§ басқару жүйесі ретінде жүйенің нақты объектілері;
§ объектілер мен сыртқы орта арасындағы ақпараттық байланыс;
§ құжаттарды, мәліметтерді, ақпаратты ақпараттық байланыспен
сәйкестендіріліп берілетінін;
§ берілетін ақпарат көлемі мен алмастыру сеансының жиілігі;
§ жүйеде классификациялау және кодтау.
Тиімді басқару үшін негізінде классификация мен кодтау принциптері
Ф-ОБ-001/033
62
ұсынылады, олар мынаны ескереді:
§ олардың құжатта орналасуынан көрсеткіштерді теңестіру тәуелсіздігі;
§ жеке белгілер бойынша көрсеткіштердің топтауын жүргізу мүмкіндігі;
§ берілген пәндік облыста кездесетін кез келген объектілерге
қолданушылық;
§ классификация толықтығын (барлық қасиеті бойынша);
§ кодтауды оңайлататын келісімдердің бары;
§ халықаралық стандарттарды пайдалану;
§ әрбір белгі мағынасының санын өсіру мүмкіндігі.
Жүйенің функционалды толықтығы сыртқы ортамен ара қатысында
автоматтандырылған өндірістік жүйелерге негізделеді.
Модельдер – жетілдірудің барлық сатыларының байланыстырушы
звеносы. Олар уақыт ішінде (зерттеу, жобалау, ендіру, эксплуатациялау, даму
процесінде) ААЖ динамикасы туралы түсінік береді. Модельдер жобаға
қатысушылардың: тапсырыс берушінің, жобалаушының, бағдарламашы, жүйені
басқарушының өзіндік тілде сөйлесуі болып табылады. Сонымен қатар
модельдер жүйелік интегратор үшін шешімдер жиналуының әдісі қызметін
атқарады. Ол шешімдерді оңай бизнестің бір түрінен келесісіне алмастыруға
мүмкіндік береді.
Модельдер, адамзаттық фактормен, бизнес-спецификасымен байланысқан
маңызды ерекшеліктерді біртіндеп сіңіру ақпараттық инфрақұрылымның толық
есебін алуға жағдай жасайды.
Жалпы ақпараттандыру жобасын толықтай жүзеге асыруға компьютердің
жаңа түрін дайындау бағдарламасы қабылданған:
- он жүз процессордың күрделі операцияларын бір уақытта жүзеге
асыратын, ақпаратты өңдеу паралелизімінің деңгейі жоғары компьютерлер;
- жұмысы мен қызметі сияқты нейронды жүйелі компьютерлер;
Ақпараттандыру бағдарламасын табысты жүзеге асыру үшін бүкіләлемдік
қоғамдастықтық үшін ортақ принциптерге жүгіну қажет:
- бірінші кезекте елдің экономикалық өсуін қамтамасыз етуден бас тарту;
- ауыр өнеркәсіпке негізделген экономикалық құрылымды ғылыми
салаларға негізделген құрылымға ауыстыру қажеттілігі;
- ақпараттық секторлардың басымдылық сипатын мойындау;
- әлемдік ғылым және техника жетістіктерін кеңінен қолдану;
- мемлекеттік және де жеке ақшалай қаражаттарды ақпараттандыруға салу;
- ақпараттандырудың негізгі мақсаты етіп, ақпаратты өңдеу және
коммуникация жағдайын жеңілдету арқылы мемлекеттің және оның
азаматтарының әл – қуатын өсіруді жариялау.
Ақпараттандыру процесінің нәтижесі болып, материалды объектілер емес,
символдармен, идеялар, образдар, интелектпен, біліммен басқаратын
ақпараттық қоғамды құру болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |