Page 3
Ф-ОБ-001/033
4
ұйымдастыру және оны тұтынушыларға өткізу. Германияда бірінші саяхат
бюросы-«Райзебюро штангенн» 1863 ж. Бреслауда қалыптасты. 3-кезең
көпшілік туризмнің қалыптаса бастауы. Бірінші Дүниежүзілік соғыс және
экономикалық дағдарыс, Екінші дүниежүзілік соғыс туризм дамуына кері әсер
етті. Көпшілiк туризмнің дамуының 2 мысалын қарастырайық. 1935 ж.
Швейцариядағы қазіргі заманда ірі туризм қызметтерін өндірушілердің бірі
«Отельпланн» фирмасы құрылды. Оның құрушысы Г. Дуггайвер идеялары:
«кішкентай адамның туризмге тарту тоқырауға ұшыраған қонақ үй
шаруашылығына бағаланбас көмек береді, арзан көпшілік тур сапарлар
фирманың негізгі өнімі болып табылады». 4 кезең: Екінші Дүниежүзілік
соғыстан кейін туризм нақты көпшілік сипатта болды: өз институты, өндірістік
циклы, өндірісті ұйымдастыру мен басқару әдістері бар күшті демалыс
индустриясы қалыптасты.1950-60 ж. Батыс Европа елдері үшін - туристік
фирмалардың мотельдер, қонақ үйлер тұрғызылуының белсенді кезеңі болды.
Қай елде болмасын туризм өсімталдығы елдің қандай бөлігі жылына ең
болмағанда 1 рет туристік сапарға баратынын көрсетеді, егер туризм
өсімталдығы 50%-дан асса, көпшілік туризм қалыптасқан деуге болады [1].
Халықаралық туризм – бұл өте күрделі және сирек кездесетін құбылыс.
Бәрімізге белгілі, мемлекеттің сыртқы экономикалық байланысы айырбастың
әртүрлі нысандары арқылы іске асады: аманат кассасындағы ақша, шетелдік
салымдар, халықтардың көшіп-қонуы, мәдениет төңірегіндегі айырбас, сауда
қызмет көрсету және тағы басқалар. Халықаралық туризм халықаралық
қатынастардың бір түрі ретінде шетел туристеріне кең көлемде мәдени және
рухани қажеттіліктерін өтеуге бағытталған туристтік қызметтер көрсетеді.
Халықаралық туризм сыртқы экономикалық байланыстың бір түрі болғанымен,
бірқатар өзіндік ерекшеліктері де болады. Халықаралық туризмде турист өзінің
елінен шығып, басқа бір шетелдік елге барады. Кеденнен өту үшін туристтік
құжаттарды толтырады (паспорт, виза жасау), валюта және медициналық
бақылаудан өтеді. Бұл халықаралық туризмнің ерекшелігі болып саналады және
ішкі туризмнен ең басты айырмашылығы. Халықаралық экономикалық
қанастың бір түрі ретінде халықаралық туризмнің өзіндік басты ерекшілігі
туристік фирма немесе шетел туристерінен өзі бола алатын барлық сыртқы
сауда, келісім сияқты қызметтерді иемдену шетел турагенттіктері арқылы
жүреді. Халықаралық туризмнің тағы да бір ерекшілігі – елдің төлем балансына
тигізетін әсері. Сондықтан да шетелдік туристтердің келуін «белсенді» туризм
деп атайды. Оған қарсы, туристтердің шетелге кетуі ұлттық ақша мөлшерінен
азаюына әсерін тигізеді. Бұндай туризмді «белсенді емес» дейді. Туристтердің
белсенді және белсенді емес болып бөлінуі туристтік іс-әрекетін қаражат
нәтижесімен байланысты, ол халықаралық туризмде ғана болады, ішкі туризмге
тарамайды. Кейбір жағдайларда шетелдік туризмнің дамуы елдің экономикалық
және әлеуметтік дамуын жылдамдатуға да жіберілуі мүмкін. Әлемдегі негізгі
туристтік сапарлардың көбісі өндірісі жоғары дамыған елдер арасында жүреді,
өйткені оларда азаматтардың шетелге шығу пайызы жоғары (АҚШ, Франция,
Достарыңызбен бөлісу: |