Мақсаты
1. Осы Стандарттың мақсаты концеденттің қызмет көрсетуі бойынша концессиялық келісім есебін жүргізуге қойылатын талаптарды бекіту болып табылады.
Қолдану аясы (AG1–AG2 параграфтарын қараңыз)
2. Есептеу әдісі бойынша қаржылық есептілікті ұсынатын және әзірлейтін субъект1 Осы Стандартты қызмет көрсету бойынша концессиялық келісім есебін жүргізу барысында қолдануы тиіс.
3. Осы Стандарт мемлекеттік коммерциялық кәсіпорындардан басқа барлық қоғамдық сеткор субъектілеріне қолданылады.
4. ҚСҚЕХСК жариялаған «Қоғам секторы үшін қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына алғысөз» мемлекеттік коммерциялық кәсіпорындарға (МКК) ҚСХСК жариялаған ҚЕХС қолданылатынын түсіндіреді. МКК анықтамасы «Қаржылық есептілікті ұсыну» 1 ҚСҚЕХС берілген.
5. Осы Стандарттың қолдану аясына түсетін келісімдер концеденттің атынан концессиялық активке байланысты қоғамдық қызмет көрсететін операторды ұйғарады.
6. Осы Стандарттың қолдану аясына түспейтін келісімдер, қоғамдық қызмет көрсетуді қарастырмайтын келісімдер мен сондай ақ, активті концедент бақыламайтын кезде (мысалы, аутсоринг, қызмет көрсету келісімшарттары немесе жекешелендіру), қызмет көрсету мен басқарудың құрауышын қарастыратын келісімдерді қамтиды.
7. Осы Стандарт операторлар үшін есеп тәртібін бекітпейді (оператордың қызмет көрсетуі бойынша концессиялық келісімді есепке алу бойынша Нұсқау қызмет көрсетуге концессиялық келісімді реттейтін тиісті халықаралық немесе ұлттық стандарта қамтылған).
Анықтамалар (AG3–AG4 параграфтарын қараңыз)
8. Осы стандартта төменде көрсетілген мағынасы бар, келесі терминдер қолданылады:
Осы Стандарттың мақсаттарына арналған Міндеттеуші келісім тараптардың міндеттері мен құқықтарын қарастыратын келісімді білдіреді.
Осы Стандарттың мақсаттарына арналған Концедент – қызмет көрсетуге концессия заты болып табылатын активті пайдалану құқығын операторға ұсынатын субъект.
Осы Стандарттың мақсаттарына арналған Оператор – қоғамдық қызметтерді ұсыну мақсатында концессия заты болып табылатын активтерді қолданатын субъект, бұл жағдайда концедент активтердің бақылауын жүзеге асырады.
Қызмет көрсету туралы концессиялық келісім концендент пен оператор арасындағы міндеттеуші келісім:
(а) Оператор белгіленген уақыт мерзімінде конценденттің атынан қызмет көрсетуге концессияның заты болып табылатын активті қолданады; және
(b) Оператор қызмет көрсетуге концессиялық мерзімнің қарсаңында өз қызметі үшін сыйақы алады.
Қызмет көрсетуге концессия заты болып табылатын актив (концессиялық актив) төмендегідей қызмет көрсетуге концессиялық келісімдер аумағында қоғамдық қызмет үшін пайдаланылатын активті білдіреді:
(а) Оператормен ұсынылатын:
(i) Үшінші жақтың операторымен құрылады, әзірленеді немесе сатып алынады; немесе
(ii) Оператордың маңызды активі болып табылады; немесе
(b) Концендентпен ұсынылатын:
(i) Конценденттің маңызды активі болып табылады; немесе
(ii) Конценденттің жетілдірілген маңызды активі болып табылады.
Басқа ҚСҚЕХС анықтамалары берілетін терминдер осы Стандартта басқа ҚСҚЕХС стандартта келтірілген мәнге ие және жеке жарияланатын анықтамалар Глоссарийінде келтіріледі.
Концессиялық активті мойындау және бағалау (AG5-AG35 параграфтарын қараңыз)
9. Концедент оператормен ұсынылған активті және концессиялық актив ретінде конценденттің жетілдірілген маңызды активін мойындауы тиіс, егер:
(а) Концедент оператордың қандай актив арқылы қандай қызметтерді ұсыну, кімге және қандай бағамен ұсыну керектігін бақылайды және реттейді; және
(b) Концедент меншік құқығын, пайда табу мақсатында пайдалану құқығын, келісімнің әрекет ету мерзімінің аяғында активтің кез келген айтарлықтай қалдық үлесін бақылайды.
10. Егер 9(а) параграфының шарттары орындалатын болса, осы Стандарт пайдалы қызмет ету мерзімі қарсаңында қызмет көрсетуге концессиялық келісімде қолданылатын активке пайдаланылады.
11. Концедент 12-параграфта қарастырылған жағдайлардан басқа шынайы құн бойынша 9-параграфқа сәйкес (немесе 10-параграфқа сәйкес пайдалы қызметтің әрекет ету мерзіміндегі активті) мойындалған концессиялық активтің бастапқы бағалауын жүргізуі тиіс.
12. Конценденттің қолданыстағы активі 9(а) және 9(b) параграфтарының шарттарын қанағаттандыратын болса, концедент қолданыстағы активті концессиялық актив ретінде қайта жіктеуі тиіс. Қайта сынытастырылған концессиялық актив жағдайға байланысты «Жылжымайтын мүлік, ғимараттар мен жабдықтар» 17 ҚСҚЕХС немесе «Матеиалдық емес активтер» 31 ҚСҚЕХС сәйкес ескерілуі тиіс.
13. Бастапқы мойындалудан кейін және қайта сыныптастырылғаннан соң, концессиялық активтер 17 ҚСҚЕХС немесе 31 ҚСҚЕХС сәйкес активтердің жеке сыныбы ретінде ескерілуі тиіс.
Міндеттемелрді мойындау және бағалау(AG36-AG50-параграфтарын қараңыз)
14. Егер концендент 9-параграфқа сәйкес концессиялық активтерді мойындаса, ол міндеттемені де мойындауы қажет.
15. 14-параграфқа сәйкес расталған міндеттемелердің бастапқы бағалауы 11-параграфқа сәйкес мойыдалған концесиялық активтердің сомасына тең болуы тиіс.
16. Мойындалатын міндеттемелердің сомасы концендент пен оператор алмасатын сыйақы беру сипатына байланысты.
17. Концендент концессиялық активке алмастыру үшін, операторға келесі тәсілдер арқылы активтің орнын толтыру төлемін ұсына алады:
(а) Операторға төлемдерді жүзеге асыру («қаржылық міндеттеме моделі»);
(b) Операторға басқа тәсілдер арқылы төлемнің орнын толтыру («Операторға құқықты ұсыну» моделі):
(i) Концессиялық активтің тараптық тұтынушыларынан көмек алу құқығы; немесе
(ii) Кіріс әкелетін басқа активке рұқсат беру құқығы.
Қаржылық міндеттеменің моделі (AG37 – AG46-параграфтарын қараңыз)
18. Концедент қаржылық міндеттеме ретінде 14-параграфқа сәйкес мойындалған міндеттемелерді ескеруі қажет.
19. Концедент операторға төмендегідей төлемге кепілдік берсе, ақшалай қаражаттардың төлемдерін орындай алады:
(a) Белгілі бір сомаларға; немесе
(b) Жетіспейтін сомаларға.
20. 14-параграфқа сәйкес мойындалатын қаржылық міндеттемелер үшін 28 ҚСҚЕХС, 29 ҚСҚЕХС және 30 ҚСҚЕХС қолданылады.
21. Концедент 14-параграфқа сәйкес опреаторға ұсынылатын төлемдерді бөлуі тиіс.
22. Концессиялық келісімдер аумағында оператормен ұсынылатын қызметтерді қаржыландыру және төлем құны шығындар ретінде ескерілуі тиіс.
23. Егер концессиялық қызметтің компоненттері болып табылатын активтер мен қызмет көрсетулер жеке сәйкестендірілсе, операторға берілетін төлем концендентпен бөлінуі тиіс.
Операторға құқық беру моделі (AG47-AG49-параграфтарын қараңыз)
24. Егер концедент операторға төлемді жүзеге асыруы үшін, шартсыз міндеттемелерге ие болмаса, концендент 14 параграфқа сәйкес мойындалған міндеттемені ескеруі қажет.
25. Концедент қызмет көрсетуге концессиялық келісімнің экономикалық мәніне байланысты 24-параграфқа сәйкес мойындалған кірісті мойындап, міндеттемені төмендетуі қажет.
26. Егер концендент операторға концессиялық актив үшін өтемақы төлейтін болса, алмасу процесі кіріс әкелетін операция ретінде қарастырылады.
Келісімді бөлу (AG50-параграфын қараңыз)
27. Егер концедент қаржылық міндеттемені қабылдау және операторға құқықты біртіндеп ұсынутәсілімен біртіндеп концессиялық активтің құрылысына, әзірлемесіне, сатып алуына немесе жақсартуына төлейтін болса, 14-параграфқа сәйкес мойындалған жиынтық міндеттемелердің әрбір бөлігін жеке ескеруі қажет. Жиынтық міндеттеменің бастапқы мойындалған сомасы 15-параграфта көрсетілген сомаға сәйкес болуы тиіс.
28. Концедент 18-26 параграфтарына сәйкес 27-параграфта айталған міндеттемелердің әрбір бөлігін ескеруі тиіс.
Басқа міндеттемелер, шартты міндеттемелер және активтер (AG51-AG54-параграфтарын қараңыз)
29. Концедент «Бағалау резервтері, шартты міндеттемелер мен шартты активтер» 19 ҚСҚЕХС, 28 ҚСҚЕХС, 29 ҚСҚЕХС және 30 ҚСҚЕХС сәйкес қызмет көрсетудің концессиялық келісімдеріне байланысты туындайтын басқа да міндеттемелерді, шартты міндеттемелерді және шартты активтерді ескеруі тиіс.
Басқа кірістер (AG55-AG64 параграфтарын қараңыз)
30. Концедент 9 ҚСҚЕХС «Айырбасталатын операциялардан түсетін табыс» сәйкес 24-26-параграфтарында келтірілген кірістер болып табылмайтын қызметті ұсыну туралы концессиялық келісімнен түскен кірістерді ескеру қажет.
Ақпаратты ұсыну және ашып көрсету (AG65-AG67-параграфтарын қараңыз)
31. Концедент 1 ҚСҚЕХСсәйкес ақпаратты ұсынуы қажет.
32. Қызмет көрсетуге концессиялық келісімнің барлық аспектілері ескертулерде ашып көрсетілуі тиіс сәйкес ақпаратты анықтау кезінде ескерілуі қажет. Әрбір есептік мерзімде концендент қызмет көрсетуге концессиялық келісімдерге қатысты келесі ақпараттарды ашып көрсетуі тиіс:
(а) Келісім сипаттамасы;
(b) Болашақ ақшалай ағындардың сомасына, мерзіміне, және анықталуына әсер етуі мүмкін маңызды шарттар (мысалы, концессия мерзімі, бағана қайта қарастыру күні және базасы, оның негізінде келісім бағасы мен шарттарының қайта қарастырылуы анықталады);
(с) Сипаты мен шектері (мысалы, жағдайға байланысты мөлшері, уақыт аралығы немесе сомасы):
(і) Белгіленген активтерді пайдалану құқығы;
(ii) Қызмет көрсетуге концессиялық келісіммен байланысқан белгілі бір қызмет көрсетуді оператордан күту құқығы;
(iii) Концессиялық активтер ретінде қайта сыныптастырылған конценденттің қолданыстағы активтерін қоса, есептік мерзім қарсаңында мойындалған концессиялық активтер;
(iv) Қызмет көрсетуге концессиялық келісім мерзімінің аяқталуы бойынша белгіленген активтерді алу құқығы;
(v) Жаңарту және тоқтату нұсқалары;
(vi) Басқа да құқықтар мен міндеттемелер (мысалы, концессиялық активтердің капиталдық жөндеу жұмысы); және
(vii) Оператордың концессиялық активтегі, немесе кірісті туындатушы басқа да активтерге рұқсатты ұсыну бойынша міндеттемелер; және
(d) Есептік мерзім қарсаңындағы келісімдерде орын алған өзгертулер.
33. 32-параграфқа сәйкес ашып көрсетілуі талап етілетін ақпарат қызмет көрсетуге әрбір айтарлықтай концессиялық келісім бойынша жеке немесе қызмет көрсетуге концессиялық келісімнің әрбір сыныбы бойынша жиынтық түрінде ұсынылады. Сынап ұқсас сипаттағы қызмет көрсетуді қарастыратын концессиялық келісімдердің тобын білдіреді (мысалы, ақылы инфрақұрылымды, телекоммуникациялық қызметтер мен су тазалау қызметтерін пайдаланғаны үшін, төлемдерді алу). Концессиялық активтер сыныптары бойынша мұндай ақпаратты ашып көрсету активтер сыныптары бойынша 13-параграфқа сәйкес ашып көрсетуге қатысты қосымша болып табылады. Мысалы, 13-параграфының мақсаттары үшін ақылы жүру көпірі басқа көпірлермен сыныптастыруы мүмкін. Осы параграфтың мақсаттары үшін ақылы жүру жолы ақылы жолдармен сыныптастыруы мүмкін.
Жаңа есеп тәртібіне көшу (AG68-AG73 параграфтарын қараңыз)
34. Бұрын концессиялық активтер мен сәйкесінше міндеттемелерді, кірістер мен шығыстарды мойындаған концедент «Есеп саясаты, бухгалтерлік бағалаудағы өзгерістер мен қателіктер» 3 ҚСҚЕХС сәйкес осы Стандартты ретроспективті түрде қолдану.
35. Бұрын концессиялық активтер мен сәйкесінше міндеттемелерді, кірістер мен шығыстарды мойындамаған концедент міндетті:
(a) 3 ҚСҚЕХС сәйкес осы Стандартты ретроспективті түрде қолдану; немесе
(b) Қаржылық есептілікте салыстырмалы ақпараты ұсынылған өткен мерзімнің басындағы концессиялық активтер мен сәйкесінше міндеттемелерді мойындауға және бағалауға шешім қабылдау.
Мұндай жағдайларда концедент шешім қабылдап, бұл фактіні және мұндай активтер мен міндеттемелерді бағалауға қатысты ақпаратты ашып көрсетеді.
Күшіне ену күні
36. Субъект осы Стандартты 2014 жылдың 1 қаңтарынан басталатын және осы мерзімнен кейінгі уақытты қамтитын жылдық қаржылық есептілікке қолдануы тиіс. Мерзімінен бұрын пайдалану мақұлданады. Егер Субъект осы Стандартты 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданса, ол бұл фактіні ашып көрсетіп, бірдей уақытта «Қарыздар бойынша шығындар» 5 ҚСҚЕХС, «Жалгерлік» 13 ҚСҚЕХС, 17 ҚСҚЕХС, 29 ҚСҚЕХС және 31 ҚСҚЕХС қолдануы тиіс.
37. ҚСҚЕХС анықталатындай, өз күшіне енгеннен кейін қаржылық есептіліктің мақсаты үшін есептеу әдісі бойынша есепке алуды субъект қабылдаған жағдайда, осы Стандарт қабылданған мерзімнен басталатын және одан кейін уақытты қамтитын субъектінің жылдық қаржылық есептілігіне қолдануы тиіс.
А қосымшасы
Қолдану бойынша нұсқау
Берілген қосымша 32 ҚЕҚСХС ажырамас бөлігі болып табылады.
Қолдану аясы (2-7-параграфтарын қараңыз)
AG1 Берілген Стандарт 12 ҚСҚЕХС Түсініктемелерін «Қызмет көрсетуге концессиялық келісімдерінің» (12 ҚСҚЕХС) «айнадай кескінін» жасау үшін, арналған, бұл келісімдер оператордың қызмет көрсету бойынша концессионды келісімдер жеке секторы бойынша есеп жүргізуге қатысты талаптарды орнатады. Бұл мақсатта қолдану аясы, активті мойындау принциптері және терминология қолданыстағы 12 ҚСҚЕХС қамтитын басшылыққа сәйкес келеді. Бірақ берілген Стандарт есеп жүргізу шараларын концедент арқылы реттейді, сондықтан берілген Стандарт концедентке қатысты 12 ҚСҚЕХС көтерілген мәселелерді қарастырады, оның ішінде:
-
Концедент қаржылық міндеттемені операторға концессиялық актив үшін (яғни, салынған, әзірленген, сатып алынған немесе жетілдірілген) төлеуге міндетті болған уақытта ғана мойындайды. Оператор құрылыс, әзірлеу, сатып алу, жетілдіру және қолданысқа енгізу бойынша қызмет көрсеткені үшін тапқан табысын мойындайды. 12 ҚСҚЕХС 8-параграфына сәйкес егер оператор активті қызмет көрсетуге концессиялық келісімдерді жүргізуге дейін негізгі қаражат ретінде ұстаса немесе мойындаса активті мойындауды тоқтатады.
-
Концедент міндеттемені келесі ретте ғана мойындайды: егер операторға концессиялық активтің көлденең тұтынушыларынан түсетін табысты немесе активтен тұсетін басқа табысты иемденуге рұқсат береді. 12 ҚСҚЕХС 26-параграфқа сәйкес, оператор материалды емес активті мойындайды.
-
Концедент операторға тапсырған немесе бақылауды тоқтатқан активті мойындауды тоқ татады. 12 ҚСҚЕХС 27-параграфқа сәйкес оператор активті және активті айырбастауға қабылдаған барлық міндеттерді мойындайды.
AG2 Берілген Стандарттың 9-параграфы, барлық жарамды қолдану мерзімі ұзақтылығында қолданылатын активтерден басқа активтердің берілген Стандарттың қолдану аясына кіру шарттары анықтайды. Берілген Стандарттың 10-параграфы барлық жарамды қолдану мерзімі ұзақтылығында қолданылатын активтермен бірге активтердің берілген Стандарттың қолдану аясына кіру шарттары анықтайды.
Анықтамалар (8-параграфты қараңыз)
AG3 8-параграфта Қызмет көрсетуге концессиялық келісімдерінің анықтамасы берілген. Қызмет көрсетуге концессиялық келісімдерінің келесідей ортақ қасиеттері бар:
-
Концедент қоғамдық сектордың субъектісі болып табылады;
-
Оператор концессиялық активті және сәйкесінше, қызмет көрсетулерді басқаруды жүзеге асырады және концедент атынан қарапайым агент ретінде ғана емес жұмыс жасайды;
-
Келісімшарт бастапқы бағаларды орнатады және концессиялық келісімшарттың жарамдылық мерзімі барысында оператормен өндірілетін бағаларды қайта қарауды реттейді;
-
Оператор концессиялық активті көрсетілген күйде келісімнің жарамдылық мерзімінің соңында аздаған сыйақы үшін тапсыру керек, бұл бастапқыда қай жақтың қаржы бөлгеніне қарамастан жүзеге асады; және
-
Келісімшарт міндетті келісімшартпен реттеледі, онда жұмыстарды орындау стандарттары, бағаларды реттеу механизмдері және келіспеушіліктерді шешу шарттары қарастырылған.
AG4 8-параграфында концессиялық активтің анықтамасы берілген. Концессиялық активтердің мысалдары келесілер: мемлекеттік қызмет көрсету барысында әкімшілік мақсатта қолданылатын жолдар, көпірлер, туннельдер, түрмелер, емханалар, әуежайлар, су реттегіш ғимараттар, энергиямен қамту жүйелері және теле қатынастық жүйелер, әскерилер үшін тұрақты ғимараттар және басқа да ұзақмерзімді материалды және материалды емес активтер.
Концессиялық активті мойындау және бастапқы бағалау (9-13-параграфтарын қараңыз)
Концессиялық активті мойындау
AG5. Концессиялық активтің 9-параграфқа сәйкес (немесе 10-параграфқа сәйкес, егер актив тиімді пайдаланудың барлық жарамдылық мерзімі барысында қолданылса) мойындалу, мойындалмауын бағалау келісімшарттың барлық фактілерінің және жағдайларының негізінде орындалады.
AG6. 9(а)-параграфында көрсетілген бақылауды, немесе реттеуді міндетті келісімшарт арқылы, немесе басқа әдіспен (мысалы, концедент сияқты салада немесе секторда өзінің қызметін орындайтын басқа субъекттер реттейтін тәуелсіз реттеуші орган арқылы) жүргізеді, олар концедент барлық тауарды сатып алатын жағдайды қамтиды, сонымен қатар тауардық бір бөлігін немесе барлық көлемін басқа тұтынушылар сатып алатын жағдайлардан тұрады. Басқа тұлғалардың активке қатысты бұл тиімділікке қолжетімдігін болдырмау, немесе реттеу мүмкіншілігі бақылау жүргізудің маңызды көрсіткіші болып табылады, және субъект активтерін барлық субъектерге қолжетімді және одан тиімділік табатын қоғамдық тауарлардан ерекшелейді. Міндетті келісімшарт оператормен өндірілетін бастапқы бағаларды орнатады және қызмет көрсетуге концессиялық келісімдерінің жарамдылық мерзімінің ішінде бағаларды қайта қарауды реттейді. Егер міндетті келісімшарт концедентке концессиялық активті қолдануды бақылау құқығын берсе, актив 9(а)-параграфында орнатылған шартының оператор қызмет көрсетуге тиісті тұлғаларға қатысты бақылау бөліміне жауап береді.
AG7. 9(а)-параграфтың мақсатында концедент бағаларды болықтай бақылауға міндетті емес: бағалар келісімшартпен, немесе өзінінің қызметін коцедент сияқты (мысалы, жоғары шекті орнату механизмі көмегімен) концессияның секторында асыратын (мысалы, аулуханалар, мектептер немесе университеттер) басқа субъектілерді реттейтін тәуелсіз реттеуші органмен міндеттелген концедент реттесе жеткілікті. Бірақ бұл шарт келісімшарт тұлғасына ғана қатысты қолданады. Жоқ аспектілер, мысалы, тек жеке кейбір жағдайларда ғана қолданылатын жоғары шекті орнату көрсеткішін ескермеу қажет. Және керісінше, егер, мысалы, келісімшарт бойынша операторға бағаларды орнатуға еркіндік берілсе, бірақ кез-келген асыра тиімділік концедентке қайтарылса, оператор максималды табысына шек қою керек, және бұл кезде бақылауға жүргізілген тест құндық компоненті қанағаттанарлық.
AG8. Көптеген үкіметтерге белгілі экономика секторларында қызметін атқаратын субъектілердің күйін реттеуге – тікелей немесе арнайылындырылған мекемелер арқылы реттеуге құқықтары бар. 9(а) параграфтың мақсатында жоғарыда сипатталған реттеудің мүмкіндіктері кең бақылауға жатпайды. Берілген Стандартта «реттеу» термині қызмет көрсетуге концессиялық келісімдерінің нақты шарттар мен жағдайлар контекстінде ғана қолданылады. Мысалы, теміржол қызметтерін реттейтін орган теміржол саласындағы жалпы алғанда тарифтерін анықтай алады. Берілген юрисдикциядағы заңнаманың талаптарына сәйкес бұндай тарифтер теміржол көлігінің қызмет көрсетуге концессиялық келісімдерінің міндетті келісімшартта анық емес көрсетілуі мүмкін, немесе олар бұл келісімшартта нақты көрсетілуі мүмкін. Бірақ екі жағдайда да концессиялық активтерге бақылау жүргізу келісімшартқа қатысты, немесе ұқсас міндетті келісімшартқа қатысты, немесе теміржол қызметтерін реттейтін нормативті-құқықтық актілерге қатысты жүргізіледі, бірақ бұл бақылау концеденттің теміржол секторын реттеушісімен байланысты қоғамдық секторының субъектісі болып табылмайтын жағдайға қатысты жүргізілмейді.
AG9. 9(b) -параграфтың мақсатында концедентке кез келген маңызды қалдық бөлігіне бақылау жүргізу оператордың активті сату, немесе кепілге салу мүмкіндігін шектеу керек, сонымен қатар концедентке қызмет көрсетуге концессиялық келісімдерінің жарамдылық мерзімінің барлық уақытында ұдайы қолдану мүмкіндігін береді. Активтегі қалдық бөлігі – бұл қызмет көрсетуге концессиялық келісімдерінің жарамдылық кезеңінің соңында күтілетін мерзімі мен жағдайы сәтіндегі активтің ағымдағы есептік құны.
AG10 Бақылауды басқарудан айыра білу керек. Егер концедент 9(а)-параграфында сипатталғандай бақылау деңгейін, немесе активтегі аздаған қалдық бөлігін сақтап отырса, оператор тек концедент атынан ғана, активті басқарады – бұл оператордың кең басқарушылық уәкілетіне ие болғанына қарамастан.
AG11 9(a) және 9(b) біріккен параграфтар шартына сәйкес активтің кез келген талап етілетін ауыстыруды қоса отырып активтердің жағдайларын анықтайды және оны концедент барлық жарамдылық мерзімі шегінде бақылайды. Мысалы, егер оператор активтің бір бөлігін келісімшарттың жарамдылық мерзімі уақытында ауыстыру қажет (мысалы, жол бетінің жоғарғы қабатын немесе ғимарат төбесі), активті тұтастай қарастыру қажет. Осылайша, 9(b) параграф шарты тұтастай алғандағы актив үшін сақталады, оның ішінде ауыстырылатын бөлігін де жатқызуға болады, егер концедент бұл бөлікті соңғы ауыстыру барысында кез-келген маңызды қалдық бөлігін бақыласа.
AG12 Кейде концессиялық активті қолдану 9(a)-параграфында сипатталған әдіс арқылы жарым-жартылай реттеледі, және жарым-жартылай реттелмейді. Бірақ та бұндай келісімшарттар әртүрлі болуы мүмкін:
(a) Физикалық бөлінетін және өздігінен басқарыла алатын, сонымен қатар қаражат құралдарын түрлендіретін бірлік анықтамасын қанағаттандыратын кез келген актив 26 ҚСҚЕХС «Қаражат құралдарын генерлейтін активтердің құнсыздануына» сәйкес жекелей талдануы тиіс, бұл активтің реттелмейтін мақсатта толықтай қолданса (мысалы, емхананың меншік қанатына қатысты қолданылуы мүмкін, ал аурухананың қалған бөлігін концедент пациенттерді тегін негізде емдеу үшін қолданылады), 9(a)-параграфында орнатылған шарттың орындалуын анықтау үшін қажет.
(b) Тек қана қосымша қызмет түрлері реттелмеген жағдайларда (мысалы, емхана дүкені), бақылау тестілері бұл қызметтер қолданыста емес сияқты қолданылады, өйткені концедент 9(a) параграфында сипатталғандай қызметтерді бақылай алған жағдайда, қосымша қызмет түрлері конценденттің концессиялық активке жүргізілетін бақылауды қысқартпайды.
AG13 Оператор AG12(a) параграфында сипатталатын ажыратылатын актив бөлігін қолдануға құқығы бар, немесе AG12(b) бөлімінде сипатталған қосымша реттелмейтін қызмет көрсету үшін, пайдаланатын құралдарды қолдану құқықтары бар. Кез келген сәтте де концедент операторға, шын мәнінде, жалға беру мүмкіндігі бар; олай болса, бұл 13 ҚСҚЕХС сәйкес есепке алынуы тиіс.
Қолданыстағы концедент активі
AG14. Келісімшарт келесі жағдайларда қолданыстағы концедент активтеріне қатысты жасалуы мүмкін:
(a) Егер оған концедент операторға қызмет көрсетуге концессиялық келісімдерді жүргізу мақсатында қолжетімділікке мүмкіндік берсе; немесе
(b) Егер оған концедент операторға концессиялық актив үшін шығын төлеу ретінде табысты генерирлеу мақсатында қолжетімділікке мүмкіндік берсе.
AG15. 11-параграф 9-параграфқа сәйкес мойындалған активтерді бастапқыда әділетті құны бойынша бағалауды жүргізуді талап етеді (немесе 10-параграфқа сәйкес егер актив барлық пайдалы жарамды мерзімінде қолданылса). Қызмет көрсетуге концессиялық келісімдерінің аясында қолданылатын қолданыстағы концедент активтері қайтадан топқа бөлінеді, бірақ берілген Стандарт бойынша мойындалмайды. Тек қана жетілдірілген қолданыстағы концедент активі 9-параграфқа сәйкес концесииялық актив ретінде танылады (мысалы, оның қуаттылығын арттыру), немесе 10-параграфқа сәйкес актив барлық пайдалы жарамды мерзімінде қолданылса.
AG16. 17 ҚСҚЕХС немесе 31 ҚСҚЕХС қарастырылған құнсыздандыру тестерін қолданған уақытта, жағдайға байланысты, концеденттің операторға қызмет көрсетуге концессияны тапсыруды құнсыздануға әкелетін жағдай деп қарастыру міндетті емес, тек қана активтің белгіленуі өзгерген жағдай ғана ерекшеленіп отыр, бұл активпен байланысты болашақ экономикалық тиімділіктерге, немесе қызметтік потенциалға әсер етеді. Концедент жағдайға байланысты бұл жағдайда құнсыздану индикаторының өзгергенін, өзгермегенін анықтау үшін, ҚСҚЕХС 21 «қаражат құралдарын генерерлемейтін активтердің құнсыздануына» немесе 26 ҚСҚЕХС бөліміне жүгінуі тиіс.
AG17. Егер актив 9-параграфта орнатылған мойындау шартына жауап бермесе, (немесе 10-параграфқа сәйкес егер актив барлық пайдалы жарамды мерзімінде қолданылса), Концедент 17 ҚСҚЕХС немесе 31 ҚСҚЕХС орнатылған, жағдайға байланысты, мойындауды тоқтату керек. Мысалы, егер актив операторға тұрақты тапсырылатын болса, оның мойындалуы тоқтатылады. Егер актив уақытша тапсырылса, онда концедент бұл қызмет көрсетуге концессиялық келісімдерінің шартын активтің күшін жою керек, керек еместігін анықтау мақсатында нақты қарастыру керек. Бұндай жағдайда концедент, сонымен қатар, бұл келісімшарт лизингтік операция ма, немесе 13 ҚСҚЕХС сәйкес есепке алынуы тиіс қайтарылған лизингтің операциясы екенін бағалау қажет.
AG18. Қызмет көрсетуге концессиялық келісімдерінің қолданыстағы концедент активтерін жетілдіруді қарастыратын жағдайда нәтижесінде активпен байланысқан болашақ экономикалық тиімділіктер немесе қызметтік потенциал артады, бұл жетілдіру 9-параграфта орнатылған оның мойындау шартын қанағаттандыратынын, қанағаттандырмайтынын бағалайды (немесе 10-параграфқа сәйкес егер актив барлық пайдалы жарамды мерзімінде қолданылса). Егер бұл шарт орындалса, жетілдіру мойындалады және берілген Стандартқа сәйкес бағаланады.
Достарыңызбен бөлісу: |