқылы білімдерін қайталау, бекіту. Шығарма шылық қабілеттерін дамыту (5-8 сыныптар үшін өте тиімді )
|
Концерт сабақ, монтаж-композициялық сабақтар
|
1. Мәнерлеп оқу.
2. Жатқа оқу
3. Рөлге бөліп оқу
4.Ән айту, кқріністер кқрсету
5.Инценировка монтаж жасай білу
|
Қорытынды, қайталау сабақтарында жаңа тақырыпты меңгерту, үй тапсырмасын сұрау, т.б, сабақтарда тақырып ерекшелігіне Байланысты алынады мысалы
«Абай әндері» немесе «Абай жолы »эпопеясы т.б. Ақын-жазушы шығармаларының барлығына байланысты өтуге болады драмалық шығармалар , т.б. Әрине тақырып мазмұны мәселелерді сұрап тұрғанда концерт монтажды, инсценировканы, т.с.
|
Дарынын, қабілетін дамыту. Әдебиет сабағын «өнер» деп танып-білу , әсіресе, шығармашылық жұмыстарға баулу, көркем мәтінмен жұмыс істей білу дағдыларын жетілдіру, ынтасы, танымын, шығармашылық ойлау қабілетін дамыту, т.с.с. Мәнерлеп оқу, жатқа оқу, есте ұстау қабілеттеріне әсер ету. Әдеби кейіпкерлерді, іс-әрекеттерді, көз алдыға келтіру, көркем туынды жанрларының ерекшелігін жете білу, эмоциясына әсер ету, эстетикалық сезімдерін, сұлулық, әдемілік, өнерді бағалау, түсіне білу сезімдерін дамытуда үлкен маңызы бар.
|
Диспут, айтыс сабақтар
|
Сұрақтар, проблемалық сұрақтар, пікірлесу. Қосымша материалмен, кітаппен жұмыс, т.б.
|
Қайталау, қорытынды сабақтар. Проблемалық туған кезде. Материал негізінде (жаңа тақырыптық) қарама-қайшы пікірлер туғанда.
|
Оқушылардың ойлау, таным белсенділігін арттыру, әдеби-көркем тілін дамыту, пікір айта білу, дүниетаны мын кеңейту, өз беттерімен іздену т.с.с.
|
Көкпар, жарыс сабағы.
|
1.Топтық, жұптық, жеке жұмыстар.
2.Сұрақ-жауап.
3.Білім жарысына түсу.
4.Білім сынағы.
|
Білім сайысы кез-келген тақырыптарда өтуге болады. Алған білімдерін бекіту, қорытындылау кездерінде тиімді. Бала білімін тексеруде қолайлы.
|
Алғырлық, ептілік, шапшаңдық, тапқырлыққа баулиды. Ұлттық ойын «Көкпар» туралы түсініктерін тереңдетеді. Ойнай отырып, ойлау іс-әрекетін жетілдіреді.
|
Реферат қорғау, пікір қорғау, іздендіру сабақтары.
|
1.Проблемалық сұрақтарға негізделген тапсырмалар.
2. Проблеманы шешу, сол мақсатта іздену.
3. Салыстыру, қорытынды жасау.
4. Материалды, проблеманы баяндау.
5. Қосымша материалдар, ғылыми материалдар мен жұмыс.
6.Проблемалық әңгіме.
7.Проблемалық зерттеу әдісі.
8. Пікір айту, оны нақты мысалдармен дәлелдеу, қорғау.
|
Ерекше маңызды, қызықты тақырыптарда оқушылардың өзіндік ойлауы, ізденуін, тақырыпқа шығармашылық бағытта қарау керек жағдайларында аса тиімді.
|
Ғылыми жұмыстарға баулу, зерттеу, ізденуге жетелеу, өз беттерімен қорытынды жасай білуге, пікірлерін дәлелдей, қорғай білуге дағдыланды ру. Реферат жаза білуге баулу, ғылыми еңбектермен, қосымша материалдармен жұмыс істеуге үйрету, көркем тілін дамыту (жазбаша).
|
Практикалық сабақтар
|
1.Көркем мәтінмен жұмыс.
2.Ғылыми материалдар, қосымша материалдар мен жұмыс. (іріктеу, негізгі мәселелерді бөліп ала білу, конспект жазғызу)
3.Сұрақ-жауап
4.Проблемалық тапсырмалар
5.Көркем дидактикалық материалдармен жұмыс.
6.Проблемалық зерттеу әдісі
|
Поэтикалық талдау, жұмыс істеу, жазушы стилін, көркемдік ерекшелігін анықтауды керек ететін сабақтарда, ғылыми материал, қосымша материалдармен жұмыстарда да тиімді. Сондай-ақ мұғалім дидактикалық материал, көрнекі құралдарды көп пайдаланған кездерде де пайдалы.
|
Алған теориялық білімдерін практикада пайдалана білу, әдеби талдау, жұмыс істей білу дағдыларын жетілдіру; жеке өздік жұмыстарға баулу. Көрнекілік, дидактикалық материалдар мен жұмыс істеу, машығын жетілдіру.
|
Достарыңызбен бөлісу: |