Е с к е р т у: Өздеріңе ұнаған басқа да ақындар өлеңдерін сөз етуге болады.
Т а п с ы р м а: Қазақ әдебиеті, оның ішінде қазіргі әдебиетте Абай дәстүрі, Абай үлгісінің әсері бар ма? Жеке оқушыларға тапсырма:
а) Гете - Лермонтов - Абай: «Кезбенің түнгі әнінің» тарихы.
б) Есениннің Рязань табиғаты туралы өлеңдерін оқу. Пушкин әсері бар ма? Осы мәселе айналасында пікір-болжау жасау. Топтық жұмысты орындауға мына ғылыми материалдар ұсынылды:
М.О.Әуезов. «Абай Құнанбаев» (монография), 136-137,150-152,155-беттер.
Традиции русского реализма и казахской литературы XX в., 172-бет.
«Народность и реализм Абая», 55-бет.
4. Х.Сүйіншәлиев. «Қазақ әдебиетінің қалыптасу кезеңдері».
Әр топтың жұмысына көмек ретінде төмендегідей үлестірме-нұсқау таратылады. (Бұл, әсіресе, көмекті керек ететін оқушыларға өте тиімді болып келеді.)
I топқа.
1. «Күз» өлеңі. Мына мәселелерге ерекше көңіл бөл:
Өлеңдегі күз табиғаты, оның тіршілік әлемімен астаса алынуы. Ақынның көңіл-күйі, жүрек лүпілі.
Өлеңнің поэтикалык тілі, сұрғылт күз, сұр тіршілік. Эпитеттердің өлең идеясын ашудағы рөлі, маңызы.
- Күз неге осынша көңілсіз, сұрықсыз жырланады?
(Өлеңдегі ақынның жабырқаңқы көңіл күйі, оның табиғатпен, көшпелі халықтың тұрмысымен бірлікте көрінуі.)
-Пушкиннің «Күзі» (Дождливая осень, т.б.) мен отырықшы елдердің тұрмысындағы күздің өзіндік ерекшеліктері.
2. «Жаз» өлеңі.
- Жадыраған көңілді жаз. Сұрғылт, сүреңсіз күз. Бір қоғам, бір дәуірдегі адамдар өмірі, тірлігінің екі түрлі жырлануы. Себебі? (Көшпелі халық үшін жаздың тиімділігі.)
- Өлеңдегі динамика, қозғалыс, жанды сурет (Табиғат -адам - тіршілік).
П топқа
1. «Қараша, желтоқсан мен сол бір екі ай» өлеңі. - Күздің сұрғылт, ауыр суреті.
Халык тұрмысы. Кедей өмірінің жанды картинасы (бай баласы, кедей баласының іс-әрекеттері).
Осы өлеңдегі ақын жаңалығы (табиғат арқылы таптық жік, әлеуметтік жағдайдың көрінуі).
Өлеңдегі ақын шешіміне қосыласың ба? (ақырғы шумаққа қара).
Пушкиннің «Алтын күзі»; ақынның да, халықтың да жарқылдаран көңіл-күйі. Абайдың «Күзі»; ақынның да, халықтың да жадау сезімі. Себебі не?
Достарыңызбен бөлісу: |