Анықтамалық ақпараттық жүйесін құру


Диплом жұмысының өзектілігі



бет5/84
Дата02.12.2022
өлшемі192.89 Kb.
#466270
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   84
туризм диплом

Диплом жұмысының өзектілігі: Туристік бағыттар бойынша, қазіргі
заманға сай қонақ-үйлер, турбазалар, кемпингтер және т.б орналасу объектілерін,
туристерге әртүрлі тағамдар мен демалыс ұсына алатын мейрамханалар мен

Page 5


Ф-ОБ-001/033
6
кафелер құрылысына және реконструкциясына көңіл бөлу және т.б. мәліметтер
сақталады.
Диплом жұмысының мақсаты: Оңтүстік Қазақстан облысының туристік
бағыттарының анықтамалық ақпараттық жүйесін құру
Жұмыстың құрылымы:
Диломдық жұмыс екі тараудан тұрады. Бірінші тарау теориялық
мәліметке арналған. Ол «Туристік қызметтің даму тенденциялары» деп
аталады. 1-ші тарау 2 тақырыпшадан тұрады. Туристермен ақпараттық жұмыс
жүргізу, Сервистік қызмет көрсету ерекшеліктері қарастырылады.
Екінші тарауда орындалатын жұмыстың сипаты берілген. Бұл тарау
Оңтүстік Қазақстан облысының туристік бағыттарының анықтамалық
ақпараттық жүйесін құру деп аталады. Ол да екі тақырыпшадан тұрады:
Ақпараттық жүйені құрудың мақсаты мен тағайындалуы, Delphi-де
бағдарламалық құрылымын сипаттау. Одан кейін қорытынды, әдебиеттер тізімі
және қосымшалар беріледі.

Page 6


Ф-ОБ-001/033
7
1. Туристік қызметтің даму тенденциялары
Қазақстан Республикасында туризмнің тарихи алғы шарты біздің
дәуірімізге дейінгі үшінші мыңжылдықта құрылған Ұлы Жібек Жолының
құрылуы мен дамуы болып табылады.
Қазақстан тәуелсіздік алуына байланысты халықтың тарихи және мәдени
мұрасын жаңғыртуға және туристік қызметті реттеу үшін негіз қабылданады.
Қазіргі уақытта біздің мемлекетімізде туризмнің дамуы 1992 жылы 3
шілдедегі №1508-XII "Туризм туралы" ҚР заңымен, 1997 жылы 30 сәуірдегі
№3476 «ҚР Ұлы Жібек Жолында туризм инфрақұрылымын дамыту бойынша
Бүкіләлемдік Сауда Ұйымы және ЮНЕСКО жобасын және түркі тілдес
елдердің басшыларында Ташкент декларациясын іске асыру туралы» және 1998
жылы 27 ақпанында №3859 "Жібек Жолындағы тарихи орталықты жаңарту,
түркі тілдес халықтардың мәдениетін сақтау және дамыту туризм
инфрақұрылымын құру" жоспарына және де ҚР-ның 2008.07.05 қабылданған
«Туристік қызмет туралы» заңына сай дамуда. ҚР мемлекеттік бағдарламасы
туралы ҚР Президентінің нұсқауымен қамтамасыз етілген. Бұл құжаттарды
қабылдау Қазақстанның туризм нарығының дамуына оң өзгерістер әкелді [1].
Туристік нарықтың мәні оны атқаратын қызметтерінде көрініс табады.
Еуропа мемлекеттерімен қоса, Қазақстан Республикасында да туристік қызмет
нарығы жедел қарқынмен дамуда.
Қазіргі таңда Қазақстандағы туризм – экономикалық әлеуетті арттырып,
бюджеттің бүйірін шығаратын табыс көзі болатын жағдайға жетелейтін жолға
түсуде. Осы саланың нақты механизмдерін дамытуға жұмсалған қаражат күні
ертең өзінің өрісті өсімін көрсетіп, ел қазынасына қарқынды құйылары анық. Бұл,
әсіресе, шетел тәжірибесінде жан-жақты дәлелденіп отыр. Республикамызда
қазіргі заманға сай қонақ-үйлер, турбазалар, кемпингтер және т.б орналасу
объектілерін, туристерге әртүрлі тағамдар мен демалыс ұсына алатын
мейрамханалар мен кафелер құрылысына және реконструкциясына көңіл
бөлінуде. Демалыс және көңіл көтеру объектілері: диско-клуб, кинотеатр, шағын
қонақ үйлер, бильярд клубы, казино, боулинг орталықтары және т.б құрылысына
көптеп көңіл бөлінуде.
Ал енді еліміздегі туризм жағдайына келер болсақ, статистикалық
мәліметтерге қарағанда Қазақстандағы туристік белсенділік өсу тенденциясына
ие. ҚР статистика жөніндегі Агенттік мәліметтеріне сәйкес 2010 жылдың
қорытындысы бойынша республика бойынша туризмнің барлық типі бойынша
2009 жылмен салыстырғанда келушілер саны 0,5 %-ға ұлғайып, 10898,9 мың
адамды құраған. 2010 жылы көрсетілген қызметтердің жалпы көлемі 49,3 млрд.
тенгені құраған немесе 2009 жылмен салыстырғанда (34,5 млрд. тенге) 42,8%-
ке жоғары болған. Туристік салаға есептік кезеңде инвестиция көлемі 42,5%-ке
өсіп, 2010 жылы 67,7 млрд. тенгені құрады[2].
Әкімшілік ақпарат көздері және тұтастай республика бойынша туристік
қызметтің қорытындылары бойынша жүргізілген статистикалық зерттеу
деректері бойынша өткен жылдармен салыстырғанда туристік индустрияның оң



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   84




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет