Анықтамалық мамандарды дұрыс іріктеуді, орналастыруды және пайдалануды, олардың біліктілігін жоғарылатуды, басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер арасында еңбекті ұтымды бөлуді қамтамасыз етуге арналған



бет42/126
Дата24.04.2016
өлшемі2.72 Mb.
#79035
түріАнықтамалық
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   126

Өндірістік бөлімінің бастығы



Лауазымдық міндеттері. Есептеу техника, коммуникациялар және байланыс құралдарын, өндіріс барысын қолданып, жедел реттеу бойынша, өндіріс жоспарына және жеткізу шарттарына сәйкес өнімді ырғақпен шығаруды қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды басқарады. Ұйым мен оның бөлімшелері бойынша өнімді шығарудың өндірістік бағдарламалар мен күнтізбелік кестелердің әзірлеуін, жоспарланған мерзім ішінде оның түзетуін, жедел-өндірістік жоспарлау үшін нормативтердің әзірлеуін және енгізуін басқарады. Өндіріс барысын, техникалық құжаттаманың өндірісінің қамтамасыз етуін, жабдықтауды, құралдарды, материалдарды, жинақтау бұйымдарды, көлікті, тиеу-түсіру құралдарын және т.с.с., сонымен қатар бұйымдардың жаңа түрлерін дайындауын бақылайды. Өндіріс барысының, бұйымдардың саны мен номенклатурасы бойынша дайын өнімді шығарудың тәуліктік тапсырманы орындаудың күнделікті оперативті есебін, аяқталмаған өндірістің күйі мен жинақтылығының, қоймалар мен жұмыс орындарында тысқары істердің орнатылған мөлшерлерінің, көлік құралдарын тиімді пайдалануының және тиеу-түсіру жұмыстарының уақытында орындалуының бақылауын қамтамасыз етеді. Ұйым бөлімшелерінің жұмыстарын реттейді, өндірістің күнтізбелік жоспарларын орындау ырғақтылығын қамтамасыз ету бойынша, өндірістік процесінің барысының бұзушылықтарын алдын алу және жою бойынша шараларды қолданады. Кооперация және цех аралық қызметтер бойынша тапсырыстардың орындалуының уақытында рәсімделуін, есебін және реттеуін қамтамасыз етеді. Ұйым бөлімшелерінің өзара талаптарының және наразылықтарының орындалуын бақылайды, қуаттарды, жабдықтауды және өндірістік алаңдарды толығырақ және бір қалыпты жүктеу мүмкіндігін айқындау, өнімді дайындау циклын қысқарту мақсатымен өткен жоспарлық кезеңге олардың әрекеттерінің нәтижелерін талдайды. Техникалық жаңалықтарды, ғылыми ашулар мен өнертабыстарды, технологияны жақсартатын озық тәжірибені айқындау және игеру бойынша, өндірісті ұйымдастыру және еңбек өнімділігінің өсуі бойынша жұмыстарды жүргізеді. Өндірістік қоймалардың жұмысын басқарады, аяқталмаған өндірістің түгендеуін жүргізуге бөлімінің қатысуын қамтамасыз етеді. Жедел жоспарлауды жетілдіру бойынша шаралардың, өндірістің және диспетчерлік қызметінің механикаландырудың ағымдағы есебін, есептеу техниканың, коммуникациялар мен байланыстың осы заманғы құралдарды енгізуінің әзірлеуін ұйымдастырады. Ұйымның өндірістік-диспетчерлік бөлімшелерінің жұмыстарына әдістемелік басшылықты іске асырады, бөлім жұмысшыларын басқарады. (1)

(1) Құрылыста және геологияда - өндірістік-техникалық бөлімінің бастығы техникалық басшылықтың функцияларын орындауымен. Сипаттамада аталған міндеттерден басқа, өндірістік-техникалық бөлімінің бастығы құрылыс саласында ғылыми-зерттеу және тәжірибелік жұмыстарының жүргізілуін, титул тізімдерін құруын, тапсырушылармен және мердігерлермен шарттардың дайындалуын және рәсімдеуін басқарады. Құрылыстың жоғары техникалық деңгейін, технологиялық тізбектің және мердігер ұйымдармен жұмысты орындау мерзімінің байланысын қамтамасыз етеді. Құрылыстарды жобалық-сметалық құжаттамамен уақытында қамтамасыз етуін, құрылыс нормаларды және объектіні белгіленген мерзімде тапсыру ережелерін сақтауын бақылайды.

Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының заң шығарушы мен басқа да нормативті құқықтық актілері, өндірістік жобалау мен өндірісті жедел басқару мәселелері бойынша әдістемелік материалдары; ұйымның даму перспективалары; ұйымның және оның өндірістік базасының өндірістік қуаттары; ұйым бөлімшелерінің мамандандырылуы және олардың арасындағы өндірістік байланысты; шығарылатын өнімнің, орындалатын жұмыс (қызметтер) түрлерінің номенклатурасы; өндірістің технология негіздері; ұйымда өндірістік жоспарлауды ұйымдастыру; өндірістік бағдарламаларды және өнімді шығару күнтізбелік кестесін әзірлеу тәртібі; өндіріс барысының оперативті есебін ұйымдастыру; қойма шаруашылығы, көліктік және тиеу-түсіру жұмыстарын ұйымдастыру; есептеу техникасы, коммуникация мен байланыс құралдары; экономика, өндірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастыру; Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасының негіздері; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария ережелерін, өрт қауіпсіздігі талаптары.

Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиiстi мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiмі және өндірісті оперативті басқару лауазымында жұмыс стажы кемінде 5 жыл болуы тиіс.


Жөндеу цехының бастығы



Лауазымдық міндеттері. Ұйымның жабдықтауын, ғимараттарын және құрылыстарын жөндеу бойынша цехтің өндірістік-шаруашылық әрекетін басқарады. Ұйымның негізгі өндірістік құралдарын жөндеудің болашақ және ағымдағы жоспарларын әзірлеуге қатысады. Жабдықтаудың уақытымен жөндеуін қамтамасыз ететін кешендік регламенттелген қызмет көрсету жүйесін енгізу бойынша, оның пайдалануын жақсартуға бағытталған шараларды іске асыру бойынша жұмыстарды басқарады. Цехтің ырғақтылық жұмысын және белгіленген мерзімде жөндеу тапсырмаларын орындауын, жөндеу жұмыстарының сапасы жоғары болғанда жөндеу құнын төмендетуін, негізгі және айналымдағы құралдардың тиімді пайдалануын қамтамасыз етеді. Жоспарлық тапсырмалар мен жөндеу кестесінің әзірлеуін және орындаушыларға (учаске бастықтарына, шеберлерге, бригадирлерге) жеткізуді, жабдықтаудың жөндеу жұмыстарын және сынауын жүргізудің, пайдалану, техникалық қызмет көрсету ережелерін сақтаудың және оған қараудың бақылауын ұйымдастырады. Еңбекті және жөндеу өндірісінің, оның технологияларын, өндірістік процестерін механикаландыруын және автоматтандыруын жетілдіру бойынша, брактың алдын алу және өнімнің сапасын жоғарылату, еңбек өнімділігін жоғарылату резервтерін пайдалану және өндіріс қалдықтарын азайту бойынша жұмыстарды жүргізеді. Жөндеу-өндірістік әрекет туралы есеп жүргізу мен есептілікті құрауды, жұмыс орындарын аттестаттау және оңтайландыру бойынша, еңбек ақы мен материалдық ынталандыруды төлеу формалары мен жүйесін дұрыс пайдалану бойынша жұмыстарды ұйымдастырады. Стандарттарды, техникалық шарттарды және жабдықтауды пайдалану, жөндеу және профилактикалық қызмет көрсету бойынша нормативті материалдарды әзірлеумен және енгізумен байланысты жұмысты ұйымдастырады. Жабдықтау мен басқа да негізгі құралдардың техникалық дұрыс пайдалануын және оларды жөндеу кестесін орындауын, қауіпсіз еңбек шарттарын, сонымен қатар қызметкерлерге еңбек шарты бойынша уақытымен көмекті ұсынуды қамтамасыз етеді. Өндірістің техникалық дамуын жоспарлау және жабдықтауды жаңарту бойынша жұмыстарға, жабдықтаудың жоғары тозуының және өндірістік травматизмнің себептерін тергеуге қатысады және оларды алдын алу бойынша шаралардың әзірлеуін қамтамасыз етеді. Шеберлер мен цехтік қызметтердің жұмысын реттейді. Білікті кадрларды таңдайды, оларды орналастырады және мақсатпен пайдалануын іске асырады. Қызметкерлердің еңбекті қорғау және қауіпсіздік техника ережелері мен нормаларының, өндірістік пен еңбек тәртібін, ішкі еңбек тәртібінің ережелерінің сақтауын бақылайды. Қызметкерлерің біліктілігін жоғарылату бойынша жұмысты ұйымдастырады.

Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының заңнамалық мен басқа да нормативті құқықтық актілері, техникалық қызмет көрсету мен жабдықтауды жөндеу бойынша әдістемелік және басқа материалдары; ұйымның және цехтің техникалық даму перспективалары; жоспарлы-алдын алу жөндеудің және технологиялық жабдықтауды тиімді пайдалану жүйесі; жабдықтауды жөндеу жұмыстары және техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру; ұйым мен цехтің жабдықтауының техникалық сипаттамалары, құрылымдық ерекшеліктері және пайдалану мәліметтері; ұйымның өнім өндірудің негізгі технологиялық процестері; жөндеу жүйелері және жөндеу жұмыстарының технологиясы; жабдықтау стандарттары, техникалық шарттар және техникалық қызмет көрсету, жөндеу, монтаждау және сынау бойынша нұсқау; өндірістік-шаруашылық әрекетінің формалары мен әдістері; еңбекақы, материалдық ынталандыру формалары бойынша ережелері; жабдықтаудың техникалық қызмет көрсету мен жөндеу бойынша отандық және шетелдік озық тәжірибесі; экономика, еңбекті, өндірісті және басқаруды ұйымдастыру негіздері; Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнама негіздері; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелерін, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиiстi мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiмі және тиісті мамандық лауазымында жұмыс стажы кемінде 3 жыл болуы керек немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білімі және тиісті мамандық лауазымында жұмыс стажы кемінде 5 жыл болуы тиіс.

Ауысым бастығы
Лауазымдық міндеттері. Ұйым бөлімшелерімен (учаскелермен және бригадалармен) ауысымдық өндірістік тапсырмаларды орындауын, бұйымдар өндірісінің жұмыстардың орындалуының орнатылған технологиясының сақтауын, жоғары сапалы өнімнің ырғақтылықпен шығарылуын қамтамасыз етеді. Өндірістің уақытында дайындалуын, жабдықтаудың тиімді тиеу мен жұмысын ұйымдастырады. Жабдықтаудың және негізгі құралдардың техникалық дұрыс пайдалануын материалдық пен энергетикалық ресурстармен қамтамасыз етуін бақылайды және шикізатты, жанар майды, материалдарды үнемдеп пайдаланумен өндіріс барысының бұзылу себептерін айқындайды, алдан алады және жояды. Еңбек өнімділігі мен өнім сапасының жоғарылатуының қосымша өндірістік резервтерін қолдануын іздестіру және ұйымдастыру бойынша, өндіріс қалдықтарын азайту бойынша жұмыстар жүргізеді. Өндірісті оперативті жоспарлау, нормалауды жақсарту, жұмыс орындарын аттестаттау және оңтайландыру, озық тәсілдер мен әдістерді тарату, еңбек шығындарын азайту бойынша жұмыстарға қатысады. Ұйым бөлімшесінің ауысымда өндірістік әрекетінің нәтижелерін, жабдықтаудың тұрып қалуының және бұйымдар (жұмыс, қызмет) сапасының төмендеуінің себептерін талдайды, айқындалған ақаулықтарды жою бойынша шараларды әзірлеуге және енгізуге қатысады. Өнімнің жұмыс орындар бойынша жылжудың, өндірістік тапсырмалардың орындалуының оперативті есебін ұйымдастырады.

Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының заң шығарушы мен басқа да нормативті құқықтық актілері, өндірісті оперативті басқару бойынша әдістемелік және басқа да құралдары; шығарылатын өнімге, оны өндіру технологиясына қойылатын техникалық талаптары; цехтің өндірістік жабдықтауы және оны техникалық пайдалану ережелері; өндіріс барысының жүйелері және есептеу әдістері; экономика, өндірісті, еңбекті ұйымдастыру және басқару негіздері; техникалық-экономикалық және оперативті-өндірістік жоспарлау; өндірістік-шаруашылық әрекетінің формалары және әдістері; еңбекақы және материалдық ынталандыру формалары бойынша ережелері; Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнама негіздері; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария ережелері; өрт қауіпсіздігінің талаптары.

Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиiстi мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiмі және тиісті мамандық бойынша жұмыс стажы 2 жыл болуы тиіс немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білімі және өндірісті оперативті басқару бойынша жұмыс стажы кемінде 3 жыл болуы тиіс.

Жабдықтарды іске қосу қызметінің бастығы


Лауазымдық міндеттері. Өз құзыреті шеңберінде бөлімшенің жұмысын бағыттау және үйлестіру жөніндегі қызметін басқаруды жүзеге асырады, әкімшілік мәселелерді шешеді; ұйымның бірінші басшысының жалпы басшылығымен және басқа да бөлімшелер мен қызметтердің басшыларымен өзара іс-қимылмен өз міндеттерін орындайды. Жабдықтардың техникалық дұрыс іске қосылуын және тұрақты, үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, ауысымын арттыру, дәлдіктің талап етілетін деңгейінде ұстап отыру. Жоспарлы-алдын ала жөндеу жүйесі ережелеріне сәйкес жабдықтарды тексеру, сынау және профилактикалық жөндеу жоспарларын әзірлеуді ұйымдастырады, сол жоспарларды бекітеді және олардың орындалуын бақылайды, өндірістің техникалық даярлығын қамтамасыз етеді. Мердігер ұйымдармен жөндеу жүргізуге қажет жоспарларды (кестелерді) келіседі, уақытылы қажетті техникалық құжаттамамен қамтамасыз етеді, күрделі жөндеуге титулды тізім жасауға қатысады. Жабдықтың болуын және жылжуын есепке алу жұмысын, техникалық және есепті құжаттама жасау және ресімдеуді ұйымдастырады. Жабдықтарды жөндеу, жөндеу-пайдалану қажеттіктеріне материалдық шығыс, оны пайдалану көрсеткіштерінің талдауы, жөндеу жүргізу сметасын жасау, жабдықтарды пайдалану кезінде қажет болатын материалдар мен қосалқы бөлшектер сатып алуға өтінім ресімдеу жөніндегі нормативтік материалдарды әзірлеуді басқарады. Жөндеу аралық қызмет көрсету, уақытылы және сапалы жөндеу және жабдықтарды жаңарту, олардың сенімділігі мен ұзақ уақытта жарауы жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, ғимараттар мен құрылыстардың жағдайын, ұстау және жөндеуін техникалық қадағалауды, жөндеу жұмыстарының орындалуына кететін материалдардың оңтайлы қолданылуын қамтамасыз етеді. Жұмыс орындарын аттестациялау, оңтайландыру, есепке алу және жоспарлау, жабдықтарды жаңарту, реконструкциялау, техникалық қайта жарақтау жөнінде ұсыныстар даярлау, технологиялық процестерді кешенді механизациялау және автоматтау құралдарын енгізу, қоршаған ортаны қорғау, өндіріс тиімділігін арттыру жоспарларын әзірлеуге қатысу. Негізгі өндірістік құралдарды инвентаризациялау жүргізуді ұйымдастырады, ескірген жабдықтарды, күрделі жөндеуді талап ететін объектілерді айқындайды, жөндеу жұмыстарының кезектілігін белгілейді. Жаңа техниканы енгізу және игеру жөніндегі тәжірибелік, баптау және басқа да жұмыстарға, жабдықтарды сынауға, реконструкцияланатын ғимараттар мен құрылыстардың жаңа және жөндеуден шыққан жабдықтарын қабылдап алуға қатысады. Жабдықтардың, жекелеген тораптар мен бөлшектердің жұмыс жағдайын зерттейді, жабдықтардың жоспардан тыс тоқтатылуының алдын алу, тораптар мен бөлшектердің қызмет ету мерзімін ұзарту, жөндеу аралық кезеңдерді, жабдықтардың сақталуын жақсарту, оны пайдалануын арттыру шараларын жүзеге асырады, мамандандырылған жөндеуді, қосалқы бөлшектерді, тораптар мен ауыстырылатын жабдықтарды жүзеге асырады. Жабдықтардың тозу, оның тоқтау себептерін зерттеуге, аварияларды тексеру, оларды жою және ескерту шараларын әзірлеу және енгізуге қатысады. Жабдықтардың тиімділігі аз бөлшектерін жоғары өнімділерімен ауыстыру, жабдықтарды жөндеу және тоқтауын қысқару, жөндеуге шығында қысқарту және оны жөндеудің жаңа прогрессивті әдістерін қолдану және бөлшектерді, тораптар мен механизмдерді қалпына келтіру негізінде ұстап отыру жөніндегі шараларды әзірлеуді және енгізуді басқарады. Жабдықтарды монтаждау жұмысының сапасын қадағалауды, күрделі жөндеуге кететін шығынның оңтайлы жұмсалуын, жабдықтардың қоймаларда сақталуын, уақытылы тексеру және мемлекеттік техникалық қадағалауды жүзеге асыратын органдарға көрсету, жабдық паспортына өзгерістер енгізу жұмысын қамтамасыз етеді. Қолданылмайтын жабдықты анықтау, жұмыс істеп тұрған жабдықты қолданылуды жақсарту, еңбекті механизациялау және прогрессивтік технологияны енгізу, жөндеу қызметі қызметкерлерінің еңбегін ұйымдастыруды жетілдіру негізінде жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру шараларын қабылдайды. Жөндеу жұмыстарын жүргізгенде еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасының сақталуын қамтамасыз етеді. Жабдықты пайдалану және жөндеу кезінде қауіпсіз және қолайлы еңбек жағдайларын жасау шараларын әзірлеу және енгізуге қатысады. Жабдықтардың жұмысын жақсартуға қатысты оңтайлы ұсыныстарды жүзеге асырады, олардың ішіндегі ең күрделі дегендеріне, сондай-ақ нормативтер мен мемлекеттік стандарттар жобаларына пікір білдіріп, қорытынды жасайды, қабылданған оңтайлы ұсыныстарды енгізуге жәрдемдеседі. Жабдықтарды сатып алуға өтінім жасауға қатысады. Жабдықтарды, ғимараттар мен құрылыстарды жөндеуді жүзеге асыратын бөлім мен бөлімшелердің қызметкерлерін басқарады, қызметкерлердің біліктілігін арттыру жұмысын ұйымдастырады.

Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері; жабдықтардың, ғимараттардың, құрылыстарды жөндеуді ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік және басқа материалдар; ұйым өнімін өндіру технологиясының негіздері; ұйымдардағы жөндеу қызметін ұйымдастыру; жабдықтар жұмысын жоспарлау және жөндеу жұмыстарын өндіру тәртібі мен әдістері; техникалық жабдықтарды жоспарлы-ескерту жөндеу жүйесін және оңтайлы пайдалану жүйесі; ұйым жабдықтарының өндірістік қуаты, техникалық сипаттамалары, құрылымдық ерекшеліктері, жұмыс режимдері, оны пайдалану ережесі, жабдықтарды монтаждау және жөндеу әдістері, жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру және технологиясы; ақау ведомосін жасау, паспорт, қосалқы бөлшектердің сызба альбомдары, жабдықтар мен басқа да техникалық құжаттаманы пайдалану нұсқаулығы; жабдықтарды жөндеуден кейін қабылдау және тапсыру ережесі; жабдықтар мен жөндеу құралдарын пайдалану, жөндеу және жаңғырту кезінде оңтайлы еңбекті ұйымдастыру талаптары; ұйымдарға жөндеу қызметін көрсетудің алдыңғы қатарлы тәжірибесі мен шетел тәжірибесі; экономика, өндірісті ұйымдастыру, еңбек және басқару негіздері; Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасы негіздері; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария ережелері; өрт қауіпсіздігінің талаптары.

Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және экономикалық қызмет түрінде ұйымдастыру бейінімен тиісті мамандық бойынша жұмыс стажы кемінде 5 жыл болуы тиіс.

Дәнекерлеу жұмыстары қызметінің бастығы



Лауазымдық міндеттері. Дәнекерлеу жұмыстарын орындаудың технологиялық дайындығына басшылық жасайды, жоғары сападағы өнім дайындауды және шығаруды, бұйымның конструкциясын жетілдіруді, олардың технологиялығын, экологиялылығын, еңбектің жоғары өнімділігін қамтамасыз етеді. Дәнекерлеудің технологиялық процестерін және дәнекерлеу жұмыстарын технологиялық жарақтандыру құралдарын әзірлеу және ендіру жүктелген бөлімшелерге техникалық басшылық жасауды жүзеге асырады. Дәнекерлеу жұмыстарының өндірісін технологиялық дайындаудың перспективалық және ағымдағы жоспарларын, дәнекерлеу жұмыстарын жоспарлы-алдын ала жөндеу кестелерін әзірлеуге, жұмыстың мерзімдері мен көлемін, еңбек және материалдық ресурстардың шығындарын жоспарлауға басшылық жасайды. Дәнекерлеу жұмыстарын орындаудың технологиясы мен сапасын, жабдықтың жұмыс жағдайларын зерделейді және талдайды, дәнекерлеу жұмыстарын орындау кезінде еңбек шығындарын қысқартуды, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау нормаларын сақтауды, материалдық және энергетикалық ресурстарды үнемдеуді қамтамасыз ететін дәнекерлеудің прогрессивтік әдістерін әзірлеуді және өндіріске ендіруді ұйымдастырады. Қажетті техникалық құжаттаманы әзірлеуді және оның өндірісті қамтамасыз етуін, дәнекерлеудің технологиялық режимдерінің, материалдарды жұмсау нормаларының, жабдықты техникалық пайдалану және жұмыстың қауіпсіз жүргізу ережелерінің қатаң сақталуын бақылауды жүзеге асырады. Дәнекерлеу жұмыстарын орындау үшін талап етілетін жабдықтар мен материалдар үшін өтінімдер жасауды, дәнекерлеу жабдығының есепке алуды ұйымдастыруды, оны паспорттауды қамтамасыз етеді. Кәсіпорынды қайта құру және техникалық жарақтандыру мәселелерін қарауға қатысады, жаңа дәнекерлеу жабдығын ендіру, технологиялық процестерді кешенді механикаландыру және автоматтандыру жөніндегі шаралар қабылдайды. Дәнекерлеу жұмыстарын орындайтын жаңа өндірістік бөлімшелерді жобалау және құру, еңбекті ұтымды ұйымдастыру және қауіпсіздік техникасы ережелерінің талаптарын ескере отырып оларды мамандандыру және жабдықты жұмыспен қамту бойынша жұмысқа басшылық жасайды, жобалау күштерін уақтылы игеруді, жабдық жұмысының ауысымдық коэффициентінің артуын қамтамасыз етеді. Прогрессивтік техника мен технологияны ендіру, технологиялық жабдық пен жарақты, өндірістік күштерді пайдалануды жақсарту, дәнекерлеу құрылғыларының сапасын және сенімдігін арттыру жөніндегі іс-шараларды әзірлеуді және жүзеге асыруды ұйымдастырады. Дәнекерлеу әдістері мен технологиясына, дәнекерлеу жұмыстарын ұйымдастыруға және дәнекерлеу жабдығын жетілдіруге қатысты неғұрлым күрделі рационализаторлық ұсыныстар мен өнертабыстарды қарайды және пікірлер мен қорытындылар береді. Еңбек өнімділігін арттыру резервтерін пайдалана отырып өндірісті мамандандыру және кооперациялау деңгейін көтеруге байланысты жұмыстарды орындауды ұйымдастырады. Дәнекерлеу жұмыстарын орындаудың әдістері мен технологиясын жетілдіру бойынша зерттеу және эксперименттік жұмыстарға басшылық жасайды. Кәсіпорынның білікті дәнекерлеушілерге деген қажеттілігін айқындау, оларды белгіленген тәртіппен аттестациядан өткізу бойынша жұмысқа қатысады. Дәнекерлеу жұмыстарын технологиялық дайындау және орындау жөніндегі ғылыми-техникалық жетістіктерді, алдыңғы қатардағы отандық және шетелдік тәжірибелерді зерделеу және ендіру бойынша жұмысты ұйымдастырады. Кәсіпорынның дәнекерлеу жұмыстарын орындауды технологиялық дайындауды жүзеге асыратын бөлімшелері мен қызметкерлерінің жұмысын үйлестіреді.

Білуге тиіс: өндірістің технологиялық дайындығы жөніндегі нормативтік, әдістемелік және басқа материалдар; кәсіпорынның саласы, мамандануы және ұйымдық-технологиялық құрылымының ерекшеліктері, оның даму перспективалары; кәсіпорын өнімінің өндірісі технологиясының негіздері; саладағы және кәсіпорындағы дәнекерлеу жұмыстарын ұйымдастыру; өндірістік қуаттар, дәнекерлеу жабдығының конструкциялық ерекшеліктері және жұмыс режимі, оны пайдалану ережелері; өндірісті технологиялық дайындауды жоспарлаудың және дәнекерлеу жұмыстарын орындаудың тәртібі мен әдістері; дәнекерлеу әдістері мен тәсілдері; техникалық құжаттаманы әзірлеу және ресімдеу жөніндегі ережелер, нұсқаулықтар және басқа да басшылыққа алатын материалдар; дәнекерлеу кезінде қолданылатын материалдарға қойылатын техникалық талаптар, оларды жұмсау нормалары; дәнекерлеу жабдығын жөндеуді ұйымдастыру; дәнекерлеу ақауларының түрлері және оларды жою тәсілдері; дәнекерлеу жұмыстарының технологиясын жетілдіру және ұйымдастыру саласындағы зерттеулер мен әзірлемелер жүргізу әдістерін дәнекерлеу жұмыстарына арналған стандарттар және техникалық талаптар, құрылыс нормалары мен ережелері; дәнекерлеу жұмыстарының технологиясы және ұйымдастыру саласындағы алдыңғы қатардағы отандық және шетелдік тәжірибе; экономика, өндірісті ұйымдастыру, өндіріс және басқару негіздері; экологиялық заңнамасының негіздері; еңбек заңнама негізі; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария ережелері; өрт қауіпсіздігінің талаптары.



Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейін) білімі және тиісті мамандық бойынша жұмыс стажы кемінде 5 жыл болуы тиіс.

Техникалық бөлім бастығы


Лауазымдық міндеттері. Өндірістің техникалық даярлығын немесе негізгі ұйым қызметінің басқа да түрлерін ұйымдастырады, өнімнің, жұмыстардың (қызметтердің) сапасын жақсартуды қамтамасыз етеді және өнім даярлау, жұмыс (қызмет) өндіруге кететін материалдық және еңбек шығындарын қысқартады. Техникалық ұйым қызметінің техникалық жаңа құралдарды сынау, жаңа өнім түрлерін, кешенді автоматтау және өндірісті механизациялау, ғылыми-техникалық жетістіктерді, жаңа техника және прогрессивтік технологияны енгізуді жоспарлау жасау және игеру жөніндегі жұмысын үйлестіреді. Ұйымның ағымдағы және перспективалық техникалық дамуын жоспарлауды, оның өндірістік базасын басқаруды жүзеге асырады. Жаңадан салынып жатқан өндірістерді, құрылыстарды, техникалық құралдарды жобалауға техникалық тапсырмалар жасауды, қолданыстағы автоматтау және механизациялау құралдарын енгізу, кеңейту, дамыту және реконструкциялауды басқарады. Жабдықтарды жаңғырту және жұмыс орындарын оңтайландыру жөніндегі жобалау-конструкторлық құжаттаманы қарайды және келіседі. Жаңа техниканы енгізумен байланысты шарттар жасау және орындалуын, сондай-ақ жаңа техника және технологияларды, шикізат және даяр өнімнің жаңа түрлерінің тиімділігі есептерін қаржыландыру және дұрыстығын бақылауды жүзеге асырады. Өндіріске ресурс үнемдеуші технологияны енгізу және әзірлеуге, төмендетілген сұрыптардың ақау себептерін және өнімнің шығарылуын зерттеуге, өнім сапасын арттыру (жұмыстарды, қызметтерді) шараларын әзірлеуге және өндірістік қуаттылықтарды тиімді пайдалануға қатысады. Дербес құрылымдық және технологиялық бөлімдер болмағанда олардың басшыларының қызметтерін орындайды. өнімді стандарттау, ғылыми-техникалық ақпарат, сондай-ақ патенттік-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру мәселелерімен айналысатын бөлімшелердің қызметін бағыттап отырады. Өндірістің техникалық даярлығын қамтамасыз ететін ұйым бөлімшелерінің қызметін үйлестіреді және бағыттайды, бөлім қызметкерлерін басқарады.

Білуге тиіс: өндірісті техникалық даярлау жөніндегі Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері, әдістемелік және басқа материалдар; экономикалық қызмет және ұйымдастыру түрлерінің бағыттары мен перспективалары; ұйымдық өнім шығару технологиясы; жабдықтардың өндірістік қуаттылығы мен жұмыс режимдері; оны пайдалану ережесі; өндіріс резервін анықтау және пайдалану әдістері; шикізатқа, материалдар мен даяр өнімге қойылатын техникалық талаптар; технологиялық процестер мен жабдықтарды жобалау кезінде еңбекті оңтайлы ұйымдастыру талаптары; өндірістің техникалық даярлығын ұйымдастыруды; жабдықтарды іске қосуға қабылдау тәртібі; жаңа техника және технологияны, еңбекті ұйымдастыру, оңтайлы ұсыныстар мен ойлап табуларды енгізудің экономикалық тиімділігін айқындау; техникалық өндіріс, еңбекті ұйымдастыру және басқару саласында алдыңғы қатарлы отандық және шетелдік ұйымдардың тәжірибесі; Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнама негіздері; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелері.



Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және техникалық өндіріс дайындығы бойынша жұмыс стажы кемінде 5 жыл болуы керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   126




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет