Ќанипа Бітібаева


Шоқанның демократтық көзқарасы. Дәйекті пікір- дәлелдеме



бет55/141
Дата18.09.2022
өлшемі3.38 Mb.
#460906
түріОқулық
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   141
адеб окыт адис техн

1. Шоқанның демократтық көзқарасы. Дәйекті пікір- дәлелдеме.

Ф. Достоевскийге жазған (1856 ж.) хаты

Үзінді, дәйексөз

Демократтық көзқарасы туралы пікір-дәлелдеме

Е с к е р т у: Басқа да мінездемелеріне қатысты осындай жұмыстар жүргізуге болады. Шоқанның «Сот реформасы» туралы макаласын оқытқанда мынадай әдіс-тәсілдер тиімді болмақ:
а) Мазмұнына қарай тақырыпшаларға бөлу (кейде абзац арқылы жүзеге асыруға болады).
ә) Мына үлгіде тезис-аннотация жаздыру

Тезис

Аннотация

Экономикалық, әлеуметтік реформаның қажеттілігі

«Әрбір адам, адамзат баласы, түпкілікті бір мақсатқа ұмтылады. Ол мақсат -өзінің тұрмысын жақсарту. Прогресс -дегеніміздің өзі - осы. Реформа да сол үшін керек»

б) Жауаптарының тезистерін жасаттыру.
в) Ең басты, мәнді мәселелерін бөліп ала білу, тұжырымдап айта білу, жауабының ішінде дәйектемелеп, үзінділер келтіріп отыру.
г) Негізгі мәселелерге орай, тұжырымды, мәнді сұрақтар ойластыру.
д) Баяндама, лекция, реферат, т.б. жасау, семинар өткізу (яғни мақаланың ең басты проблемасының айналасында). Мысалы, «Шоқан - тұңғыш заңгер» немесе «Шоқанның заң
туралы демократтық, гуманистік, ағартушылық көзқарасы», т. б. тақырыптарда.
Мақалалардың өзіндік ерекшелігі - олардың әрқайсысында жазылып отырған уақытына сай белгілі бір проблемалардың көтерілуі. Сондықтан мұғалім сол ең басты
мәселеге ерекше назар аударып, оқушы санасына жеткізуді ойластыруы керек. Оқушыларды да макала жазуға баулып, шығрмашылық қабілеттерін дамытуға талаптандырудың
еш артқтығы жоқ.
Мысалы, «Тұңғыш заңым – тәуелсіздік айғағы» (жаңа Конституция бойынша), «Тіл туралы заң - ар туралы заң», т.б. тақырыптарға мақала жаздыру тек икем-дағдыларын жетілдіріп қоймайды, ең бастысы, қоғам, өмір сүріп отырған ортасының өміршең мәселелеріне селсоқ қарамай, азаматтық үнін естірте білуге де баулиды.
2. Сюжетті өлеңдерді оқыту.
5-сыныпта М.Шахановтың «Отырар дастаны» атты сюжетті өлеңін («Баллада» деп жүргендер бар) оқушыға талдауға берген. Сюжетті өлендерді оқыту әдістері мен тиімді жолдарын осы шығарманы оқыту үлгісі арқылы көрсетуге болады. Өлеңді оқытуда мұғалім оның тарихи негізін, яғни тарихта болған оқиғалармен тығыз байланыста екенін есте ұстағаны жөн. 1219
жылдардағы Шыңғыс хан жорығынан тып-типыл болған Отырар каласының тарихы өлеңнің негізі болып табылады. Мұғалім пәнаралық байланыс арқылы оқытуды басшылыққа ала отырып, осы сабакқы тарих, бейнелеу өнері пәндерінің мұғалімдерімен бірігіп, Бұл бір қайсар халық екен» деген атпен өткізуіне болады. Мұндай сабақтың тиімділігі неде? Тарих пәнінің мұғалімі Отырар каласы, Шыңғыс шапқыншылығы, қаланың сол кездегі маңызы туралы тоқталса; бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі оның тамаша сәулеті, ғажайып өнері туралы сыр шертер еді. Отырар тарихын бейнелейтін суреттер (археология қазбаларының суреті), т.б. материалдармен оқушыларды таныстырып, оқушылардың ынтасынақызығушылығына, туған ел тарихын тереңірек білулеріне әсер етер еді. Әдебиет пәнінің мұғалімі «Нені білу керек?» деген тақырыпта осы өлеңнің ең негізгі түйіні, басты-басты мәселелерін қамтыған көрнекіліктер жасап, іліп қойған жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   141




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет