АнықтамалықТЫҢ ҚҰрылымы ІІ том 2013 жылғы басылым



бет59/95
Дата21.06.2016
өлшемі7.29 Mb.
#151555
түріАнықтамалық
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   95

Мойындау және бағалау

26. Егер субъекті қандай да бір бапты материалдық емес актив ретінде мойындайтын болса, ол мұндай баптың:

(а) Материалдық емес активтің анықтамасын (17-25 параграфтарды қараңыз); және

(b) Мойындау талаптарын (28-30 параграфтарды қараңыз) қанағаттандыратынын көрсетуі тиіс.

Бұл талап материалдық емес активті сатып алумен немесе ішкі өндірумен байланысты бастапқы кезеңде шеккен шығындарға, сондай-ақ оны өсіруге, ішінара алмастыруға немесе қызмет көрсетуге арналған кейінгі шығындарға қолданылады.

27. Материалдық емес активтердің табиғаты көптеген жағдайларда ұқсас активтерді өсіруге немесе ішінара ауыстыруға мүмкіндік бермейді. Тиісінше, бұдан кейінгі шығындардың көбі, осы Стандарттағы материалдық емес активтің анықтамасы мен мойындау талаптарын қанағаттандырмай, қолдағы материалдық емес активтердегі күтілетін экономикалық табыстарды қамтамасыз етеді. Бұған қоса, бұдан кейінгі шығындарды тұтастай субъектіге емес, нақты материалдық емес активтерге жатқызу көбіне қиынға соғады. Осылайша, сатып алынған материалдық емес активті алғашқы мойындаудан кейін немесе материалдық емес активті ішкі өндіруден кейін орын алған бұдан кейінгі шығындар сирек жағдайда ғана активтің қаржылық жағдай туралы есептік құнында танылады. 63-параграфқа сәйкес сауда маркаларына, титулдық деректерге, баспа құқықтарына, клиенттердің тізімдеріне және мәні бойынша ұқсас баптарға (тысқары сатып алынған және ішкі өндірілген) жұмсалған бұдан кейінгі шығындар әр уақытта табыс құрамында немесе орын алуына қарай шығындарда танылады. Бұл мұндай шығындарды субъектіні толық жетілдіруге жұмсалған шығындардан бөлек қарастыруға болмаудың салдары болып табылады.

28. Материалдық емес актив:

(а) Осы активке қатысты болашақ экономикалық табыстар субъектіге келетіні ықтимал болса ғана; және

(b) Активтің өзіндік құны сенімді бағаланатын болса ғана танылуы тиіс.

29. Субъект активтің пайдалы қызметінің мерзімінде қолданылатын экономикалық талаптардың жиынтығын әкімшіліктің ең дұрыс бағалауын көрсететін негізделген және нығайтылатын рұқсаттарды пайдалана отырып, болашақтағы экономикалық табыстардың ықтималдығын бағалауға міндетті.

30. Субъект бастапқы мойындау күні қолда бар деректерге сүйене отырып және сыртқы дерек көздерінен алынған деректерге басымдық бере отырып, активтерді пайдаланудан түсетін болашақ экономикалық кірістердің түсуімен байланыстыратын айқындылық дәрежесін бағалау үшін кәсіби пікірлерді пайдалануға тиіс.

31. Материалдық емес актив ең алдымен өзіндік құны бойынша 32-43 параграфтарына сай бағалануы тиіс. Айырбастық емес келісімнен түскен материалдық емес активтер қабылдаған күндегі алғашқы бағасы сол күндегі таза құнмен өлшенуі тиіс.

Жеке сатып алу

32. Әдетте материалдық емес активті сатып алған кезде субъект өтейтін құн субъектіге осы активтен болашақ экономикалық табыстың келу мүмкіндігіне қатысты күтулерді көрсетеді. Басқаша айтқанда, келетін табыстың уақыты және мөлшерінің белгісіз болуына қарамастан, субъект сол экономикалық табыстың келуін күтеді. Тиісінше, бөлек сатып алынған активтерге қатысты мойындау үшін, 28(а) параграфымен белгіленген ықтималдылық талабы әрқашан қанағаттандырылған болып табылады.

33. Қосымша түрде жеке сатып алынатын материалдық емес активтердің құны шынайы түрде өзгертілуі мүмкін. Бұл сатып алу ниеті қолма-қол немесе басқа монетарлық активтер нысанында жүзеге асырылған кезде ерекше дұрыс болады.

34. Бөлек сатып алынған материалдық емес активтің өзіндік құны:

(a) Оның сатып алу құнынан, соның ішінде, импорттық баждарды және сауда жеңілдіктерін шегеруден кейінгі сатып алуға салынатын өтелмейтін салықтардан, сауда жеңілдіктері мен қайтарылымдардан; және

(b) Активті мақсаты бойынша пайдалану үшін, жұмыс істеу жай-күйіне келтіруге жұмсалған кез келген тікелей шығындардан тұрады.

35. Тікелей шығындардың мысалы ретінде:


  1. Активті жұмыс істеу жай-күйіне келтіруге байланысты пайда болатын қызметкерлерге сыйақы төлеу (25 ҚСҚЕХС анықталғандай);

(b) Активті жұмыс істеу жай-күйіне келтіруге байланысты пайда болатын кәсіби қызметтерді өтеу бойынша шығындар; және

(с) Активтің тиісті жұмыс істеуін тексеруге жұмсалған шығындар болып табылады.

36. Төменде материалдық емес активтің өзіндік құнының бөлігі болып табылмайтын шығындардың мысалдары келтірілген:

(a) Жаңа өнімді немесе қызметті енгізуге жұмсалған шығындар (өнімді жарнамалауға және өткізуге жұмсалған шығындарды қоса алғанда);

(b) Шаруашылық қызметті жаңа жерде немесе клиенттердің жаңа санатымен жұмыс істеуге жұмсалған шығындар (қызметкерлерді әзірлеуге және оқытуға жұмсалған шығындарды қоса алғанда); және

(с) Әкімшілік және басқа да жалпы үстеме шығындар.

37. Материалдық емес активтің қаржылық жағдай туралы есептік құнындағы шығындарды мойындау актив басшылықтың мақсатына сәйкес пайдалану қалпына келтірілген кезде тоқтатылады. Осылайша материалдық емес активті пайдалану немесе орнын ауыстыру кезінде жұмсалған шығындар активтің қаржылық жағдай туралы есептік құнына енгізілмейді. Мысал үшін, мына шығындар материалдық емес активтің қаржылық жағдай туралы есептік сомасына енгізілмейді:

(а) Басшылықтың мақсатына сәйкес пайдаланылуға жарамды актив пайдаланылмаған кезде орын алған шығындар; және

(b) Алғашқы операциялық шығындар, мысалы, актив қызметінің нәтижесіне сұраныстың қалыптасуы кезінде орын алған шығындар.

38. Кейбір операциялар материалдық емес активті әзірлеуге байланысты орын алады, бірақ бұл активті басшылықтың мақсатына сәйкес пайдалану үшін, тиісті қалыпқа келтіру міндетті болып табылмайды. Бұл операциялар әзірлеу кезеңіне дейін, немесе әзірлеу кезеңінде жүзеге асырыла алады. Қосалқы операциялар активті басшылықтың мақсатына сәйкес пайдалану қалпына келтіру үшін, қажетті болып табылмайтындықтан, қосалқы операциялардан келген табыс және оған жұмсалған шығындар, тиісінше табыста, немесе шығында көрсетілуі және кірістер мен шығыстардың тиісті санатына жатқызылуы тиіс.

39. Егер материалдық емес актив үшін жасалған төлем әдеттегі несиелеу шарттарынан асатын мерзімге кейін қалдырылса, оның өзіндік құны ақша қаражаттарының баламасына сатып алу құнына тең болып табылады. Егер бұл өсім мен сомалық төлемдердің арасындағы айырмашылық Қарыздар бойынша шығын 23 ҚСҚЕХС көрсетілген капиталдандыру негізінде есепке алу тәртібіне сәйкес капиталдандырылмаса, ол несиелеу мерзіміне созылатын пайыздарды төлеу шығындарына жатқызылады.

Зерттеулер мен әзірлемелердің сатып алынған аяқталмаған жобаларына қатысты кезекті шығындар

40. Зерттеулер мен әзірлемелерге жұмсалатын шығындар:

(a) Бөлек немесе субъектілерді біріктіру кезінде сатып алынған және материалдық емес актив ретінде танылған зерттеулер мен әзірлемелер саласындағы жүзеге асыру үдерісіндегі жобаға жатқызылатын; және

(b) Мұндай жобаны сатып алудан кейін жұмсалған зерттеулер мен әзірлемелерге жұмсалатын шығындар 52-60 параграфтарына сәйкес есепке алынуға жатады.

