АнықтамалықТЫҢ ҚҰрылымы ІІ том 2013 жылғы басылым



бет90/95
Дата21.06.2016
өлшемі7.29 Mb.
#151555
түріАнықтамалық
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   95



Термин

Анықтамасы

Орналасымы

жалдау шартында қамтылған пайыз мөлшерлемесі

(interestrate

implicit in the lease)

Қолданылуы жалдауды қабылдау күнінде (а) ең төмен жалдау төлемдері және (b) кепілдік берілмеген жою құнының жалпы дисконтталған құны (і) жалданған активтің әділ құнына және (іі) жалға берушінің бастапқы тікелей залалдарының сомасына тең болатын жағдайды қамтамасыз ететін дисконт мөлшерлемесі.

13.8


пайыздық тәуекел

(interest rate risk)

Қаржы құралынан түсетін ақшалай қаржының келешектегі таза ағымдағы құны нарықтағы пайыздық мөлшерлеменің өзгеруіне байланысты тұрақсыз болу қаупі.

30.8

қорлар

(inventories)

Активтер:

  1. Өндірістік үдерісте қолданылатын шикізат немесе материалдар түрінде;

  2. Қызмет көрсету кезінде пайдаланатын немесе таратылатын шикізат немесе материалдар түрінде;

  3. Кәсіпорынның күнделікті қызметі барысында сатуға немесе таратуға арналып ұсталынатын; немесе;

  4. Өндіріу барысында сатуға немесе таратуға арналған.

12.9

инвестициялық қызмет

(investing activities)

Ақшалай қаржы баламасына жатпайтын ұзақ мерзімді активтер мен басқа инвестицияларды сатып алу және орналастыру.

2.8


инвестициялық мүлік

(investment

property)

Жалгерлік төлемдер немесе капиталдың өсуінен кірістер немесе соны да, басқасын да алу мақсатымен ұсталатын иеленушінің (қаржылық жалдау шарты бойынша меншік иесінің немесе жалға алушының) жылжымайтын мүлкі (жер немесе үй, не үйдің бір бөлігі, немесе екеуі де), бірақ:

  1. Тауар өндіруге немесе таратуға, қызмет көрсетуге пайдалану үшін емес, әкімшілік мақсаттар үшін емес; немесе

  2. Әдеттегі шаруашылық қызмет барысында сату үшін емес.

16.7


бірлескен бақылау

(joint control)

Орындалуы міндетті келісім арқылы экономикалық қызметке бірлесе бақылау жүргізу.

8.6



Термин

Анықтамасы

Орналасымы

бірлескен қызмет

(joint venture)

Екі немесе одан да көп тараптың бірлесіп бақылауына жататын, қызмет атқаруына келіскен орындалуы міндетті келісім.

8.6

негізгібасқарушықызметкерлер

(key management

personnel)

  1. Субъектінің барлық директорлары немесе басқару органының мүшелері; және;

  2. Есептілік ұйымының жоспарлау, басшылық ету және бақылау мәселелері бойынша өкілеттіктері мен жауапкершіліктері бар басқа тұлғалары. Осы талап орындалған жағдайда негізгі басқарушы қызметкерлерге мыналар жатады:

  1. есеп беруші субъектінің жоспарлау, басшылық ету және бақылау мәселелері бойынша өкілеттіктер мен жауапкершіліктері бар мемлекеттік субъекттің басқарушы орган мүшесі болса;

  2. жоғарыда аталған мүшенің бас кеңесшілері болса, сондай-ақ;

  3. (а) әлі қосылмаған жағдайда, субъекттің бас директоры немесе түпкілікті басшысын қоса алғандағы аға басқарушы персоналдары.

20.4

жалгерлік

(lease)

Жалға беруші жалгерге активті пайдалану құқығын келісілген мерзім ішінде төленім немесе төленімдер топтамасынының орнына беруге уағдаласқан келісім.

13.8


жалгерлік мерзімі

(lease term)

Жалгер шартқа сәйкес активті жалдауға алған, қысқартылуға жатпайтын кезең, сондай-ақ, бұл кезеңдер ішінде, егер жалдау мерзімінің басында жалға алушының осы құқығын іске асыруға негізді сенімі болса, жалға алушының қосымша ақы төлеп немесе төлемей активті одан әрі жалдауға құқығы бар кез келген өзге де кезеңдер.

13.8


заңды міндеттеме

(legal obligation)

Төмендегілерден туындайтын міндеттеме:

  1. Шарттан (нақты немесе орындалуға меңзейтін талаптарынан);

  2. Заңнамадан; немесе

  3. Заңнын басқа қызметінен.

19.18




Термин

Анықтамасы

Орналасымы

жалгердің жалгерлік шарт бойынша есептік пайыздық мөлшерлемесі

(lessee’s

incremental

borrowing rate of

interest)

Жалгер тиісті жалгерлік шарт бойынша төлеуі тиіс пайыздың мөлшерлемесі немесе оны анықтау мүмкін болмаған жағдайда, жалгер жалгерліктің бастапқы сәйкес мерзіміне сәйкес актив сатып алуына қажетті несие құралын сәйкесінше қамтамасыз ете алатындай мөлшерлеме.

13.8


міндеттемелер

(liabilities)

Реттелуі экономикалық пайда немесе тиімді әлеуетті қамтитын қорлардың субъектілерінен жылыстауына әкеп соқтыратын, субъектілердің өткендегі оқиғаларынан туындайтын қазіргі кездегі міндеттемелері.

1.7


өтімпаздық тәуекелі

(liquidity risk)


Субъект ақшалай қаржы немесе басқа да қаржы активі арқылы реттейтін қаржы міндеттемелеріне қатысты міндеттерін орындаған кезде тап болатын қиыншылық тәуекелі.

30.8



қарыздар мен дебиторлық борыш

(loans and

receivables)


Төмендегілерден бөлек, белсенді нарық айнылымында болмайтын кесімді немесе айқын төленімді туынды емес қаржы активтері:

  1. Субъект шұғыл түрде немесе жақын келешекте сатуға ниеттенген, сату үшін тоқтатылып тұрған ретінде жіктелуі тиіс және бастапқы мойындауда пайда немесе зарар арқылы әділ құнымен есептейтіндері;

  2. Субъект бастапқы мойындау кезінде сатуға мүмкін дегендері; немесе

  3. Иеленуші несие сапасының төмендеуінен болғаннан басқа, өзінің бастапқы инвестициясының барлығын қайтарып ала алмайтын, сатуға мүмкін деп жіктелетіндері.

29.10



несие бойынша берешек

(loans payable)

Несие берудің қалыпты талаптары бар қысқа мерзімді несиелік қарыздан басқа қаржылық міндеттемелер.

30.8




Термин

Анықтамасы

Орналасымы

нарық тәуекелі

(market risk)


Қаржы құралына байланысты келешек ақша қаражаты ағындарының әділ құны нарықтық бағалардың өзгерістеріне орай құбылатын тәуекел. Нарықтық тәуекелдің мынадай үш түрі бар: валюталық тәуекел, пайыздық тәуекел және өзге де бағалық тәуекел.

30.8


нарық құны

(market value)


Сату кезінде алынатын немесе актив нарығында қаржы құралын сатып алу кезінде төленуі керек ақшалай қаржының сомасы.

15.9

елеулі

(material)


Баптардың қалып қоюы немесе бұрмалануы пайдаланушылардың қаржылық есептілік негізінде қабылданатын шешімдері мен бағалауларына әрқайсысы жеке немесе жинақталып әсер ететін болса елеулі болып табылады. Елеулілігі болған жағдайдың мәнмәтінінде бағаланатын қалып қою немесе бұрмаланудың сипаты мен мөлшеріне байланысты. Баптың сипаты немесе мөлшері немесе екеуінің үйлесуі анықтаушы фактор болуы мүмкін.

1.7


жалгерліктің ең төменгі төлемдері

(minimum lease

payments)


  1. Жалдау мерзімі бойындағы төлемдер, жалға беруші төлейтін және оған төленетін шартты түрдегі жалдау ақысын, қызмет көрсетулері мен салық төлемдері бойынша сомаларды қоспағанда, олар мына сомалармен бірге жалгерден талап етілуі немесе сұратып алынуы мүмкін:

  2. Жалгер үшін: жалгер немесе жалгермен байланысты тараптың кепілдік берген кез келген сомаларымен:

  1. Жалға беруші үшін:

  2. Жалға берушіге кепілдік берген кез келген тарату құнымен:LOSSARY

  3. Осындай кепілдік бойынша қаржыға байланысты міндеттерді орындауға қабілетті, жалға алушыдан тәуелсіз үшінші тараппен.

13.8




Термин

Анықтамасы

Орналасымы




Алайда, егер жалға алушының осы құқықты іске асыруы мүмкін болған күні, күткендегідей, активтің әділ құнынан мейлінше төмен баға бойынша сатып алу құқығы болса, бұл орайда жалдау мерзімі басталғанда бұл құқықты іске асыруға, ал ең төменгі жалдау төлемдері мерзім ішіндегі төленуге тиісті ең төменгі төлемдерден және осы активті сатып алу құқығын іске асыру үшін қажетті төлемнен тұратынына негізді сенімі болады.




азшылық үлесі

(minority interest)


Бақылаудағы ұйымның тікелей немесе жанама иелігіндегі емес таза активтер/капиталдағы үлесіне жататын бақылаудағы ұйымның пайда/зарар және таза активтер/капиталының бөлігі.

6.7


монетарлық баптар

(monetary items)

Қолда бар валюта бірліктері мен активтер және валюта бірлігін нақты немесе белгіленетін сомаларда алу немесе төлеу жөніндегі міндеттемелер.

4.10


ақшалай қаржы активтері мен қаржылық міндеттемелер (монетарлық қаржы құралдары деп те аталатын)

(monetary financial

assets and financial

liabilities (also

referred to as

monetary financial

instruments))

Белгіленген немесе анықталған ақша сомасында алынатын немесе төленетін қаржы активтері мен қаржы міндеттемелері.

15.9


бірнеше жұмыс берушілердің бірлесе құрған зейнетақы жоспары

(multi-employer

plans)

Белгіленген жарналары бар зейнетақы жоспарлары (мемлекеттік зейнетақы жоспарларынан басқа) немесе белгіленген төлемдері бар зейнетақы жоспарлары (мемлекеттік зейнетақы жоспарларынан басқа), бұлар:

  1. Жалпы бақылауда емес түрлі субъектілер салған активтерді біріктіреді; және;

  2. Жарналар мен зейнетақы мөлшері оларды алатын қызметкерлер қандай

25.10



Термин

Анықтамасы

Орналасымы




субъектілерде қамтылғанына қарамастан анықталатын болса, бұл активтерді бірнеше компаниялардың қызметкерлерін зейнетақымен қамсыздандыру үшін қолданады.

25.10

көпжылдық бюджет

(multi-year budget)

Бір жылдан артық мерзімге бекітілген бюджет.

Ол жарияланған алдын ала бағалауды немесе бюджеттік кезеңнен асатын болжамдарды қамтымайды.



24.7


таза активтер/капитал

(net assets/equity)

Субъектінің барлық міндеттемелерін шегергеннен кейінгі активтердегі қалдық үлесі.

1.7


шетелдік қызметтегі таза инвестиция

(net investment in a

foreign operation)

Осы шетелдік қызметтің активтеріндегі есеп беруші субъекттің қатысу үлесі.


4.10


жалгерліктегі таза инвестиция

(net investment in

the lease)

Жалдау шартында қарастырылған пайыз мөлшерлемесі бойынша дисконтталған жалгерлікке салынған жалпы инвестиция.

13.8


таза сату құны

(net realizable value)


Өндіруді аяқтау және сату үшін шығатын болжалды шығын шегерілгеннене кейінгі, күнделікті қызмет үдерісіндегі болжанатын сату бағасы.

12.9



мерзімінен бұрын тоқтату құқығынсыз жалгерлік

(non-cancelable

lease)

Тек келесі жағдайларда ғана тоқтатылатын жалгерлік:

  1. Екіұшты тосын жағдайлар туындағанда;

  2. Жалға берушінің рұқсатымен;

  3. Егер жалгер дәл сол немесе баламалы актив туралы дәл сол жалға берушімен жаңа келісім шарт жасаса; немесе;

  4. Жалгер жалгерліктің бастапқы кезеңінде жалгер мөлшері жалгерлікті. жалғастыру үшін жеткілікті екендігіне толық кепілдік беретіндей қосымша соманы төлесе.

13.8


ақшалай қаржы әкелмейтін активтер

(non-cashgenerating

assets)

Ақша қаражатын әкелетін активтерден де бөлек активтер.

21.14




Термин

Анықтамасы

Орналасымы

айырбассыз трансакциялар (мәмілелер)

(non-exchange

transactions)

Айырбассыз трансакцияларда субъект басқа субъектіден орнына шамамен тең келетін құнын тікелей берместен құн алады немесе орнына шамамен тең келетін құнын тікелей алмастан құнды басқа субъектіге береді.

9.11


монетарлық емес баптар

(non-monetary

items)

Баптар монетарлық емес баптар болып табылады.

10.7


ескертпелер

(notes)

Қаржы жағдайы туралы есепте, қаржы қызметінің нәтижесі туралы есепте, таза активтерде/капиталда өзгертулер жөніндегі есепте және ақша қаражатының қозғалысы туралы есепте берілген ақпаратқа қосымша берілетін ақпараттан тұрады. Ескертпелерде қаржы есептілігінде айтылған баптар баяндалып немесе анағұрлым дәл талданып беріледі, және қаржылық есептілікті мойындаудың өлшемдеріне жауап бермейтін баптар туралы ақпараттар беріледі.

1.7


міндеттеме жүктейтін оқиға

(obligating event)


Заңды міндеттеме немесе нәтижесінде субъектінің бұл міндеттемені өтеуге шынайы баламасы болмайтын міндеттеме жүктейтін уақиға.

19.18


қиындық келтіретін шарт

(onerous contract)


Шарт міндеттемелерін орындау залалдары одан күтілетін экономикалық пайдалар немесе тиімді әлеуеттен асып түсетін активтер немесе қызметтерді айырбастау туралы шарт.

19.18


операциялық әрекет

(operating activities)

Субъектінің инвестициялық немесе қаржылық емес қызметі.

2.8


операциялық жалгерлік

(operating lease)

Қаржылық жалгерліктен басқа жалгерлік.

13.8


қызмет көрсетуші (қызмет көрсету бойынша келісім шартындағы)

(operator (in a

service concession

arrangement))

Мемлекеттік қызмет көрсетуді жүзеге асыру үшін, активті құқық берушінің бақылауына қатысты, қызмет көрсету бойынша келісім активін пайдаланатын субъект.

32.8



Термин

Анықтамасы

Орналасымы

Бастапқы бюджет

(original budget)

Бюджеттік жылға бекітілген бастапқы бюджет.

24.7


Қызметкерлерге берілетін өзге ұзақ мерзімді сыйақылар (other long-term

employee benefits)

Кезең аяқталғаннан кейін қызметкерлерге көрсеткен қызметтері үшін төлем бойынша қарыз 12 айдың ішінде жабылмайтын сыйақылары (еңбек қызметінің аяқталуы бойынша және демалыс жәрдемақы төлемдерінен басқа).

25.10


өзге баға тәуекелі

(other price risk)


Ақша қаражаты ағындарының қаржы құралдарына байланысты әділ құны нарықтық бағалардың өзгерістері нәтижесінде құбылуынан болатын тәуекел (пайыздық немесе валюталық тәуекелден туындағанынан басқа), бұл осы өзгерістер нақты қаржы құралы немесе оның эмитенті үшін ерекше факторлардан немесе нарық айналымындағы барлық қаржы құралдарына әсер ететін факторлардан туындағанына байланысты емес.

30.8


қадағалау

(oversight)

Субъектінің қаржы және операциялық шешімдерін бақылайтын және едәуір әсер ететін өкілеттіктер мен жауапкершіліктерге сәйкес субъект әрекеттерін қадағалау.

20.4


иеленуші қоныстанған жылжымайтын мүлік

(owner-occupied

property)

(Қаржылық жалдау шарты бойынша иеленушінің немесе жалға алушының) Тауарлар өндіруде немесе жеткізуде, қызмет көрсетуде немесе әкімшілік мақсаттарға пайдалануға арналған жылжымайтын мүлік.

16.7

мерзімі аяқталған

(past due)


Екінші тарап келісім мерзімі бойынша төлем жасамаған кезде мерзімі аяқталатын қаржылық актив.

30.8


өткен кезең қызметтерінің құны

(past service cost)

Ағымдағы кезеңде жаңа төлемдерді енгізу немесе еңбек жолының аяқталуына немесе өзге ұзақ мерзімді қолда бар төлемдердің өзгеруі нәтижесінде туындайтын, қызметкерлер өткен кезеңдерде көрсеткен қызметтерге байланысты белгіленген төлемдер бойынша міндеттемелердің дисконтталған құны. Өткен кезеңдер қызметтерінің құны оң (жаңа немесе қолда бар төлемдердің өзгеруі кезінде),

25.10



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   95




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет