АнықтамалықТЫҢ ҚҰрылымы ІІ том 2013 жылғы басылым


Қолданыстағы оператор активі



бет64/95
Дата21.06.2016
өлшемі7.29 Mb.
#151555
түріАнықтамалық
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   95

Қолданыстағы оператор активі

AG19. Оператор қызмет көрсетуге концессиялық келісімдерінің аясында қолдану мақсатында ол өзі салиаған, әзірлемеген, сатып алмаған активті ұсына алады. Егер келісімшарт қызмет көрсетуге концессиялық келісімдерінің мақсатында қолданылатын қолданыстағы оператор активіне қатысты болса, концедент активтің 9-параграфта орнатылған шарттарды қанағаттандыратыны, қанағаттандырмайтынын анықтайды (немесе 10-параграфқа сәйкес егер актив барлық пайдалы жарамды мерзімінде қолданылса). Егер мойындау шарттары орындалса, концедент активті концессиялық актив ретінде таниды және берілген Стандартқа сәйкес есепке алады.



Құрылған немесе әзірленген актив

AG20 Құрылған немесе әзірленген актив9-параграфты қанағаттандырған жағдайда (немесе 10-параграфқа сәйкес егер актив барлық пайдалы жарамды мерзімінде қолданылса), концедент активті берілген Стандартқа сәйкес мойындайды және өлшейді.17 ҚСҚЕХС немесе 31 ҚСҚЕХС, жағдайға байланысты, концессиялық актив мойындалуы тиіс жағдайлар үшін өлшемдерді құрайды. 17 ҚСҚЕХС сияқты 31 ҚСҚЕХС активтің келесі жағдайларда ғана мойындалуын талап етеді:

(а) Субъектіге берілген объектімен байланысқан болашақ экономикалық тиімділіктер немесе қызметтік потенциал тиетін болжам бар; және

(b) Объектіге кеткен шығындар немесе оның нақты құнының өлшенуі сенімді.

AG21 Міндетті келісімшарттың нақты шарттарының қасында бұл өлшемдер келесі жағдайда есепке алынуы тиіс – егер концессиялық активтің құрылыс кезеңінде немесе әзірлеу кезеңіндеа мойындау қажеттілігін, қажет еместігін анықтайды. Активтің құрылыс кезеңінде немесе әзірлеу кезеңінде негізгі құралдар үшін де, материалды емесе активтер үшін де, мойындау өлшемдері орындалуы мүмкін, және егер бұл шарт орындалса, концедент әдетте концессиялық активті осындай кезеңде мойындайды.

AG22 Мойындаудың бірінші өлшемдері экономикалық тиімділітер немесе қызметтік потенциалды иемденуші концедент болуын талап етеді. Концеденттің көзқарасы бойынша, концессиялық активтің негізгі арналуы қоғамдық сектордың субъектісі болып саналатын концедент атынан қызметтік потенциалды ұсыну болып табылады. Концедент өзінің тұтыну мақсатында салатын және әзірлейтін актив жағдайында концедент активті салуға және әзірлеуге кеткен шығындарды есептеу сәтінде ол бұл сәтте концессиялық актив қызметтік потенциалының иемденушісі бола алаиынын анықтау мақсатында міндетті келісімшарт шарттарын бағалайды.

AG23 Мойындаудың екінші өлшемі активке кеткен бастапқы шығындар, немесе оның нақты құны сенімді өлшене алуын талап етеді. Сәйкесінше, 17 ҚСҚЕХС немесе 31 ҚСҚЕХС орнатылған мойындау өлшемдерін орындау үшін, жағдайға байланысты, концедент салу және әзірлу кезеңі барысында активке кететін шығындар, немесе нақты құны туралы сенімді ақпарат ала алуы тиіс. Мысалы, қызмет көрсетуге концессиялық келісімшарт оператор концеденттен активті салу немесе әзірлеу барысы туралы есеп беруді талап етсе, оған кеткен шығындарды есептеуге болады, осыдан бұл шығындар 17 ҚСҚЕХС салынған активтерге қатысты немесе 31 ҚСҚЕХС орнатылған – әзірленген активтерге қатысты мойындау принциптеріне сәйкес келеді. Одан басқа, концедент ерекшеліктеріне, белгілі келісімшарт, немесе ұқсас міндетті келісімшартқа сәйкес салынған, немесе әзірленген активті қабылдаудан бас тарта алмаған жағдайда шығындар активтің салынып, немесе әзірленіп біте бастаған уақытта есептеледі. Осылайша, концедент концессиялық келісімшартты және оған қатысты міндеттерді мойындайды.

Концессиялық активтерді бағалау

AG24 11-параграф 9-параграфқа сәйкес мойындалған (немесе 10-параграфқа сәйкес егер актив барлық пайдалы жарамды мерзімінде қолданылса) концессиялық активтердің бастапқыда шын мәніндегі құны бойынша бағалануын талап етеді. Әсіресе, шын мәніндегі баға салынған немесе әзірленген концессиялық активке кеткен шығындарды, немесе бастапқы мойындау кезінде қолданыстағы активті жетілдіру үшін, кеткен шығындарды анықтау үшін қолданылады. Параграф11-дің талаптары берілген Стандарттың 12-параграфына сәйкес концессиялық актив ретінде қайта топталмайтын қолданыстағы активтерге таралмайды. Бастапқы мойындау барысында шын мәніндегі құнды орнату 17 ҚСҚЕХС немесе 31 ҚСҚЕХС сәйкес асыра бағалау болып саналмайды.

AG25 Концедент және оператор алмасатын сыйақы типі бастапқы мойындау кезінде концессиялық активтің шын мәніндегі құнын анықтауға әсер етеді. Келесі параграфтарда бастапқы мойындау кезінде концессиялық активтің шын мәніндегі құнын сыйақы типіне сайкес қалай анықтайтынын көрсетіледі:

(a) Концедент операторға актив үшін ақысын төлеген жағдайда бастапқы мойындау кезінде концессиялық активтің шын мәніндегі құны операторға актив үшін берген төлемінің бір бөлігін құрайды.

(b) Концедент операторға актив үшін ақысын төлемеген жағдайда в случаях, актив 17 ҚСҚЕХС немесе 31 ҚСҚЕХС сәйкес ақшалай емес активтермен алмасу ретінде есепке алынады.

Сыйақы типтері

AG26 Қызмет көрсетуге концессиялық келісімдерінің бірдей болып сирек кездеседі (ондай мүлдем болмауы да мүмкін); техникалық талаптар сектор мен юрисдикцияға байланысты өзгеріп отырады. Одан басқа, келісімшарт шарттары нақты юрисдикцияның құқықтық негізінің ерекше көрсеткіштеріне тәуелді болуы мүмкін. Келісімшарт заңнамасы, егер ол бар болса, жеке келісімшарттар қайталап өтудің қажеті жоқ шарттарды қамтиды.

AG27 Қызмет көрсетуге концессиялық келісімдерінің шарттарына байланысты концедент операторға концессиялық актив үшін және көрсеткен қызметі үшін, сыйақыны келесі кез-келген әдіс-амалдар арқылы төлей алады:

(а) Операторға ақысын төлемақысын төлеу (мысалы, ақшалай);

(b) Операторға басқа әдістер арқылы сыйақысын төлеу, оның ішінде:

(i) Операторға концессиялық активті басқа тұтынушылардан түсетін табысты иемденуге рұқсат беру; немесе

(ii) Операторға басқа табысты генерерлейтін активке оны пайдалану мақсатында қолжетімдігін ұсыну.

AG28 Концедент операторға концессиялық актив үшін сыйақыны операторға төлемақысын төлеу арқылы берген жағдайда активке және қызметке жататын төлем компоненттері ажыратылатын (мысалы, міндетті келісімшартта алдын ала белгіленген концессиялық активке жататын төлемдер сериясының сомасы көрсетіледі) немесе ажыратылмайтын болуы мүмкін.



Ажыратылатын төлемдер

AG29 Қызмет көрсетуге концессиялық келісімшарт келесі шектеу қойылмаған жағдайларда ажыратылуы мүмкін:



  1. Концессиялық активтің өзінің қолдану дайындығына байланысты өзгеретін төлемдер ағынынң бөлігі идентификатталған, және белгілі қызметтерді қолдануға немесе орындауға байланысты өзгеретін басқа бөлігі;

  2. Қызмет көрсетуге концессиялық келісімдерінің әртүрлі компоненттерінің әртүрлі мерзімдері бар, немесе жеке тоқтатылуы мүмкін. Мысалы, қызметтің жеке компоненті келімсімнің қалған бөлігінің орындалуына әсер етпей, тоқтатылуы мүмкін; немесе

  3. Қызмет көрсетуге концессиялық келісімнің әртүрлі компоненттері жеке қарастырылуы мүмкін. Мысалы, қызмет компоненттерінің нарықтық тестіреуі өткізіледі және кейбір, немесе барлық шығындарды қысқарту қызмет көрсеткен концедентке келесі ретте тапсырылады - берілген қызметке жататын конуцедент төлемінің бөлігін идентификаттау мүмкіндігі болғандай.

AG30 17 ҚСҚЕХС және 31 ҚСҚЕХС ауыстыру мәмілесі бойынша сатып алынған актив бастапқыда активтің ақшалай құнына тең бағасы бойынша бағалану мүмкіндігін талап етеді. Алмасу мәмілесін жүргізу кезінде мәміле бағасы басқа бағасы орнатылмаса, нақты деп саналады. Төлемді қамтитын актив пен қызмет компоненттері ажыратылатын болса, ақшалай теңгерілімдегі концессиялық активтің бағасы төлемді құрайтын актив компонентінің келтірілген бағасы болып табылады. Бірақ та, актив компонентінің келтірілген бағасы шын мәніндегі бағадан асса, концессиялық актив бастапқыда шын мәніндегі баға бойынша бағалануы қажет.

Ажыратылмайтын төлемдер

AG31 Концеденттің операторға төлейтін төлемді қамтитын актив пен қызмет компоненттері ажыратылмайтын болса 11-параграфта көрсетілген әділетті бағасы бағалау әдістерін өткізу арқылы анықталады.

AG32 Берілген Стандарттың талаптыран пайдалану мақсатында салыстырмалы бағаны есепке ала отырып келісім бойынша талап етілетін төлемдер және басқа да сыйақы келісім күшіне енген кезде немесе қызмет көрсетудің басқа концессиялық келісімнің компоненттері үшін келісімді концессиялық актив үшін қайта бағалау кезінде бөлінеді (мысалы, техникалық қызмет көрсету немесе қолдану бойынша қызметтер). Концессиялық активтің әділетті бағасы тек қана активке қатысты сомаларды қамтиды, және қызмет көрсетуге концессиялық келісімдерінің басқа компоненттеріне жататын сомаларды болдырмайды. Кейбір жағдайларда қызмет көрсетуге концессиялық келісімдерінің басқа компоненттерінің актив үшін төлемдерді беру концеденттен бағалау әдісін қолдануды талап етеді. Мысалы, концедент басқа компоненттері қамтымайтын салыстырмалы концессиялық активтің әділ бағасына қатысты актив төлемдерін бағалай алады, немесе салыртырмалы келісімдерге қатысты концессиялық келісімнің басқа компоненттері үшін төлемдерді бағалай алады және содан кейін бұл төлемдерді келісім бойынша төлемнің жалпы сомасынан азайтады.

Оператор басқа да сыйақы түрлеріне ие болуы мүмкін

AG33 17(b)-параграфында айтылып кеткен операциялар типтері ақшалай емес айырбастау операцияларды қамтиды. 17 ҚСҚЕХС 38- параграфы және 31 ҚСҚЕХС 44-параграфы, жағдайға байланысты, осындай жағдайларға байланысты басшылық етеді.

AG34 Оператор концессиялық активтің басқа тұтынушыларынан түсетін табысты, немесе табысты генерациялайтын бсқа активті иемденуге құқылы болған жағдайда, немесе концеденттен ақшалай түрдегі сыйақысын иемденген кезде концедент коцессиялық активті сатып алу үшін шығындалмайды. Операторға бұндай сыйақы беру түрі операторға концессиялық активтің құнын да, және қызмет көрсетуге концессиялық келісімдерінің жарамдылық мерзімінде оны қолдануға кеткен шығындарды өтеу үшін арналған. Сондықтан концедент бастапқыда актив компонентін 11-параграфқа сәйкес өлшеу керек.

Кейінгі бағалау

AG35 Бастапқы мойындаудан кейін концедент 17 ҚСҚЕХС және 31 ҚСҚЕХС активке кейінгі бағалау жүргізу және оны мойындауды тоқтату үшін қолданады. 17 ҚСҚЕХС және 31 ҚСҚЕХС қолдану мақсатында, концессиялық активтер жеке активтер классы ретін есепке алынуы тиіс. 21 ҚСҚЕХС және 26 ҚСҚЕХС концессиялық активтің құнсыздануының белгілері бар, жоқтығын анықтау үшін қолданады. Берілген Стандарттың бұл талаптары берілген Стандартқа сәйкес коцессиялық актив ретінде мойындалған, немесе топталған барлық активтерге таралады.



Міндеттерді мойындау және бағалау (14-28 параграфтарын қараңыз)

AG36 Концедент міндетті 14-параграфқа сәйкес келесі жағдайларда ғана мойындайды – егер концессиялық актив 9-параграфқа сәйкес мойындалса (немесе 10-параграфқа сәйкес егер актив барлық пайдалы жарамды мерзімінде қолданылса). 14-параграфқа сәйкес мойындалған міндеттеменің сипаттамасы олардың мәніне байланысты AG25-параграфында сипатталған әр жағдайда ерекше болып келеді.



Қаржылық міндеттеменің моделі (18-23 параграфтарын қараңыз)

AG37 Концедент операторға алдын ала төлемнің белгілі сериясын төлеуге міндетті болса, бұл міндеттеме 29 ҚСҚЕХС-ында берілген анықтамаға сәйкес қаржылық міндеттеме болып табылады. Егер Концедент төлемеуге болмайтындай күшке ие болмаса, немесе ондай мүмкіндігі болмаса, онда ол төлеуге шартсыз міндетті, себебі, ереже бойынша, оператормен жасалған міндетті келісім заңға сәйкес міндетті орындалу керек.

AG38 Концедент операторға концессиялық активтің құнының компенсациясын алдын ала белгіленген төлемдер сериясы түрінде төленсе, онда активке қатсыты алдын ала белгіленген төлемдер сериясының бөлігін көрсететін сома 14-параграфқа сәйкес міндетті болып танылады. Бұл міндеттеме 21-параграфта белгіленген төлемдер құрамында қаржыландыру құнын және қызмет компоненттерін қамтымайды.

AG39 Концедент операторға төлемақыны концессиялық активті мойындағанға дейін төлесе, онда концедент алдын ала төлем жасау сияқты төлемдерді есепке алады.

AG40 21-параграфта көрсетілген қаржыландыру құны анықталуы мүмкін концессиялық активке жататын оператордың капитал құнының негізінде анықталады.

AG41 Егер концессиялық активке жататын оператор капиталының құны анықталмайтын болса, онда келісімде көрсетілген концессиялық активке жататын мөлшерлемені, концедент қарызға алған өспелі пайыздық мөлшерлемесі, немесе келісім шарттарына сәйкес келетін басқа мөлшерлеме пайдаланылады.

AG42 Ақпарат жеткіліксіз болған жағдайда, қаржыландыру құнын анықтау үшін. қолданылатын мөлшерлеме ұқсас активті сатып алғанда күтілетін мөлшерлеме бойынша бағалануы мүмкін (мысалы, ұқсам жерде орналасқан және ұқсас мерзімге ұқсас активті жалға алғанда). Мөлшерлеменің баға мәні келесі көрсеткіштермен бірге талдануы қажет:

(a) Төлемдердің келтірілген бағасымен;

(b) Активтің болжамды әділ құнымен; және

(c) Сандық мәндерінің негіздемесін және өзара келісілімдігін қамтамасыз ету мақсатында болжамданатын қалдық құнымен.

AG43 Концедент қаржыландыруға қатысқан жағдайда (мысалы, операторға концессиялық активті салуға, әзірлеуге, сатып алуға немесе жаңғыртуға қаражат берсе немесе кепілдіктер берсе), қаржыландыру құнын тиімді концедент қарызға алған өспелі пайыздық мөлшерлемесі арқылы анықтауға болады.

AG44 Қаржыландыру құнын анықтау үшін, қолданылған пайыздық мөлшерлеме кейіннен өзгере алмайды, тек қана айырықша актив компонентін, немесе келісімді тұтастай қайта қарастыру жағдайларынан басқа.

AG45 Қызмет көрсетуге концессиялық келісімнің міндеттемесіне жататын қаржыландыру бағасы туралы ақпарат 28 ҚСҚЕХС, 29 ҚСҚЕХС және 30 ҚСҚЕХС сәйкес басқа қаржыландыру құны туралы ақпаратқа лайық беріледі.

AG46 21-параграфқа сәйкес анықталған, қызметке жататын, төлемдер компоненті әдетте қызмет көрсетуге келісімнің жарамдылық мерзімінде біртекті мойындалады, өйткені ондай мойындаудың сипаттамасы қызмет көрсетуге біршама сәйкес келеді. Нақты шығындар жеке-жеке толтырылуы қажет кезде және олардың мерзімдері белгілі болған уақытта ондай шығындар келтірілген болып танылады.



Операторға құқық берілу моделі (24-26 параграфтарын қараңыз)

AG47 Концедент операторға концессиялық актив үшін сыйақыны операторға концессиялық активті басқа тұтынушыларынан түсетін табысты иемденуді рұқсат беру арқылы төлеген жағдайда, операторға қызмет көрсетуге концессиялық келісімнің жарамдылық мерзімінде табысты иемдену құқығын иемденуге рұқсат береді. Бұған ұқсас әдіспен концедент активтерге байланысты, қызмет көрсетуге концессиялық келісімнің аясында алынған табысты келісімнің жарамдылық мерзімінде операторға берілген құқықтың орнына иемденеді. Сәйкесінше, табыс сол сәтте мойындалмайды, бірақ әлі табылмаған табыстың кез-келген бөлігіне қатысты міндеттемесі мойындалады. 25-параграфқа сәйкес қызмет көрсетуге концессиялық келісімнің экономикалық мәніне қатысты табыс мойындалады және міндеттеме азая түседі. AG27 параграфында сипатталғандай, концедент операторға сыйақыны төлемдер амалы арқылы және басқа тұтынушылардан тікелей табыс иемдену құқығын ұсыну арқылы өтеуі мүмкін. Ондай жағдайда егер оператордың бұндай қосымша табысты алу құқығы концеденттің операторға алдын ала белгіленген төлемдер сериясын қысқартқан, немесе тоқтатқан жағдайда міндеттемелерді қысқартатын басқа базасын қолдану тиімді болып келеді (мысалы, концедент төлейтін болашақ алдын ала белгіленген төлемдер сериялары қысқартылатын, немесе тоқтатылатын мерзім).

AG48 Концедент операторға концессиялық актив және көрсеткен қызметі үшін сыйақыны операторға концессиялық актив болып табылмайтын актив табысын генерирлеу жолымен төлесе, онда табыс мойындалады, ал 24-параграфқа сәйкес міндеттеме AG47-параграфында сипатталғандай қысқарады. Ондай жағдайда 17 ҚСҚЕХС және 31 ҚСҚЕХС-ында орнатылған концедент мойындауды, жағдайға байланысты, тоқтатуға қатысты талаптарды ескереді.

AG49 Кейбір жағдайларда операторға құқық беру моделінің аясында «жасырын төлем» де қолданылуы мүмкін. Кейде жасырын төлем концессиялық активті салу, әзірлеу, сатып алу немесе жақстарту үшін және оны қолдану үшін төленеді. Концедент операторға тек қана концессиялық активті қолданғаны басқа тұтынушылар үшін төлесе, ондай төлем активті пайдаланғаны үшін, бірақ концессиялық активті сатып алғаны үшін емес, алмасу сыйақысы болып табылады. Сәйкесінше, бұндай төлемдер AG48 параграфында көрсетілген міндеттемеге жатпайды. Концедент операторға мыйақыны тек қана концессиялық активті пайдаланса ғана төлейді, және 1 ҚСҚЕХС сәйкес шығындарға кететін төлемдерді есепке алады.



Келісімді бөлу ( 27-28 параграфтарын қараңыз)

AG50 Егер оператор концессиялық актив үшін сыйақыны бөліктеп алдын ала белгіленген төлемдер сериясының есебінен алса және бір бөлігін басқа тұтынушылардан немесе концессиялық активтен немесе активті генерирлейтін басқа табыстан түсетін табысты иемденуге құқықты иемденгені үшін алса, онда концеденттен түсетін сыйақыға жататын міндеттеменің әр бөлімін жеке есепке алып отыру қажет. Ондай жағдайларда операторға берілентін сыйақы қаржылық міндеттеме болып табылатын бөлігіне және басқа тұтынушылардан, немесе концессиялық активтен, немесе активті генерирлейтін басқа табыстан түсетін табысты иемденуге құқықты иемденгені үшін, міндеттеменің бір бөлігіне бөлінеді. Міндеттеменің әрбір бөлігі бастапқыда төленген немесе сыйақының төлеуге жататын әділ құны бойынша мойындалады.



Басқа міндеттемелер, шартты міндеттемелер және шартты активтер (29-параграфты қараңыз)

AG51 Қызмет көрсетуге концессиялық келісімдер әртүрлі қаржылық кепілдіктердің түрлерін қарастырады (мысалы, ператор активті салу, әзірлеу, сатып алу немесе жақсарту мақсатында шығындалған қарызға байланысты қауіпсіздік кепілі, қамтамасыз етілуі, немесе қарыздан босату) немесе орын далу кепілдіктерін (минималды табыс ағыны кепілі, оның ішінде алынбаған табысты орнына толтыру).

AG52 Коцедент берген кейбір кепілдіктер қыржылық кепілдік туралы келісімшарт түсініктемесіне сәйкес келеді. Концедент қызмет көрсетуге концессиялық келісімдер аясында берілген кепілдіктер қаржылық кепілдік келісімшартының анықтамасына жауап беретінін, жауап бермейтінін анықтайды және кепілдікті есепке ала отырып 28 ҚСҚЕХС, 29 ҚСҚЕХС және 30 ҚСҚЕХС қолданады. Кепілдік сақтандыру келісімшарт болып табылса, концедент бухгалтерлік есептің сәйкесінше халықаралық, немесе ұлттық стандартын қолдану туралы шешім қабылдай алады. Келесі басшылық ету үшін, 28 ҚСҚЕХС AG3-AG9 параграфтарын қолданыңыз.

AG53 28 ҚСҚЕХС және 29 ҚСҚЕХС сәйкес орнатылған талаптарға сәйкес келмейтін кепілдіктер мен міндеттемелер қаржылық кепілдіктер келісімшарттарына қатысты, немесе сақтандыру келісімдеріне жатпайтын, 19 ҚСҚЕХС сәйкес есепке алынады.

AG54 Шартты активтер мен міндеттемелер қызмет көрсетуге концессиялық келісімдер шарттары бойынша даулы сұрақтарға байланысты туындауы мүмкін. Бұндай шартты мақалалар 19 ҚСҚЕХС-ына сәйкес есепке алынады.

Басқа табыстар (30-параграфты қараңыз)

AG55 Оператор концедентке концессиялық активті пайдаланғаны үшін, сыйақыны концедентке алдын ала белгіленген кіріс ресурстар ағыны сериясын, оның ішінде келесілерді есепке ала отырып тапсыра отырып төлей алады:

(а) Алғытөлем немесе төлем ағыны;

(b) Табысты бөлу бойынша ескертпе;

(с) Тонцедент операторға төлеуге міндетті алдын ала белгіленген төлемдер сериясын қысқарту; және

(d) Операторға табысты генерирлейтін активті пайдалануға рұқсат беру үшін жалдама төлемдері.

AG56 Оператор концедентке алғытөлемді төлеген жағдайда төлемдер ағыны немесе концессиялық активті қызмет көрсетуге концессиялық келісімдер жарамдылық мерзімінде қолдануға рұқсат бергені үшін басқа сыйақы береді, концедент бұл төлемдерді 9 ҚСҚЕХС сәйкес есепке алынады. Табысты мойындау мерзімі қызмет көрсетуге концессиялық келісімдер шарттарына сәйкес есепке алынады, бұл келісім бойынша концедентке операторға концессиялық активті пайдалануға рұқсат беруді міндеттеме қойылады.

AG57 Оператор концедентке алғытөлемді төлеген жағдайда төлемдер ағыны, немесе концессиялық активті басқа тұтынушыларынан табысты иемденуді құқығына қоса басқа сыйақы түрлерін төлесе, онда есеп кезеңі мерзімінде табыс ретінде табылмаған оператор тапсырған төлемнің кез-келген бөлігі міндеттеме табысты мойындау шарттары ретінде орындалмайынша міндеттеме болып саналады.

AG58 Табысты мойындау шарттары орындалған жағдайда міндеттеме табысты 30-параграфқа сәйкес мойындауға қатысты қысқарады

AG59 Бірақ концессиялық келісім бола алатын активтер типтері, қолданыстағы келісімдердің жарамдылық мерзімінің жылдар саны сияқты өзгеретіндігіне байланысты ең ұтымды әдіс – ол міндетті келісіммен орнатылған кіріс ағындарымен байланысқан табысты мойындау тиімді тәсілдерін қолдану әдісі болып табылады, бұл әдіс концессиялық активті және /немесе уақытша қаражат құнына қолжетімділігін экономикалық тұрғыдан тиімді қолдануды көрнекі көрсетіп тұр. Құрамында номиналды күрделі пайыздық мөлшерлеме қолданатын әдіспен салыстырғанда табысты дисконтирлеу негізінде біршама біртекті мойындауға мүмкіндік беретін қолданыстағы күрделі пайыздық мөлшерлеме пайдаланылатын аннуитеттік әдіс мерзімі бірнеше онжылдықты құрайтын қызмет көрсетуге концессиялық келісімдер үшін қолдану өте тиімді болып келеді.

AG60 Алғытөлемді оператордан қабылдағаннан кейін табыс концессиялық активті және/немесе уақытша қаражат құнына қолжетімділігін экономикалық тұрғыдан тиімді қолдануды көрнекі көрсетіп тұрғандай әдіспен мойындалады. Мысалы, оператор әржылдық төлемдерді қызмет көрсетуге концессиялық келісімдердің жарамдылық мерзімінде төлеуге міндетті болса, немесе алдын ала белгіленген қаражатты белгілі жылдар аралығында төлеуге міндетті болса, онда табыс белгіленген мерзімде мойындалады.

AG61 Қызмет көрсетуге концессиялық келісімдер бойынша оператор концессиялық активті басқа тұтынушылардан түсетін табысты пайдалану құқығы берілсе, табыс деп қызмет көрсетуге байланысты түсетін экономикалық табыстың ағыны болып саналады, және осылайша, міндеттеме қысқаратын негізде мойындалады. Ондай жағдайда концедент, көп ретте, оператормен жасалған келісімге тыбысты бөлу туралы бөлімді енгізуді ұсынады. Қызмет көрсетуге концессиялық келісімдер аясында табысты бөлу барлық табысқа қатысты , немесе кейбір бастапқы мәннен асатын табысқа, немесе операторға белгілі орнатылған табыс мөлшерлемесінен асатын табысқа қатысты жүзеге асуы мүмкін.

AG62 Концедент қызмет көрсетуге концессиялық келісімдер аясында табысты бөлу ескертпе жасау нәтижесінде генерациялайтын табысты мойындайды, бұл мойындау табыстың түсуіне байланысты, сәйкесінше, келісімнің мәніне сәйкес белгілі бір шартты оқиғаны орындалған оқиғамен мойындалғаннан кейін, жүзеге асады. Концедент шартты оқиғаның 19 ҚСҚЕХС сәйкес орындалған-орындалмағанын анықтайды.

AG63 Концедент операторға төлеуге міндетті алдын ала белгіленген болашақ төлемдер серияларының қысқаруына байланысты концедент ақшалай емес алғытөлеу сыйақысын төлейді. Бұндай табыс міндеттеменің азаюына байланысты мойындалады.

AG64 Оператор табысты туындататын активке қолжетімділігі үшін кесімді жалдама төлемін төлесе, жалдамадан түсетін табысы «Ауыстырылмайтын операциялардан түсетін табыс» 23 ҚСҚЕХС сәйкес мойындалады.

Ақпаратты ұсыну және ашу (31-33 параграфтарын қараңыз)

AG65 Берілген Стандарт концессиялық келісімдердің әртүрлі аспектілеріне жататын ақпаратты ашып ұсыну сұрақтарын қарастыра алады. Берілген Стандартта тек қана қызмет көрсетуге концессиялық келісімдеріне жататын ақпаратты ашып көрсетуге қосымша талаптар жатады. Қызмет көрсетуге концессиялық келісімдерінің белгілі аспектілерін есепке алуды басқа Стандартта қарастырылған жағдайларда, концедент 32-параграфында орнатылған талаптарға қосымша бұндай Стандарттың талаптарын орындауға міндетті.

AG66 1 ҚСҚЕХС қызметтің қаржылық нәтижелері есебінде қаржы тоқтатулары туралы жеке ақпаратты талап етеді. Бұл мақала 21-параграфқа сәйкес анықталған қаржыландыру құнын қамтиды.

AG67 31-33 параграфтарында белгіленген ақпыратты ашу бойынша талаптарға қосымша концедент, сонымен қатар, басқа ҚСҚЕХС қамтитын ақпаратты көрсету және ашу сәйкесінше талаптарын белгіленген Стандарт аясында мойындалатын активтерге, міндеттемелерге, табыстар мен шығындарға жататынына қатысты қолданады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   95




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет