Ф-ОБ-001/033
61
Уақыт факторы жүйені эксплуатациялау процесінде назарға алыну керек,
өйткені шешімді қабылдау және оның анализі үшін пайдаланушыға ақпаратты
уақытында жеткізу және бизнесті басқару сапасы бәсекелестердің өсу
шарттарында табыстың стратегиялық факторы болып табылады.
Экономикалық фактор. Жоспарды қаржыландыруға салу маңызды болуы
мүмкін, бірақ олар:
§ жоспардың мақсатына жету және ААЖ ендіру;
§ жоспардан максималды түрде пайда (табыс) табу;
§ іске асырудың басқа варианттарына қарағанда оптималды болуы керек.
Жобаны негіздеу үшін бизнес-жоспар құрылу керек. Сонымен қатар
Қазақстанда орын алатын экономикалық тенденцияны ескеру керек: білікті
мамандар еңбектерінің
біршама тез қымбаттауы, ЭЕМ және ақпараттық
технологияның техникалық жабдықтардың нарықта интенсивті дамуы. Бүкіл
дүниежүзіндегідей Қазақстанда техникалық жабдықтардың біршама арзандауы
орын алады. Бір жағынан, негізінен жаңа техникалық платформалар үшін
программалық әдістерді пайдалануда ресми емес немесе пираттық үлестің
бірте-бірте азаюы интегралданған ААЖ құру кезінде программалық әдістердің
бағасын өсіруге әкеледі[8].
Потенциалды өзгерту және дамыту факторы. Қазақстанда бизнес сферасы
тез, кейде
өзгерістерге
(заңдар, саяси
өзгерістер
мен
шешімдер,
макроэкономикалық шешімдер, өзгермелі әдістемелер мен әр түрлі есептер
параметрлерінің мағынасы және жаңа көрсеткіштерді енгізу, жаңа сфералар
мен қызмет түрлерінің пайда болуы және т.б.) алуан түрлі жағдайға душар
болғандықтан бұл өзгерістер модификация жолын бейнелеу мен ААЖ
функционалды мүмкіндіктерін кеңейтуді тез және оперативті табу керек.
Сонымен қатар, шешімдерді жаңа есептеуіш платформаларға, жаңа
технологиялық және программалық әдістерге тасымалдауды қамтамасыз етуді
қажет етеді.
Ақпараттық жүйе архитектурасының кейбір ерекшеліктері.
Компьютерлік архитектура басқа архитектуралар сияқты – бұл жүйелер
құрылымына пайдаланушы талаптарын анықтайтын өнер, одан кейін оны
жобалау, пайдаланушы көзқарасы бойынша, әрбір бөлшегі бүтіннің функциясы
сияқты анықталады.
Ақпараттық қамтамасыз ету тұтынушылардың тиімді жұмысы үшін
қажетті барлық ақпаратты жүйеде беру және сақтау керек. Жобалау процесінде
бизнестің ақпараттық моделі құрылу керек, ол мынаны сипаттайды:
Достарыңызбен бөлісу: |