41. 52-60 параграфтарының талаптарын қолдану бөлек немесе субъектілерді біріктіру кезінде сатып алынған зерттеулер мен әзірлемелер саласындағы жүзеге асыру үдерісіндегі жобаға жұмсалатын шығындар:

(а) Егер зерттеулерге жұмсалған шығындар болса, орын алған кезде шығыс ретінде мойындалуын;

(b) 55-параграфта белгіленген материалдық емес актив ретінде мойындау талаптарына сәйкес келмейтін әзірлемелерге жұмсалған шығындар болса, орын алған кезде шығыс ретінде мойындалуын; және


  1. 55-параграфта белгіленген мойындау талаптарына сәйкес келетін әзірлемелерге жұмсалған шығындар болса, субъектілерді сатып алу кезінде сатып алынған зерттеулер мен әзірлемелер саласындағы жобаның қаржылық жағдай туралы есептік құнына қосылуын білдіреді.

Айырбастық емес операциялар арқылы сатып алынған материалдық емес активтер

  1. Кейбір кездерде материалдық емес актив айырбастық емес операция арқылы алына алады. Бұл материалдық емес активтерді мемлекет субъекті табыс еткен немесе бөлген кезде орын алуы мүмкін, мысалы, әуежайға қону, радио- және телехабарларды тарату құқығы, импорттық лицензиялар, немесе квоталар, немесе өзге шектелген ресурстарға қол жеткізу құқықтары. Жеке тұлға , мысалы Нобель сыйлығының лауреаты, өзінің жеке ғылыми еңбектерін, түпнұсқаларымен қоса алғанда ұлттық мұрағатқа (қоғамдық сектор субъектісі) айырбастық емес операциямен өткізуі мүмкін.

  2. Осындай жағдайларда баптың әділ құны ол алынған күнгі әділ құны болып табылады. Осы Стандарттың мақсаты үшін айырбастық емес операциядан алынған материалдық емес активті мойындаудың өлшемі, 74 параграфтың талаптарына сәйкес, оның әділ құнындағы қайта бағалаудан тұрмайды. Осылайша, 74 параграфтағы қайта бағалау талаптары мен 75-86 параграфтардағы түсініктемелер, субъект есеп беру кезеңдерінде материалдық емес активтерді қайта бағалауы барысында ғана қолданылады.

Активтермен алмасу

44. Бір немесе одан да көп материалдық емес активтер ақшалай емес активті немесе активтерді айырбастау арқылы немесе ақшалай және ақшасыз активтердің комбинациясына сатылып алынуы мүмкін. Төменде айтылған ойлар бір ақшалай емес активті басқа активке алмастыруға ғана қатысты емес, алдыңғы сөйлемде көрсетілген айырбастауларға да қатысты. Мұндай активтің бастапқы құны (а) айырбастау операциясының коммерциялық мазмұны болмаған кезде, немесе (b) алынған және табыс етілген активтің әділ құны шынайы бағалана алмайтын жағдайларды қоспағанда, әділ құны бойынша бағаланады. Егер субъект табыс етілген активтің танылуын тоқтата алмаса да, сатып алынған актив дәл осы тәсілмен бағаланады. Егер сатып алынған актив әділ құны бойынша бағаланбаса, оның алғашқы құны табыс етілген активтің қаржылық жағдай туралы есептік құны бойынша анықталады.



  1. 28(b) параграфы материалдық емес активтің өзіндік құнын шынайы бағалау материалдық емес активті мойындау үшін, шарт болып табылатындығын белгілейді. Теңдес нарықтық операциялары жоқ материалдық емес активтің әділ құны, егер:

(a) Осы активке қатысты әділ құнның негізделген бағалар диапазонның вариативтігі айтарлықтай болмаса, немесе

(b) Осы ауқымдағы түрлі бағалар ықтималдығы негізді белгіленіп және әділ құнды бағалау кезінде қолданылса, шынайы бағалануға жатады.

Егер субъект алынған немесе табыс етілген активтің әділ құнын шынайы анықтай алса, алғашқы құнын анықтау үшін, алынған активтің әділ құны нақты болған кездерді қоспағанда, табыс етілген активтің әділ құны қолданылады.

Ішкі қалыптасқан Гудвилл

46. Ішкі қалыптасқан гудвилл актив ретінде танылуға жатпайды.

47. Кейбір жағдайларда болашақ экономикалық табыстарды жасау шығындарды жұмсаумен байланысты, бірақ бұл осы Стандартпен белгіленген мойындау талаптарына сәйкес болатын материалдық емес активтің пайда болуына әкелмейді. Мұндай шығындар көп жағдайларда субъект ішінде гудвилдің қалыптасуына әсерін тигізетін шығындар болып сипатталады. Субъектінің бақылауында болатын және өзіндік құны бойынша бағалана алатын бірегейленетін ресурс болмағандықтан (яғни, бөліне алмайды немесе шарттық немесе заңды құқықтардан пайда болмайды), ішкі қалыптасқан гудвил актив ретінде танылуға жатпайды.
48. Субъектінің нарықтық құны мен оның бірегейлендірілетін таза активтерінің арасындағы айырмашылықтар субъектінің құнына ықпал ететін факторлар тобынан құралады. Шынында, мұндай айырмашылықтар осы субъект бақылайтын материалдық емес активтердің құнын сипаттамайды.
Ішкі құралған материалдық емес активтер

49. Кейде ішкі құралған материалдық емес активтер мойындауға жататындығын немесе жатпайтындығын бағалау қиын болады, бұған себеп ретінде:

(a) Күтілетін экономикалық табыстарды құрайтын бірегейленетін активтің бар және қайда екендігін анықтаумен байланысты; және

(b) Мұндай активтің өзіндік құнының мағынасын анықтаумен байланысты проблемалар болып табылады. Кейбір кездерде ұйым ішінде материалдық емес активті құрудың өзіндік құнын ішкі қалыптасқан гудвиллді, немесе күнделікті қызметті қолдаудың, немесе күшейтудің өзіндік құнынан анықтау мүмкін емес.

Тиісінше, материалдық емес активті мойындау және алғашқы бағалау үшін жалпы талаптарды орындаумен қатар, субъект ішкі құралған материалдық емес активтерге қатысты 50-65 параграфтардың талаптары мен ұсынымдарын қолдануға міндетті.

50. Ішкі құралған материалдық емес актив мойындау талаптарына сәйкес келетінін анықтау үшін, субъект активті құру үдерісі:



  1. Зерттеу сатысына; және

(b) Әзірлеу сатысына бөледі.

«Зерттеу» және «Әзірлеу» терминдеріне анықтамалар берілген, бірақ осы Стандарттың мақсаттар үшін «зерттеу сатысы» және «әзірлеу сатысы» терминдеріне толығырақ мағына беріледі.

51. Егер субъект зерттеу сатысын әзірлеу сатысынан материалдық емес активті құру бойынша ішкі жобаның шеңберінде бөле алмаса, ол мұндай жобаға жұмсалған шығындарды тек зерттеу сатысына байланысты жұмсалған шығындар ретінде есепке алады.

Зерттеу сатысы

52. Зерттеулерден (немесе ішкі жоба шеңберіндегі зерттеу сатысында) пайда болатын бір де бір материалдық емес актив танылуға жатпайды. Зерттелуге (немесе ішкі жоба шеңберіндегі зерттеу сатысына) жұмсалған шығындар олар орын алған кезде шығыс ретінде танылуы тиіс.

53. Ішкі жоба шеңберіндегі зерттеу сатысын жүзеге асырған кезде ықтимал экономикалық табыстарды генерациялай алатын материалдық емес активтің бар екендігін көрсете алмайды. Тиісінше, мұндай шығындар орын алған кезде мойындалуы тиіс.

54. Зерттеу қызметінің мысалы болып мыналар табылады:

(а) Жаңа білімдерді алуға бағытталған қызмет;

(b) Зерттеулер немесе басқа білімдердің нәтижесін қолдану аясын іздеу, бағалау және түпкілікті таңдау;

(c) Материалдарға, құрылғыларға, өнімдерге, үдерістерге, жүйелерге немесе қызметтерге балама іздеу; және

(d) жаңа немесе жақсартылған материалдарға, құрылғыларға, өнімдерге, процестерге, жүйелерге немесе қызметтерге ықтимал баламаларды жасау, қалыптастыру, бағалау және түпкілікті таңдау.



Әзірлеу сатысы

55. Әзірлемелерден (немесе ішкі жобаның шеңберіндегі әзірлеу сатысынан) пайда болатын материалдық емес актив субъектінің мыналарды жүзеге асыруын қамтиды:

(a) материалдық емес активті құрудың техникалық жүзеге асырылуын, ол пайдалану, немесе сату үшін қол жетерліктей болуын;

(b) өзінің материалдық емес активті құру және оны пайдалану немесе сату ниетін;

(c) өзінің материалдық емес активті құруға немесе сатуға қабілеттілігін;

(d) материалдық емес актив ықтимал экономикалық табыстарды құруын. Басқаларымен қоса, субъект материалдық емес активтің нәтижелері, немесе материалдық емес активтің өзі үшін арналған нарықты, немесе оны ішкі пайдалану көзделген жағдайда, мұндай материалдық емес активтің пайдалылығын;

(e) Әзірлемені аяқтау үшін және материалдық емес активті пайдалану, немесе сату үшін, жеткілікті техникалық, қаржылық және басқа ресурстарға қол жететіндігін;

(f) Материалдық емес активті әзірлеу барысында жұмсалған шығындарды сенімді бағалай алу қабілеттілігін көрсете алған кезде ғана мойындалады.

56. Ішкі жобаның шеңберіндегі әзірлемелер сатысында субъект кейбір жағдайларда материалдық емес активті белгілеп, бұл актив ықтимал экономикалық табыстарды құратынын көрсете алады. Өйткені жобаның әзірлеу сатысы зерттеу сатысына қарағанда дамытылған болып келеді.

57. Әзірлемелер бойынша қызметтің мысалдары:

(a) Өндіріске дейінгі үлгілерді және модельдерді жобалау, құрастыру және тестілеу;

(b) Жаңа технологияны қосатын құралдарды, үлгі-қалыпты, үлгілерді және мөртабандарды жобалау;

(c) Экономикалық масштабтар бойынша коммерциялық өндіріс үшін келмейтін тәжірибелік құрылғыны жобалау, құрастыру және қолдану; және

(d) Таңдап алынған балама материалдарды, құрылғыларды, өнімдерді, процестерді, жүйелерді немесе қызметтерді жобалау, құрастыру және тестілеу.

58. Материалдық емес актив ықтимал болашақ экономикалық табыстарды құрайтындығын көрсету үшін субъект «Ақшалай қаражат туындатпайтын активтердің құнсыздануы» 21 ҚСҚЕХС белгіленген қағидаттарды қолдана отырып, активтен алынатын болашақ экономикалық табыстарды бағалайды. Егер актив экономикалық табыстарды тек қана басқа активтермен үйлесімде құрайтын болса, ұйым «Ақшалай қаражат туындататын активтердің құнсыздануы» 26 ҚСҚЕХС Халықаралық стандартта белгіленген басым бірлік тұжырымдамасын қолданады.

59. Материалдық емес активтен алынатын пайданы аяқтау, пайдалану және алуға арналған ресурстардың қол жетерліктей болуы ұйымның қажетті техникалық, қаржылық және басқа да ресурстарын және осы ресурстардың болуын қамтамасыз ететін қабілетін көрсететін, мәселен, бизнес-жоспары арқылы анық көрсетілуі мүмкін. Субъекті белгілі бір жағдайларда несие берушінің осы жоспарды қаржыландыруға даяр екендігін растайтынына уәде бере отырып, сыртқы қаржыландырудың қол жететіндей болуын айғақтайды.

60. Субъектіде өзіндік құнды есептеу жүйесі көптеген жағдайларда осы субъектінің ішінде материалдық емес активті құрудың өзіндік құнын шынайы бағалауды қамтамасыз етуге қабілетті. Мысалы, жалақыға және авторлық құқықтар мен лицензиялар алу, немесе компьютерлік бағдарламаларды әзірлеу үшін, жұмсалған басқа да шығындарға қатысты.

61. Ішінара шығарылғансауда таңбаларына, титулдық деректер, баспа құқықтарына, клиенттердің тізімдері және мазмұны бойынша ұқсас баптар материалдық емес активтер ретінде танылуға жатпайды.

62. Ішкі құралған сауда белгілеріне, титулдық деректерге, баспа құқықтарына, клиенттердің тізімдеріне және мазмұны бойынша ұқсас баптарға жұмсалған шығындарды жалпы субъектіні дамытуға жұмсалған шығындардан ажыратуға болмайды. Осыған сәйкес, мұндай баптар материалдық емес активтер ретінде танылуға жатпайды.



Ішкі құрылған материалдық емес активтің нақты құны

63. 31-параграфтардың мақсаттары үшін ішкі құралған материалдық емес активтің нақты құны 28, 29, және 55-параграфтарда белгіленген талаптарге материалдық емес актив алғаш рет сәйкес келген күннен бастап келтірілген шығын сомасын білдіреді. 70-параграф бұрын танылған шығыс ретінде шығындарды қалпына келтіруге рұқсат бермейді.

64. Ішкі құралған материалдық емес активтің өзіндік құнына басшылықтың мақсатына сәйкес активтерді құру, жасау және пайдалануға дайындау үшін, қажетті барлық тікелей шығындарды қамтиды. Тікелей шығындарға мыналар мысал бола алады:

(а) Материалдық емес активті құру кезінде пайдаланылған немесе қолданылған материалдарға және қызметтерге арналған шығындар;

(b) Қызметкерлерге материалдық емес активті құруға байланысты туындаған сыйақыларға арналған шығындар («Қызметкерлердің сыйақысы» 25 ҚСҚЕХС анықтамасына сәйкес);

(с) Заңды құқықты тіркегені үшін баж; және

(d) Материалдық емес активті құру үшін, пайдаланылған патенттерді және лицензияларды амортизациялау.

«Қарыздар бойынша шығын» 5 ҚСҚЕХС пайызды ішкі құралған материалдық емес активтің бастапқы құнының элементі ретінде мойындау үшін, талаптарды белгілейді.

65. Төменде көрсетілгендер ішкі құралған материалдық емес активтің өзіндік құнына кірмейді:

(а) Сауда, әкімшілік және басқа да жалпы үстеме шығыстар, активті пайдалануға дайындауға тікелей жатқызылған болуы ықтималдарын қоспағанда;

(b) Активтің жоспарлы көрсеткіштеріне қол жеткізгенге дейін орын алған нақты тиімсіздіктер мен бастапқы операциялық шығындар; және

(с) Қызметкерді активті пайдалануға дайындауға жұмсалған шығындар.



Шығынды мойындау

66. Материалдық емес активтермен байланысты шығыстар, мойындау өлшемдеріне сәйкес келетін материалдық емес активтер құнынынң бір бөлігін құраған жағдайда орын алғанға дейін мойындалады (26-65 параграфтарды қараңыз):

67. Кейбір жағдайларда шығындар субъектінің пайдасына болашақ экономикалық кірісті қамтамасыз ету үшін жұмсалады, бірақ ешқандай мойындалуы мүмкін материалдық емес немесе басқа да актив сатып алынбайды немесе жасалмайды. Тауарлармен жабдықтау жағдайларында, мұндай шығындарды субъект, сол тауарларға қол жеткізу құқығы болғанда, шығыс ретінде мойындайды. Қызметпен жабдықтау жағдайларында, мұндай шығындарды субъекті, өзі қызметті қабылдайтын болса, шығыс ретінде мойындайды. Мысалы, зерттеуге кеткен шығындарды субъектілер бірлестігі құнының бір бөлігін құрайтын жағдайды қоспағанда, олар келтірілген кездегі шығыстар ретінде танылуға жатады (54-параграфты қараңыз). Шығын шығарылған кезде шығыстар ретінде танылатын шығынның басқа бір мысалы мыналарды қамтиды:

(а) Жылжымайтын мүлік, ғимараттар мен жабдықтар 17 ҚСҚЕХС сәйкес жылжымайтын мүлік, ғимараттар мен жабдықтар баптарының өзіндік құнынан басқа іске қосу жұмыстарына (мысалы, іске қосу шығындары) арналған шығындар. Іске қосу жұмыстарына арналған шығындар заңды тұлғаны құру кезінде шығарылған заңгерлерге және хатшылыққа арналған шығындар сияқты құрылтай шығыстарынан, жаңа құралдарды немесе субъектілерді ашуға арналған шығындар (яғни, іске қосу алдындағы шығындар), немесе жаңа операцияларды ашу, немесе жаңа өнімдерді немесе үдерістерді енгізуге (яғни операцияға дейінгі шығындар) арналған шығындардан тұруы мүмкін:


  1. Қызметкерді дайындауға жұмсалған шығындар;

(с) Жарнамаға және өнімді нарыққа шығаруға жұмсалған шығындар (пошта арқылы жасалатын тапсырыс каталогтарымен қоса);

(d) Субъект бір бөлігін және түгелдей көшіруге немесе қайта құруға арналған шығындар.

68. Субъект тауарларды иеленгенде, оның тауарларға қол жеткізуге құқығы болады. Осыған ұқсас, жабдықтау жөніндегі келісімшарттың шарттарына сәйкес, тауарларды жабдықтаушы жасап шығаратын болғанда, және субъект тауарлардың ақысына жеткізілуін талап ете алатын болғанда субъектінің тауарларға қол жеткізуге құқығы бар деп саналады. Қызметтерді субъектіге көрсету жөнінде келісімшартқа сәйкес, оларды жабдықтаушы көрсететін болғанда, және субъекті оларды басқа қызметті көрсету үшін, мысалы, жарнамаларды тұтынушыларға жеткізу үшін, қолданбағанда, субъект қызметтерді қабылдаған деп саналады.
69. 66-параграф бойынша субект тауарларға қол жеткізуге құқықты алмай тұрып, тауарлардың ақысын алдын ала төлеген болса, алдын ала төленген ақыны актив ретінде мойындауға субъект тиым салмайды. Осыған ұқсас, 66-параграф бойынша субъект қызметтерді қабылдамай тұрып, тауарлардың ақысын алдын ала төлеген болса, алдын ала төленген ақыны актив ретінде мойындауға субъектіге тиым салмайды.

Актив ретінде мойындалмайтын өткен шығындар

70. Бастапқыда шығыс ретінде мойындалған материалдық емес активтерге жұмсалған шығындар неғұрлым кейінгі күнге арналған материалдық емес активтің өзіндік құнының бір бөлігі ретінде танылуға жатпайды.



Мойындаудан кейінгі бағалау

71. Субъект не 73-параграфта көзделген өзіндік құн бойынша есепке алу моделін, не 74-параграфта өзінің есеп саясаты ретінде көзделген қайта бағалау моделін таңдауға міндетті. Егер материалдық емес актив қайта бағалау моделі бойынша есепке алынса, онда осы сыныптағы басқа барлық активтер осындай активтер үшін белсенді нарық болмаған жағдайдан басқа жағдайларда осы модель бойынша есепке алынуға тиіс.

72. Материалдық емес активтердің класы сипаттамалары және субъект операцияларында қолданылуы бойынша ұқсас активтердің тобын білдіреді. Материалдық емес активтерді сынып ішінде қайта бағалау, сонымен бір мезгілде активтерді таңдамалы қайта бағалау мүмкіндігін болдырмау және өзіндік құнды және әр күндегі қайта бағаланған құндардың араласуын бірдіретін соманы қаржылық есепте тиісінше ұсыну мақсатында жүргізіледі.

Өзіндік құн бойынша есепке алу моделі

73. Материалдық емес актив басқапқы мойындаудан кейін жинақталған амортизацияны және құнсызданудан болған кез келген жинақталған шығындарды шегеріп тастағандағы нақты құн бойынша есепке алынуға тиіс.



Қайта бағаланған құн бойынша есепке алу моделі

74. Материалдық емес актив басқапқы мойындаудан кейін оның қайта бағалау күнгі әділ құнын білдіретін қайта бағаланатын сома минус кез келген кейіннен жинақталған амортизация және кез келген кейіннен жинақталған құнсызданудан болған шығындарды білдіретін қайта бағалау сомасы бойынша есепке алынуға тиіс. Осы Стандартқа сәйкес қайта бағалау мақсаттары үшін әділ құн активтік нарыққа сілтеме жасау арқылы айқындалуы тиіс. Қайта бағалаулар активтің қаржылық жағдай туралы есептік құны мен оның әділ құны арасында елеулі айырмашылықтың болуының алдын алу үшін, барынша тұрақты жүргізілуге тиіс.

75. Қайта бағалау үлгісі мыналарды:

(а) Бұрын активтер ретінде мойындалмаған материалдық емес активтерді қайта бағалауға; немесе

(b) Материалдық емес активтерді олардың нақты құнынан айырмашылығы бар сомаларда бастапқы мойындауға жол бермейді.

76. Қайта бағалау моделі активтің бастапқы нақты құны танылғаннан кейін қолданылады. Алайда, материалдық емес активтің нақты құнының бір бөлігі ғана актив болып танылады, себебі актив процестен өтпейінше критерийлеріне сай келмейді (63-параграфты қараңыз), сондықтан қайта бағалау моделі осы активтердің барлығына қолданылуы мүмкін. Бұдан басқа, қайта бағалау моделі мемлекеттік субсидия ретінде алынған және номиналдық сома бойынша танылған материалдық емес активтерге қолданылуы мүмкін (42-43 параграфты қараңыз).

77. 8-параграфта берілген сипаттамалар бойынша материалдық емес активтің белсенді нарыққа тән емес, бірақ кездесуі мүмкін. Мысалы, кейбір заңнамаларда жолаушылар тасымалдауға, балық аулауға, өндірістік квоталарға еркін берілетін рұқсаттар үшін белсенді нарық болуы мүмкін. Алайда, тауар белгілері, титулдық деректер, музыка және кинофильмдер шығаруға, патенттерге немесе тауар белгілері үшін белсенді нарық болуы мүмкін емес, өйткені бұл активтердің барлығы бірегей болып табылады. Сонымен қатар, материалдық емес активтер сатып алу және сату заты болып табылса да, жеке сатып алушылар арасында шарттар жасалса да, мәміле барынша сирек жүргізіледі. Сол себепті, бір актив үшін төленген баға басқа активтің әділ құнын растау үшін, жеткілікті болып табылмайды. Сонымен қатар, баға туралы ақпарат көбіне жабық сипатта болады.

78. Қайта бағалаудың жиі жүргізілуі қайта бағаланатын материалдық емес активтердің әділ құндары оның волатильдігіне байланысты болады. Қайта бағаланған активтердің әділ құны мен оның қаржылық жағдай туралы есептік құнының айтарлықтай айырмашылығы болса, қосымша қайта бағалау жүргізілуі тиіс. Кейбір материалдық емес активтердің әділ құны айтарлықтай және волатильді өзгерістерге ұшырауы мүмкін, мұның өзі жыл сайынғы қайта бағалаудың қажеттілігін туғызады. Мұндай жиі қайта бағалаулар әділ құндары аз ғана өзгеріске ұшыраған материалдық емес активтер үшін қажет емес.

79. Материалдық емес актив қайта бағаланатын болса, қайта бағалау күнгі кез келген жинақталған амортизация не:

(а) Активтің қаржылық жағдай туралы есептік құнының өзгеруіне, активтің қаржылық жағдай туралы есептік құнын қайта бағалағаннан кейін оның қайта бағалау құнына тең болатындай теңбе-тең қайта саналады; не

(b) Жиынтық қаржылық жағдай туралы есептік құнға қарсы жойылған, ал таза шама активтің қайта бағаланған шамасына дейін қайта саналады.

80. Егер қайта бағаланатын материалдық емес активтердің сыныбына жатқызылатын материалдық емес актив осы актив үшін актив нарығының болмауы себепті қайта бағалау мүмкін болмаса, мұндай актив кез келген жинақталған амортизацияны және құнсызданудан болған шығынды шегеріп тастағанда, оның өзіндік құны бойынша есепке алынуға тиіс.

81. Егер қайта бағаланатын материалдық емес активтердің әділ құны белсенді нарыққа сілтеме жасау арқылы айқындалуы мүмкін болмағанда, активтің қаржылық жағдай туралы есептік құны кез келген кейінгі жинақталған амортизацияны және кез келген құнсызданудан болған кейінгі жинақталған шығындарды шегеріп тастағандағы оның қайта бағалау күнгі қайта бғаланған шамасы болуға тиіс.

82. Қайта бағаланған материалдық емес актив үшін бұдан әрі белсенді нарықтың болмау фактісі активтің құнсыздану белгісі болып табылады және оны 21 ҚСҚЕХС немесе 26 ҚСҚЕХС активтердіңқұнсыздануы сәйкес тестілеу қажеттілігін көрсетеді.

83. Егер активтің әділ құны бағалаудан кейінгі күнгі белсенді нарыққа сілтеме арқылы айқындалса, онда қайта бағалау үлгісі осы күнмен қолданылады.

84. Егер материалдық емес активтің қаржылық жағдай туралы есептік құны қайта бағалау нәтижесінде жоғарыласа, онда мұндай ұлғаю басқа толық табыс арқылы танылуы тиіс және «Қайта бағалаудан болған өсу» тақырыбымен үлесте жинақталуы тиіс. Алайда мұндай өсу бұрын пайдада немесе шығында танылған актив бойынша қайта бағалаудан болған шығынды реверстейтін дәрежеде пайдада, немесе шығында мойындалуға жатады.

85. Егер материалдық емес активтің қаржылық жағдай туралы есептік құны қайта бағалау нәтижесінде төмендесе, онда мұндай азаю пайдада немесе шығында танылуға жатады. Алайда азаю осы активтің өзіне қатысты қайта бағалаудан болған өсімде кез келген кредиттік сальдо болған дәрежеде басқа толық табыс арқылы танылуы тиіс.Мұндай азаю басқа толық табыс арқылы танылған азаю үлесте «қайта бағалаудан болған өсу» тақырыбымен жинақталған соманы азайтады.

86. Қайта бағалау нәтижесінде жинақталған, капиталға енгізілген өсім оны іске асырғаннан кейін бөлінбеген пайда шотына тікелей ауыстырылуы тиіс. Құнның қайта бағалаудан болған барлық өсім сомасы активті айналыстан алған немесе шығарған кезде іске асырылуы мүмкін. Алайда осы соманың бір бөлігі субъектінің активін пайдалану барысында іске асырылуы мүмкін, мұндай жағдайда қайта бағалаудан болған құн өсімінің іске асырылған шамасы активтің қайта бағаланған қаржылық жағдай туралы есептік құнына негізделген амортизация мен активті нақты сатып алу құны негізінде танылған амортизация арасындағы айырма болып табылады. Қайта бағалаудан болған құнның өсімін бөлінбеген пайда шотына ауыстыру пайда және шығын туралы есепте көрсетілмейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   95




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет