Анықтамалық мамандарды дұрыс іріктеуді, орналастыруды және пайдалануды, олардың біліктілігін жоғарылатуды, басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер арасында еңбекті ұтымды бөлуді қамтамасыз етуге арналған



бет112/126
Дата24.04.2016
өлшемі2.72 Mb.
#79035
түріАнықтамалық
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   126

Экономист

Лауазымдық міндеттері. Жетекші (аға) экономистің немесе жауапты орындаушының немесе тақырыптың ( тапсырма) басшылығымен әдістемелік және жұмыс жоспарларына сәйкес зерттеулер мен әзірлемелер өткізу кезінде ғылыми-көмекшілік жұмысты орындайды. Ғылыми-техникалық ақпараттарды және жоспарлы жұмысты немесе жеке тапсырмаларды орындауға қажетті материалдарды жинау, жинақтауды жүзеге асырады. Тақырып (тапсырма) толық, оның жеке бөлімдері немесе кезеңдері бойынша статистикалық материалдар мен басқа да мәліметтерді жүйелейді және қорытады. Өткізілген зерттеулер мен әзірлемелердің тақырыптары бойынша арнайы әдебиетті меңгереді, библиография, аннотация мен шолулар жасайды. Зерттеудің немесе әзірлеменің, ғылыми-техникалық есептердің экономикалық тиімділігін арттыру бойынша іс-шаралар мен басқа да техникалық құжаттаманың перспективалық және жылдық жоспарларының жобасын дайындауға қатысады. Өткізілген зерттеулердің, әзірлемелердің, тәжірибелердің, жоспарлар, сметалар, өтінімдер және т.б. құрастырудың материалдық және еңбек шығындарды анықтауға қажетті есептерді орындайды. Орындалған жұмыстарға есеп жүргізеді, ұйым, жеке бөлімшелер қызметінің нәтижелерін талдайды, өткізілген зерттеулер мен әзірлемелердің экономикалық тиімділігін анықтайды, әртүрлі негіздемелер, анықтамалар дайындайды, кезеңдік есептілікті жасайды. Әдістемелік және жұмыс бағдарламаларын, жұмысты орындауды ұйымдастыру мәселелерін қарауға, зерттеулерден, әзірлемелерден және тәжірибелерден алынған нәтижелерді талдауға, сондай-ақ оларды енгізу бойынша іс-шараларды дайындау мен жүзеге асыруға қатысады.


Білуге тиіс: зерттеулер мен әзірлемелердің тақырыптары бойынша арнайы әдебиет; еліміз бен шетелдегі тиісті білім саласының ғылым мен техникасының жетістіктері; рефераттар мен анықтамалық-ақпараттық шығарылымдарды қолдану тәртібі; зерттеулер, әзірлемелер мен тәжірибелік жұмыстарды өткізу әдістері; ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді жоспарлау мен ұйымдастыру, олардың экономикалық тиімділігін анықтау әдістері; ғылыми-техникалық құжаттамаларды ресімдеу тәртібі; жұмыстың перспективалық және жылдық жоспарларын әзірлеу тәртібі; ұйым бөлімшелері жұмысының нәтижесін есепке алу мен талдау әдістері; ұйым қызметі бойынша белгіленген есептілік пен оны құрастыру тәртібі; экономикалық есеп пен есептеу жұмыстарының орындалу әдістері мен тәсілдері; есептеу техникасын техникалық пайдалану ережелері; басқару еңбегін технологиялық жабдықтау құралдары; еңбек пен өндірісті ұйымдастыру; Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасы; еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі ережелері, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

Біліктілікке қойылатын талаптар: Тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, жұмыс стажына талап қойылмайды.




Сарапшы

Лауазымдық міндеттері. Теорияға және көп жылдық тәжірибесіне сүйене отырып, арнайы ғылыми біліміне сәйкес жүргізілген зерттеулердің нәтижелеріне сүйеніп қорытынды әзірлейді. Ғылыми қызметкерлермен бірлесе отырып зерттеуге арналған бірнеше сұрақтарды әзірлейді. Сараптама үшін ұсынылатын объектілерді мерзімінде қарастырады. Зерттеліп отырған мәселе бойынша дәлелденген, объективті және толық сараптық қорытындыны дайындайды. Зерттеудің заманауи тәсілдерін қолдана отырып, білікті сараптаманы жүзеге асырады. Өзінің мамандығы бойынша басқа бөлімшелердің қызметкерлеріне кеңес береді. Техникалық қызметкерлердің жұмысын (лаборанттардың, лаборант-зерттеушілердің, сынақ мерзімін өтеуші-зерттеушілердің) басқарады, олардың өздерінің лауазымдық міндеттерін атқаруға ықпал етеді. Сараптаманы жүргізудің дұрыстығын, құралдарды, аппаратуралар мен қондырғыларды пайдалануды, реактивтерді ұтымды қолдануды (егер олар қолданылса), қауіпсіздік техника ережесін сақтау және тұлғаның еңбегін қорғауды қадағалайды. Қызметкерлердің біліктілігін арттыру жөнінде сабақтарды өткізуге ат салысады. Өзінің жұмысын жоспарлайды, өзінің қызметінің көрсеткіштерін талдайды. Бекітілген ережелерге сәйкес құжаттарды сапалы түрде және уақытылы рәсімдеуді қамтамасыз етеді. Мекеме басшыларының бұйрықтарын, үкімдері мен тапсырмаларын, өзінің кәсіби қызметінің нормативтік-құқықтық актілерін уақытылы және білікті орындайды. Ішкі тәртіпті, өрт және техника қауіпсіздігін, санитарлық-эпидемиологиялық режимді сақтайды. Тиісті шараларды жедел қабылдайды, қызмет бабына қауіп төндіретін техника қауіпсіздігін, өрт қауіпсіздігін және санитарлық ережелерін бұзушылықты болдырмау жөнінде басшылықты уақытылы құлағдар етеді. Өзінің біліктілігін жүйелі арттырып отырады.

Білуге тиіс: сараптама жүргізу жөніндегі заң актілері, нормативтік және әдістемелік материалдар; зерттеулерде қолданылатын ғылымдардың негіздемелері; сараптама жүргізу тәсілдері; есепке алу құжаттарының нысандары мен есептілікті құру тәртібі; ақпаратты жинау мен өңдеудің, байланыс пен коммуникацияның техникалық құралдары; компьютерлік технологиялар мен операциялдық жүйелер; ішкі еңбек тәртібінің ережелері; еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі, өндірістік санитария ережелері, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, жұмыс стажына талап қойылмайды.



Аудармашы




Лауазымдық міндеттері. Ғылыми, техникалық, қоғамдық-саяси, экономикалық және басқа да арнайы әдебиеттерді, патенттік сипаттамаларды, нормативтік-техникалық және тауардың ілеспе құжаттамасын, шетелдік ұйымдармен хат алмасу материалдарын, сондай-ақ конференциялардың, кеңестердің, семинарлардың материалдарын аударады. Түпнұсқа мазмұнына лексикалық, стильдік және мағналық аударманың нақты сәйкестігін, ғылыми және техникалық терминдер мен анықтамаларға қатысты белгіленген талаптардың сақталуын қамтамасыз ете отырып, белгіленген мерзімде ауызша, жазбаша, толық және қысқартылған аударманы орындайды. Аудармаларды редакциялауды жүзеге асырады. Шетел әдебиеттері мен ғылыми-техникалық құжаттамаларының аннотациясы мен рефераттарын дайындайды. Шетел материалдары бойынша тақырыптық шолулар жасауға қатысады. Терминдерді біріздендіру, тиісті экономикалық қызмет түрі бойынша аудармалар тақырыптары жөніндегі түсініктерді жетілдіру мен анықтау, сондай-ақ орындалған аудармалар, аннотациялар, рефераттарды есепке алу мен жүйелеу бойынша жұмыс жүргізеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   126




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет